Жоспар Кіріспе I. Ақшаның мәні мен қызметтері


Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді



бет8/12
Дата03.07.2016
өлшемі260 Kb.
#175823
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді:

несиенің даму дәрежесіне, себебі қаншалықты тауарлардың басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі;

қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы;

ақша айналысының жылдамдығы.

Металл ақша айналысы тұсында айналыстағы ақша саны ақшаның қазына жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырды. Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета) айналыста қазынаға кетіп, ал егер ақшаға деген қажеттілік үлғайса, онда айналысқа қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығарылып отырады.

Егер де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын банкноттар немесе қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда қолма-қол ақшалар айналысы қағаз ақшалар айналысының заңына сәйкес жүргізіледі.

Ақша айналысын қолдап отыру шарттары мен заңдары мынадай екі фактордың өзара әрекет етуімен анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік және айналымға ақшалардың нақты түсуімен. Егер де айналымдағы ақша көлемі, шаруашылыққа қажетті ақшадан артық болса, онда ақшаның құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді.

2.2. Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы

Ақшаның металлдық теориясы. Бұл теорияның өкілдеріне капиталдың алғашқы қорлануы кезеңіндегі мерконтилистер жатады. Оларға қағамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металлдармен бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күмісяғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистік сипатта, себебі бұл теорияның пайымдауынша ақшаның рөлінде алтын, күміс сияқты кез келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігі жөніндегі хабарсыз.

Ресейде металлдық теорияның өкілі атақты мемлекеттік қызметкер М.М. Сперанский болып табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негізі – ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек деген қөзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалы – күміс деп санады. Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде жаңа төлем әдістері мен формалары қалыптасты, олар несиеге негізделді.

Неміс экономистері ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын Ррталық банктің банкноталары да аталады деген. Ол кездері ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисі Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгізу идеясын ұсынады. Себебі 70-жылдардың басында жойылған Бреттон-Вудс валюталық жүйенің орнына жаңа алтын стандартын енгізуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ-тың экс-президенті Рональд Рейган саулау алдындағы күрес кезінде алтын стандарты қайта оралуы мүмкін деп санады.Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуі, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгереді. Қағаз-несиелік ақшаларды алтын қарымен жасанды түрде үйлестіру – натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкеліп соқтыруы сөзсіз, өйткені алтын қорының өсімі физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтіп бұл ақша бірлігі құнының тым аса ұлғаюына әкеліп соқтырып,қасиетінің жоғалуы т.б. пайда болды.

Сонымен, ақшаның ішкі мазмұны бағалы металдың N мөлшеріне берілген құжат ретінде біртіндеп иелерінің эмиссиялық орталыққа, Оның ішінде мемлекетке деген сенімі ауысады. Үкіметке деген сенімсіздік, соғыстар және басқа да жағдайлар классикалық алтын стандартына қайта келуіне әкеледі. Нақты экономика тұрғысынан қарағанда қарапайым тауар болса да алтын ерекше орында тұрады.

Қазіргі жағдайдағы алтынның негізгі экономикалық қызметінің мәні, оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретінлегі қызмет етуімен, несие алуда қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсіптік шикізат болып қала беруімен сипатталады.

Адамзат құнның әр түрлі формаларын өз басына өткере отырып, яғни ақша орнына әр түрлі тауарлар қолданысынан кейін, адамзат металл ақша айналысына қол жеткізді. Металдың ақша ретінде қызмет етуінен барып одан бірте-бірте монеталар пайда бола бастады.

Көпестер классының бөлінуімен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы кезеңді сипаттайды.

Монета – ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі.

Монета бет жағы – аверс, келесі жағы – реверс, кесіндісі – гурт болып ажыратылады.

Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместері - биллонды ақшалар деп аталады.

Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсініктемелер бар:

Биметаллизм – жалпыға бірдей эквивалент рөлін екі немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күміс монеталар пайдаланылады.

Монометаллизм – жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі қолданылатын ақша жүйесі.

Түрікше “акче” сөзі, қазақша “ақша”, яғни “ақ” сөзінен, күміс монетаның түсіне қарап шыққан.

Капиталистік таурлы өндірістің дамуы барысында қағаз ақшалар пайда бола бастады. Олар айналыста алтын монеталарды ығыстырып шықты. Қағаз ақша айналысындағы ұсақ төлемдерге қызмет ететін ауыстырылатын монеталар қағаз ақшалардың әр түрі болып табылады. Әдетте оны төменгі сынамасы бар металдан жасайды.

2.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы

Ақшаның номиналистік теориясы мерконтилистердің металлизмге қарсы іс-әрекеті болып табылады. Тауар өндірісі мен айналымының өсуіне байланысты металл монеталарды вексель, банкнота түріндегі несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстырубіртіндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардың металдыққұрамын белгіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет