Павлодар облысының білім беру басқармасы,Екібастұз қаласы білім
Беру бөлімінің «№14сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны
Ұйымдастырылған іс әрекет
Ашық сабақ :Сауат ашу
Тақырыбы: Дыбыстар
Мектепалды даярлық «Балауса» «Б» тобы
Тәрбиеші:Байшина Т.И
2023 оқу жылы
|
Тақырыбы: Дыбыстар
Мақсаты: Л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Құрамында Л дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау, дауысты – дауыссыз дыбыстарды бір – бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру. .Л дыбысы бар сөз,сөйлем құрату.Л Дыбыстың сөз басында,ортасында,аяғында келетінін баланың өзіне байқатып атату.
Дамытушылық: Ойын арқылы тілдерін,ой-өрістерін,сөздік қорларын,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Суреттер,текшелер,қонырау
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,көрнекілік
Оқу іс-әрекетінің түрі: ойын сабақ
Технология:Нейро жаттығуы,миға шабул.триз,стакан,қасық технологиясы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар,қәнекей бүгінгі саут ашу оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын көңіл-күйімізді нейро жаттығуын жасап көтеріп алайық
Балалар, Менің қолымда не? Қонырау
Не естип тұрсындар? Дыбыс
Оң қолымда қандай дыбыс шығады?Жінішке дыбыс
Ал сол қолымда қандай дыбыс ?жуан дыбыстар,Дұрыс айтасындар
-Балалар біз өткен оқу іс-әрекетінде қандай дыбыстармен танысып едік есімізге түсірейікші.А,О,К,Қ,Н,Ә т,б
Дыбыс дегеніміз не? Дыбысты естимиз,ауызбен айтамыз
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстарды қалай ажыратамыз?
-Дауысты, дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгілейміз?
-Әріп дегеніміз не? Көреміз,жазамыз
ІІ.Өткен сабақты пысықтау.
Жұмбақ
Тастан-тасқа секiредi,
Қалқиып қос құлағы,
Ойын болып көкiрегi,
Аула оның тұрағы /Лақ/
Н егізгі бөлім.
-Балалар ненің суреті? Лақтын суретін көрсету
1-тапсырма.
-Мынау не? (Лақ) деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?ендеше балалар Л
дыбысы туралы ойындар ойнаймыз
-Лақ қай малдың төлі және ол қалай дыбыстайды? Лақ ешкінің төлі,ол мә-мә-мә деп
дауыстайды
Сөздің басында қандай дыбысты естіп отырсыңдар? (хормен айтқызу)
Лақ сөзіне дыбыстық талдау жасау
-Л қандай дыбыс? (дауыссыз)
-Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз? (көк
-Лақ сөзін буынға бөліп көрейік? (Буынға бөледі)
-Неше буын бар? (1 буын)
-Лақ сөзінде неше дыбыс бар? (3 дыбыс)
2 тап.Ойын ойнайық «Араны аулау»
Мақсаты: Л дыбысы бар суреттерді, ж/е Л дыбысы жок суреттерді тақтаға ілу
Шарты: Үстелдін үстінде әр түрлі суретер арада жапсырылған сол суреттердін ішінен
Л дыбысы бар суреттерді шапалақпен соғып үстап алу керек ж/е қандай суретте
Л дыбысы бар екнін атау
3-тапсырма. «Кім жылдам?» дидактикалық ойынын ойнау.
Балаларға ойын ойнату арқылы тақтаға ілінген суреттегі заттардың атауларын атату.
Л Дыбыстың сөз басында,ортасында,аяғында келетінін баланың өзіне байқатып атату.
Сөзден сөйлем құрату.
Тақтадағы суреттер:
Піл Ли-мон Лақ Түл-кі А-пель-син.
4,Дыбыстық талдау :» Шарик марик» ойыны
Мақсаты:Мысалы Піл,алма,Гүл,Лақ деген сөзде ,1-ші қандай дыбыс естип тұрсындар,неше дыбыс,буынға бөлу,неше дауысты дыбыс,неше дауыссыз дыбыс бар,
Ойын шарты:стакандағы ішіндегі жасырынып тұрған суретті тауып оған дыбыстық талдау жасау қасық арқылы
1 топ Лақ, Алма дыбыстық талдау жасау с
2-топтп Піл, Гүл
ІV.Сергіту сәті.Нейро жаттығуы
5-тапсырма: Дәптермен жұмыс.
Жазбаша жұмыс орындату.
6-тапсырма. Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?».
1-ші себетке Л дыбысы бар суреттерді саламыз.
2-ші себетке Л дыбысы кездеспейтін суреттерді саламыз.
Қортынды:Бүгін біз оқу қызметінде не туралы білдік?дыбыстар
Қандай дыбыс туралы білдік?Л дыбысы
Қандай ойындар ойнадық: араны аула
Кім жылдам ойыны:Тақтадағы суреттер
Шарики марик ойыны:Дыбыстық талдау
Дәіптермен жұмыс:
Кім тапқыр ойыны сурет салғыздыру
Достарыңызбен бөлісу: |