Тақырыбы: ЖАНУАРЛАРДЫҢ КӨЗІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ.
Орындаған: Турарханова А
Тобы: ВМ-803
Тексерген: Муратбаев Д.М
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
КеАҚ «СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТІ»
Жоспар I.Кіріспе II.Негізгі бөлім
Жануарлардың көзінің ауруларын анықтау үшін көптеген әдіс - тәсілдер қолданылады. Жануарларды көз ауруларына зерттеуді белгілі жоспар бойынша және арнайы әдістерді қолданып жүргізсе ғана нәтижелі болады.
Жануарларды көз ауруларына зерттеудің жоспары:
- Жануарға жалпы клиникалық зерттеу жүргізу,
- Көзді клиникалық тәсілдермен зерттеу,
- Көзді және оның қосымша мүшелерін арнайы әдістермен зерттеу.
Кератоскопия - кератоскоп құралын пайдаланып көздің қасаң қабығын зерттеу әдісі. Қасаң қабықтың мөлдірлігін, тегістігін зерттейді. Малдың зерттелетін көзіне қарама – қарсы жақтан табиғи немесе электр жарығы түсіп тұруы қажет. Зерттеуші мал дәрігері оң қолына кератоскопты шеңбері бар жағын көзге қаратып, зерттелетін көз деңгейінде 10 – 15 см қашықтықта ұстап, жарықтан шағылысқан шеңбер суретін көздің қасаң қабығына түсіреді. Кератоскоптың ортасындағы тесік арқылы қарағанда шеңбер көздің қасаң қабығы аумағынан кіші болса кератоскоп көзден сәл алшақтатылады, ал үлкен болса керісінше жақындатылады. Сау малдың қасаң қабығы тегіс, жылтыр. Оған түскен кератоскоптың дөңгелек шеңберлерінің суреттері анық, бұзылмаған және дұрыс орналасқан. Ал көзінің қасаң қабығы бұрын жарақаттанған және орнында тыртық қалған болса немесе жаңа жарақаттар болса, қасаң қабық тағы басқа себептермен өз тегістігін жоғалтқан болса шеңберлер иректеліп тұтастай немесе оның белгілі бір бөлігі бұзылады. Бір немесе бірнеше шеңбер бұзылуы мүмкін.
Кератоскопия әдісі
- Кератоскопия - кератоскоп құралын пайдаланып көздің қасаң қабығын зерттеу әдісі. Қасаң қабықтың мөлдірлігін, тегістігін зерттейді. Малдың зерттелетін көзіне қарама – қарсы жақтан табиғи немесе электр жарығы түсіп тұруы қажет. Зерттеуші мал дәрігері оң қолына кератоскопты шеңбері бар жағын көзге қаратып, зерттелетін көз деңгейінде 10 – 15 см қашықтықта ұстап, жарықтан шағылысқан шеңбер суретін көздің қасаң қабығына түсіреді. Кератоскоптың ортасындағы тесік арқылы қарағанда шеңбер көздің қасаң қабығы аумағынан кіші болса кератоскоп көзден сәл алшақтатылады, ал үлкен болса керісінше жақындатылады. Сау малдың қасаң қабығы тегіс, жылтыр. Оған түскен кератоскоптың дөңгелек шеңберлерінің суреттері анық, бұзылмаған және дұрыс орналасқан. Ал көзінің қасаң қабығы бұрын жарақаттанған және орнында тыртық қалған болса немесе жаңа жарақаттар болса, қасаң қабық тағы басқа себептермен өз тегістігін жоғалтқан болса шеңберлер иректеліп тұтастай немесе оның белгілі бір бөлігі бұзылады. Бір немесе бірнеше шеңбер бұзылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |