Жосалы кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэфициенттерін бекіту туралы



Дата08.07.2016
өлшемі55.91 Kb.
#184461
Жоба


Жосалы кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэфициенттерін бекіту туралы



«Қазақстан Республикасының Жер Кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 8 бабына, 11 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) мен бағалау аймақтарының шекаралары осы шешімнің 1, 2 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қармақшы аудандық мәслихатының кезекті сессия төрағасы

К.Құрманбаева


Қармақшы аудандық

мәслихатының хатшысы



М.Наятұлы

20 жылғы « __» __________

Қармақшы аудандық мәслихатының

___ шешіміне 2-қосымша


Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің жерлерін аймақтарға

бөлу шекараларының сипаттамасы




Аймақ



Жер-кадастрлық кварталдар қиылыстары

шегіндегі аймақтардың шекаралары

Аймақ ауданы га

1

2

4

І

I аймақ (001, 002, 003 кварталдары)

268,0




Аймақтың солтүстік шығысы Наурыз көшесімен «Нұрай» ЖШС-не баратын кірме жолын бойлап, спорт алаңын толығымен қамтып, оңтүстігі М.Шоқай көшесімен Нұртай көшесіне жалғасып, солтүстік бағытта Сұлейменов көшесін және оңтүстік бағытта Сүлейменов көшесін және оңтүстік бағытта Амангелді көшесін жағалап Көшербаев көшесінің солтүстігін толығымен қамтып Самара-Шымкент автотрассасымен су құбырына баратын жолға түсіп кенттің оңтүстік батыс бөлігімен шектеседі.

Ал,аймақтың солтүстік батысы Өміров көшесімен шығысынан Көмекбаев көшесімен Ізтілеуов көшесіне түсіп, Железнодорожный көшесімен шектеседі.




ІІ

ІІ аймақ (001,002,003,004 кварталдары)




ІІ-1

учаскесі


Оңтүстігі Өміров көшесімен, Көмекбаев көшесімен жалғасып Ізтілеуов және Железнодорожный көшесін қамтиды, Солтүстік батысы Тоғанас батыр көшесімен солтүстік шығысы Железнодорожный көшесімен шектеседі.

60,0


ІІ- 2 учаскесі

Аймақтың солтүстігі су құбырына баратын жолмен, Самара-Шымкент автотрассасымен және Көшербаев, Амангелді, Сұлейменов көшелерінің бір-бірімен жалғасқан бойының оңтүстігін қамтып, Нұртай көшесімен темір жол бойындағы Шығыс көшесінің батысын қамтыса, аймақтың оңтүстігі Сырдария өзенінің жағалауы мен кенттің оңтүстігінің қиыр батысын қамтиды.

233,0


ІІ-3 учаскесі

Аймақтың шекарасы батысынан Әуезов көшесімен солтүстік шығысы Жосалы-Жалағаш автокөлік жолымен, шығысы Есқараев көшесімен Жарма каналына келіп М.Маметова көшесімен Байтерков көшелерін бойлай Мүсірбаев, Томанов, Қоскөл көшелерімен және М.Шоқай көшесімен, батысынан Абыт көлін толығымен қамтып, «Нұрай» ЖШС-нің кірме жолының шығысымен шектеседі.

94,0


ІІІ

ІІІ аймақ (002,003,004 кварталдары)




ІІІ-1 учаскесі

Аймақ кенттің батыс бөлігінен басталып оңтүстігі Тоғанас батыр, Железнодорожный, Наурыз көшелерінің солтүстік шығысы Әуезов көшесімен, оңтүстік шығысы Жосалы-Жалағаш автокөлік жолымен оңтүстік батысқа қарай Есқараев көшесін бойлай «Жарма» каналымен оңтүстікке қарай М.Маметова көшесімен Байтереков көшесімен, Мүсірбаев көшесінің шығыс бетін жағалай Томановкөшесімен Қоскөл көшесімен жалғасып М.Шоқай көшесімен шектесіп, батысынан Шығыс көшесімен шекараласса, аймақтың шығысы Қараөзек саласының қорғаныш бөгетімен шектесді, солтүстік шығысы мөлтек аудандар мен ескі аэрапорт учаскесін қамтиды. Солтүстік батыс бөлігі Ордазы карьеріне баратын далалық жолмен келеіп кенттің солтүстік шығыс бөлігіндегі «Жосалы-2» кенішінімен кенттің батыс бөлігін толығымен ІІІ-аймақ қамтиды.

3432,0


IV

IV аймақ (004 кварталы)

2693,0




Аймақ солтүстігі «Жосалы-2» кенішімен шығысы толығымен кент шегінің шығыс бөлігімен, оңтүстігі Сырдария өзенінің жағалауымен батысы Қараөзек саласының қорғаныш бөгетімен ,мөлтек аудандар мен ескі аэрапорт учаскесінің солтүстігімен жалғасса, аймақтың батысы Ордазы карьеріне баратын далалық жолдың шығыс бөлігін қамтиды.




20 жылғы « __» __________

Қармақшы аудандық мәслихатының



___ шешіміне 3-қосымша


Бағалық құнның базалық ставкасына түзету коэффиценттері

Аймақтың нөмірі

Бағалық құнның базалық ставкасына түзету коэффиценттері

I

2,0

II

1,5

III

1,0

IV

0,7


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет