Жоспар kipicпe 1 бастауыш білім берудің теориялық негізі


Бастауыш сыныптағы білім берудің жагдайы



бет3/6
Дата20.05.2022
өлшемі201.5 Kb.
#458292
1   2   3   4   5   6
дип Бастауыш блм беру

1.2 Бастауыш сыныптағы білім берудің жагдайы

Әліппе оқытудың кезеңдері: Бірінші кезең. Әліппе оқытудың бірінші кезеңінде қойылатын міндет -а, о, ы, у дауысты және м, л, р, ш, н, с дауыссыз дыбыстарымен таныстыру. Бүл дыбыстардың ерекшелігі - олардың созып айтуға келетіндігі, сөздің ақаранда өзгермейтіндігі. Ал бүл жағдай осы дыбыстарды сөз ішінен бөліп алуды және оларды қосып, буындар мен сөздер құрауды жеңілдетеді.


Бұл кезеңде дыбысты ажыратудың ең қолайлы тәсілдері мынадай:
а) сөз ішіндегі немесе буындағы бөлінуге тиісті дыбысты анықтау
(көтеру және қатты айту); ә) сөздерді салыстыру; б) сөзді аяғына дейін жеткізбей айту;
Жоғарыда көрсетілгендей, бірінші тәсілде таныстырылатын дыбысты көтеріңкі дауыспен айтамын. Балаларға осы дыбыстар қатысқан сөздерді
айтып тыңдатамын. Дыбыстардың сөздің қай жерінде (басында ма, ортасында ма, соңында ма) тұрғанын айыртамын.
Екінші тәсілді қолданғанда, екі сөзді бірінен соң бірін іле-шала айтып, дыбысталуын салыстырамын. Бірақ салыстыратын сөздердің дыбыстары оқушылар білетін дыбыстар болуы керек. Мысалы, "о" дыбысын айыру үшін "ора", "ара" деген сөздерді аламын. Өйткені балалар бұған дейін "а", "р" дыбыстарын үйренген болатын. Олар бұл сөздерді менімен бірге қосыла айтып, бірлесіп талдаған кезде, бірінші сөз "о" джыбысынан, екінші сөз "а" дыбысынан басталатын айырмашылығын табады.
Үшінші тәсіл - сөзді аяғына дейін жеткізбей айтып, балаларға бір затты (не суретті) көрсетемін. Мысалы, нардың суретің көрсетіп, балаларға дауыстап атын айтқызамын. Содан кейін өзім "нар" деген сөзді айтамын да, артынан соңғы дыбысын тастап кетіп, "на..." деймін. Оқушылардан: "Сөзді толық айттым ба?" деп сұраймын. Олар сөзді толық емес түрімен салыстырып, мен тастап айтқан дыбысты аңғарып, өздері "р" деп толықтырады.
Сөз не буын ішіндегі дыбыстардың қалай айтылатынына көп көңіл аударамын. Мысалы, "о" дыбысын айтқанда ерін дөңгеленіп алға шықпайды, тілдің арты көтеріледі. Ал "а" дыбысын айтқанда ауыз кең ашылады, тілдің үшы сәл көтеріледі, "р" дыбысын айтқанда, тілдің ұшы таңдайға тиеді де, дыбыстауға керекті ауа қарқынды шығады. Дыбыс дірілдеп естілетінін айтып (көрсетіп) түсіндіремін. Оқушылардың өздеріне бірнеше рет қайталатамын. Дыбыстарды сөз, буын ішінен айыртқан кезде, қосымша дыбыс қатынастырмай, тек өзін ғана жеке "с" деп "м" дыбысын "ом", "ым", "мы" демей, "м" деп айтқызып үйретемін. Өйткені косымша дыбыстар қосып айтып үйрету - оқушылардың хат тануына бөгет жасайды. Олар белгілі бір дыбыспен және оның әрпімен танысып болғаннан кейін, сол дыбысты бүдан бүрын үйренген басқа дыбыстармен (егер үйреніп отырған дыбысы дауыссыз болса, оны бұрын білетін дауыстылармен, егер үйреніп отырған дыбысы дауысты болса, бүрын білетін дауыссыздармен) қосып айтып көрсетемін. Мысалы, м-ма, л-ла, а-ал, о-ор, т.б. Бұл жұмысты кеспе әліппенің көмегімен жүргіземін. Оқушылар кеспе әліппе арқылы буын, сөз қүрастыруға жаттығады. Бұл жаттығу жұмыстарын дұрыс жүргізу үшін, дыбыстардан буын және сөз құрастырудың үш тәсілін кең қолданамын. Бірінші тәсіл - сөзді талдай барып, қайта құрастырамын. Мысалы, "шана" сөзін буынға бөлдіремін және буынды қайтадан толық етіп айттырамын. Содан кейін балаларға осы буынды кеспе әліппенің әріптерінен құрастырғызып оқытамын. Екінші буынды да осылайша талдап барып, құрастырғызып оқытамын. Содан кейін ғана сөздің өзін тұтас (шана) оқытамын.
Екінші тәсіл үқсастығына қарай дыбысты алмастыру. Мүнда оқушыларға таныс, жаңа ғана оқып шыққан сөздің бір әрпін екінші әрпімен алмастырамын. Олар үқсастығына қарап, екінші әріппен алмастырады, жаңа сөзді оқып шығады. Мысалы, су-шу, сан-сана, мал-мол.
Үшінші тәсіл - толықтыру тәсілі.
Балалар "аш" деген сөзді құрастырып, оқып шығады. Осы сөздің алдына "ш" әрпін қосып, оларға шықкан сөзді (шаш) оқытамын. Қайтадан "ш" әрпін алып тастап, қалғанын (аш) оқытамын. Немесе әріпті сөздіңсоңына жалғастырғызып та дағдыландырамын. Егер балалар "ал" деген сөзді оқып шықса, аяқ жағына "а" әрпін қосып, "ала" сөзін алуды меңгертемін. Мысалы, ор-ора, шар-шара, он-оны, т.б. Кеспе әліппені ыңғайлырақ ету үшін оларға екі түрлі жабдық істетемін. Біріншісі дәптер тысына ұқсас қалың қағаздың ішкі екі бетіне жиырма-жиырмадан қалталар жабыстырылады, оларда алфавиттегі әріптер сақталады.

Екіншісі - ұзынша үш-төрт қатарға планка желімделінеді. Буын, сөз құрастырғанда, әріптер осы планкаларға тізіледі. Осы екі жабдық әрбір оқушыда болуын талап етемін. Өйткені бұл құралдар икемді және пайдалануға өте қолайлы.
Ал буын, сөз құрастыруды көрнекі етіп көрсету үшін өзім ірі әріптерден істелген кеспе әліппені қолданамын. Ірі кеспе әріптер арнайы қалтада сақталады. Буын кестелері, әсіресе Әліппені өтудің алғашқы кезеңдерінде жеке буынды көрсету (ша, ла, на), буынды толықтыру (ал-ала, ол-сол), буынға буын қосып (ша, на-шана, ак-ақша, өт-өткір) сөз құрастыру үшін пайдалы-ақ. Балалар сөзді, буынды оқығанда, оларды жатқа оқымай, әріптер бойынша оқуын қадағалап отырамын. Бұл үшін балалардың қолында қағаздан істелген көрсеткіштері болады. Олар бәрі қосылып, не жеке бір бала әліппедегі мәтінді оқыған кезде: "Көрсеткіштеріңмен сол жақ бағанадағы бірінші сөзді көрсетіңдер, бағанадағы үшінші сөзді оқыңдар, көрсеткіштеріңмен екінші бағанадағы бірінші сөзді көрсетіңдер" деп айтып отырамын. Мұның үстіне әрбір бағандағы сөздердің мағынасын түсіндіріп, мүмкіндігі болса, сол сөзді білдіретін затты не оның суретін көрсетемін. Әліппені оқытудың екінші кезеңі Екінші кезеңде балалар і, ә, е, ү, и, ө, ү - дауысты дыбыстарын, т, қ, к, п, ж, ғ, б, д, й, з, г, ң - - дауыссыз дыбыстарын үйренеді. Әліппені оқытудың бүл кезеңінде балалар ашық, түйық буынға қосымша бітеу буынмен толық танысады. 1-кезеңде жуан буындармен таныстырылса, 2-кезеңде жіңішке буындарды толық меңгертуге көңіл аударамын. Ал дауыссыз дыбыстардың жіңішке екендігін білдіру үшін дауыстыдан тікелей бүрын не кейін түрған дауыссыз дыбыстарды жіңішкертіп айтамын. Осылайша, балаларға жіңішке дауыстының ықпалымен дауыссыздың жіңішке айтылатынын аңғартамын. Мысалы, ке-ше, те-ре-зе. Көбінесе ашық буындарды қолданамын. Өйткені буынның жуан, жіңішкелігін айыртуға ашық буын көп жеңілдік әкеледі. Оқушыларға Әліппені оқытудың бұл кезеңінде балалар сөздерді буынымен оқудың үстіне, сөйлемдер мен тұтас мәтіндерді оқып дағдыланады, түгелдей хат танып болады. Әліппені оқытудың үшінші кезеңі. Әліппені оқытудың бұл кезеңінде в, я, ю, х, ф, ч, э,ц, е, щ, һ дыбыстары мен ь, ъ таңбалары өтіледі. Балалар бұл кезеңге дейін көптеген әріптерді танып, оларды сөзде, буында айыра біледі, оқып жаттығады. Үшінші кезеңдегі әріптер ауызекі сөйлеуде сирек қолданылатын дыбыстар, әріптер (термин сөздер) болып есептеледі. Бұл әріптер көбінесе өндірістік, техникалық мәнді атауларда кездеседі. Олар -көп буынды және дауыссыздар тіркесі бар сөздер.
Оқушылар бұл дыбыстарды жақсы игеру үшін ұзақ кақыт жаттығады. Сондықтан негізгі талап әрбір дыбыстың айтылуын, жазылуын үйрету. Бүрыннан таныс сөздерді үйрету, әліппедегі мәтінді оқыту. Өйткені бұл дыбыстар оқу жылының екінші жартысынан бастап орыс тілі сабағында қайта оқытылады. Бұл дыбыстарды үйреткенде, әліппені оқытудың бірінші кезеңіндегі сияқты артикуляция әдісін кең пайдаланамын. Ішінде осы дыбыстар кездесетін, оқушылар үшін таныс және түсінікті сөздердің тізімін жасатамын.
Оны үлкейтіп, қалың қағазға жазып, сынып бөлмесіне іліп қоямын. Мысалы:
В әрпіне - вагон, вокзал, вожатый;
Ф әрпіне - ферма, фабрика, телефон, футбол;
Ч әрпіне - чемпион, Чкалов, Мичурин, чемодан;
Ц әрпіне - цифр, цех, мотоцикл, полиция;
Э әрпіне - электр, элеватор, аэроплан;
Щ әрпіне - щетка, ащы, тұщы, щи, т.б.
Әріптерді дүрыс және көркем жазуға үйрету. Оқушыларды оқуға үйреткендегідей, жазуға үйрету үшін де шеберлік керек. Оларды жаза білуге үйретуде үш мақсатты еске аламын.
Бүлардың біріншісі - әріптерді жаза білуге және жеке әріптерді өзара қоса білуге үйрету.
Екіншісі - әріптерді әдемі етіп, дұрыс жаза білуге дағдыландыру.
Үшіншісі балаларды жазу жүмысына өте үқыпты қарауға
дағдыландыру. Балаларға әріптерді таныстырмастан бүрын, әліппеге даярлық кезеңнің өзінде, әріп элементтерімен түрлі сызық, өрнектерді қаламмен жаздырамын. Бүған себеп оқушылар қаламды анық түсіреміз деп, саусақтарын басып жазып дағдыланады. Оқушыларға дәптерді бірінші рет үлестіргеннен бастап, дәптерлерін ата-аналары, мектеп басшылары қарап отыратынын, дәптерлеріне қарап жүмыстары бағаланатынын және жыл аяғында дәптерлері мектеп көрмесінде салыстырылатынын түсіндіріп отырамын. Жақсы дәптер иесін сынып жиналысында басқаларға үлгі етіп, алғыс жариялаймын. Бүл әдіс ата-аналарға қатты әсер етті: жалқау балалардың түзелуіне себепкер болды. Оқушылардың таза, үқыпты ұстаған дәптерлерін және 1-сынып оқушыларына арналған жазу үлгісін көрсетіп отырамын.
Бірінші дәптерді пайдаланғаннан бастап оларға дәптерді қалай ашу мен пайдалануды да түсіндіремін. Әріпті жаздыраудан бұрын сөзге, буынға талдау жасатамын. Әріптің элементтерін арнайы сызықтары бар сынып тақтасына жазып көрсетемін. Сынып тақтасына жазылған әріп элементтерін көрсететін көрнекі құралдарды пайдаланамын. Жазуды бастап жазарда қаламды жолдың қай жеріне қойып, қалай жүргізу керектігін, әріп элементтерінің қайырмасын қалай келтіруін (доғал, сүйір, ілгек) түсіндіремін.
Буынды немесе сөзді жазғанда әріптердің жалғасуына айрықша көңіл бөлемін. Оқушылардың қаншалықты ұққанын анықтаймын. Бұл үшін бірнеше балаға алдында көрсеткенімді сынып тақтасына жаздырып орындатамын. Қатесі болса, түзетіп, қосымша нұсқаулар беремін. Сөз жазғанымда оның дәптер жолында қалай орналасатынына көңіл аударамын. Өйткені оқушылар сөзді тасымалдауды үйренбегендіктен, сөздің сыймаған бөлігін қайда жазатынын білмейді. Сондықтан дәптердің жолына тұтас сыятын сөздерді іріктеп алып отырамын. Жазуда қиналатын, жаза алмайтын не өте нашар жазатындарды назарымнан шығармаймын. Оларға қалай жазуды қосымша түсіндіремін, дәптерлеріне бір рет жазып көрсетемін, өз көмегіммен қаламсапты жылжытып жазғызамын, қарындашпен өзім жазып беріп, оның үстінен сиямен жүргізу әдісін үйретемін.
Бір буынды немесе бір сөзді қайта-қайта, 4-5 жолға жаздырудан аулақ боламын. Өйткені бұдан нәтиже кем шығатынына көзім жетті. Буынды, сөзді немесе жаңа сөйлемді сұрыптап алғанда, әрбір жаңа жолға буын немесе жаңа сөз, не болмаса сөйлем жазылатындай етіп аламын. Қиындығына қарай тек жеке әріптерді ғана 2-3 жолға жаздырамын. Осылай еткенде жазу жүмысы түрленіп, балалардың ынтасы артатын болады. Бала бір жолға бір сөзді толтырып, келесі жолға жаңа сөз жазатын болса, бірінші рет жазатындай ықыласпен толтырады. Егер екінші, үшінші жолдарға да бірінші жолға жазғанды жазатын болса, бүл баланы жалықтырып жібереді де, ол асығатын болады. Мұнымен қатар әр жолға жаңа буын немесе жаңа сөз жазғанда оқушылар әріптердің әр түрде жазылатынын аңғаратын болады. Мысалы, «ар, шар, ал, алма» дегенде, әріптер бір-біріне калай жалғасатынына жаттығады. Жаздыратын буын, сөздерді дыбыстарға жіктеп алмайынша (талдау, жинақтау әдісімен), жаздырмаймын. Бұл жұмысты былай жүргіземін.Жазылатын сөзді буындарға, буынды дыбыстарға ажыратамыз. Содан кейін кеспе әліппеден сөз қүраймыз. Сөзде немесе сөйлемде кездесетін әріптерді пысықтаймыз. Сөзді тақтаға балалармен бірлесіп жазамын. «Мен әуелі қай әріпті жазуым керек (аты аталған бала айтады), әріптерді қосатын жіңішке сызықты қай жерге дейін созуым керек?..» тағы осы сияқты. Жазудың үлгісін осылай етіп көрсету оқушылардың оқуға белсене қатысуын, жазу жұмысына олардың төселуін, сөзді талдай білу дағдысын қамтамасыз етеді. Тақтаға сөзді жазып болғаннан кейін, 2-3 оқушыға (көбінесе нашарлау үлгіретіндерге) оқытамын. Осыдан кейін ғана балалар жазуға кіріседі. Олардың жазуын бақылаймын, көмектесемін. Түгел жазып болған соң, өз жазғандарын тағы да 2-3 оқушыға оқытамын. Баланы кіші және бас әріптерді, буындарды, сөздерді жазу дағдысына үйреткенде мына төмендегі қарапайым ережені қолданамын:
1.Жазғанда түзу отыруға, қаламсапты дұрыс ұстауға, дәптерді алдына
дұрыс қоюға үйрету.
2.Әріптерді жазуға үйретудің алдында (әліппеге дейінгі кезең)
баланың саусақтарын жазуға икемдеп, көндіктіру үшін түрлі өрнек, сурет,
сызықтар салдырып, сыздырып үйрету.
3.Дәптердің тура, көлбеу сызықтары туралы түсіндіріп отыру.
4.Әріпті жазу үшін, оның элементін қүрайтын түрлі сызықтар
жазылып, сол әріптің толық тұлғасы өрнектеледі. Әріптің негізгі элемент!
болып саналатын таяқша сызық пен жарты шеңберді (сопақ сызылатын бір
жағын) жазғанда, әрқашан қаламсапты азырақ басып жуан етіп түсіру
керектігін ескертемін. Әріптің қосымша құрамдары - нүктелі жіңішке сызық, дөңгелек емес, түйін ілгек, көлденең сызықшалар. Әріптің бір-бірімен тіркесу жолын сызығы бар сынып тақтасына жазып көрсетемін. Әріп элементтерін жазудың алдынан, сызықтары сол элементтерге ұқсас заттардың суреттерін саламын. Мысалы, тік сызықты жаздырудан бүрын - үй, шар, бақ, не үйге тіреп қоятын басқыш пен сатының суретін салдырамын. Имек сызықтарды жаздырудың алдында қармақтың, шананың суретін салдырамын.
5.Жеке сөз бен буынға талдау жасатамын. Жазылатын әріпті бөліп
алып, оның сипаттамаларына толық түсінік беріп отырамын.
6.Жазылатын әріптің баспасы мен жазбашасын көрсетіп, кеспе
әліппеден со л әріпті таптырамын.
7.Әліппені оқытудың бірінші кезеңінен бастап адамның аттары бас
әріппен жазылатынын, сауат ашудың екінші кезеңінде сөйлемнің бірінші
сөзі бас әрпімен жазылатынын, сөйлемнің аяғына нүкте қойылатынын
түсіндіріп, дағдыландыра бастаймын.
Оқу-жазуға төселген оқушылар барлық сабақты да жақсы оқиды. Олар оқуға жақсы төселмей түрып, қай сабақта болмасын ілгері баса алмайды. Сондықтан оқу-жазуға үйрету кезеңіндегі жұмыстар ойдағыдай ұйымдастырылып, оқу жылының бірінші жартысында оқушылар дұрыс оқуға төселуі қажет. Оқу-жазуға үйрету кезеңіндегі міндеттер деп, тек жоғарыда айтылғандар ғана деп біржақты қарауға болмайды. Баланы сөйлетуге үйретіп, ой-өрісін кеңейте беруіміз керек. Жас бала - ұрығынан жаңа көрініп шығып келе жатқан жас өсімдіктің жапырағы, ал тәрбиеші - осы нәзік өсімдіктің жанында жүрген бағбан. Біз балаларды өз жүмысына үқыптылықпен қарауға, үлкендерге көмектесіп, оларды құрметтеуге, өнер-білімге ұмтылуға, достық және жолдастыққа тәрбиелеп, бұл асыл қасиеттерді бойларына терең сіңіруіміз керек.
1 - кесте.
Анықтау эксперименті кезіндегі оқушылардың шығармашылық деңгейлерінің көрсетулері (1994-95 оқу жылы)



Рет
саны

Оқушылар саны

Дұрыс жауап

Дұрыс емес жауаптар

Жауап берілген жоқ

1

319

38,6% (123)

32,6% (104)

28,8% (92)

2

337

37,1% (125)

35,9% (121)

27% (91)

Алдымен балалардың шығармашылық дәрежелерін байқау мақсатында дүркін-дүркін жазба жұмыстарын алып, оған талдау жасалынды. шығармашылық деңгейі. Анықтау эксперименті нәтижесінде мектептерде, 1-4 сыныптарда биология пәні бойынша бірсарынды акпаратты (дәстүрлі) сабақтар - оқу жұмысының негізі екені байқалды. Сабақтарда өздік жүмыстар аз орындалады. Проблемалық жағдаяттар туғызу, әртүрлі ізденушілік, зерттеушілік сипаттағы жүмыс түрлері өте аз жүргізіледі.


Бұл анықталғандардан шығатын қорытынды: өткізіліп жүрген сабақтарда оқушылар белсенділігі төмен, балалардың оку үрдісінде тек дайын білім игеруге қалыптасқандығы байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет