Реферат «Мамандық бойынша жобалық қызметкерліктің негізгі нәтижелерін көрсету және қорғау.»



Дата21.04.2024
өлшемі59.43 Kb.
#499413
түріРеферат
sro14






Alikhan Bokeikhan University

СРО №14


РЕФЕРАТ
«Мамандық бойынша жобалық қызметкерліктің негізгі нәтижелерін көрсету және қорғау.»

Қабылдаған:Мукашеа Г.Е.


Орындаған:Асқар Айжан
Тобы:Кя-301

Кіріспе
Жалпы қазіргі таңда білім беру жүйесінің дамуы – практикаға бағытталған оқытудың өсуіне әкелуде. Сол себепті теория мен практиканың арасындағы қарама-қайшылықты жеңудің бір жолы – білім беру практикасының жаңа түрлерін жобалау. Жобалық қызмет – бұл оқу, зерттеу, білім беру, конструктивті, шығармашылық қызмет болып табылатын нақты технологияларды қамтиды. Бұл технология студенттердің кәсіби құзіреттілігінің кеңістігін едәуір кеңейтеді. Ал мамандық бойынша жобалық қызмет белгілі бір сала қызметкерлеріне немесе студенттерге тікелей байланысты.


Білім беруді жаңғырту, білім беру кеңістігіне жүйелік талдау, ақпараттық технологиялар, семиотика сияқты санаттардың студенттер өміріне енгізілуі - жобалық қызметтің болуын талап етеді. Топта жоба бойынша жұмыс істейтін студент жоспарлау, талдау, синтездеу іспетті белсенді әрекет кезеңдерінен өтеді, сонымен қатар қарым-қатынас дағдыларына да ие болады. 
Сонымен жобалық қызмет мыналарды қамтиды: 
- мақсат қою; 
- объективтілік; 
- бастамашылық
- танымдық мәселелерді шешудегі өзіндік ерекшелік;
- тәсілдердің өзіндік ерекшелігі;
- ақыл-ой жұмысының қарқындылығы; 
- зерттеу тәжірибесі; 
- семиотикалық кеңістікті ұйымдастыру.
Жобалық қызметті ұсыну, яғни презентация – бұл топпен сөйлесу, жиналыста сөйлеу немесе топтың брифингі сияқты әртүрлі сөйлеу жағдайларына бейімделетін байланыс құралы. Презентациялар баяндамаларды графикалық тұрғыда ұсыну тәсілдерінің бірі. 
Әрине де, жобалық қызмет қазіргі қоғамдағы барлық салалар, соның ішінде медицина саласы үшін де өте маңызды болып табылатыны сөзсіз. 
1.1 Жобалық қызмет және оның түрлері
Кез келген сала қызметкерлерінің, оқушыларының, яғни студенттердің жобалық қызметі – тұлғалық-бағдарлы дамытушылық негіздегі оқыту әдістерінің бірі болып табылады. Мәселен, өзіндік зерттеу біліктерін, яғни проблеманы қою, ақпаратты жинау және өңдеу, эксперименттер жүргізу, алынған нәтижелерді талдау сияқты қасиеттерін дамытуға және шығармашылық қабілеттер мен логикалық ойлауды дамытуға ықпал етеді, оқу процесі барысында алынған білімді біріктіреді және нақты өмірлік маңызды проблемалармен байланыстырады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа әдістерді пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды нарықта қолданудың ең маңызды факторы, негізгі қозғаушы күші — адам, сол себепті нарықтың негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалуы тиіс.
ХХІ ғасырда ақпарат жүйелерінің өркендеп, ғарыштап дамып келе жатқанын білеміз, өнеркәсіп және ортаның дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстар табылады. Үнемі қарқынды өсу үстіндегі және жылдам төзу мүмкіндігіндегі заманауи ақпараттық технологиялар жекелеген корпорациялар, сондай-ақ қоғамдағы еңбекті ұйымдастыру, еңбекпен қамтудың жаңа формалары үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Мұндай мүмкіндіктерді жаңадан енгізу адам өмірінің барлық салаларына, отбасына, білімге, жұмысқа, адамзат қоғамының географиялық шекараларындағы барлық салаларға әсер етуде. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар еңбек өнімділігін, өндіріс көлемін, инвестициялар мен еңбекпен қамту арасында өзара байланыстарды беріктендіруде елеулі үлес қоса алады. Желі бойынша таратылып отырған қызметтердің жаңа түрлері көптеген жұмыс орындарын ашуға қабілетті, мұны соңғы кездегі тәжірбиелер растап отыр.
1980 – жылдардың басына дейін ақпараттық технологияларды үлкен ЭЕМ-дер ұсынған болатын және корпоративті «пирамидалардың» тең жартысының қажеттіліктерін қанағаттандырған. Себебі күші өте жоғары болғандықтан, басқару тапсырмаларын шектеуді автоматтандыру мүмкін емес болатын. Адамдарды ауыстыратын машиналарды қолдану негізінде, қол еңбегін автоматтандырумен салыстыруға болатын. «Статистикаға байланысты, әлемде 1960 жылдан 1980 жылдар аралығында ақпаратты өңдеумен байланысын сол кездегі жұмыс істеп тұрған немесе потенциалды жұмыс орындарының 12 млн.нан астамы дәстүрлі ЭЕМ-ді қолданып автоматтандырылған.Административті иерархияның төменгі деңгейлеріндегі жұмыс орындарын автоматтандыру сол кезде кәсіпорындар көлемін кішірейтіп, еңбекті ұйымдастырудың жалпы моделінде түбегейлі өзгерістер болдырмады. Ол кезде ақпараттық технологиялар қалыпты әлеуметтік – экономикалық дамуға әсер етпейтіндей көрінеді. Керісінше ақпараттық технологияның еңбек өнімділігін жоғарылатуға тұтынушылық қажеттілік моделін қалыптастыруға (жаңа тауарлар мен қызметтерге бағытталған), ақпараттық технологиялар саласында жаңа жұмыс орындарын құруға әсері оншалықты елеулі болған жоқ»
Ақпараттық технологиялар саласы әлемдегі динамикалық дамымалы салалардың бірі болып табылады. Соңғы 5 жылда осы саланың табысы жылына орташа 10%-ға өсіп отыр (экономиканың өсуінің орташа ауқымы 3-4% болған жағдайда. Халықаралық аналитикалық агенттердің болжамы бойынша, жылына 9 % -дың жоғары өсу қарқыны келесі бес жылда да сақталмақ. Ақпараттық технологиялар саласының ерекшеліктері басқа елдерге программалық қамтама әзірлемесін ғана емес, сондай-ақ тиімді қолдану, сонымен қатар бірқатар көмекші процесстерді де тасымалдауға да мүмкіндік береді. Халықаралық АТ-компаниялардың көпшілігі, 90-жылдардың екінші жартысынан бастап, Индияда және Қытайдың өз бөлімшелерін ашты және осы бөлімшелер қызметтердің бір бөлігін немесе тұтастай бизнес-процесті көшірді. Дамушы елдердің АТ-компаниялары дамыған елдердегі клиенттеріне қашықтан қол жеткізу көмегімен қызмет көрсетеді
. Қазіргі заманғы ақпараттық және жоғары технологиялық дәуірде отандық өнеркәсіптік кәсіпорындар өзінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін АТ-ны өндірістік және әкімшілік-шаруашылық қызметте пайдалануға қатысты өзінің көзқарасын қайта қарауы және барлық ішкі процестерді автоматтандыруға тиісті назар аударуы қажет.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін АКТ-ны енгізу және өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерін АКТ саласындағы арнайы біліктілікке оқыту арқылы өндірістік процестерді тұрақты жетілдіру талап етіледі. Сол себепті кәсіпорындардың аталған аспектіге назар аударғаны және өндірістік қызметкерлер арасында инновациялық қызметті дамытуды ынталандыруы аса маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет