Жоспар
І.Кіріспе
1.Топырақ картографиясы
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Табиғи климаттық жағдайлар
1.Климат
2.Жер бедері және топырақ құраушы жыныстар
3.Беттік және ыза сулар
4.Өсімдік жамылғысы
5.Топырақ жамылғысы
6.Топырақтың гранулометриялық құрамы
ІІІ.Қорытынды
ІV.Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Топырақ картографиясы — топырақтың қалыптасуы мен кеңістік бойынша орналасу заңдылықтарын зерттейтін физикалық географияның ғылым саласы. Жер бетінде топырақтардың таралу заңдылықтары мен топырақ түзуші факторлардың байланысын, топырақтардың кеңістікте ауысуын, олардың жер шарында немесе белгілі бір аймақта, кезектесіп орналасуын зерттейді. Топырақ картографиялық жұмыстар белгілі бір аудан топырақ жамылғыларының картасын жасап, оларды агроөндірістік тұрғыдан аудандастырып, топырақ түрлеріне сапалық және сандық баға беру мен топырақ картограммаларын дайындау арқылы топырақ жамылғыларын тиімді пайдалану жолдары ғылыми тұрғыдан жүргізуге жағдай туғызады. Топырақ картасы белгілі бір ауданның топырақ жамылғысының бейнесін көрсететін арнайы карта. Онда топырақтардың жер бетінде орналасу ерекшеліктерін көруге болады. Топырақ жамылғысы бір-бірімен байланыстығы кіші және ірі территориялық таксономиялық бірліктердің алмасынан өтетін шекараларды анықтау далалық зерттеу жұмыстарының ең күрделі және жауапты кезеңі болып саналады. Топырақ жамылғысын картаға түсіру жұмысының негізгі мақсаты - топырақ түрлерінің толық аттары мен шекараларын тауып, нұсқа шекараларын топографиялық негіз бетіне түсіру. Алға ауданы құрғақ та, ыстық дала аймағында орналасқан. Тұрақсыз қыратты егін шаруашылығы және дамыған мал шаруашылығымен ерекшеленеді. Ауданның аумағы 7507 шаршы км немесе 750,7 мың га, оның ішінде егістік жерлері 168,8 мың га, жайылым 581,9 мың га. Аудан орталығы – Алға қаласы.Батысында Қобда, солтүстігінде Мәртөк ауданы мен Ақтөбе қаласы, шығысында Хромтау, оңтүстігінде Мұғалжар, Темір аудандарымен шектеседі. Топырақ жамылғысының сипатына қарай облыс аумағында үш: қара, каштан, қоңыр топырақ аймағы бар. Аймақтар арасындағы шекаралар өте ирелеңді болып келеді. Мәселен, қара топырақ аймағы облыс шегіне Оңтүстік Орал сілемі бойынша 50°10' ендіктерге дейін енеді. Ал Торғай төрткіл биіктігінің жазықтығында осы ендікте қоңыр аймақтың шөлді ландшафттары байқалады. Мұғалжарда қоңыр топырақ аймағы 48° ендікте қалыптасқан. Әрбір аймақ өздерінің арасында топырағының, өсімдігінің және шаруашылықта пайдалануының түрлішелігіне қарай айырылатын аймақшықтарға бөлінеді . Қара топырақты аймақта оңтүстік қара топырақ аймақшасы; каштан топырақты аймақта – қара каштан, каштан және ашық каштан; қоңыр топырақ аймағында – қоңыр және сұр - қоңыр топырақ аймақшасы ерекшеленеді. Облыстың нағыз солтүстігінде өзеннің орта ағысында терең бөлшектенген, кейбір жерлерінде аласа таулы сипатқа ие Ор - Елек су айрығының жоғары адыр-бұдырлы жазықтығында шағын учаскелермен әртүрлі шөптер-бетеге-бозды оңтүстік қара топырақ аймақшасы енеді.
Бұл аймаққа кіретін топырақ тізімі
Қара топырақ
Қоңыр топырақ
Күңгірт қара қоңыр топырақ
Фосфоритті күңгірт қара топырақ
Қара каштан карбонатты сорлы топырақ
Бозды қара каштан топырақ
Сазды және ауыр саздақты топырақ
Құмдақты топырақтар
Сортаң
Ақ сортаң
Шабындық-батпақ
Аллювий топырақтар
1.1.Табиғи климаттық жағдайлар
Ауданның әкімшілік орталығы - Алға қаласы болып табылады. Алға қаласы 1912 жылы Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 42 шақырым қашықтықтағы қазіргі Қазақ теміржолының бойында № 44 разъезд болып құрылды. 1930-шы жылдардың басында разъезд Алға теміржол станциясы атауын иеленді. 1933 жылдан бастап ауданның экономикалық және әкімшілік орталығына айналды. Ол облыс орталығы Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 45 шақырым қашықтықта орналасқан. Аудан орталығында қаланы екі–батыс және шығыс бөлікке бөліп тұрған Алға теміржол бекеті бар. Қаланың шығыс жақ бөлігінде Елек өзені орналасқан. Аудан орталығы басқа да ауылдармен жергілікті автокөлік жолдарының желілері арқылы байланысады. Аудан құрғақ та, ыстық дала аймағында орналасқан. Тұрақсыз қыратты егін шаруашылығы және дамыған мал шаруашылығымен ерекшеленеді. Ауданның аумағы 7507 шаршы км немесе 750,7 мың га, оның ішінде егістік жерлері 168,8 мың га, жайылым 581,9 мың га. Топырағы негізінен қызғылт қоңыр, сортаң қызғылт қоңыр болып келеді.
1.Климат
Аймақтағы ауа райы континеттік құбылмалы. Қаңтар айындағы температура -15 -16 Со құраса, мауымда +22-тен +25 Со дейін жетеді. Шауын-шашынның жылдық орташа мөлшері - 125-350 мм.Жазы ұзақ әрі ыстық. Жылына бес ай бойы күндізгі орташа температура 20 °С асып түседі. Қысы қоңыр салқын, жылымықтар болуы мүмкін. Ең қалың қар жамылғысы қараша айында байқалады (31 см). Ашық, бұлтты және жауын-шашынды күндердің жылдық саны — сәйкесінше 174, 148 және 43 күн. Орташа жылдық бұлттылық коэффициенті — 5,7 балл. Атмосфералық жауын-шашын ең көп түсетін ай - маусым (35 мм), ең аз түсетін ай - қыркүйек -19 мм.
1-жылдық ауа-райы температурасы
2.Жер бедері және топырақ құраушы жыныстар
Облыс аумағының солтүстіктен оңтүстікке және шығыстан батысқа қарай кеңінен созылып жатуы, бедерінің жазықтығы, литологиялық - геологиялық құрылымының бірдей еместігі және жерасты сулары жатуы жағдайларының түрлішелігі Ақтөбе облысы аумағы топырақ жамылғысының сипатын қалыптастырды. Жалпы бүкіл Қазақстан үшін сияқты облыс топырағының өте кешенділігі әдетте топырақ құраушы жыныстардың ала-құлалығына және жерасты суларының қалыптасу, жатыс және босату жағдайларының әртүрлілігіне байланысты ортақ сипат болып табылады. Облыс топырағының ең басты ерекшелігінің бірі олардың аумақтық орналасуында ендік аймақтығы ерекше көзге түсуі болып табылады. Аймақтықтың бұзылуы – облыстың орталығында топырақ аймақшығы шекарасының оңтүстікке қарай жылжуы орографиялық кедергілердің – Мұғалжар тауларының болуына негізделген. Мұғалжар таулары жазық аумақтарда биіктіктер 250-400 м асқанда оңтүстік батыстан ылғал алып келетін ауа массаларын қарсы алады және анағұрлым ылғалды және салқын микроклиматтық жағдай қалыптастырады. Облыс топырақ жамылғысының айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі олардың механикалық құрамының қарапайымдылығы, ол топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерін белгілейді және өзіндік табиғи өсімдіктердің жақсы өсуіне жағдай жасайды. Аймақтық топырақ өкілдерімен қатар жаралымдардың ерекше жағдайына байланысты – интра аймақтық топырақ түрлері кеңінен таралған, олардың ішінде сортаң, ақ сортаң, шабындық - батпақ және аллювий топырақ анағұрлым көп, ал мия сирек кездеседі.
3.Беттік және ыза сулар
Алға ауданы жалпы беттік су көздеріне өте кедей болып келеді.Ауданның жоғарғы жағында орналасқан Елек өзені негізгі су көзі болып табылады. Көлдер де өзендер сынды атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді. Қуаңшылық жылдары олардың деңгейі тартылады, ал кейбіреулері тіптен кеуіп қалады, ал сулы жылдары көлемдері өте ұлғаяды. Көпшілік көлдерді қарашаның бірінші жартысында мұз басады. Мұздың еруі сәуірдің бірінші жартысында басталады. Сәуірдің аяғында мұздан тазарады. Көп жылдардағы деректер бойынша мұздың орташа қалыңдығы 110 см, ал қатты қыстарда – 150 см дейін жетуі мүмкін. Минералдану дәрежесіне қарай көптеген көлдер ащы көлдер қатарына жатады. Тұщы және ащы көлдерді ажырату ешқандай аймақтық бөлініске бағынбайды. Көлдердің су қорлары көлемдеріне және судың минералдануына қарамастан жыл сайын өзгеріп отырады. Шағын көлдердің орташа тереңдігі әдетте 0,7-1,2 м, ірілерінде 4 м дейін. Тұздардың құрамы оңтүстігінде сульфатты және солтүстігінде хлоридті. Оңтүстікте көлдердегі судың сирек те болса содамен тұздануы кездеседі. Олар қар және жаңбыр сулары есебінен қоректенеді. Климаттың қуаңшылығына байланысты олардағы су деңгейі тұрақты емес. Көлдердің барлығының өлшемдері мен тереңдіктері әртүрлі. Олардың кейбіреулерінің балық шаруашылығында маңызы бар. Осы типтегі көлдердің басым көпшілігі Торғай, Ырғыз, Өлкейік, Телқара өзендерінің аңғарларымен байланысып жатыр. Ызасуларымен мол қоректенген кезде көлдерге үстіңгі құйылыс 10-14%, ал ызасулары жоқ көлдерде 60-90% құрайды. Көлдердің қорегіне қысқы жауын-шашынның (қар түріндегі) қатысы 10-15% құрайды. Ағынсыз сулар жылдық балансының шығыс бөлігі түгелге дерлік судың беткі қабатынан буға айналу шығынымен айқындалады. Қай бассейнге жатуы бойынша көлдер мынадай үш жүйеге бөлінеді; Торғай өзені жүйесінің көлдері, Ырғыз өзені жүйесінің көлдері.Өлкейік өзені жүйесінің көлдері. Өзендері көптеген көлдер мен ойпауыттарды қоректендіреді, олар көлдер жүйесін құрайды. Көлдердің су режимі тұтастай өзендердің су режиміне тәуелді. Торғай өзенінің аңғарларындағы көлдер анағұрлым терең, шұңқырлары созылыңқы немесе қалақ түрінде болып келеді.
4.Өсімдік жамылғысы
Ауданныңдала белдемінде, негізінен, бөрте жусан, бетеге, селеу және жіңішке қоңырбас, қозықұлақ, сарыбас беде, бұйырғын, жебіршөп, борпылдақ шөп, т.б. жазық жерінде қараған, тобылғы, итмұрын, қыраттарында жатаған арша, ырғай, тасжарған, т.б. бұталар өседі. Грунт суы таяу тауаралық өлкелер мен өзен аңғарларының жайылмаларын бидайық, шалғындық көде мен түлкі құйрық сияқты өсімдіктер жапқан. Қарқаралы, Кент, Қу, Бақты, Қызыларай, т.б. гранитті тауларда қарағай, ал олардың сайларында қайың, көк терек, өзен бойында түрлі тал, шілік өседі. Ауданның шөлейт белдемінде бетеге, селеу, т.б. түрлі шөп пен эфемерлер өседі. Шоқылардың тастақты беткейлерінде жусан басым. Шоқыаралық ойыстарда түрлі бұта кездеседі. Ұлытау, Қараағаш, Бектауата тауларында қайың, көк терек, қандыағаш, оңтүстігіндегі шөл далада жусан мен әр түрлі сораң шөп тараған.
5.Топырақ жамылғысы
Ауданның топырақ жамылғысының айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі олардың механикалық құрамының қарапайымдылығы, ол топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерін белгілейді және өзіндік табиғи өсімдіктердің жақсы өсуіне жағдай жасайды. Аймақтық топырақ өкілдерімен қатар жаралымдардың ерекше жағдайына байланысты – интра аймақтық топырақ түрлері кеңінен таралған, олардың ішінде сортаң, ақ сортаң, шабындық - батпақ және аллювий топырақ анағұрлым көп, ал мия сирек кездеседі. Топырақ жамылғысының сипатына қарай аудан аумағында үш: қара, каштан, қоңыр топырақ аймағы бар. Аймақтар арасындағы шекаралар өте ирелеңді болып келеді. Мәселен, қара топырақ аймағы облыс шегіне Оңтүстік сілемі бойынша 50°10' ендіктерге дейін енеді. Ал төрткіл биіктігінің жазықтығында осы ендікте қоңыр аймақтың шөлді ландшафттары байқалады.Шет жақтарында қоңыр топырақ аймағы 48° ендікте қалыптасқан. Әрбір аймақ өздерінің арасында топырағының, өсімдігінің және шаруашылықта пайдалануының түрлішелігіне қарай айырылатын аймақшықтарға бөлінеді. Қара топырақты аймақта оңтүстік қара топырақ аймақшасы; каштан топырақты аймақта – қара каштан, каштан және ашық каштан; қоңыр топырақ аймағында – қоңыр және сұр - қоңыр топырақ аймақшасы ерекшеленеді. Ауданның нағыз солтүстігінде өзеннің орта ағысында терең бөлшектенген, кейбір жерлерінде аласа таулы сипатқа ие Ор - Елек су айрығының жоғары адыр-бұдырлы жазықтығында шағын учаскелермен әртүрлі шөптер-бетеге-бозды оңтүстік қара топырақ аймақшасы енеді. Көбіне адыр-бұдырлы бедер жағдайында дамушы оңтүстік қара топырақ кеңінен тараған топырақ болып табылады, олар жайдақ төбелерді және тегістелген учаскелерді алып жатыр, ал оңтүстік карбонатты қара топырақ үстірттің тегістелген жерлерін, су айырықтарын, көбіне елеулі қалыңдығы бар сары-қоңыр саздақтарда жетіле отырып жайпақ бауырайларды алып жатыр. Толық жетіліп болмаған оңтүстік қара топырақ кемірек тараған болып табылады, олар шоқылардың жайпақ баурайларында және адыр-бұдырлы жазықтықта кездеседі және әртүрлі шөбі аздау және қараған шоғырлары бар жусанды-бегелі-бозды өсімдіктермен бірге жетіледі. Кристалл жынысты элювий, тақта тас және құмдақтар, карбонатты сары-қоңыр саздар, ескі аллювий құмдар, құмайттар, құмтасқа айналған және жеңіл саздақтар топырақ құраушы жыныс ретінде қызмет етеді.
Аймақшаның шығыс бөлігінде жазықтық учаскелерге сабақтасқан ауыр саздақты және сазды аздап қарашірік қалыңдығы орташа қара топырақтар кеңінен тараған. Жақсы Қарғалы өзеннің сол жағалауындағы тегістелген учаскелерде жеңіл саздақты және қалыңдығы орташа және қарашірігі аздау қара топырақтар түрлері тараған. Жалпы оңтүстік қара топырақтардың біртекті және тегістелген учаскелері түгелге дерлік егін шаруашылығы үшін игерілген. Оңтүстіктеу бетегелі-бозды қара каштан топырақ аймақшасы кең жолақ болып созылып жатыр. Қара каштан топырақ аймақшасы оңтүстігінде оңтүстік қара топырақ аймақшасына қосылады және өзендермен өте-мөте бөлшектенген үстіртінің анағұрлым биіктеу бөлігін, Торғай төрткіл үстіртінің шағын бөлігін алып шығыстан батысқа қарай созылып жатыр. Аймақша аумағында қара каштан топырақ қалыптасады, олардың арасында осы топырақтың сорлы және толық жетілмеген түрлері кездеседі. Сазды және ауыр саздақты төрттік түзілімдер топырақ жасаушы жыныстар болып табылады, олар оңтүстікте анағұрлым жоғары (теңіз деңгейінен 300 м жоғары) және жыралар жүйесімен анағұрлым бөлшектенген учаскелерде ескі аллювий-делювий түзілімдерді білдіретін құмдақ және орташа саздақ түзілімдермен алмасып отырады. Қара каштан карбонатты сорлы топырақтар қара каштан карбонатты топырақтармен бірге жатады және облыстың бүкіл солтүстігіне таралған. Біртекті учаскелер сирек кездеседі. Тұзды ауыр саздақтармен және саздармен жайылып жатады. Топырақ беті көзге түсерлік төмпешікті. Қара каштан фосфоритті топырақтар аласа су айрықтары мен Елек және Қобда өзендері бассейнінде олардың баурайларына сабақтасады. Ол жерде саздақтар мен құмдақтардан көрініс табатын ашық фосфорит свиталары дамыған. Табиғи жағдайлардың айтарлықтай ерекшеліктері анағұрлым қуаң климатына және өсімдік жамылғысының анағұрлым жұтаңдығына қатысты. Бедері бірдей емес, батысы мен шығысында адыр-бұдырлы, орталық бөлігінде төбелі, онда егін шаруашылығына жарамдылығы шамалы толық жетілмеген және ірі құмды-қиыршық тасты каштан топырақ қалыптасады. Аймақшаның батыс және шығыс бөлігінде каштан жеңіл саздақты және құмдақты топырақтар дамыған. Ашық каштан топырақ аймақшасы аудан аумағы үштен бірінен астамын алып жатыр. Ол Мұғалжардың оңтүстік шеті ауданында ғана күрт тарыла отырып кең жолақпен өтеді. Ашық каштан топырақ аймақшасының көпшілік бөлігі үшін ескі аллювий және делювий жаралымдары топырақ құраушы жыныстар болып табылады. Шығыс баурайларында кристалл жынысты элювий-делювий және тұзды үштік саз кеңінен таралған. Оңтүстігінде құмдақтар мен әксаздардың элювийі топырақ құраушы жыныс ретінде қызмет етеді. Шаруашылық мақсатта бұл топырақтар климаттың қуаңшылығына, органикалық заттардың жұтаңдығына және аймақша топырақтарында ылғалдың аздығына байланысты егін шаруашылығына жарамдылығы шамалы. Топырақтың сортаңсыздық өзгешеліктерін пайдалана отырып орман отырғызуға мүмкіндік бар. Қоңыр топырақ аймағы ауданның оңтүстігінде таралған. Әктастардың, әксаздардың, құмдақтардың және тұзды саздардың элювийлері, сондай-ақ құмдар мен құмдақтар топырақ құраушы жыныстар болып табылады. Әктас пен әксаздың элювийі Үстірт бетінің елеулі бөлігінде таралған. Саздар депрессиялар бойынша аймақтың барлық кеңістігінде жер бетіне шығып жатады. Сортаңдар барлық аймақшаларда және әсіресе ашық каштан және сұр құба топырақты аймақшаларда кеңінен таралған, мөлшері әртүрлі дақтар түрінде кездеседі. Бедердің әртүрлі элементтеріндегі далалық сортаңдар қара топырақ және каштан аймағының аймақтық топырақтары арасында кірме түрінде кездеседі. Солтүстікте сортаңдар 100 см. тереңдіктен бастап күкірт қышқылы тұздарымен қатты сорланған. Сорлы сортаңдар далалық сортаңдардан тұздардың биік жатуымен (30-50 см.), қарашірігінің айтарлықтай аздығымен ерекшеленеді және сұр құба аймақта басымырақ тараған.Сорлар жоғары деңгейлі қатты минералданған ыза сулар бар жерлерге немесе сорланған топырақ құраушы жыныстар шығатын жерлерге орналасқан. Тұзды көлдердің (сорлардың) жағалаулық жолақтары бойында, өзендер аңғарлары мен сайлар бойында қалыптасады. Қалдық және сор тұзды жерлер анағұрлым кең таралған. Қалдық сорлардың ыза сулармен ешқандай байланысы жоқ, олардағы тұз мөлшері өте жоғары және кескіні бойынша ешқандай дерлік өзгермейді. Тұзы сорлар кеуіп бара жатқан тұзды көлдердің түбінде елеусіздеу дақтар түрінде барлық жерлерде кездеседі. Олардың беттері анағұрлым тұзды болып келеді. Тұздардың сапалық құрамы көбіне айналадағы жыныстарға және тұздану сипатына байланысты болады. Шалғындық топырақтар ыза сулар жақын жатқан (1-2м) барлық жерде шағын учаскелер түрінде кездеседі. Аймақтық жағдайына байланысты шалғындық топырақтар қара (қара топырақ, қара каштан және каштан топырақ аймақшаларында) және ашық (ашық каштан және сұр құба топырақ аймақшаларында) болып бөлінеді. Аллювий-шалғындық (жайылма) топырақтары болар болмас тараған.Топырақтар салыстырмалы түрде жас, әдетте қалыңдығы шамалы және қарашірігі де аз, күрт қабатты және қабаттары жиі алмасып отырады. Шалғындық-батпақтық топырақтар болмашы алқаптарды алып жатыр, өзендердің аңғарларында, көлдер ойпаңдарында және ыза сулар, көбіне минералданған сулар жақын орналасқан жерлердегі ойпауыттарда сирек кездеседі. Алға ауданының аумағы табиғи-климаттық топтасуы бойынша келесі аймақшаларға бөлінеді:
- Құрғақшылық далалық (3%);
- Орташа құрғақ далалық (11%);
- Құрғақ далалық (15%);
- Шөлейт далалық (22%);
- Далалық шөл (38%);
- Орташа шөл (11%).
2.6.Топырақ сипаттамасы
Орманды дала аймағында қара топырақтың үш типшесі дамыған. Олар күлгінденген, сілтісізденген және нағыз қара топырақ типшелері. Дала аймағында кәдімгі және оңтүстік қара топырақ типшелері түзілген. Күлгінденген және нағыз қара топырақ типшелері Қазақстан жер аумағында кездеспейді. Күлгінденген қара топырақ орманды дала аймағының солтүстік бөлігінде, орман аймағына жақын орналасқан жерлерде дамыған.Оның негізгі ерекше белгісі: В1 қабатының топырақ құрылымы түйіршіктері бетінде ақшылт келген кремний тотығы себіндісінің болуы; А қабатының түсі ақшылт қара; А+В1 қабаттарының қалыңдығы 50-80 см, карбонаттар 1,3-1,5 тереңдікке дейін шайылған. Бұл топырақтың үстіңгі қабатында қарашірінді мөлшері 5-8% болады. Нағыз қара топырақ типшесі орманды дала аймағының оңтүстік бөлігінде негізінен Украина, Ресейдің орталық қара топырақты аймағында, Орал тауларының жақын өңірлерінде кездеседі. Бұл қара топырақ типшесінің негізгі ерекше белгісі- өте жақсы дамыған қалың қарашірінді қабытының болуы. А+В1 қабаттарының қуаты 90-120см-ге дейін жетеді. Сондықтан А қабатының астына орналасқан қарашірінді аралық қабат АВ1 және В1 қабаттарына жіктеледі. Үстіңгі қарашірінділі қабаттың түсі қара, құрылымы жақсы дамыған дәнше. Қарашірінді мөлшері 8-12%. Топырақ ортасының реакциясы бейтарап, физикалық, химиялық, ылғалдылық қасиеттері өте жақсы болып келеді. Ең құнарлы топырақ қатарына жатады. Сілтісізденген қара топырақ типшесі Қазақстанның орманды дала аймағында Солтүстік Қазақстан облысының қиыр тегістігінде тараған. Бұл қара топырақ типшесінің ерекше белгісі оның тұз қышқылы ерітіндісінен қайнау қабатымен қарашірінді қабатының бір-бірімен шектеспеуі. В2-қабатында карбонаттардың болмауы. Карбонаттар (НСО3-, СО23- сілтілі иондар) қарашірінділі қабаттан шайылып, топырақтың астыңғы аралық ВС немесе аналық тау жынысы С қабаттарына жіпше тәрізді дақтар болып жиналады. Тұз қышқылынан бұл топырақтың қайнауы ВС немесе С қабатында байқалады. Осы топырақтың қарашірінділі А қабаты қара-сұр немесе сұрғылт қара түсті болады, қабат тереңдеген сайын оның түсі біртіндеп ашық қара сұр түске көшеді немесе күреңденеді. Сәл тығыздалған және құрылымы дәнше тәрізді болады.
В1 қабаты біршама қарашірінділі жаңғақ тәрізді немесе кесекті құрылымды болады. А+ В1 қабаттарының қуаты 40-80 см. В2 қабаты күрең түсті болады және жіңішкеше келген қарашірінді тілдері кездеседі. Иллювиальді карбонатты ВСк қабаты құба-күрең түсті, жаңғақша немесе жаңғақшалы-призмалы құрылымды болады. Гипс және тұзда ерігіш тұздар топырақ кескінінде байқалмайды. Топырақтың үстіңгі қабатында қарашірінді мөлшері 3-7% болады. Топырақ ортасының реакциясы оның үстіңгі қабатында бейтарапқа жақын, ал астыңғы қабаттарда аздап қышқылданады. Осы топырақтың сіңіру сыйымдылығы жақсы, 100 г топырақта 40-50 м-экв, болады, және топырақтың сіңіру кешені негіздермен (Са2+, Мg2+) толық қаныққан болып келеді. Сілтісізденген қара топырақтың құнарлылығы, физикалық, ылғалдылық, химиялық қасиеттері жақсы. Сондықтан олар өңделіп, жыртылып, егістік алқаптарға айналған. Осы жерлерде негізінен дәнді дақылдар егіледі. Кәдімгі қара топырақ типшесі дала аймағында түзілген және жеке кәдімгі қара топырақ аймақшасын құрайды.Алып жатқан жер аумағы 12,0 млн. га. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кең тараған және Ақмола облысының солтүстік аудандарында кездеседі. Бұл топырақтар Батыс Сібір жазықтығының көтеріңкі жерлерінде және Көкшетау қыратының ұсақ шоқылы жазықтарында орналасқан. Аналық тау жыныстары леске ұқсас карбонатты саздақтар, кейде балшық немесе құмдақ. Осы топырақтардың дамуы ылғалдылығы жеткілікті дала климаты аясында, топырақтың шайылмайтын су режимі бар, бозды-бетегелі-аралас шөпті және шұрайлы аралас шөпті- бозды өсімдіктер жамылғысы астында қалыптасқан. Құрылымы және қасиеттері жағынан нағыз қара топыраққа ұқсас, бірақ бұл топырақта қарашіріндінің жиналуы баяу жүреді.Кәдімгі қара топырақтардың генетикалық қабаттары: А-қарашірінді жиналу қабаты, В1- қарашірінділі аралық қабат, В2- қарашірінді тілдері қабаты, ВС-аралық қабат және С-аналық тау жынысы. Қарашірінді жиналу А қабатының қалыңдығы 23-30 см, түсі біртектес қара-сұр, құрылысы дәнге ұқсас, немесе дәнше-кесекті болып келеді. Біртіндеп келесі В1 қабатына ауысады. В1 қабатының түсі күрең реңді қара-сұр болады, құрылымы кесекті немесе кесекті призмалы, қалыңдығы 17-24 см. Жалпы қарашірінді қабатының (А+В1) қуаты 43-59 см-ге жетеді. В2- қабатының қалыңдығы 10-35 см, құрлымы кесекті, әлсіз байланысқан кесекті болып келеді. Аралық ВС қабатының қуаты 16-45 см, жалпы күрең-қоңыр түсті қабат бойында кейде қара-қоңыр түсті қарашірінді тілдері байқалады. Аналық тау жынысы 81-111 см тереңдіктен (орташа есеппен 97 см-ден) басталады.
- карбонатты
- кебірленген
- тереңнен қайнайтын
- жетілмеген
-шала дамыған.
Кәдімгі қара топырақтың кәдімгідей, кебірленген және карбонатты тектері Солтүстік Қазақстан облыстарында кеңінен таралған. М. Белгібаев ж.т.б. (1982) мәліметтер бойынша кәдімгідей қаратопырақ тегінің жер ауданы 3 млн 609 мың га; кебірленген тектің ауданы 2 млн. 117 мың га және карбонатты тектің ауданы 875 мың. га.Кәдімгідей текке жататын қара топырақтың морфологиялық белгілері, қасиеттері кәдімгі қара топырақ типшесінің сипаттамасына сәйкес келеді, қасиеттерінің өзгеруі, ауытқуы байқалмайды. Бұл топырақ тегі Батыс Сібір жазықтығының тегіс, көтеріңкі жерлерінде, ал Сарыарқа төңірегінде ұсақ шоқылар арасындағы жазықтығында түзілген. Осы топырақтардың химиялық, физикалық қасиеттері өте жақсы. Жел эрозиясына (дефляцияға) шалдығу қарқыны төмен.Тың топырақтардың желге төзімділігі коэффициенті жоғары.Кебірленген кәдімгі қара топырақ тегі шоқ ормандар аралығында және шоқылардың етектегі беткейлерінде ащы балшықты немесе ауыр саздақты аналық тау жыныстары үстінде қалыптасқан.Көбінесе осы топырақ тегі кебірлермен кешенді топырақ жамылғысын құрап таралған. Бұл топырақтың қарашірінді қабатының қуаты кәдімгідей қара топырақ тегіне қарағанда кеміген болады. Айрықша белгісі В1 қабатында натрий иондары жиналған (5-15%), осы қабат тығыздалған және кесекті – призмалы, немесе жаңғақша тәрізді құрылымды болады. Сонымен бірге осы қабатта тозаң бөлшектер де шоғырланған. Тығыздылығы 1,4-1,6 г/см3 дейін артады, су өткізгіштігі және қуыстылығы төмен. Қарашіріндінің және азоттың мөлшері кем, реакциясы сілтіленген.
Тұз қышқылы ерітіндісінен қайнауы, көзге көрінетін, карбонат дақтардың байқалуы бұл топырақтың В1 қабатынан басталады және оның мөлшері топырақ қабаты тереңдеген сайын молая береді. Суда еритін тұздар топырақтың үстіңгі қабатында жоқ. Олар тек аналық тау жынысы қабаттарында жиналған болып келеді.
Кәдімгі қара топырақтың химиялық, химиялық-физикаклық қасиеттері өте қолайлы . Осы топырақтардың А қабатында қарашірінді мөлшері 5-7%. Алмаса сіңген катиондар мөлшері 100г топырақта 34-38 м-экв., және олардың басым бөлігі Са және Мg иондары. Топырақ ерітіндісінің реакциясы бейтарап немесе әлсіз сілтіленген (3-кесте). Топырақтың бір метрлік қабатында әр гектарға шаққанда қарашірінді қоры 500 тоннаға жетеді. Гранулометриялық құрамы жағынан кәдімгі қара топырақтар саздақты және балшықты болып келеді, және оның құрамында тозаң бөлшектердің мөлшері мол (0,001 мм-ден кіші бөлшектер 35-40%). Сондықтан қарашіріндінің және тозаң бөлшектердің мол болуы осы топырақтардың суға төзімді, жақсы түйіршіктелген құрылымды болуына қолайлы әсерін тигізеді.
Мөлшері 0,25 мм-ден үлкен ылғалға төзімді құрылымы бар түйіршіктер қарашірінділі қабатында 40-60% болады. Бұл топырақтың физикалық қасиеттері де қолайлы. Қарашірінділі қабаттың тығыздылығы 1,0-1,1 г/см3, қатты бөлігінің тығыздылығы 2,4-2,5 г/см3, қуыстылығы 50-60%, су сыйымдылығы 35-40%.
Жеткілікті ылғалданған дала аймақшасында кәдімгі қара топырақтың келесідей тектері кездеседі:
- кәдімгідей (обычные)
Достарыңызбен бөлісу: |