Жоспар Кіріспе


- Мақтаны пайдалануға және күйген жерге жабысқан киімді тартуға, күйік күлдіреулерді ашуға



бет3/6
Дата23.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#471019
1   2   3   4   5   6
274044.pptx 2

- Мақтаны пайдалануға және күйген жерге жабысқан киімді тартуға, күйік күлдіреулерді ашуға.

- Үшінші дәрежелі күйік кезінде жараны тазалауға (мүндай күйік кезінде зардап шегушіні мүмкіндігінше жылдам дәрігерге жеткізіңіз).

- қандай да бір кремдерді, мазьді, сепкіштерді, тіс пастасын жағуға. 


Алғашқы көмек:

Алғашқы көмек көрсетілерде

Алғашқы көмек көрсетілерде

  • Адам күйіп қалғанда ең бірінші атқарылатын шаралар: күйік дәрежесін, күйдіру көздерін анықтау қажет. Күйік дәрежесі адамның көңіл-күйіне, қиналуына, денсаулығының нәшарлауына, жараның көлемі мен тереңдігіне байланысты белгілі болады.
  • Алғашқы медициналық көмек көрсетілер алдында күйдіру көзін анықтап, оған себеп болған заттарды дереу жойғаннан соң, адамнан күннің көзін көлеңкелейді. Киімі жанып жатса, сумен сөндіреді, күйген адамды кез келген қалың матаға орайды. Көбінесе, киімі күйген адамдар оттан қашамын деп жүгіріп, жел киіміндегі оттың одан әрі жануына себеп болып, адам одан сайын қатты күйеді. Осы есте болсын. Жалпы, күйген жердің киімін жұлмаламай, ептеп кесіп алады.
  • Күйікте киім матасы теріге жабысып қалса, оны қайшымен тықырлап қырқып тастайды. Адам денесі химиялық заттардан күйіп қалса, дененің күйген жерін суық сумен 15-20 минут бойы жуады. Қышқыл, сілтіге күйгенде ас содасы ерітіндісіне (стақан суға 1 шай қасық), немесе спирт, марганец қышқылды калий ерітіндісіне (марганцовка) малынған таңғышты орап тастайды. Күйіктің екінші, үшінші, төртінші дәрежесінде науқасты ауруханаға жатқызады, әртүрлі антибиотиктер және глюкоза тәрізді дәрілерді егеді, қан құяды. Бұл кезде күйік шалған адамға дәрумені мол, құнарлы сұйық тамақтар берілуге тиісті.

Жедел көмектің кей бір түрлері:

Жедел көмектің кей бір түрлері:

  • Денедегі күйік ежептәуір болса, оның ауыр, жеңіліне қарамастан, науқасты шұғыл түрде емдеу мекемесіне жеткізеді. Күйген жерді таңғышпен орауға болмайтын жағдайда зардап шегушіні ақ жаймаға орап, одеялмен қымтап, зембілмен алып барады. Тыныс алу жолдары мен көзі күйіп қалғанда терінің ауыр-жеңіл күйгеніне қарамастантан, емханаға тездетіп апарады.
  • «Жедел жәрдем» кешіккен жағдайда зардап шегушіге анальгин немесе аллергияға қарсы дәрілерді беруге болады. Және де су, жылы шай, шырын, газсыз минералды су беру қажет. Жалпы ереже бойынша алькогольді ішімдіктерді беруге тыйым салынады. Алғашқы көмек көрсетілгенінде денедегі көпіршіктерді жармайды, қалың таңғыштармен орамайды, мұз баспайды, күйікті қолмен ұстамайды. Мұның бәрі тіндерді өлтіріп, жараның жазылуын қиындатады. Дәрігер келгенге дейінгі көмектің мақсаты күйген жерді ластанудан сақтандыру, микроб түсуден қорғау, ауруды бәсеңдету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет