Жоспар: Педагогика ғылым ретінде



бет1/5
Дата28.03.2024
өлшемі29.73 Kb.
#496844
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Документ Microsoft Word (4)


1-лекция
Тақырып:Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде
Жоспар:
1.Педагогика ғылым ретінде
2.Педагогика оқу пәні ретінде
3.Педагогиканың оқу пәні ретіндегі педагогикалық ғылым жәнеәлеуметтік тәжірибе мен өзаа қатынасы.
Ғылым – əлемнің ғылыми картасының негізінде тексерілген, дəлелденген білімдер жүйесі, ғылыми білімнің жекелеген салалары. Ғылым – білімді өндіруге байланысты туындайтын іс-əрекеттер (ғалымдардың білімділігі мен қабілеттері, ғылыми бі ліктілігі мен тəжірибесі; ғылыми еңбекті бөлу жəне коопера циялау, ғылыми мекемелер мен оның құрал-жабдықтары), ғы лыми-зерттеу жұмыстарының əдістері, ғылыми түсініктер мен категориялар, ғылыми ақпарат жүйесі жəне ғылыми өндірістің негізі немесе құралы немесе нəтижесі ретінде көрінетін білімдер жиынтығы. Ғылым төрт аспектіден тұрады: -жеке ғылыми (ғылым білімді алу көзі ретінде); -əлеуметтік мəдени (ғылым əлеуметтік институт ретінде); -пəндік (ғылым ғылыми пəндер үйлесімділігі ретінде); -іс-əрекеттік (ғылым адамның іс-əрекеті ретінде). Ғылымды мынадай белгілері ерекшелейді: 1) əлеуметтік, мұндай белгіде ғылымның дамуына қоғамның қажеттіліктері негіз болады; 2) жүйелілік, яғни ғылым – өзара байланысқан нысан мен пəн, өзіндік категориялық аппарат, теория мен болжам, əдістер мен фактілер сияқты элементтерден құралған жүйелі феномен; 9 3) серпінділік, ғылым эмпирикалық тексерілген жəне теориялық негізделген дəлелді білімдермен үздіксіз толықтырылып отырады. Сондықтан, кез келген ғылым – бұл тек білім ғана емес, сонымен қатар білімді өндірудің үдерісі, пəн ретінде əрекеттегі білім саласы болып табылатын адамның практикалық іс-əрекетінің бір түрі. Педагогика ғылым ретінде жоғарыда аталған аспектілер мен белгілерге сүйенеді жəне еш күмəнсіз жеке ғылымдар жүйесіне жатқызылады. Педагогика – педагогикалық үдерістің мақсатын, заңдылықтарын, принциптерін, əдістері мен құралдарын, формаларын, мазмұны мен технологиясын адам дамуының құралы мен факторы ретінде зерттейтін ғылым.
Қазақстандық педагогиканың даму жолы ерекше болып келеді. Қазақстандық педагогика ғылымының дамуындағы алты кезеңді шартты түрде атап айтуға болады. Бірінші кезең – тəрбиелік ойлар жазылған эпос пен жырлардағы, ертегілердегі халықтың ауызекі өнерімен, қазақтың салт-дəстүрімен байланысты. Екінші кезең – шығыс Ренессанс дəуірі деп аталып кеткен шығыс мəдениетінің қалыптасу кезеңімен байланысады. Себебі еуропалық қайта өрлеуге дейін араб-мұсылман ғалымдары антика дəуірінің рухани мұрасын түбегейлі зерттеп, өзіндік гуманистік əлемдік көзқарасын қалыптастырды. Қазақ халқының педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына Əбу Насыр əл-Фарабидің (870-950), Əбу Əли Хусейн ибн Абдаллах Синаның (980-1037), Əбу Рейхан Мухаммед альБирунидің (970-1048), Əбу Хамида аль-Газалидің (1056-1111), Насэреддин Тусидің (1202-1273) жəне т.б. тəрбие жəне білім беру жай- 24 лы еңбектері зор ықпал етті. Алайда ғалым-энциклопедистердің тəрбие жəне білім жайлы құнды педагогикалық ойлары біртұтас жүйеге келтірілмеген еді. Үшінші кезең – қазақстандық педагогиканың дамуына үлкен үлес қосқан танымал философтардың, ғалымдардың, ақындардың, жазушылардың, ағартушылардың атымен байланыстырылады, атап айтсақ, Ш. Уəлиханов (1883-1865), Ы. Алтынсарин (1841-1889), А. Құнанбаев (1845-1904), С. Торайғыров (1893-1920), Ш. Құдайбердиев (1858-1931) жəне тағы басқалар. Олардың тəрбие жəне білім беру жөніндегі ойлары, идеялары отандық педагогиканың дамуындағы аса маңызды құндылықтар болды. Мысалы, Ы. Алтынсарин қазақ мектебінің негізін қалаушы, ол бірінші болып «Қазақ хрестоматиясын» (1879 ж.), «Қазақтарды орыс тілге үйретудегі бастапқы басшылық» (1879 ж.) атты қазақ оқулықтарын жазған. Ы. Алтынсариннің басшылығымен алғашқы қазақ мектептері мен училищелері ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет