Жоспар: Бағалау – білім беру үрдісі



бет1/24
Дата04.10.2023
өлшемі455.12 Kb.
#479809
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
askarkyzy bagalaudyn olshemdik






№1 Бағалау жүйесінің тарихи дамуы. Бағалаудың өлшемдеріне түсінік беру

Жоспар:

1. Бағалау – білім беру үрдісі

2. Бағалаудың дәстүрлік бес балдық жүйесі

3. Бағалаудың критериалды технилогиясы


Бағалау – білім беру үрдісіндегі қажет басты құрама бөліктердің бірі. Бұл үрдісте оқытушы окушының ағымдағы және қорытынды үлнәтиже- рімі туралы ақпаратгы жинақтайды және талдайды. Бағалаудың мақсаты, міндеттері, пәні, нысаны, принциптері, әдістері, түрлері және құралдары білім беру үрдісінің барлық қатысушыларына (мектептің әкімшілігі, мұға- лімдер, ата-аналар және оқушылар) түсінікті болуы керек.
Бағалау жүйесі – бұл оқыту мәселелерін болжаудың және жетістікте- рін өлшеудің негізгі құралы. Бұл құрал білім берудің сапасын, оның әлемдік стандарттарға сәйкестігін анықтауға, білім беру саласындағы заманауи міндеттерге сәйкес болмаған жағдайда оны білім беру стратегиясы мен тактикасы бойынша түбенәтижейлі шешімдерді қабылдауға, білім берудің мазмұнын, білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалаудьң түрлерін де жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бағалау – алынған нәтижелерді және жоспарланған мақсаттарды салыстыру үрдісі.
Қазіргі уақытта барлық деңгейлердегі жетекші мамандар мен басшы- шар педагогикалық бақылаудың аспаптық құралдарымен жабдықталма- ған. Мектептер (әдіскерлер) бақылау және қадағалау аспаптарын және құралдарын өз беттерінше жасайды. Мұндай құралдардың мазмұны мен құрылымы зерттелінетін нысанның ерекшеліктеріне, түрлеріне және қадағалау мен бақылаудың әдістеріне байланысты анықталады.
Білім беру үрдісінің әр бір жеке тұлғасы үшін қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын оқушылардын және олардың ата-аналарының азаматтық құқықтарын қамтамасыздау үшін жағдайларды жасау керек. Бастапқы, негізгі орта және жалпы (толық) орта мектепті бітіруші оқушылардың оқу дайындығының деңгейін педагогикалық бақылаудың аспаптық құралдарын жасауды орталықтандырылған, яғни жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Бағалау үрдісін қайта қараудың өзектілігі білім берудің заманауи міндеттерімен, білім берудің деңгейін хапықаралық стандарттарды және білім берудің сапасына қойылатын талаптарды ескере отырып жоғарылату, білім берудің нәтижелерінің шынайы болуын қамтамасыздау және елден тыс жерлерде қазақстандық мектептердің түлектерінің бәсекелестікке қабілетті болуы мақсатында бағаға және оқушының оқу жетістіктерін бағалауға қойылатын бірыңғай талаптарды жасау қажеттілігімен анықталады. Қазақстанның нәтижелеріне жасалған талдау 2011–2020 жылдардағы ҚР білім беруді дамыту Мемлекетгік бағдарламасының аясында білім беру саясатының басты бағыты ретінде білім беру сапасын бақылаудың ұлттық жүйесін жетілдіру үшін келешекте өзекті мәселе екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бағалаудың дәстүрлік бес балдық жүйесі. Педагогикалық тәжірибеде кеңінен қолданып жүрген бағалаудың бес балдық шкаласы бойынша әдістемесі қарапайым және үйреншікті бол- ған. Алайда, оның бірқатар кемшіліктері бар: субъективті және баға қоюшыға тәуелділік бар, дифференциалдық қабілеттілігі төмен. Қазіргі мектептердегі бес балдық бағалау жүйесі бағалардың шынайылығын ба- қылауға мүмкіндік бермейді. Оқушы алған бағасын не өзіне, не ата-анасына не үшін алғанын нақты түрде түсіңдіре алмайды –деген бағаларын салыстырып айтуға болады. Әдеттегі ауыл мектептерінің оқушылары қала мектептерінің оқушыларына қарағанда білім деңгейі бойынша төмендеу. Кейде керісінше, ұстаздың тәжірибесіне байланысты ауьш балаларының білімі жоғарылау болады. Бұны тек келесі себептермен түсіндіруге бола- ды: бағалардың нақты және айқын критерийлері жоқ. Осының салдарынан бағалау мұғалімнің толық еркінде (қойғысы келсе, қояды). Кейде оқушының бір жыл бойы оқып еңбектен ұпайы соңғы емтиханда бір сұрақтың арқасында шешіліп отырған жағдайлар да болады. Кейде педагогикалық ұжымның арасындагы қарым-қатынастардың да оқушылардың бағаларына кейде оң және кейде теріс әсерлері тиіп жатады.Қазіргі уақытта мектептердегі бағалау жүйесін жан-жақты жетілдіру керек. Тек қана мектептерде ғана емес, сонымен қатар ЖОО-да да қолданыстағы бағалау жүйесін жетілдіру керек. Жалпы қарапайым нұсқада алғанда мектептердегі мұғалімдер бағалау жүйесіне келесі талаптарды қойып отыр, оқушы қаншалықты табысты оқып,
-білім алып жатқанын анықтауға мүмкіндік беруі керек;
- оқушының тәжірибелік дағдыларды қаншалықты анықтай алуы керек, қандай танымдық қасиеттерінің және қаншалықты дамығандығын анықтай алуы керек;
-бағалаудың жүйесінде оқушының өзін-өзі дамуын бағалауы қарастырылуы керек, бағалау жүйесінде оқушыны оның табыстары үшін марапаттау және қолдау механизмдері болуы керек, жүйеде «оқушы- мұғалім», «сынып жетекшісі және ата-ана», «педагогикалық ұжым және әкімшілік» байланыстары қарастырылуы керек.
Осындай жан-жақты критерийлермен қамтамасыздалған бағалау жүйесі оқу үрдісін қалыптастыруға жүйелі түрде қарауға мүмкіндік береді, яғни оның тұтастығын қамтамасыз етеді. Құзыреткішіктерді қалыптастыруға негізделген жаңадан қалыптасып келе жатқан білім беру парадигмасы, жаңадан пайда болған білім стандартгары оқушылардың жетістіктерін бағалаудың бірыңғай критериалды технологиясын жасауға және қолдануға келіп тоқтайды. Бағалаудың мұндай бірыңғай критериалды технологиясы, толықтай және жан-жақты жүйелі болуы керек, пән аралық сипатқа ие болуы керек, оқушының оқу-танымдық құзыреттіліктерінің қалыптасуына әсер ете алуы керек, бағалау үрдісінің ұйымдастырушылық және педагогикалық негіздерін анықтай алуы керек, осы технологияны іске асыру үшін нақты моделі (түрі) болуы керек. Бағалаудың әр түрлі жолдарының пайда болуы, әрине, жеке тұлғаны қалыптастырумен, оның құзыреттіліктерінің дамуына апаратын жалпы педагогикалық концепция- ның нақты орнығуымен байланысты. Осының бәрі бағалау жүйесінде қазіргі тенденциялардың пайда болуына әкелді. Нәтижеде біз бағалаудың критериалды технилогиясына келіп тоқтадық. Бұл жүйенің тағы бір қыры – ол алдын-ала жоспарланған жетістіктерн әтиже, яғни, жалпы алғанда қажетті құзыреттіліктернәтиже оқушының қаншалықты және қандай деңгейде сәйкес екендігін салыстырып қарауға мүмкіндік береді. Осы орайда оқу құралын дайындаудағы мақсат 12-жылдық білім берудің басты жағдайларын ескере отырып оқытудың нәтижелерін критериалды бағалаудың қазақстандық жүйесінің пайда болу себептерімен, оның мақсат - міндеттерімен, стратегиясымен, әр бір оқушының білім алу үрдісінде құзыреттіліктерді қалыптастырудағы жетістіктерінің жоғары болуын қамтамасыз етеді, критериалды бағалау технологиясына қатысты материалдар мен болашақ мамандарды, яғни пән мұғалімдерін таныстыру. Оқу құралында негізгі бөлімдер келесі сұрақтармен байланысты болды, критериалды бағалаудың ғылыми негіздері: пәндік және пән аралық нәтижелерді бағалаудың критерийлерінің жобалары болып, 12-жылдық білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес критериалды бағалау жүйесінің негізгі сүрақтары;
-жеке тұлғаның басты құзыреттіліктер және функционалдық сауаттылықтар бойынша қалыптасуын бағалау және өзіндік бағалау механизмі, оқушылардың білім алу жетістіктерін қадағалауға қойылатын талаптар. Қорытынды бағалауға қатысты мәселелер. Критериалды бағалау технологиясының маңызы туралы Үкімет тарапынан да айтылып жатқаны баршамызға бұхаралық ақпарат көздерінен белгілі. 2012 жылы 11 қыркүйекте ҚР Үкіметінің «2012–2016 жылдар аралығы мектеп оқушыларының функцоналдық сауаттылықтарын дамыту бойынша жұмыстардың Ұлттық жоспарының орындалуы барысы туралы» мәжілісінде сол кездегі білім және ғылым министрі Б.Т. Жумагулов «...біз болашақ 12-жылдық білім берудің мазмұнына мүлде жаңа әдіснаманың негіздерін енгіземіз. Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықты дамытудьщ 4 негізгі базалық механизмдерін бөліп көрсетуге болады. Солардың бірі білім берудің нәтижелерін бағалау жүйесін модернизациялау болып табылады. Функционалдық сауаттылықты дамыту «алған білімді қайта көрсету – түсіну, қолдану жүйелеу және жалпы қорытынды жасау» жаңа критерийлер жүйесі бойын- ша білім жетістіктерін бағалауда мүлдем жаңа әдістерді талап етеді» екендігін атап өткен болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет