Жоспары: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет1/6
Дата18.04.2024
өлшемі50.34 Kb.
#499121
  1   2   3   4   5   6
РЕФЕРАТ




«Қазақстан-2050» стратегиясы» жаңа қазақстандық патриотизмнің мәні туралы. Ұлттық сана.
ЖОСПАРЫ:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1 «Қазақстан- 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты:болашаққа бағдарланған даму бағыттары.
2.2 «Қазақстан- 2050» стратегиясындағы патриотизм.
2.3 «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
2.4 Ұлттық сана
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Егеменді еліміз жиырма алты жылдық тарихын­да көптеген қиындықтар мен кедергілерді ең­серіп, зор жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ елі әлемге ұлтаралық келісіммен дінаралық татулықтың озық үлгісін көрсеткен бірегей ел екен­дігін дәлелдеді. Елімізде тұтастандырылған экономикалық кеңістік құрылып, билік тар­мақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасып ма­ңызды конституциялық және саяси реформалар жүргізілді. Бүгінгі таңдағы әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Енді екі-үш жылдан кейін елімізде тәуел­сіздіктің екінші буыны дүниеге келеді. Қазіргі кезеңде еліміздің алдында тұрған бас­ты мақсат – жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан жиырма бірінші ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған елі­нің қатарында болуы тиіс. Дамудың қазақ­стандық үлгісі – жаңа саяси бағыттың негізі іргетасы болып қаланды.


Қазақстан халқын бір ортаға топтастыратын саяси мәні зор «Қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты бағдарламада әлеуметтік-саяси дамудың «қазақстандық үлгісін» демократиялық жолмен өркендетудің негізгі тетіктері көрсе­тілген. Қазақ елінің басты мақсаты – дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбек­тің негізінде берекелі қоғам құру болып табылады. Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның даму перспективаларына орай стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді пайымдаған әлеуметтік дамудағы маңызды серпіліс –деп айтуға болады Қазақ елі өзінің барлық мүмкіндіктерін әлемге көрсете білген ел. Дәл сол себептенде халықаралық қауымдастық Қазақстанды ЭКСП0-2017 Халықаралық көрме­сін өткізу орны ретінде таңдады. Біздің еліміз ТМД кеңістігінде ЕҚЫҰ-на төрағалық еткен, осы Ұйымның Саммитін өткізген және ғаламдық іс-шара ЭКСПО-2017 көрмесін өт­кізетін алғашқы ел. Тәуелсіз Қазақстан алдыменен экономика, содан соң, саясат деген айқын принциппен дамып өркендеп келе жатыр.
Тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық бағ­дар­­ламасында әлеуметтік өркендеудің жаңа ме­жесі ретінде 2050 жылға дейінгі уа­қыт ара­лығын қамтуы бекерден-бекер емес. Қазақстан Республикасы 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді межелеп отыр. Бұл ғылыми негізделген қаржылық және кадрлық ресурстармен тия­нақталған қол жеткізуге мүмкіндіктеріміз бар мақсаттар. Стратегиялық бағдарламаны жү­зеге асыруда әрбір қазақстандық азаматтың еншілес үлесі бар.
Қазақстан Республикасы 2050 жылға дейін кезең-кезең мен жаңа міндеттерді шешу прин­ципі маңызды деп көрсетілген.
Қазақстан 2050 стратегиясы еліміздің эконо­микалық, әлеуметтік және саяси дамуының нақты жолдарын көрсетіп, болашақтағы негізгі мақсат-міндеттерін белгілеп берген тарихи құжат. Бұл бағдарламадағы қарастырылған мәселелер тек еліміз үшін ғана өзекті емес әлемге, планетаға ортақ көкейкесті проблемалар екені шындық. Сондай-ақ, бұл стратегияда осындай толғақты мәселелердің түйінін тарқатудың, шешімін табу­дың жолдары көрсетілген.
2.1«Қазақстан- 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты:болашаққа бағдарланған даму бағыттары.
2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.
Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр – ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру».
Бұрынғы совет кеңістігіндегі стратегиялық жоспардың бірінші тәжірибесі мен қазақстандық қоғамның өміріндегі межелік оқиғасы ретінде «Қазақстан – 2030» Стратегиясы болды, ол бүгінгі таңда заманауи даму үлгілерін Қазақстан жолының өзгешелігінің терең түсінігімен байланыстырған интеллектуалдық өнімнің үлгісі болды.
«Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет