Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Педагогикалық зертеудің әдіснамасы Педагогиканың әдіснамалық негіздері. Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе


Педагогиканың әдіснамалық негіздері



бет2/3
Дата27.10.2023
өлшемі19.84 Kb.
#481718
1   2   3
РОМА АҒА ЛЕЙТАНАНТ

Педагогиканың әдіснамалық негіздері.

Педагогика ғылымының әдіснамасы – қоғамның даму жағдайында үнемі өзгеріп отыратын педагогикалық шындықты шынайы, дұрыс көрсететін білімді табудың ыңғайы мен тәсілдері туралы қағидалардың, педагогикалық теорияның негіздері және құрылымы, бастапқы қағидалары туралы білімдер жүйесі. Әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім. Бұл нақты философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми әдіснаманың негізін Гегель салған. Әдіснаманы меңгеру арқылы дүниетанымдық көзқарас, ұстаным қолданылды, ол кейін зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғышарттар негізінде жасалады. Кез-келген әдіснама реттеуші, нормалаушы қызметін атқарады. Әдіснамалық білім дескриптивті (бейелеуші) және прескриптивті (нормалаушы) формаларда көрінеді. Дескриптивті әдіснама – ғылыми білімнің құрылымы, ғылыми танымның заңдылықтары жайындағы ілім. Ол зерттеу үрдісінде бағыттаушы ретінде қолданылады. Прескриптивті әдіснама іс-әрекетті реттеуге бағытталған. Әдіснамалық білім құрылымы 4 деңгейден тұрады: 1) Фиолсофиялық деңгейде ғылым танымның жалпы принциптері мен ғылымның ұғымдық аппараты жинақталған. 2) Жалпы ғылымилық деңгей – бірнеше ғылыми пәндерде қолданылатын теориялық тұжырымдамалар. 3) Нақты-ғылымилық деңгейінде арнайы ғылымда қолданылатын зерттеу әдістерінің принциптері мен іс-шаралардың жиынтығы көрсетілген; 4)Технологиялық – зерттеу әдістемесі мен техникасы. Әдіснаманың барлық деңгейлері күрделі жүйені құрайды. Мұнда философиялық деңгей әдіснамалық білімнің мазмұнды негізі ретінде танылады. Педагогикалық зерттеу жұмыстарында әдіснаманың мәдениеттанымдык, аксиологиялық, гуманистік, синергетикалық, акмеологиялық амалдарын басшылықка алу арқылы мәселенің теориялык тұғыры айқындалады. "Мәдениет" ұғымының астарлары. Мәдениет - адамның әрекетінің сапалык жағдайы; Мәдениет - адамның рухани-адамгершілік дамуының маңызды факторы; Адамның өз шығармашылық әлеуетін ашып, өзін-өзі іске қосуы; Мәдениет - қауымның өмір сүру үлгілері (дәстүрлері, салттары, мінез-құлық ерекшеліктері). «Мәдениет» ұғымы латын тілінен аударғанда «жерді өндеу, күту, баптау» дегенді білдірсе, өз кезінде Рим философы Цицерон бұл терминді «жанды жетілдіру» мағынасында қолдана отырып, жан-жүйені өңдеу де жерді өндеу сияқты таза, кұнды өнім береді деген ой қалдырған. Адам қандай еңбекпен айналыспасын үнемі әрекеттің «сыртқы» нәтижелерімен катар «ішкі» нәтижелері де, яғни адамның өзінің өзгеруі, оның қабілеттерінің, білік, дағдыларының дамуы орын алады. Зат, дүние-мүліктер әлемін жасау барысында ол өзінің ішкі мүмкіндіктерін де жетілдіреді. Синергетика немесе өзін-өзі дамыту теориясы педагогика үшін эвристикалық мәні бар өзін-өзі дамытудың әмбебап үлгілерін іздеуге бағытталған күрделі жүйе. Синергетика өзін-өзі ұйымдастыратын үрдістердің жүзеге асуының нақты тәсілдеріне көңіл бөледі, үрдістің интерсубъектілік коммуникативті ұйымдастырылуын тірек етеді. Сондықтаи да оның грек тілінен аудармасы «синергейя» - бірлесіп әрекеттесу, ынтымақтасу дегенді білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет