Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы
(ООН/ЕЭК: Европейская экономическая комиссия ООН)
БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ/ЕЭК) «Экономика-лық және әлеуметтік кеңесі (ЭКОСОС) тарапынан 1947 жылы құрылған. 1951 жылы болса «Еуропалық экономикалық комиссиясы» БҰҰ-ның тұрақты органы статусына иеленді.
Мүше мемлекеттер: АҚШ, Ресей, Франция, Австрия, Әзірбайжан, Албания, Андорра, Армения, Белорусь, Бельгия, Болгария, Босния және Герцоговина, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грекия, Грузия, Дания, Израиль, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Канада, Кипр, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Мальта, Молдава Республикасы, Монако, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Сан-Марино, Словакия, Словения, Тәжікстан, Түркменстан, Туркия, Өзбекстан, Украина, Финляндия, Хорватия, Чехия, Швейция, Швейцария, Эстония, Югославия.
Басты мақсаты:
-
Мүше мемлекеттердің өзара және басқа да елдермен экономикалық қатынастарды күшейтіп дамытуына жәрдемдесу;
-
Тұрақты даму саясатын жүзеге асыруға ықыласты рай туғызу;
-
Үкіметаралық ынтымақтастықты нығайту;
-
Мүше мемлекеттерді экономикалық, техникалық және статистикалық жобаларға қатысты бағдарламамен қамтамасыз ету болып табылады.
Штаб пәтері: Швейцарияның Женева қаласында орналасқан.
БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының құрылымы:
-
Комиссияның тұрақты комитеті.
-
Хатшылық
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия-Тынық мұхит елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы
(ООН/ЭСКАТО: Экономическая и социальная комиссия ООН по Азии и Тихому океану)
Азия және Тынық мұхит елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы «Экономикалық және әлеуметтік кеңесі» (ЭКОСОС) тарапынан 1974 жылы құрылған. 49 мемлекет пен 10 ассоциацияланған елдер мүше болып табылады [13; 7].
Мүше мемлекеттер: АҚШ, Ресей, Франция, Австрия, Әзірбайжан, Армения, Ауғанстан, Бангладеш, Бруней, Бутан, Вануату, Ұлыбритания, Вьетнам, Үндістан, Индонезия, Иран, Қазақстан, Камбоджа, Қырғызстан, ҚХР, Кирибати, Корея Халық Демократиялық Республикасы, Лаос, Малайзия, Мальдивия аралдары, Маршалл аралдары, Монғолия, Мьянма, Науру, Непал, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Пәкістан,Папуа-Жаңа Гвинея, Горея Республикасы, Самоа, Сингапур, Солосон аралдары, Микронезия Құрама Штаттары, Тәжікстан, таиланд, Тонго, Тувалу, Түркменстан, Өзбекстан, Фиджи, Филиппин, Шри-Ланка.
Ассоциацияланған елдер: Солтүстік Маршалл аралдары, Кука аралдары, Франциялық Полинезия, Гуам, Манау, Жаңа Каледония, Ниуэй, палау, Америкалық Самоа.
ЭСКАТО-ның басты мақсаты:
Азия-Тынық мұхит аймағында әлеуметтік прогресс пен экономикалық дамуды жүзеге асыру.
Штаб пәтері Таиланд Бангкок қаласында орналасқан.
Басты органдары:
1.Хатшылық
2. Жоғары басшылық конференциясы [14; 136-140].
Біріккен Ұлттар Ұйымының Батыс Азияға арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы
(ООН/ЭСКЗА: Экономическая и социальная комиссия ООН по Западной Азии)
БҰҰ-ның Батыс Азияға арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы ЭКОСОС тарапынан 1973 жылы «Батыс Азия елдеріне арналған экономикалық комиссиясының» мирасқоры ретінде құрылды.
Комиссияға 13 мемлекет мүше: Бахрейн, Египет, Ирак, Иордания, Палестина, Катар, Кувейт, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Сауд Арабиясы, Сирия Араб Республикасы [15; 663-680].
Басты мақсаты:
-Мүше мемлекеттерге Батыс Азияда экономикалық интеграция мен ынтымақтастықты ұлғайту және дамыту үшін саяси кеңес беру;
-Батыс Азияның дамуын көздейтін аймақтық және халықаралық ұйымдармен қатынастарды күшейту.
Штаб пәтері Иорданияның Амман қаласында орналасқан.
Басты органдары:
-
Хатшылық.
-
Даму мақсатын көздейтін білім және техника, транспорт және байланыс, табиғи байлықтар, демография және ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саларына бағытталған бөлімшелері.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Латын Америкасы мен кариб жағалауындағы елдерге арналған экономикалық комиссиясы
(ООн/ЭКЛАК: Экономическая комиссия ООН по Латинской Америке и Карибскому бассейну)
БҰҰ-ның Латын америкасы мен Кариб жағалауындағы елдерге арналған экономикалық комиссия ЭКОСОС тарапынан 1948 жылы құрылды [16; 478-480].
Мүше мемлекеттер: АҚШ, Франция,Ұлыбритания, Антигуа және Барбуда, Аргентина, Багам аралдары, Барбадос, Белиз, Боливия, Бразилия, Венесуэла, Гаити, Гайана, Гватемала, Гонду-рас, Гренада, Доминика, Диминикан Республикасы, Испания, Италия, Канада, Колумбия, Коста-Рика, Куба, Мексика, Нидерланды, Никарагуа, Панама, Парагвай, Перу, Португалия, Сальвадор, Сент-Винсент және Гренадины, Сент-Кист және Невис, Сент-Люсия, Суринам, Тринидад және Тобаго, Урагвай, Чили, Эквадор, Ямайка.
Ассоциацияланған елдер: Британдық Виржин аралдары, Виржиниялық аралы, Монтсерра, Нидерландық Антиль аралы, Аруба аралы, Пуэрто-Рико.
Басты мақсаты:
-Латын Америкасы мен кариб жағалауындағы елдердің экономикалық дамуын қамтамасыз ету;
-мүше мемлекеттер арасында экономикалық ынтымақтас-тықты нығайту;
-аймақтың дамуына арналған экономикалық және техникалық зерттеулер жүргізу;
-мүше мемлекеттердің ғаламдық деңгейде экономикалық мүддесін қорғау.
Штаб пәтері Чилидің Сантьяго қаласында орналасқан [17; 432].
Басты органдары:
1. Жылына екі рет жиналатын тұрақты комиссиясы.
2.Сан-алуан салада қызмет атқаратын комитеттері
БҰҰ-ның Латын Америкасы мен Кариб жағалауындағы елдерге арналған экономикалық комиссиясы жыл сайын әр түрлі анықтамаларды жарыққа шығаруда.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Африка елдеріне арналған экономикалық комиссиясы
(ООн/ЭКА: Экономическая комиссия ООН по Африке)
БҰҰ-ның Африка елдеріне арналған экономикалық комиссия 1958 жылы құрылды. Қазіргі таңда ұйымға 53 мемлекет мүше.
Мүше мемлекеттер: Алжир, Ангола, Бенин, Ботсвана, Буркина-Фасо, Бурунди, Габон, Гамбия, Гана, Гвинея, Гвинея-Бисау, Джибути, Египет, Заир, Замбия, Зимбаве, Кабо-Верде, Камерун, Кения, Комор аралдары, Конго, Кот-д Ивуар, Лесото, Либерия, Ливия, Маврикий, Мавритания, Мадагаскар, Малави, Мали, Мароко, Мозамбик, Намибия, Нигер, Нигерия, Руанада, Сан-Томе және Принсипи, Свазиленд, Сейшель аралдары, Сенегал, Сомали, Судан, Сьерра-Леоне, Танзания, Того, Тунис, Уганда, Орталық Африка Республикасы, Чад, Экваториалдық Гвинея, Эритра, Эфиопия, Оңтсүтік Африка Республикасы [18; 359-360].
Басты мақсаты:
-
Африка аймағында экономикалық және әлеуметтік дамуды жүзеге асыру;
-
Мүше елдер арасындағы экономикалық қатынастарды нығайту;
-
Экономикалық даму бағытында Африка елдеріне қаржылай көмектесу.
Штаб пәтері Эфиопияның Аддис-Абеба қаласында орналасқан.
Басты органдары:
1.Министрлер конференциясы-ұйымның ең жоғары органы болып табылады. Жылына бір рет Аддис-Абебада өз жиынын өткізеді. Бұл конференцияда жалпы ұйымға қатысты барлық іс-шаралар жан-жақты талқыланып, мүше елдерге ұсыныстық ұйғарым шығарылады.
2.Хатшылық-«Бас хатшы» басқаратын хатшылық ұйымның күндік қызметтерін атқарады. Хатшылық құрамында «Африка әйелдеріне қатысты ғылыми зерттеу институты», «Ұйымның саясаты мен бағдарламаларын үйлестіретін бөлімше», «Техникалық ынтымақтастықты үйлестіруші институт» сияқты органдар өз қызметін атқарып келеді.
3.Бағдарламаларды жасақтайтын және оны жүзеге асыратын көп ұлтты орталықтар: бұл орталықтардың басты мақсаты, Африка аймағындағы елдерді бірікетіретін экономикалық қоғамдастық ұйымын құруға ықыласты рай туғызу болып табылады. Орталықтардың бөлімшелері Яундада (Камерун), Лусакада (Мозамбик), Танжерде (Марокко) және Ниамада (Нигерия) орналасқан [19; 36].
Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы
(ЮНИДО: ООН по промышленному развитию)
ЮНИДО Бас Ассамблея тарапынан 1967 жылы құрылды. 1985 жылдан бері БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі сатусына ие.
166 мемлекет мүше болған.
Басты мақсаты:
-
Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде өнеркәсіптік даму бағытындағы саясатты үйлестіру;
-
Ұлттық, аймақтық және ғаламдық деңгейде өнеркәсіптік даму мен ынтымақтастық салаларында мүше мемлекеттер арасында қатынастарды нығайту [20; 192-205].
Штаб пәтері Австрияның Вена қаласында орналасқан.
Басты органдары:
-
Жоғары басшылар конференциясы.
-
Өнеркәсіптік даму кеңесі.
-
Хатшылық және Бас директоры.
-
Жергілікті жерлердегі ЮНИДО бөлімшелері.
-
Бюджеттік және жоспарлау комитеті.
-
Техникалық комитеті.
Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы
(ФАО: Продовольственная и сельскохозяйственная Организация Объединенных Наций)
ФАО 16 қазан 1945 жылы құрылып, Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі статусына ие.
Мүше елдер: Еуропалық Одаққа ЮНИДО-ға мүше елдердің барлығы, бұған қоса Біріккен Араб Әмірліктері, Соломон аралдары және Оңтүстік Африка Республикасы да ұйымға мүше болып табылады. Ал Пуэрто-Рико ассоциацияланған ел ретінде ұйымда тіркелген [21; 97].
ФАО-ның басты мақсаты:
-
Дүниежүзіндегі ашаршылықты жою;
-
Халықтың тұрмысы мен азық-түліктің сапасын жақсарту;
-
Ауыл тұрғындарының өмір деңгейін көтермелеу;
-
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын күшейту.
Штаб пәтері Италияның Рим қаласында орналасқан [22; 97].
Басты органдары:
-
Бас конференция.
-
ФАО кеңесі және оның комитеттері
-
Бас директор мен хатшылық
-
Аймақтық бөлімшелері мен байланыс бюросы.
ФАО-ның жарнасы мүше мемлекеттердің қайырымдылық қаржысын, Біріккен Ұлттар Ұйымы даму бағдарламасының (ПРООН) бөлген қаражатын және «Дүниежүзілік банктің» қаржылық көмегімен қамтамасыз етілуде.
Демографиялық мәселелерді шешудегі БҰҰ-ның ролі. Демографиялық мәселелерді шешу мақсатында БҰҰ «Халықты қоныстандыру тұрғысында іс- қимылдың бүкіл дүниежүзілік жоспарын» қабылдады, оны жүзеге асыруға географтар мен демографтар да қатысады. Сонымен бірге прогресшіл күштер отбасын жоспарлау бағдарламалары халықтың өсуін жақсартуға ықпал етуі мүмкіндігі тұрғысынан қарайды. Бірақ бір ғана демографялық саясат жеткіліксіз, Ол адамдардың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту мен жалғасын табу тиіс [23; 13-15].
Дүниежүзілік мұхитты қорғаудағы БҰҰ-ның ролі. Бүкіл өндірістік және ғылыми іс-әрекет нәижесінде Дүниежүзілік мұхит шегі мен теңіз-құрылық түйісуі аймағында әлемдік шаруашылықтың ерекше құрамды бөлігі-теңіз шаруашылығы пайда болды. Оған өндіруші және қайта өндеуші өнеркәсіп, балық аулау, көлік, сауда, рекреация мен туризм енеді. Тұтас алғанда, теңіз шаруашылығымен кем дегенде 100 млн адам айналысады.
Бірақ мұнай іс-әрекет сонымен бірге Дүниежүзілік мұхиттың ауқымды мәселесін туғызып отыр. Оның мәні Мұхит ресурстарының біркелкі игерілмеуінде, теңіз айналасы ластануының көлемі ұлғаюында, оны әскери белсенділік аренасы ретінде паййдалануда жатыр. Міне, сондықтан да теңіз құқығы бойынша 1982 ж қабылданған «Теңіздер Хартиясы» аталатын БҰҰ Конвенциясының өте зор маңызы бар. Ол жағалаудан бастап 200 теңіз мильдік экономикалық аймақ белгіледі, жағалаулық мемлекеттер де соның шегінде биологиялық және минералдық ресурстарын пайдалануда егеменді құқықтарын жүзеге асыра алады. Дүниежүзілік мұхитты пайдалану проблемасын шешудің негзгі жолы-барлық әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін біріктіруге негізделген мұхит табиғатын тиімді пайдалану, оның байлықтарын кешенді пайдалану болмақ [24; 663-680].
Кедейшілікке қарсы күрестегі БҰҰ-ның ролі. Көптеген дамушы елдердің кедейшілік жағдайы аса ірі жалпы адамзатық, жалпы дүниежүзілік мәселеге айналды. Сонау 1974 ж. БҰҰ 1984ж. бастап дүние жүзінде бірде бір адам аш қалпында ұйқыға жатпауын ескерген бағдарлама қабылдады.
Міне, сол себепті дамушы елдердің артта қалушылығын жеңіп шығу әлі де өте- мөте өзекті міндет болып отыр.Оны шешудің басты жолдары тұрмыс пен қызметтің барлық саласында түбегейлі әлеуметтік- экономикалық қайта жаңғыртулар жүргі-зуде,ғылыми- техникалық прогрессті халықаралық ынтымақты дамытуда, қарусыздандыру болмақ.
Тұрақты даму термині БҰҰ құжаттарында 80ж ортасында пай да болды. БҰҰ-ның Рио-де-Жанейрлда өткен қоршаған орта және дамыту жөніндегі конфе-ренциясынан (1992ж) кейін мемлекеттік және ғылыми ортаның пайдалануына кеңінен енді.Ресейді қоса алғанда, көптеген елдер қоғамды тұрақты дамуға бағдарлайтын Заңдар қабылдады.
Тарау ІІ. БҰҰ-ның басқа саяси ұйымдармен байланысы.
2.1. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) және НАТО байланысы
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) байланысы. Хельсинкиде өткен кеңестен кейінгі өткен жылдар бәсеңдіктің ары қарайғы дамуымен сипатталады. Қорытынды акт қағидаларын жүзеге асыру үдерісінде мәдениет, білім беру, ақпарат саласындағы әр түрлі елдердің және адамдардың арасындағы байланыстар ұлғайып, тереңдей түсті. Азаматтардың жеке істері бойынша сыртқа шығу, сырттан келу мәселелері жеңілдетілді. Отбасылардың қайта қосылуы, аралас неке, сондай-ақ шетелдегі туыстарына бару туралы бірқатар мәселелер шешілді. Белградтағы (1978ж) және Мадридтегі (1980ж) кездесулер Еуропа елдерінің қауіпсіздігі мен ынтымақтастығын жүзеге асыру үшін тұрақты ұйымның қажеттігін бұрынғыдан бетер нығайта түсті. 1990 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Парижде өткен кеңес Еуропа елдерінің қауіпсізідігі мен ынтымақтастығын үйлестіру жөніндегі тұрақты ұйымға айналуы негізге алынған жаңа Еуропаның хартиясы жарияланды. Қазір ол «Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы» деп аталады. ЕҚЫҰ БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесін алды. Оның құрамында 53 мемлекет бар, соның ішінде Қазақстан, Түркменстан, Қырғыстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты азиялық елдер мен бұрынғы КСРО –ның басқа республикалары [25; 136-140].
Ғаламдық үкіметаралық ұйым дегеніміз, дүниежүзіндегі мемлекеттер-дің басым көпшілігін біріктіретін халықаралық бірлестік болып табылады. Бұндай ұйымдар өз алдына ғаламдық мақсаттар қояды. Қазіргі таңда осындай ұйымдардың ішінде ең беделдісі-Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ). БҰҰ-да қабылданған шешімдер ғаламдық деңгейде барлық мемлекеттерді қамтиды.
Аймақтық үкіметаралық ұйым болса, белгілі бір географиялық аймақ шеңберінде орналасқан немесе белгілі бір критерийлерге сай келетін мемлекеттерді ғана біріктіретін халықаралық бірлестік. Бұл категорияға мысал ретінде «Африка бірлігі ұйымын» (АБҰ) т.б. жатқызуға болады. АБҰ-на тек қана Африка аймағында орналасқан елдер мүше бола алады. Африка құрылығынан тысқары орналасқан елдер болса бақылаушы мәртебесінде ұйым жиындарына қатысады.
Алайда, 1991 жылы биполярлық (екі полюсті) жүйенің күйреуінен кейін «Еуропа қаіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы» (ЕҚЫҰ) мен «Солтүстік Атлант келісім шарты ұйымы (НАТО) сияқты бірлестіктер аймақтықтан ғаламдыққа айналды. 1991 жылына дейін екі ұйым да коммунистік идеологияға (КСРО) және «Варшава пактіне» қарсы бағытталған еді. Варшава пакті мен КСРО-ның ыдырауына байланысты ЕҚЫҰ және НАТО дүниежүзіндегі мемлекеттердің өзара ынтымақтастығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз ету бағытында ғаламдық үкіметаралық бірлестік ретінде қайта құрылды. Қазіргі таңда бұл ұйымдардың ғаламдық бағыт ұстануында дүниежүзіндегі мемлекеттердің бір-біріне саяси, экономикалық тәуелділігі маңызды рөл атқарғандығын ескерген жөн.
НАТО және БҰҰ. Солтүстік Атлант келісім шарты ұйымы (НАТО) КСРО-ның Батысқа бағытталуы мүмкін шабуылынан қорғану және АҚШ-тың Батыс Еуропаға саяси ықпалын жоғалтпау мақсатында «Вашингтон келісім шартына» сәйкес 1949 жылы құрылды.
Мүше мемлекеттер: АҚШ, Бельгия, Германия, Дания, Италия, Исландия, Испания, Франция, Канада, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Ұлыбритания, Туркия, Грекия, Португалия. 1999 жылы Чехия, Польша және Венгрия НАТО-ға толыққанды мүше ретінде қабылданды.
НАТО-ның басты мақсаты:
-
Ұйымға мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, қауіп-сіздігі мен шекара тұтастығын, өзін-өзі қорғау деңгейін күшейту үшін керекті барлық жағдайларды жасау;
-
Еуро-Атлантикадағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтап, диалог және ынтымақтастық арқылы дүниежү-зіндегі мемлекеттер арасында бейбіртішілік қатынастар орнатуға көмектесу.
НАТО-ның штаб пәтері Брюссельде (Бельгия), ал әскери академиясы Римде (Италия) орналасқан.
НАТО-ның құрылымы:
1.Солтүстік атлант кеңесі: бұл кеңес НАТО-ның ең жоғары саяси және әскери органы болып есептелінеді. Солтүстік атлант кеңесі жылына екі рет мемлекет, үкімет немесе сыртқы істер министрлері деңгейінде жиындар өткізеді. Бқл жиындарда НАТО-мен байланысты халықаралық деңгейдегі актуальды саяси мәселелер қарастырылып, ұйымның құрамындағы сан алуан саламен айналысатын комитеттердің берген ұсыныстары талқыланды. Кеңесте қабылданған шешімдердің бір нұсқасы мүше елдердің сыртқы істер министрліктеріне жіберіледі.
2.Қорғаныстық жобалар комитеті: Исландия, испания және Франциядан тыс НАТО-ға мүше елдердің барлығы комитеттің жиындарына қатысады. Жылына екі рет мүше елдердің қорғаныс министрлері деңгейінде жиналып, НАТО шеңберінде жүргізілетін әскери операцияларға қатысты шешімдер қабылданады.исландия, Испания НАТО-ның әскери құрамына мүше емес, ал Франция мемлекеті 1966 жылы НАТО-ның әскери құрылымынан шығуды жөн көрді.
3. Ядролық жобалармен айналысатын топ: мүше елдердің қорғаныс министрлері деңгейінде жиындар өткізеді. Бұл жиындарда НАТО-ның қорғаныс және ядролық қару жараққа байланысты саяси ұстанымы қарастырылады.
4.НАТО-ның құрамындағы сан-алуан саламен айна-лысатын комиеттері:
-
Саяси комиеті;
-
Қорғаныс мәселелерімен айналысатын комитеті;
-
Азаматтық және әскери бюджеттік комитеті;
-
Қауіпсіздік комитеті;
-
Әуе навигациясының қауіпсіздігіне бағытталған комитеті;
-
Инфрақұрылым комитеті;
-
Қарулы күштер комитеті;
-
Азаматтық қорғаныс жобаларына қатысты комитеті;
-
Білім, ғылым және мәдениет салаларымен айналысатын комитеті.
5.Бас хатшы: НАТО-ның құрамындағы комитеттерді үйлестіріп, жиындарда қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалайды. Бас хатшы «Солтүстік атлант кеңесі» мен «Қорғаныстық жобалар комитетінің» т.б. төрағасы болып табылады. Бұған қоса Бас хатшы жиындарда мүше мемлекеттердің талқылайтын саяси, әскери т.б. мәселелерін белгілейді.
6. Әскери комитеті: НАТО-ның ең жоғары әскери истанциясы болып есептелінеді. Әскери комитет тікелей «Солтүстік атлант кеңесі», «Қорғаныстық жобалар комитеті» мен «Ядролық жобалармен айналысатын топқа» өз қызметі туралы мәлімет беріп тұрады. Комитет жылына екі рет мүше елдердің әскери штаб басшылары деңгейінде жиындар өткізеді. Әскери комитеті төраға және оның орынбасары басқарады. Әскери комитет негізінде НАТО елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты «Солтүстік атлант кеңесіне» ұсыныстар жасайды. Бұған қоса әскери комитет НАТО құрамындағы басқа да әскери органдардың жоғары қолбасшысы болып табылады.
7. Халықаралық әскери штабы: негізгі міндеті әскери комитетке ұсыныстар жасау болып табылады. Әскери штабқа директор басшылық жасап, әскери комитеттің қабылдаған шешімдерін іс-жүзінде орындайды.
КСРО-ға қарсы бағыт ұстанған НАТО ұйымы биполярлық жүйенің күйреуінен кейін жаңа мақсат белгілеп қайта жанданады. Осыған орай НАТО жаңа мақсаты мен стратегиясын бейнелейтін декларациялар қабылдады:
-Лондон декларациясы (1990 ж);
-Рим декларациясы (1991 ж);
-Альянстың жаңа стратегиялық концепциясы (1991 ж);
-НАТО-ның «Бейбітшілік үшін әріптестік» атты жобасы (1994ж) /18/.
Аталмыш декларациялардың ішінен «Альянстың жаңа стратегиялық концепциясы» мен «Рим декларациясы» маңызды ролге ие. Жаңа стратегиялық концепциясында НАТО биполярлық жүйенің күйреуінен кейін, дүниежүзіндегі мемлекеттер арасында бейбітшілікті қамтамасыз ету, ғаламдық деңгейде саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында қызметін одан әрі жалғастыратындығын бейнелеген. Бұл мақсатқа жету үшін НАТо басшылары басқа да елдермен қатынастарын «Диалог», «Ынтымақтастық», «Ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» принциптеріне сай орнататындығын мәлімдеді. Ал Рим декларациясында болса, НАТО ең алдымен ЕҚЫҰ, еуропалық одақ, Еуропа кеңесі және БҰҰ сияқты әлемде беделді ұйымдармен ынтымақтастыққа іс атқаратын-дығын бекітті. Бұған қоса НАТО 1991 жылы дүниежүзінде қалыптасқан жаңа геосаяси ахуалға сай НАТО мүшелері мен ескі «варшава пактіне» мүше мемлекеттер арасында «Солтүстік Атлант ынтымақтастық кеңесін» құрған. Ал бұл кеңестің кеңейтілген түрі 1994 жылы «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарлама болып табылады. Бұл бағдарламаға Ресей, Австралия, Қазақстан, Әзірбайжан, Албания, Армения, Болгария, Венгрия, Грузия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Македония, Молдова, Польша, Румыния, Словакия, Словения, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Финляндия, Чехия, Швейцария, Швейция, Эстония мемлекеттері қосылған. Бұл бағдарлама мына мақсаттарды ұстанады:
-
Бағдарламаға мүше елдермен НАТО арасындағы әскери ынтымақтастықты дамыту;
-
Бағдарлама шеңберіндегі елдерге әскери жабдықтарды заманға сайй технологиямен жабдықтауға көмектесу;
-
ЕҚЫҰ және БҰҰ шеңберінде ұйымдастырылған әскери операцияларға күштерге демократиялық бақылау орнату болып табылады.
1997 жылы болса Еуро-Атлантикалық ынтымақтастық кеңесі құрылды. Бұл кеңес «Бейбітшілік үшін әріптестік» тұрғыдан кеңейтілген түрі. Кеңестің ең басты мақсаты:
-саясат және қауіпсіздік мәселелеріне мүше елдер арасында кеңес пен пікір алмасуға ықыласты рай туғызу болып табылады.
Бұған қоса НАТО-ның биполярлық жүйенің күйреуінен кейін жаңа стратегиялық концепциясына сай «Еуразия аймағына» қарай кеңеюі саясатын ұстанады. «Еуразия аймағы» халықаралық саясатта маңызды ролге ие. Алып мемлекеттер бұл аймақта өз ықпалын кеңейтпек. Себебі, көптеген геосаяси теоретиктердің де (Р.Челлен, А.Мэхен, Г.Макиндер, Дж. Фейргриф, К.Хаусховер, Н. Спайкмен, Г.Уайжерт т.б.) тұжырымдамала-рын ескеретін болсақ, «Еуразия аймағында» ықпалын кеңйеткен мемлекеттің дүниежүзіне өз үстемдігін орнататындығы мәлім. Осыған қатысты АҚШ-тың танымал геосаясатшысы Збигнев Бжезинский «Ұлы шахмат тақтасы» атты еңбегінде АҚШ-тың Еуразия аймағына қатысты геостратегиялық тұжырымдамасын жасады. Збигнев Бжезинский өз тұжырымдамасында АҚШ басшыларына «Еура-зия аймағына» ірі мемлекеттердің мүдделерінің үйлестіруін және АҚШ-тың аймақтағы үстемдігін сақтап қалуын ұсынды. Осыған орай АҚШ-тың ықпалы басым НАТО ұйымы «еуразия аймағына» қатысты беделді мемлекет ретінде есептелінетін Ресеймен ынтымақтастықты тереңдетуді көздеді. 1997 жылы Ресей-НАТО өзара тұрақты кеңесі құрылды. Ресей-НАТО өзара тұрақты кеңестің басты мақсаты:
-НАТО мен Ресей арасында қауіпсіздік, ынтымақтастық және т.б. көптеген салалар бойынша қатынастарды нығайту болып табылады.
1991 жылы Варшава Шарты Ұйымының таратылуы, КСРО-ның ыдырауы АҚШ-тың көшбасшылық ролін күшейтіп, еуропалық істерге НАТО ықпалының өсу факторларын қалыптастырды. КСРО-ның күйреуі және Варшава Шарты Ұйымының таратылуы-Еуропадағы стратегиялық геосаяси тепе-теңдікті күрт бұзды. НАТО блогы өзінің әскери техникасын сақтай отырып, үстемдік ұстанымын алды. НАТО ықпалының өсуі Варшава блогының бұрынғы мүшелерінің НАТО- ға мүшелікке кіру кезекте тұрған факторлармен белгіленеді. 1997 жылы НАТО- ның мүшелері : Польша, Чехия, және Венгрия болды. Ал 2001 жылы НАТО қатарына – Румыния, Болгария, Словакия, Словения, Латвия, Литвия, және Эстония кірді.
Дүние жүзіндегі аймақтық- экономикалық ықпалдастықтар. Ықпалдастық (лат.)- қалпына келтіру , толтыру, қандайда бір , бөліктерді, элементтерді тұтас біріктіру деген мағананы білдіреді.( Экономикалық мағына) деп, ықпалдастық екі немесе оданды көп мемлекеттердің ұлттық шарашылықтарын өзара икемдеу және біріктірудің экономикалық үрдісін айтады. Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде , батыс еуропалық елдердің ұстанымдардың әлсіреуі, сондай-ақ отарлық жүйенің құлауы олардың күштерінің әскери- саяси және экономикалық бірігуіне қозғау салды. Экономикалық факторлар, батыс еуропалық монополиялардың мүдделері, сонымен қатар АҚШ-тың социалистік лагерьмен бәсекелестігі, Еуропаның біріктіруші күштерінің маңызды сәтін құрады /19/.
Достарыңызбен бөлісу: |