Жоспар: І. Кіріспе Төтенше жағдай және оның түрлері ІІ. Негізгі бөлім



бет7/11
Дата08.12.2023
өлшемі241.06 Kb.
#485956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
stud.kz-20430

Қар көшкіні, опырылып құлау
Қар көшкіні – тау бөліктерінен қалың қардың опырылып құлауы.
Қазақстанда қар көшкіні – Шығыс Тянь-Шань, Алтай, Іле және Жоңғар Алатауы үстінде қардың көп жаууына және геоморфологиялық топырақ-ботаникалық жағдайымен байланысты. Қар көшкіні наурыз, сәуір айларында жиілейді және тауда қар көп жауғаннан пайда болады. 50% -дан жоғары қар көшкіні халыққа және шаруашылық объектілеріне қауіп-қатерін тигізеді. Қар көшкінінің қимылы 1 шаршы метр жерден бірнеше жүз тоннаға дейін жетеді.
Қар көшкіні маусымы: Қазақстанда қар көшкіні барлық таулы аудандарды қамтығын, бұл мөлшерден көп жауған қарға байланысты. қар көшкіні маусымы – сәуір, ал таулы аудандарда қазан-мамыр айларында болады.


Қар көшкінінің қауіпті белгілері:

  • Қыста қар қалың түсіп, жер бетін қар 20-30 см жапқанда;

  • Қыс мерзімінде бірнеше күн суытқанда немесе жылып кеткенде;

  • Қардың үстінен жаңбыр жауғанда;

  • Қатты жел тұрып, қар «карниздері» құрылғанда;

  • тау бөктеріндегі қардың биіктігі 30-60 см болғанда;

  • Қардың отыруы мен күп болып көтерілуі тау беттерінде домалақ қар іздерінің болуы;

  • Сейсмикалық ауытқушылық.



Қар көшкінінің екпіні ұрса!

  • Тауға шығарда қауіпті қар көшкіні болатын картамен танысып, мамандармен ақылдасу керек, бұқаралық ақпарат құралдарын үнемі тыңдап, таудағы жағдайларды тыңдап отыру керек;

  • Тауда қар жауғаннан кейін 2-3 күн тауға шықпай тұру керек, не қар көшкіні болып кетсін немесе қар отыруы керек. Қар көшкіні туралы хабарды естігеннен кейін тауға шықпау керек;

  • Бұл уақытта егер сіз тауда болсаңыз, бірден тік құздарға шықпаңыз, бұталар мен ағаштар жоқ жерге бармаңыз, тек қана жолдармен жүрілген жалғыз аяқ жолмен жүру керек;

  • Көктем айларының екінші жартысында әсіресе қар болғанда және тау баурайынан сырғанайды-ау деген уақытта сақ болған жөн;

  • Көзіңіз көріп тұрған жерге дейін қозғау керек, тұман болса қар көшкіні күшейеді деген сөз;

  • Қардың еруі мен жылымық кезде (наурыз айының соңы мен сәуір айында) таудың басына шығуға немесе ескертілген қар көшкіні болады-ау деген жерге бармау керек;

  • Қар көшкіні болғанда айқайламаңыз;

  • Қар «карниздеріне» шығуға болмайды. Аяқтың астында қар отырса, шықырлаған дыбыс шықса қайтыңыз;

  • Егер қар үйіліп жатса:

  • Қардың беріктілігін тексеру керек, сақтық үшін қардың шеткі ұшын басып көру керек.

  • Таудың басына, баурайына бақылаушы қою керек;

  • Киімдерді шешу, рюкзактың бауларын ағыту;

  • Тау баурайын ізбе-із кесіп өту

  • Тауға барып түнегенде екі жақтан қар көшкінін байқау керек. Қар көшкіні болады-ау деген жерлерге (тау бөктерінде қар қалың жатқан жерде) тоқтамау керек





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет