ЖОСПАР
KIPICПE
1 БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Бастауыш Сыныпта білім берудің психоло - педагогикальқ мәні
1.2 Бастауыш сыныптағы білім берудің жағдайы
2 БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
2.1 Бастауыш сынып окушыларының өз беттерінше орындайтын
жұмыстарын ұйымдастыру
2.2 Бастауыш сыныпқа білім берудің тиімділігін арттыру жолындағы
эксперимент нәтижесі
ҚОРЫТЫНДЫ ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестігілігі. Ұзақ жылдар бойы мектептер біркелкі жоспарлар мен бағдарламалар бойынша оқыту үрдісін жүргізді.Кеңестік Одақтың өктем билігінен, қазақ мектептерінде білім беруде оқу бағдарламалары мен оқулықтарға толық үстемдік орнатылғандықтан жаратылыстану ғылымдарынан географияны, биологияны және химияны республика табиғатымен, ғылым жетістіктерімен байланыссыз оқытуға, оның теориялық ұғымдарын, зандылықтарын (бұлар Ресейдің табиғатына негізделіп түсіндірілгендіктен) оқушыларға кітап бойыншажадағай, құрғақ жаттығумен «меңгеруте» мәжбүр етті. Сондықтан мектепте берілетін жалпы білімнің мазмүнын, оқу жүмысын үйымдастыруда оқыту әдістерін түтастай қайта қарап, түбегейлі жаңартудың қажеттігі басты мәселе болып отыр.
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру түжырымдамасында «Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі қүдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді» делінген.
Оқыту екі жақтың да, мұғалім оқушы, бірдей еңбек етуін талап ететін үрдіс, сондықтан ұстаз өзінің іс-әрекетін ұйымдастырып, тек оның орындалысымен ғана қанағаттанып қоймай, оқушының да белсенділігін, білім игерудегі әрекетін дамытуға ықпалын тигізуі керек.Қазіргі қоғам шығармашылық қабілеті бар, талантты іскер мамандарға мұқтаж. Ал жалпы білім беретін мектептердегі пәндерде оқушыларға көп жағдайда дайын білім ұсынылады, оқыту әдістері оларды өздігінен жаңа ақпараттар іздестіруге, оқу тапсырмаларын өздігінен шешуге талпындырмайды, яғни оқыту өдістемесі, дайын нұсқауларды бұлжытпай атқаруға ғана бейім орындаушылар
тәрбиелеуге бағдарланып құрылған. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасыу мен дамуының стратегиясы» деген 1992 жылғы еңбегінде мемлекетіміздің егеменді, төуелсіздігіне жеткізетін төрт күш аталған: біріншісі жеріміздің қойнауындағы байлық; екіншісі жеріміздің бетіндегі байлық; үшіншісі өндіріс байлығы; төртіншісі тапқырлардың ақыл ой байлығы, тапқырлардың үйреншікті қалыпқа сыймайтын, бүкіләлемдік деңгейдегі жасалымдары. «Тапқырлардың үйреншікті қалыпқа сыймайтын, бүкіл әлемдік деңгейдегі жасалымдары» - дегеннің өзі шығармашыл тұлғаның ерекше, дәстүрлі емес ой-пікірінің нәтижелі мағынасын береді. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным өрекетін белсендіру. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін, дербес жүмыс жасау қабілеттерін дамытудың маңыздылығын айқындайды. Бүл мәселе Қазақстан Республикасының Білім туралы заңындагы білім бері жүйесінің міндеттері туралы бабында: жеке адамның шығармашылық, рухани жеке мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамыу үшін жағдай жасау арқылы интелектік байтумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республикасының басқа да халықтардың тарихын, әдет ғүрпы мен дәстүрлерін зерделеу қажеттілігі атап көрсетілген. Педагогика ғыльгмы және мектеп практикасы баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастырып, сол арқылы таным өрекетін белсендіру қажеттігін көрсетеді. Осы мәселелер оқушының шығармашылық қабілеттерін, шығармашылық әрекет қырларын дамытудың өзекті екенін анықтайды. Ол үшін не істеу керек, қандай шаралар ойластыруы қажет? Оқуға деген қызығуы, өзінің білім алуға ұмтылысы керек. Ол ұстаз тарапынан сабақ өткізудің өртүрлі жолдарын қарастырып, өдіс-тәсілдерді жетілдіріп дәстүрліемес сабақтар түрлерін әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Осындай еңбек оқушының оқу әрекетін тиімді меңгеруіне, соның нәтижесінде оқуға деген ынта, құлшыныс, талап тауып бұрынғы игерілген білім, білік, дағдыны пайдалана отырып, әр түрлі оқу тапсырмаларын шешуде шығармашылықпен еңбек етіп, өз әрекетін бақылауды, басқаруды және дамытуды үйренуіне себебін тигізеді.
Жас кезден игерілген ойдың оралымдылығы, ақылды икемділігі дүниенің қыр-сырын меңгеруге шексіз мүмкіндік береді. Аталған Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдары деп алуға себеп болды.
Достарыңызбен бөлісу: |