1.Альтруизм (лат. alter - өзге, фр. altruisme) - басқалардың мүддесі жолында өз мүддесінен бас тартуға дайын моральдық принцип, басқаларға риясыз қызмет етуге тырысу. Эгоизмге (лат. -ego - мен) қарама-қарсы және оны жаншып басуға бұйырады; бір түрдің қимыл әрекетімен басқа түрдің өмір сүру бейімділігінің артуы ал өз бейімділігінің төмендеуі.
2. Абстракция(лат. abstractio- қаз. бұру, аудару) - ойлаудың негізгі операцияларының бірі. Жеке мақсатқа қатысты ақпаратка жұмылдырылған және басқа ақпаратты ескермейтін көзқарас.[1]
Абстракция(лат. abstractio) - шартты немесе «идеал» денелерді қарап, нақты дененің қосалқы қасиеттеріне көңіл аудармай оңайлатылған схема арқылы олардың терең негізін, мәнін таный білетін әдіс. Абстракты ойлау алуан түрлі құбылыстарды түсінуге, олардың заңдылықтарын ашуға көмектеседі.
3. Бюрократия – қатаң да дәл ережелер мен үлгілер арқылы реттелетін қызметтер мен биліктің бөлінісіне негізделген қызметтер мен рольдердің иерархиясынан тұратын әлеуметтік құрылым.
4.Әлеуметтік институт – қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандандырылған іс-әрекетті жүзеге асырудың бір түрі. Әлеуметтік ғұрыптар мен санкциялар арқылы әлеуметтік институттар қоғамда ұйымдастырушы, реттеуші, басқарушы, тәрбиелеуші қызметтерін атқарады.
5. Институционализация – адамдардың қажеттіліктеріне тиімді қызмет көрсететін институттар құру арқылы қоғамға даму бағытын беру.
6. Интернализация дегеніміз - индивидке ықпалы бар адамдар немесе топтар белгілеген нормалар жиынтығын қабылдау. Жеке куәлік.
7. Легитимация - [франц. Le'gitimasion - заң күшін беру] - қоғам¬ның саяси өміріндегі қандай да бір саяси іс-әрекеттің, саяси әрекет етуші тұлғаның, оқиғаның немесе фактінің қоғамдық мойындалу процедурасы. Ол саясатты және билікті бекітеді, саяси шешімдерді түсіндіріп, ақтайды, саяси құрылымдардың құрылуын, олардың озгеріске үшырауын, жаңаруын талқылап, жеткізеді. Легитимация зорлықсыз келісімді, құптауды, бағынуды қарастырады. Ол сенімге негізделеді, өйткені легитимді билік және саясат - жоғары беделге ие. Саяси қүбылысты заңдастыру оның заңнамалық өнделгендігін білдірмейді, сондықтан оны легализациямен шатастыруға болмайды.
8. «Габитус» сөзінің лұғаттық мәні латын тіліндегі hábitus — яғни сыртқы көрініс, сыртқы бейне дегенге мағынаға келеді. Ал тілдік емес, терминдік тұрғыдағы бұл сөздің мағынасы әр алуан. Негізінен, габитус бұл жерде – ойды, пайымдауды, іс-әрекетті, түрлі қоғамдық ұжымдық жайттарды тудырудың жиынтық белгісі ретінде алынып отыр.
9. Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамның әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып өткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар..
10. Әлеуметтік құрылым – қоғамдағы еңбектің күрделенуіне, оның бірлігіне, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму деңгейіне байланысты болатын өзгерістерді көрсететін, сонымен бірге нақты кезеңдегі әлеуметтік жүйенің элементтері арасындағы тұрақты қалыптасқан құрылым. Әлеуметтік құрылымның негізгі түрлері: макроқұрылым, микроқұрылым.
11. Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
12. Дифференциация — лат. Differentia – айырмашылық) – процестерді немесе құбылыстарды олардың құрамдас бөліктеріне бөлу, бөлу. Қарапайым тілмен айтқанда, дифференциация дегеніміз – бұл бөліктерге, дәрежелерге немесе сатыларға бөлу процесі. Мысалы, әлем халқын нәсілдерге бөлуге (бөлуге) болады; алфавит – дауысты және дауыссыз дыбыстарға; музыка – жанрларға және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |