Жоспар Кіріспе І тарау



бет1/18
Дата10.06.2022
өлшемі0.59 Mb.
#459138
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Дип.-Сыныптан-тыс-жұмыстарда-оқушыларға-тәрбие-беру


Жоспар


Кіріспе
І Тарау. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
ғылыми -теориялық негіздері
1.1 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні мен мазмұны
1.2 Сыныптан тыс тәрбие жұмысы -оқушыларды жан - жақты
қалыптастырудың формасы ретінде
ІІ Тарау. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
жолдары
2.1 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
педагогикалық шарттары
2.2 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
әдіс тәсілдері.
Қорытынды
П айдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кездегі қоғам дамуының заңдылығы мектеп оқушыларының рухани, интелектуалды және физикалық жан-жақты дамыған, білімпаз шығармашылығы белсенді, тұрақты өз бетінше білім жетіліруде ынталы және дағдысы қаланған кез келген өмірлік мәселелерді шешу мақсатында тәуелсіз елімізде бірқатар ілгері жұмыстар қарастырылып, олардың жүзеге асудағы нақты шаралары белгіленді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін- өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп көрсетеді. Осындай күрделі мақсаттың жүзеге асуы білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету жағдайына байланыстылығын да көрсетті. Республикада бұл міндеттердің шешу жолы білім берудің қосымша дамыту бағдарламаларында айқындалады. Сондай -ақ “ҚР тәлім тәрбие тұжырымдамасында” үздіксіз тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім тәрбие деп қарастырады. Мұнда әрбір халықтың тәлім -тәрбиелік мұрасы- мәдениеттің құнды бөлігі немесе қазақ халқының педагогикалық ой -пікірлерін бүкіл оқу тәрбие жүйесінің тірегіне айналдыруды көздейді.
Осыған орай, мектепте оқушыларды тек сабақта немесе сыныпта ғана тәрбиелеп және қалыптастырып қана қоймай, сыныптан тыс жұмыстарда да тәрбиелеу қажеттілігі маңызды болып отыр.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде соған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде оқушылардың кең көлемде әрі терең, жан жақты тәрбиелік ықпал ете алады.
Сыныптан және мектептен тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие беру мәселелерін әртүрлі бағыттарда қалыптастырып, дамытуды ғалым – педагог- психологтар өз үлестерін қосты. Атап айтсақ, сыныптан тыс жұмыстардың қалыптасу даму тарихындағы ерекшеліктер ( Н.К.Беспятова , А.Т. Малый , Л.П. Матковская, М.Б. Коваль , Б.И.Каюмов, Ф.А. Фрадкин , В.А. Капранова) ;
- Сыныптан тыс жұмыстар қызметін басқаруды жетілдіру (Грекова О)
- Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қоғамдық саяси белсенділігін дамыту (И.Н. Цымбалюк , Л.Ю. Садыкова , Н.А. Антыгина , В.Н. Лыков , В.Н. Дармодехина , Н.Д. Зверьева , М. Куранов, Н.И.Меняева);
- Сыныптан тыс жұмыстардағы еңбек тәрбиесі (Ю.Г.Памория , А.И. Ковалева , Л.И. Каучукова , Н.А. Запорожец, М.А Углицкая);
- Сыныптан тыс жұмыстардағы адамгершілік тәрбиесі (Л.А. Оралова , Қ.Т. Әтемова , И.К. Тен , Н.И.Минибаева, Ж . Сәдірмекова);
- Мектептен тыс мекемелер мен әлеуметтік тәрбие мекемелері арасындағы өзара ықпалдасудың (П.Д. Георгиева , Г.И. Миячива, С.А. Михайлович, Р.П.Виркус педагогикалық проблемалары олардың кйбір шетелдік тәжірибелері зерттелген бағыт;
- атеистік тәрбие проблемалары (А.И Пак) эстетикалық тәрбие А.С.Каргин , Л.И. Шахова ), экологиялық тәрбие (Ш.Арзымбетова );
- Өз бетінше білім жетілдіру мен әуесқойлық тәрбиесі (Л.Ф.Каразян , В.В. Политова , Л.Г.Садықова)
Сыныптан тыс жұмыстар тарихына қатысты мәселелер Н.И. Қойшыбаева, К.Ж. Қожахметова, И.А. Әділханов., Г.И. Мұханова және т.б. еңбектерінен орын алады.
Қазақстандағы сыныптан тыс тәрбие жұмыстары мәселесін тереңдете қарастыруда және оны қажетті деректермен байытуда Қазақстандағы мәдени ағарту жұмыстары мен мәдени құрылыстарына байланысты белгілі бір жекелеген тарихи кезеңдерге арналған тарихшылардың ( С.Б. Байшиев , Р.Б. Сүлейменова , Х.Бейсенов , М. Абдукадирова, В.Г.Макаров ,Б.А. Амантаева , Е.Ш. Қуандықов , А.Ғ. Ибраева және т.б.) еңбектерінің маңызы зор. Тәрбие теориясы мәселелеріне еңбек жазған Қазақстандық ғалымдардың еңбектері де сыныптан тыс жұмыстары мәселелеріне теориялық – әдіснамалық тұрғыдан зерттеуге (С.А. Ұзақбаева., М. Х. Балтабаев., К.К. Жанпейсова., Л. Керимов., Б.Ы. Мұқанова., Г.К. Нурғалиева т.б.) үлкен септік жасайды. Сондай - ақ сыныптан тыс жағдайды тәрбие түрлерінің әрбір дара саласына жүргізілген Қазақстандық ғалымдардың (А.Ф.Дайкер , А.И.Бабаков , Ш.А.Әділханов , С. Ешимханов , З.У. Кенесарина, К.Ж.Бұзаубақова , М.Р.Көпжасарова ) еңбектерінде де тұжырымдар кездеседі. Біздің зерттеу тақырыбымызға жақын келетін оқушылардың ұлттық тәрбиесін дамытуда көркем шығармаларды (Е.А. Серегина), музыка өнерін (В.Г. Кезин ), халық білімдерін (Н.Ш. Блягоз), халықтың дәстүрлерін (Ю.Ф. Виноградов., Т.Д. Замбалова ) халық педагогикасын (Н.С. Иванова, З.А. Хусаинов., С.Н. Черябкина., Б.Х. Қойбағарова., А.Б. Айтжанова және т.б.) пайдалану мәселелері қарастырылған еңбектер де жоқ емес. Сонымен, оқушыларға ұлттық тәрбие беру бағытында орнатылған ғылыми зерттеулерге жасалған талдау сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселесі зерттеушілердің назарынан тыс қалғандығын дәлелдейді. Бүгінгі таңда оқушылардың ұлттық тәрбиесін сыныптан тыс жұмыстарда дамытудың қажеттілігі мен мектепте, мектептен тыс ұйымдардың ұлттық тәлім тәрбие берудегі қызметінің жан жақты жүзеге асырылмауы және мектепте сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға арналған ғылыми негізделген әдістеменің тапшылығы арасындағы қарама -қайшылық нақты көрініс алып отырғандығы байқалады. Бұл қайшылықтардың шешімін табу зерттеу жұмысымыздың тақырыбын “Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие беру жолдары” деп таңдауға мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет