Жоспар кіріспе 4 1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері 7


ГУУАМ - саяси – экономикалық бірлестік ретінде



бет7/9
Дата20.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#148957
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.3. ГУУАМ - саяси – экономикалық бірлестік ретінде


Посткеңестік кеңістік мемлекеттерінің – Грузия, Украина, Әзірбайжан және Молдова (ГУАМ) – саяси-консультативті форумы 1997 жылы 10 қарашада Страсбургта өтті. Бұл мемлекеттердің президенттері Еуропалық Кеңестің саммитінің шеңберінде кездесті. «Төртеудің» тобы ЕҚЫҰ-ның тұрақты кеңесінде флангтік келісімдер бойынша Келісім шартты талқылау барысында құрылды.

Страсбургта қабылданған Декларация бұл топтың елдерінің саяси жақындасу мен тәжірибелік ынтымақтастығының деңгейін, посткеңестік кеңістіктегі процестерге қатысты маңызды халықаралық мәселелер бойынша олардың позицияларының сәйкестігін бекітті. Кейінірек, 1999 жылы 24 сәуірінде, НАТО-ның мүше-мемлекеттер мен әріптестер-мемлекеттерінің Вашингтондік саммит кезінде бұл топқа Өзбекстан қосылды. Мемлекеттердің кеңейтілген бірігуі ГУУАМ деген атқа ие болды.

ГУУАМ-ның мүше-мемлекеттерінің президенттерінің Вашингтонда қабылданған Мәлімдемесі жаңа ұйымның қызметінің негізгі бағыттары мен принциптерін анықтады: халықаралық ұйымдар мен форумдар шеңберінде көпжақты ынтымақтастықты нығайту, Еуроатлантикалық әріптестіктің Кеңесі арқылы байланыстарды кеңейту және тереңдету, НАТО-ның «Бейбітшілік үшін әріптестікң Бағдарламасын жүзеге асыруға қатысу, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу жолындағы әрекет ету, бітімгершілік потенциалын нығайтуда тәжірибелік ынтымақтастықты тереңдету, этникалық шыдамсыздық, сепаратизм, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, ядролық қару мен ЖЖҚ басқа түрлерін жаймайтын режимдерін нығайту, қақтығыстар зонасына қару-жарақтарды әкелудің алдын алу, Европа – Кавказ - Азия тасымалдау жолдарының дамуында ынтымақтастық өзара мүдде болып табылатын сұрақтар бойынша тұрақты кеңестер өткізу.

Жаңадан құрылған ұйымның мақсаттары мен міндеттерін анықтауда Украина, Грузия, Молдова және Азербайжан делегацияларының басшыларының 1998 жылы қарашада Вашингтонда ДВҚ мен Дүниежүзілік банктың жылсайынғы мәжілісінде өткен кездесу маңызды рөлге ие болды. ГУУАМ-ның алдыда тұрған қызметтерінде басқы назар көбінесе транскавказдың тасымалдау жолын дамыту мәселесіне аударылды. Оны тек аймақтық интеграцияның маңызды механизмі ретінде ғана қарастырып қоймай, сонымен қатар топтың елдерінің сенім шараларын, экономикалық және саяси егемендігін нығайту факторы ретінде де қарастыру керек делінді. Каспийдің мұнай көздерін өңдеу сұрақтарының шешімі және құбырлар желісін құрылуы ерекше мәнге ие болды. Дәл осы байланыста тасымалдау жолдарының қауіпсіздігі жөніндегі сұрақтар туады.

ГУУАМ өзін-өзі ТМД мен кез-келген басқа ұйымдарға қарсы қоймауға ұмтылатын координациялық орган болып табылады. Жаңа альянстың мұндай жылдам қарқынмен қалыптасуы Украина, Өзбекстан, Грузия, Әзірбайжан және Молдованың экономикалық және саяси мүдделерінің ортақ болуымен тығыз байланысты. Бұл мемлекеттер каспийлік мұнайды тасымалдаудың мүмкін болар бағыттарын іздеумен, Ұлы Жібек Жолының қайта өрлеуінің ғаламдық жобасын, Евразиялық тасымалдау жолын құруды жүзеге асырумен байланысты.

ГУУАМ-ды құру инициативасы Балтық – Қаратеңіз альянсының идеясымен байланысты. Бұл жоба сондай-ақ барлық қатысушы-мемлекеттер тарапынан жүзеге асырылатын қаратеңіздік ынтымақтастық туралы Келісімнің құраушыларының бірі болып табылады. Украина Орталық–вропалық инициатива елдерінің тобына кіретін ТМД мүшелерінен жалғыз болғандықтан, оған жаңа құрылған ГУУАМ-да бұл өте үлкен геосаяси кеңістікте Евразиялық көпір рөлі де жүктеледі. Бұған Украинаны бақылаушы ретінде экономикалық ынтымақтастықтың Орталық Азиялық жүйесіне қабылдау фактісі де әсер етеді.

ГУУАМ – бұл бір-біріне қайшы болмайтын саяси және экономикалық бағыттарға ие посткеңестік кеңістіктің тең құқылы және өзара тиімді кооперация құрылымын құру идеясын айқын түрде қолдайды. Егер бұған Украинаның Польшамен және Балтық елдерімен ынтымақтастығының артуын, сонымен қатар 1997 жылы мамырда Балтық-Қаратеңіздік альянстың құрылуын (Украина, Польша, Латвия, Эстония, Литва) қоссақ, онда посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процестердің даму тенденциялары айқын көріне бастайды.

Елдерді ГУУАМ тобына бірігуге себеп болған бірқатар маңызды жайларды атауға болады:



  • Дәстүрлі түрде мәскеулік саяси элитаның басымында құрылған посткеңестік кеңістіктегі дезинтеграциялық процестер, Ресей Федерацисы саяси өміріндегі теріс тенденциялардың өсуі басқа мемлекеттердің өзінің қауіпсіздігі үшін мазасыздануын туғызады;

  • Біртұтас геосаяси кеңістікте болу, бұрынғы Орталықпен қатынастардағы белгілі бір бағыныштылық, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, модернизацияның өзекті қажеттіліктері – бұның барлығы посткеңестік кеңістің мемлекеттерінің бір-біріне өзара тартылыстарын білдіреді. Олар барған сайын өз қауіпсіздігінің вакуумін айқын сезеді: «Мәскеудің қамқорлығынаң оралу олар үшін тиімді болып табылмайды, бірақ сонымен қатар басқа дүниежүзілік күштер – НАТО, АҚШ, Қытай, Ислам әлемі және т.б. – өздеріне бұл вакуумді толтыру міндетін алуға дайындығы күмән келтіреді.

  • ТМД-ның ұйымдық құрылымының бұрынғы кеңестік республикалардың қалдық ретінде қалыптаспауы; олардың жаңаруға қабілетсіздігі; ТМД-мен өзара қатынастарының ассиметриялы механизмі ретінде әрекет етуі, өйткені оның қызметі Мәскеудің геосаяси және экономикалық бақылауымен өтеді. ТМД іс жүзінде бұл бақылауды қамтамасыз ету механизмдерінің бірі болып табылады, алайда жаңа құрылған мемлекеттердің қажеттіліктері шынайырақ және эффективтілеу өзара қатынас әдістерін талап етеді.

  • Ресей Федерациясы мен Белорусь Одағының, Төртеудің Кедендік Одағының құрылуы. Ресейлік саяси элитаның посткеңестік кеңістікте өзінің экономикалық және саяси әсерінің жаңа, қатаңырақ формаларын орнату бағытындағы күш салуының артуына куә болады. Сондықтан мемлекеттердің аймақтық деңгейдегі жаңа бірлестіктері бұл қысымның күшеюіне реакция ретінде туындайды.

  • Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің «үлкен ағаң қамқорлығынан азат болуға ұмтылуы. Ресей Федерациясындағы тамыздың (1998 жылы) дағдарыстың салдарымен уақытша ұсталып тұрған ресейлік капиталдың экономикалық және саяси экспансиясына қажеттілік туған жағдайда бірлескен қарсылық ұйымдастыру керектігін түсіну. Мұндай экспансия жаңа мемлекеттердің өзнің егемендігін нығайту жолында күш салуларын жоққа шығаруы және тәуелсіздіктің іс жүзінде жоғалуына әкеп соғуы мүмкін. Біздің көзқарасымызда ГУУАМ-ның пайда болуы – бұл, сондай-ақ, тәуелсіз мемлекеттер тобының Ресей Федерациясының ТМД елдеріне қатысты стратегиялық курсы туралы атақты құжатындағы сұрақтарға өзіндік жауабы.

  • Көбінесе прагматикалық мемлекетаралық байланыстарды дамыту жолында жаңа әріптес-мемлекеттер мен одақтастар іздеу, ең үлкен дәрежеде посткеңестік мемлекеттердің ұлттық мүдделеріне жауап беретін жаңа сыртқы саяси бағыттардың қалыптасуы.

  • Мемлекеттердің өзінің тиімді географиялық орналасуының артықшылықтарын пайдалануға ұмтылуы, әсіресе мәселе Европадан Батысқа, Индияға, АТА елдеріне апаратын жаңа транзиттік транспорттық-энергетикалық бағыттар қалыптасу жайында болса. Барлығының мақсаты бір беделді қатысушылар ретінде Еуропа - Кавказ - Орталық Азия желісі бойынша көлемді интеграциялық процестерге қосылу.

  • ГУУАМ елдерінің саяси элитасы мен көшбасыларының посткеңестік кеңістікте және ғаламдық, аймақтық деңгейдегі халықаралық қатынастарда болып жатқан процестерге көзқарастарының сәйкес келуі. Бірдей идеологиялық шарттарда қалыптасқан посткеңестік элиталардың менталитеттерінің ұқсастығы өзара түсіністікке қолайлы шарттар туғызады.84

Ал енді ұйымның құрылымына келер болсақ:

  • мемлекет басшыларының ең аз дегенде жылына бір рет кездесуі, ООН, ЕҚҰҰ, ТМД және т.б. желі бойынша саммиттер кезінде кездесуін;

  • сыртқы саяси ведомстволардың жетекші рөліндегі эксперттердің кездесуі – екі айда бір рет;

  • ГУУАМ мемлекеттері мүшелері болып табылатын халықаралық ұйымдар шеңберінде елшілер мен эксперттер деңгейіндегі әрдайым болып тұратын консультациялар; мұндай консультациялардың мақсаты – халықаралық қатынастардың негізгі сұрақтары бойынша позициялардың сәйкестігі және жылпыға бірдей тиімді шешімдерді қабылдауға әсері; сонымен қатар өкілеті ресми емес топтың айлық айналымын енгізу ұсынылды.

ГУУАМ мемлекеттері АҚШ және Батыс мемлекеттерімен тығыз байланысқан. Олардың мақсаттары Каспий жағалауы аймағынан энергоресурстарды тасымалдаудың жаңа жолдарын құрау, экономикалық және әскери саладағы ынтымақтастықты нығайту.

ГУУАМ шеңберінде қарым қатынастың маңызды бағытының бірі аймақтағы қауіпсіздікті және тұрақтылықты сақтау. Ауқымды жобаларды жүзеге асыру субаймақтық қауіпсіздік жүйесін құруды талап етеді. Бұл осы аймақтағы барлық мемлекеттердің мүддесін ескеретін ынтымақтастықтың бастамасы болады.

ГУУАМ шеңберінде әскери ынтымақтастықтың неге керек. Өйткені осы мемлекттердің әр бірі іштен туылған қақтығыстармен соқтығысып отыр. Осы қауіпсіздік жүйесіндегі мәселелердің ұқсастығы мемлекеттердің бір-біріне тартылуына оң әсер береді.

Қауіпсіздік және бейбітшілікті қолдау барысында ГУУАМ мемлекеттері осы бағытта күш-жігерді біріктіруге деген талпыныстары байқалады.

Өзінің дамуындағы аз уақытта ГУУАМ түрлі кезеңнен өтті, ол дамудан дағдарысқа дейін жетті.

Көптеген сараптамашылардың пікірінше қазаргі кезең дағдарыс кезеңі. Бұл мынадай факторлар нәтижесінде болуы мүмкін:



  • ЕурАзЭқ шеңберіндегі интеграциялық үрдістердің күшеюі;

  • ГУУАМ мүше-мемлекеттеріне қарсы ресей саясатының қаталдануы;

  • ГУУАМ транспорттық коридоры Азия – Кавказ - Еуропа жобасына ұқсас варианттың болуы;

  • ГУУАМ мемлекеттеріне Батыстың қызығушылығының азаюы.

2000 жылы маусымда Ялтада мемлекет басыларының саммитінде ұйымның институтционалды құрылымы туралы қадамдар жасалды. Қол қойылған Жарғыға байланысты ГУУАМ бірлестігі әлеуметтік – экономикалық дамуға, аймақтық қауіпсіздік мәселелерін шешуге халықаралық қылмыс және наркобизнес мәселелерінде ұйым шеңберіндегі әріптестік. Ұйым экономикалық мәселелерді шешуге, әсіресе энергетикалық және транспорттық мәселелерге бағытталған. Бірлестіктің жоғарғы органы мемлекет басыларының саммиті, атқарушы орган – ГУУАМ-ның сыртқы істер министрлерінің мәжілісі. Бұлар бір жылда екі рет өтетін болады. жұмысшы орган ретінде сыртқы істер министрі тағайындайтын ұлттық координатор комитеті.85

Қазіргі таңда ГУУАМ-ға байланысты қатынас екі ұштылау. Бес мемлекеттің біреуі де ТМД-дан шығу қажеттілігін сезінбейді. Егемен мемлекеттердің екіжақты және көпжақты негізде ынтымақтастық туралы келісімге қол қою құқы ГУУАМ-ды ұйым деп санауымызға негіз береді. Сондықтан біз ГУУАМ мемлекеттерінің іс-әрекетін ТМД-дан шығу немесе Ресейге қарсы деп ойлауымызға еш негіз жоқ. Бұл жан-жақты және аймақ ішілік интеграцияның бір түрі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет