Жоспар Кіріспе



бет1/5
Дата12.07.2016
өлшемі0.61 Mb.
#195574
  1   2   3   4   5
Жоспар
Кіріспе.

1 Тарау Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б

1.1 Салықтардың қалыптасуы мен дамуы 13-20б

1.2 Қазақстан Республикасындағы салықтардың әлеуметтік мәні 21-32б

2 Тарау Қазақстан Республикасының әлеуметтік қатынастарға әсер ету тұрғысындағы салық жүйесі 33-42б

2.1Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қызмет ету механизмі 43-57б

2.2 Салықтардың мемлекеттің әлеуметтік дамуындағы рөлі 58-67б

3 Тарау Әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы құрал ретіндегі салық салуды жетілдіру жолдары 68-76б

Қорытынды


Кіріспе.

Ұйымдық-қүқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүреді. Мемлекет салық саясатын- салық саласындағы шаралар жүйесін – қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірлеген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі-ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрлысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарлды төлеу- әрбір адамзаттың қасиетті борышы деген еді.

*Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,- деп жазылған.

Салық қызметінің міндеттері келесілерден тұрады:

1) Салық қызметінің ұйымдарына салықтарды және бюджетке басқа міндетті төлемдердің түсімінің толықтығын қамтамасыз ету, міндетті зейнетақылық төлемдерді уақытылы және толық аудару, сонымен қатар салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауда салықтық бақылау жүргізу бойынша міндеттер қойылады.

2) Салық қызметінің ұйымдары өкілетті мемлекеттік ұйымнан және салық ұйымдарынан құралады.

3) Салық ұйымдарына аймақтық салық комитеттері, облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша салық комитеттері, аудан аралық салық комитеттері жатады.

4) Салық органдары тікелей сәйкес жоғары тұрған салық қызметі органына бағынады және жергілікті ұйымдарға жатқызымайды.

5) Өкілетті мемлекеттік ұйым салық ұйымдарына басшылық жасайды.

6) Салық ұйымдарының басшылары өкілетті мемлекеттік ұйымның бірінші басшысымен тағайындалады.

Салық жүйесінің мазмұнын айқындау үшін салық жүйелерінің қалыптасу мәселелерін қарастырудың әртүрлі тәсілдерін салыстыру қажет. Көптеген авторлар салық салудың функционалды құрамын салық жүйелерінің концептуалды модельдерінде ашады. Салық жүйелерінің концептуалды модельдерінің маңызды сипаттамалар салық салудың мәселелерін шешудегі үш әртүрлі бағыттарын бөлуге мүмкіндік беріп отыр. Нарық экономикасына мемлекеттік араласуына қатынасын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық процесстерін реттеу критериясына сәйкес бірігей тәсіл ретінде неоклассикалық бағыттағы өкілдері ұсынатын салық жүйесін құрудағы нарықтық өзін-өзі реттеу принциптерін біріктіруге болады. Екінші тәсіл нарық экономикасының қызмет етуінің негізгі параметрлерін мемлекеттік реттеу приоритетіне негізделеді. Дәстүрлі тәсілдерінің негізгі кемшілігі мемлекеттің рөлін біржақты талдауына бағытталуы болып табылады. Жиырмасыншы жүзжылдығының 90-жылдарының басынан бастап экономикалық және әкімшілік ықпал ету механизмінің бірігуіне негізделген тұрақты дамуының теориясы дами бастады. Мұндай ұтымды өзарақатынасын іздеуі салықтық аясын реттеудің жетілдірудің негізгі міндеттерінінің бірі болып табылады. Бұл міндет техникалық және ұйымдастыру жағынан да өте күрделі болып келеді, себебі бір жағынан, әлеуметтік және экономикалық бағдармалар мен жобаларды мемлекеттік қаржыландыру мен инвестициялауды ұлғайтудың объективті қажеттілігі бар, ал екінші жағынан- табыстарының көздерінің шектеулігі орын табады.

Салық салудың мәселелерін шешудегі дамуының бағыттарын бөлу критериясына сәйкес салық жүйелерінің функционалдық көлемділігін анықтауына маңызды мән берілген. Тауар-ақша қатынастарының дамыған сайын салық жүйесінің функцияларының құрылымы мен олардың өзара қатынасы өзгерді. Неоклассикалық өкілдерінің көзқарастарының негізінде салықтардың роліне мемлекеттік бюджеттің табыс көзі ретіндегі мәні жатады. Яғни мемлекеттік қазынаның қажеттіліктерін қанағаттандыру немесе фискалдық функцияның орындалуы қарастырылады. Ал неокейнсиандық бағытының өкілдерімемлекеттік реттеудің макроэкономикалық бағытын негіздеді және ұдайы өндіріс процессінде салықтардың рөлі мен функциялары туралы ойларды дамытты.

* 7.Қазақстан РеспубликасыныңКонститутциясы (35 бап) ақпаратының негізінде

1. Салықтардың әлеуметтік - экономикалық мәні мен мазмұны

Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, әлеуметтік-экономикалық мәні, мазмұны, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасьшың жариялылығы қағидаттары негізделеді.

Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндентті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады. Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.

Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік- құкықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.

Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық кажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осысымен салықтардың мемлекет, сондай - ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жариялардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады; бұған әлеуметтік сақтандыруға аударылатын қатаң мақсатты аударымдар, соның ішінде бюджеттен тыс қорларға төленетін жарналар мен аударымдар жатады, олар белгілі бір, ұзақ мерзімді көлемде өнімнің, жұмыстың және қызметтер көрсетудің өзіндік құнынан, табыстан, еңбекке ақы төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздерден есептелінеді. Салықтардың әлеуметтік- экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларында толық ашыла түседі.

Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан каржыға қатысты салықтардың функцияларын каржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн.

Қазіргі кезде салықтар фискальдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.



Фискалдық функция - барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің

кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болды. Қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ол ұлттық шаруашылықтың дамуына ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің кұрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.

Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ішкі өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілуі дәрижесін көрсетеді: бұл үлес 2002 жылы- 9,7%, ал 2003 жылы- 16,6%, 2004 жылы- 17,4%, 2005 жылы- 22,6%, 2006 жылы- 22,2% болды.

Мемлекет салық саясатын- салық саласындағы шаралар жүйесін – қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірлеген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.

Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайындағы салық саясатының негізгі бағыты тұтынудың орталықтандырылған қоғамдық қорлары аркылы халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін қалыптастырудың өзін ақтамаған қағидатынан бас тарту болып табылады. Бұл еңбек белсенділігінің күшеюіндегі экономикалық ынталылықтың уәждемелік механизмі аркылы халықтың еңбекке жарамды бөлігінің табыстарын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік жасайды.Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің неғұрлым тиімді және берік әлеуметтік қорғалуы қамтамасыз тіледі.

Салық жүйесінің мәні мен рөлі, оның принциптері арқылы айқындалады. Қазіргі елдердің барлығының дерлік салық жүйесінің негізі, салык салу теориясының классигі - Адам Смиттің еңбектеріне сүйенеді. А. Смиттің пікірі бойынша, «салық - бүл жүктеме, сондықтан да мемлекет заң түрінде оның мөлшерін және төлеу тәртібін мұқият қарастыруы қажет. Мемлекеттің салықты жинау құны, мемлекеттің өмір сүру қажеттілігінен және оның жалпы қоғам мен жеке түлғалардың мүддесін қорғауынан келіп шығады».

Арада біраз уақыт өткеннен соң, бүл тізім салықтардың жеткілігімен және әрекеттілігімен (салыктар мемлекеттің мүмкіншілігі мен объективті қажеттілігіне сәйкес қысқартылуы немесе ұлғайтылуы мүмкін), салық салу объектісі мен салым көзін таңдауымен, салымның бір реттілігімен толықтырылды.

Аталып өткен салық салу принциптері, Қазақстанның рыноктық құрылымдарына бейімделу кезіндегі жаңа салық жүйесін қальштастыру кезінде де ескерілген. Әсіресе бүл талаптарға 2004 жылдың 20-шы маусымында қабылданып, күшіне 01.01.2005 жылдан бастап енген «Салык және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының салық Кодексі де сәйкес келді.

Жаңа салық Кодексі салықты басқаруы мен өндіріп алуы бойынша, заңдылық актілер мәліметінің түжырымдамалық негіздері арқасында, жалпы әдістемелерге біріктіріліп сәйкестендірілді. Содан соң заңға біртіндеп, салық қүрылымдары мен салық салу механизмін түзететін өзгерістер мен толықтырулар енгізіле бастады.

А.Смитпен қалыптасқан жалпы және әмбебап сипаттағы принциптері Д.Рикардомен, А.,Вагнермен, Н.Тургеневпен, П.Самуэльсонмен, В.Твердохлебовпен, Т.Юткинмен дәлелденіп, толықтырылған. А.Венғермен төрт топқа біріктірілген, тоғыз принципі қарастырылған. Ол принциптердің негізіне классикалық қондырғылар мен бюджетті-шаруашылық бағыттары (ерекшеліктері, мүмкіншіліктері) негіз болған. Оларға мыналар жатады:

I топқа - салық салу принциптерін үйымдастыру;

II топқа - шаруашылық принциптері;

III топқа - этикалық принциптері;

IV топқа - техникалық-басқару принциптері.

А.Венгер осылайша салық салу принциптерін жіктеген болса, ал Т. Юткин «салык салу жүйелеріне арналған принциптік қондырғылардың жалпы кешенін екі жүйешІкке бөлді». Олар: Салық салуды жүзеге асыратын жалпы үлттық принциптері; ішкі үлттық принциптері .

Дамыған батыс елдерінің ішіндегі Германияның салық салу жүйесі мынадай негізгі принциптерге сүйенген:

- салықтардың мүмкіншілігінше минималды болуы;

- минималды немесе, дәлірек айтатын болсақ, оларды өндіріп алу шығындарының да минималды болуы;

- салықтардың бәсекеге кедергі жасамауы, біреуді мүмкіншілігінен айырмауы;

- салықтардың қүрылымдық саясатқа сәйкес болуы;

- бұл жүйенің қүрылымында жеке адам өмірі ескерілуі кажет. Салық салу барысында адам мемлекетке, өзінің жеке өмірін минималды түрде ашуы керек. Салық қызметкері салық төлеуші жайлы мәліметтерді ешкімге тарқатуға қүқы жоқ. Коммерциялық қүпияның сақталуына кепілдік беру .

Салық жүйесінің принциптерін осылайша жіктей отырып, салық салудың мынадай жиынтық ережелеріне тоқталуға болады:

1. Классикалық принциптері, оларға: әділеттілік, теңдік, ыңғайлылық және айқындык;

2. Экономикалық-үйымдастырушылық принциптері, оларға:

- түрақтылық, салык заңының кері әсер етуне жол бермеуі;

- әмбебап салық салуға, яғни классикалық ережелерге үмтылуы;

- табысты қайта бөлуге таза салық формаларын енгізу;

- салықты бір рет алуы;

- салық салу объектілерінің, ставкаларының бейтараптылығын, тазалығын сақтау;

- салық қүқығындағы барлық шаруашылық субъектілері үшін салык ауыртпалығының бірдейлігі;

3. Құқықтық - ұйымдастыру принциптері – салық жүйесінің бір тұтастығы.

Салық жүйесін калыптастырудың және оны сын көзбен саралау жағынан В. Твердохлебовтың еңбегіне көңіл аударуға болады. Оның ойынша: «салық салу принципінің ең маңыздысы болып - өндіргіш күштерді дамыту саналады». Өндіргіш күштерді дамыту - таза үлттық өнім көлемін өсірумен бейнеленеді. Осыған байланысты В. Твердохлебовтың ойын түйіндейтін болсақ, салық таза үлттық өнімнің абсалюттік немесе салыстырмалы өсуіне әсерін тигізуі керек, ал олай болмаған жағдайда, кері ықпалын тигізбеуі қажет .

Қоғамның мақсаты - ұлттық өнімді арттыру болғандықтан, бүл принципті жалпы алғанда, ешқандай қарсылығы жоқ сияқты, ал шын мәнісінде түптеп қарастыратын болсақ, салық өндіріс күшін арттыруға ықпалын тигізе алады, яғни халық шаруашылығының бір бөлігін үнемі алып отырады. Әрине, егерде мемлекеттің өзі көрсететін қызметтерінің бәрі тегін болса, онда ол шаруашылық үшін керемет жеңілдік болар еді. Бірақ та мемлекеттің қарулы күштерді, басқару аппараттарын ұстап түратынын естен шығармау қажет. Сондықтан да, өндіріс күшін дамыту үшін, мемлекет өзіне тиісті соманы алу шығынын азайтуға тырысуы керек. Демек, неғүрлым аз шығын жүмсауға болатын салық жүйесі, жалпы шаруашылықты дамытудың әрі тиімді, әрі оңтайлысы болып табылады.

Қабылданған салық салу жүйесін қолдану үшін және оның объективтілігін арттыру үшін заңдылық принциптердің атқаратын рөлі зор. Олар уәкілетсіз органдардьң жаңа салықтарды енгізуіне, салық ставкаларын көтеруіне, яғни жалпы салықтардың заңсыздық шараларына жол бермейді.

Салық салу жүйесінің негізгі принциптерін калыптастырудың теориялық көзқарасын қорытындылайтын болсақ, салық жүйесінің жалпы бағыттары мен талаптарына жауап беретін, жалпы ғылыми принциптер мен логикалық өзара байланысты және салық салынатын объектінің дағдарыссыз дамуын қамтамасыз ететін түрақты даму теориясьшың принциптері мен өзіндік салық салу принциптеріне сүйенген жөн.

Жоғарыда аталып өткендей, республикамыздың экономикалық даму ерекшелігін көрсететін, салық жүйесі мен принциптерінің түрғызылу тәртібіне және жалпы ғылыми принциптерінің талаптарьша сәйкестендірілген ұлттық салық жүйесі - рыноктық қатынастарды дамытуға итермелейді.

Мемлекеттің экономикаға араласу дәрежесі қоғам дамуының әрбір кезеңіндегі шешілетін нақты мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Бүл реттеудің қай түрін болмасын, экономикалық қатынастарды салық саясатының көмегімен бөлу және қайта бөлу қүрайды. Осы арқылы мемлекет экономика дамуының циклдік ауытқуларын жеңілдетеді, инфляцияға қарсы күрес жүргізеді, өндірістік және әлеуметтік инфрақүрылымды дамытады және әлеуметтік қақтығыстарды жеңілдетеді. Мемлекет салық саясатын жүргізу барысында рентабелділік, қоғамдық көзқарас пен қажеттілік сияқты критерилерге өктемдік жасайды.

Салықтың экономикалық мазмүны олардың негізгі функцияларымен сипатталады. Салықтың ең негізгі функциясы болып - фискалдық саналады. Бүл функция салықтардың табиғатымен бірге пайда болған, яғни мемлекеттің қалтасын (бюджетті) толтыру үшін, кәсіпорындар мен азаматтардың ақшалай табысының бір бөлігін эквивалентсіз, мәжбүрлеп алу негізінде толтыру. Салықтың осы функциясының арқасында мемлекеттің ақшалай коры пайда болады және мемлекет өмір сүруі мен ары карай қызметін атқаруы үшін материалдық жағдайлар жасайды. Фискалдық функция мемлекеттің экономиканы реттеудегі рөлін арттыру үшін, объективті алғышарттарын қүрастырады. Ал бүл өз кезегінде, салықтың экономикалық функциясына сәйкестендіріледі.

XX ғасырдың бірінші жартысында дүниежүзілік қаржы ғылымында экономикалық саясаттың ең қуатты құралы ретінде, салық салудын реттеу функциясын пайдалану қажеттілігі пайда болды. Бүл көзқарастар А.И.Буковецк, П.П.Гензел, И.М.Кулишер, В.Н.Твердохлебовтың «шетел мемлекеттерінің салығы» (1926) атты монографиясында, П.В.Микеладзенің «Шетел мемлекеттеріндегі салық салу жүктемесі» (1928) атты кітабында, К.Ф.Шмелевтың «Салық салудың жүктемелік мәселелері» (1928), А.А.Тривустың «Салық - экономикалық саясаттың қүралы ретінде» (1925), В.В.Дитманның «Салықты аудару» (1930) атты еңбектерінде толық сипатталған.

Автордың пікірінше, салық функциясы - бүл оның қасиеттерін көрсететін тәсілі, яғни осы экономикалық категорияның қоғамдық міндеттемесін қалай жүзеге асыратынын бейнелейтін, салык мәнінің көрінісі. Барлық салык функцияларының мақсаты бір - ол, мемлекеттің салық жүйесінің және олардың бюджет саясатының тиімділігін анықтауы.

Салықтың реттеуші функциясы, олардың үдайы өндіріс процесінің серпініне және көлеміне ықпал етуімен ерекшелінеді. Салықтың өзгеруі тауар (жүмыс, қызмет) ұсынысы мен сұранысының, сондай-ақ инвестиция мен жинақты арттыруына немесе қысқартуына әкеп соғады. Сонымен қатар салықтың еңбек белсенділігін, ресурстар жинағын, инновацияны, қоршаған ортаны қорғауы үшін экономикалық жағдайлар туғызады немесе керісінше жояды. Сондықтан да салық салу - мемлекеттің нарықтық шаруашылыққа араласуының анағүрлым белсенді күралы. Ол экономикалық өсуді, әлеуметтік қайта қүрылымдарды жылдамдатуға немесе баяулатуға қабілетті.

Салықтың ынталандырушы функциясы, экономиканың жеке субъектілеріне салық салудың ерекше тәртібін (жеңілдетілген және қарапайымдатылған) қолдануымен байланысты. Жалпыға бірдей қойылған салық ставкасын төмендету, салық салынатын базаны ығыстыруды, салық төлемдерінің мерзімін ұзартуды (қысқартуды) енгізуді, бюджетті-салықтық несиені үсынуды, салықтың бірнеше түрін біріңғай міндетті жарнаға шоғырландыруды және басқа да ұқсас шараларды пайдалану арқылы, мемлекеттің салык салуды басқару органдарының, нақты кәсіпорындар мен азаматтардың иелігіне қосымша ақшалай қорын ұсынады. Бұл ресурстар, шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғалардың өндірісті үйымдастырудағы қаржы мүмкіншілігін және игіліктерді түтынуын арттырады. Салық салудың жеңілдіктері мен қарапайымдылығы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік артыкшылықтарды қолдау әдісі болып табылады. Оны пайдалану, бюджеттің ұлттық өнеркәсіпті, халыққа қызмет көрсететін салаларды, шағын және орта бизнесті субсидтеумен пара-пар.

Осыдан жүздеген жылдан астам бүрынғы ғалым-экономистердің айтуы бойынша, мемлекетгің салық саясатының фискалдық, реттеуіш, ынталандырушы функцияларымен қатар, тұрақтандырғыш функциясы да қолданыла бастады, яғни салық ұлттық рыноктың түрақты қызмет етуінің материалдық негізі және әрекет етуші қоғамдық-саяси құрылымның қолдаушысы ретінде қарастырылды. Мәселен, АҚШ-та соғыстан кейінгі жылдары, салықтарға, экономикалық циклді түрақтандырғыш рөлі үсынылды. Елдің экономикалық жағдайына байланысты, басқару құрылымдары, салықты төмендете отырып, мемлекет сұранысын ынталандыруға, экономикалық өсу қарқынын арттыруға, кәсіпкерлерді инвестицияға қарай итермелеуге, ал салықты арттыра отырып инфляцияны әлсіретуге, экономикалық циклді түрақтандыруға тырысты. Мұның бәрі кәсіпкерлерді, өндірістің анағүрлым жетілдірілген түріне қарай немесе шаруашылық ұйымдарын өндіргіш формаларына қарай бағыттауы үшін, қаржы ғылымдары, мемлекеттен, белгілі облыстардағы нақты жетістіктерге қол жеткізген түлғалар мен фирмалар үшін салық жеңілдіктерін беруін сүрады.

Осылайша, арада біраз уақыт өткеннен соң, салық салудың тұрақтандырғыш функциясы, салық жүйесінің халықтың әл-ауқаты нашар дамыған топтары үшін, оларды әлеуметтік қорғайтын кепілдік рөлін, яғни қоғамның әлеуметтік түрақтылығын қамтамасыз ететін жаңа қызмет атқара бастады.

Қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтары үшін жеңілдік жиынтығын үсынумен қатар, әлеуметтік қорғау функциясын және азаматтардың табысына салық салудың үдемелі әдісін пайдаланумен байланысты әлеуметтік теңестіру функцияларын да іріктейді.

Қазіргі мемлекеттердің барлығында дерлік, азаматтарды экономикалық қиыншылықтан қорғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік қолдау жүйесі бар. Әлеуметтік қолдау дегеніміз - қоғамның табысы аз мүшелеріне, қаржылай көмек ретінде көрсететін үкімет бағдарламасы. Оларға жүмыссыздық бойынша жәрдем ақы, қарттар мен мүгедектерге берілетін зейнетақы және әл-ауқаты нашар отбасыларына берілетін әлеуметтік көмектер мен әлеуметтік сақтандырудың басқа да түрлері жатады. Осындай бағдарламаларға мемлекеттің тегін медициналық қызмет көрсетуі, тегін пәтер беруі, сондай-ақ табысы аз отбасыларына әлеуметтік қызметтер көрсетуі және т.б. жатады. Әлеуметтік қорғау бағдарламасының мәні, қоғамдағы табысты қайта бөлумен көрсетіледі. Осылардың негізінде біреулерден салық өндіріліп алынып, екінші біреулеріне жәрдем ақы ретінде

беріледі. Қазіргі қоғамның әлеуметтік түрақтылығын қамтамасыз ететін салық қүралдарының негізгісі болып: жүмысты үсынушылар мен жалданып жүмыс істеушілер, әлеуметтік сақтандыру қорына жарна ретінде төлейтін еңбек ақы салығы және жеке түлғалардың табыс салығы бойынша салық жеңілдігінің жүйесі жатады.

Салықты қайта бөлу функциясының мәні, шаруашылықтың әртүрлі субъектілерінің табыс бөлігін, мемлекет пайдасына қайта бөлуінде. Бұл функцияның әрекет ету көлемі ЖІӨ-дегі салықтардың көлемімен анықталады.

Осыған орай К. Маркстің бөлу қатынасының табиғатына байланысты жасаған ғылыми түсініктемесін еске алуға болады. Ол: «Бөлу қатынасы -өндірісте тікелей пайда болған жалақы мен пайда, пайда мен пайыз, жер рентасы мен пайда арасындағы қатынасы, салықтар тек қосымша жағдайларда ғана өзгертуі мүмкін, ал тікелей оларды ешқашанда өзгерте алмайды»-деді . Осындай жағдайда салықтың алатын орнының, мәнінің және біздің қоғамның дамуының әртүрлі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешудегі рөлі өте зор.

XX ғасырдың аяғында мемлекеттің рыноктык экономиканы реттеу механизмі, салықтардың теориялық зерттеулерде бүрын соңды болмаған сапалық жаңа функциясын тапты. Салық салудың реттеуші функциясының бір бағытының көрінісі, дәлірек айтқанда сыртқы саудалық және сыртқы экономикалык қатынастарды реттеуі салық салудың жаңа, интеграциялық функциясына түрленді. Оның пайда болуы дүние жүзілік шаруашылықты дамытудың, яғни ұлттық экономика мен шаруашылық өмірді жан-жақты интернационализациялау арасындағы өзара байланысты нығайту процесінің ерекшелігімен сипатталды. Салық мемлекет үшін өңірлік, шаруашылық және саяси көзқарастармен байланысқан, біртүтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру қүралдарының бірі болып қалды.

Мемлекеттің шаруашылық өмірінің өзара байланысының өсуі мен интернационализациялау процесінің ең жарқын көрінісі болып ЕО ішіндегі экономикалық интеграция, яғни экономика мен саясаттьщ еуропалық өңірлер үшін де, жалпы дүние жүзі үшін де маңызды факторы болып саналды. ЕО-тың мүшелес елдерінің үлттық салық жүйелерін сәйкестендіру мен үйлестіру саясаты, ЕО-тың ішкі интеграциялық процесін қамтамасыз етудің ең қуатты қүралы болды.

Салық салудың интеграциялық функциясы ұлттық салық саясатын өңдеу кезіндегі мынадай - басқа елдердің салық климатының жағдайы, көршілес мемлекеттермен қолданылатын салық ставкалары, шет мемлекеттерде салық реформаларын жүргізудің болашақтағы бағыты мен тәжірибесі сияқты факторларды ескеруді қажет етеді.

Салық, сондай-ақ экономиканың жағдайын тексеретін бақылау функциясын да атқарады. Бюджетке салықтардың түспеуі (уақытында келіп түспеген ақшалай төлемдер мен олардың жиналмаған сомасының есеп айырысу көлеміне қарсылығы) техникаға, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға, тауар айналымының қалыптасуына, ақшалай-несие жүйесіне, әсіресе әлеуметтік саясатты жүргізуіне күрделі кедергісін тигізеді. Өндірістің шағын көлемі мен рентабелсіздігі, өніммен жабдықтау қиыншылығы, кәсіпорындар арасында ақшалай есеп айырысудың бүзылуы, жүмыспен қамту мен инвестицияның қүлдырауы, төмен дәрежелі жалақы мен әлеуметтік жәрдемақылар - міне осындай экономикалық факторлар, бюджетке келіп түсетін салық көлемін төмендетеді. Мүның нәтижесі белгілі - мемлекеттің салықты жинауының түрақтылығы мен артуы, ең алдьшен іскерлік белсенділікті дамытумен, өндіріс тиімділігін арттыруымен және халықтың әл-ауқатын көтерумен тікелей байланысты. Қазынаның салықтык көздерін, салық төлеушілердің мүлкіне, табысына (пайдасына), шаруашылық айналымына салық талаптарын қатаңдату жолы арқылы емес, керісінше, бүларды дамыту үшін жағдайлар туғызу негізінде нығайтылуы қажет.

Салық салудың бақылау функциясының арқасында салық механизмінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қозғалысын бақылау қамтамасыз етіледі, салық жүйесі мен бюджеттік саясатқа өзгерістер енгізу қажеттілігі анықталады. Бюджетті-салықтық, яғни фискалдық қатынастардың бақылау функциясы тек бөлу функциясының әрекет ету жағдайында ғана көрінеді. Осылайша, бүл екі функция шектелген бірлікте фискалдық қатынастар мен бюджеттік саясаттың тиімділігін анықтайды.

Салықтың құндық категориясы ретінде қаржы категориясының жиынтығынан ерекшеленетін, өзіндік айрықша белгілері мен қозғалысынын өзіндік түрлері бар.

Салықтың өзіндік ерекшелігі болып, олардың монополиялық сипаты есептеледі. Салық салу жағынан мемлекеттің бәсекелесі жоқ және болуы да мүмкін емес.

Салық жүйесін анағүрлым тиімді пайдалану үшін салықтың мәнін, орнын және рөлін дұрыс түсіну қажеттілігінің маңызы зор. Өткен уақыттағы ғалымдардың қаржы жайлы еңбектерін зерттей отырып, олардың салықтарға деген көзқарастарының қаншалықты зиялы және орынды екеніне көзіміз жетеді. Осыған байланысты АҚШ-тың әйгілі саяси қызметкері Б.Франклин (1706-1790) былай деп айтып кеткен болатын: «Әрбір адам өлуге және салық төлеуге міндетті».



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет