Жоспары
КІРІСПЕ............................................................................................................................2
-
ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ.......................................................................................................................3
-
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуының құқықтық негіздері........................................................................................................................3
-
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мақсаттары мен міндеттері, қағидалары.................................................................................................................4
-
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының халықаралық –құқықтық мәртебесі......................................................................................................................5
-
ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
-
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мүшелігі ........................................6
-
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының органдары.....................................7
-
ТМД органдары қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының иммунитеттері мен артықшылықтары..............................................................10
-
ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ.....................................................................10
ҚОРЫТЫНДЫ ...............................................................................................................15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................16
КІРІСПЕ
ХХ ғасырдың аяғында орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өзінің өмір сүруін тоқтатты. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара –пар.Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өзінің өмір сүруін тоқтатты. Орнына 1991 жылы Тәуелсіз Мемлекет Достастығы құрылды.Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатынасты құруға көмектесті.Бұл халықаралық интеграциялық ұйым құрылғанынан бері 23 жыл өтті. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да халықаралық ұйымарға мүше,бұрынғы КСРО құрамында болған 12 елді біріктірді.Бұл жайлы көп еңбектерде жазылып, зерттеулер жүргізілді. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің саяси, экономикалық, экологиялық және басқа да салаларда әріптес болуы, өзара көмек көрсетуі және де заңнамаларында көптеген ұқсастықтардың көрініс табуы қазіргі таңда ТМД-ны ғылыми тұрғыдан зерттеуге деген қызығушылықтарды туындатуда.Сондықтан да алынып отырған тақырып қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Бұл жұмыстың басты мақсаты халықаралық институт ретіндегі ТМД қызметінің қазіргі замандағы беталысы (тенденция) мен даму бағыттарын айқындау, ТМД-ның бұрынғы КСРО құрамындағы республикалардың қазіргі заманғы интеграция процесіндегі рөлін анықтау және ТМД-ның болашақ дамуын белгілеу болып табылады. Берілген жұмыстың мақсаттары:
-
ТМД-ның құрылу негіздерін зерттеу
-
ТМД-ның халықаралық құқықтық мәртебесін айқындау
-
ТМД-ның мақсаты мен міндеттерін, қағидаларын түсіндіру
-
ТМД-ның органдарының қызметін талқылау
Бұл жұмыста Ресей ғалымдарының жазған еңбектері, ТМД-ның Атқарушы комитетінің ресми сайтынан алынған мәліметтер кеңінен қолданыла отырып, ТМД-ның халықаралық құқықтық мәртебесі айқындалып, ТМД –ның құрылуы мен қызметі талқыланды.
-
ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуының құқықтық негіздері
1991 жылдың 8 желтоқсанында ХХ ғасырдың елеулі оқиғаларының бірі болды. Ол Кеңес Одағының құлап, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы еді.
Беларусь Республикасы, Ресей Кеңес Социалистік Республикасы және Украина басшыларының 1991 ж. 8 желтоқсандағы мәлімдеулеріне сәйкес КСРО-ның құлауы, ТМД-ның құрылуына себеп болған жағдайларға 1) жаңа Одақтық шартты әзірлеу келіссөздерінің жүзеге аспауын; 2) КСРО құрамындағы мемлекеттердің өз егемендіктерін жариялап, одақ құрамынан шығуын; 3) Одақ ішінде жүргізілген саясаттың экономикалық, саяси құлдырауға әкеп соғуын, барлық әлеуметтік топтардың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуін; 4) көп адамдардың өліміне ұласқан ұлтаралық алауыздықтың өршіп кетуін; 5) әр республика басшыларының өз халықтарының алдында және әлемдік бірлестіктер алдындағы жауапкершіліктерін сезінуін; 6) құрылған мемлекеттердің саяси және экономикалық реформаларға мұқтаж болуын жатқызды.
1991 ж. 8 желтоқсандағы ТМД құру жөніндегі келісім преамбуласында «Біз, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина - КСРО құрушы, 1992 жылғы Одақтық шартқа қол қоюшы мемлекеттер, бұдан былай Жоғары Келісетін жақтар, КСРО-ның енді халықаралық құқықтың субъектісі, геосаяси кеңістік ретінде өмір сүруінің тоқтатуын растаймыз» делінген. Бұл құжатта ТМД-ның мақсаттары, міндеттері, қағидалары белгіленген.
ТМД-ны құру жөніндегі келісім бірден Белоруссия, Ресей, Украина арасында ратификацияланды. 1991 жылы 10 желтоқсанда Белорусия парламенті басшылықтың бұл позициясын абсолютті көпшілік дауыспен (тек біреуі қарсы дауыс берді, біреуі дауыс бермеді) жақтайтынын білдіріп, ТМД-ның құрылуына қарсы болмады. Дәл осындай әрекеттермен Ресей парламенті де қолдау көрсетті. 1991 жылы 12 желтоқсанда Ресей парламенті депутаттарының 188-і қолдау көрсетіп, 6- қарсы шығып, 7-дауыс бермей Беловеж келісімін ратификациялады.
1991 жылы 10 желтоқсанда Украинаның Жоғарғы Кеңесі қарсылықсыз ТМД-ны құру жөніндегі келісімді ратификациялады. Бірақ бұл тұста Украина жеке өзінің қарулы күштерін, өзіндік экономикалық жүйесін құруды, ұлттық валютаны енгізуді, тәуелсіз банктік және кедендік жүйені құрудың қажет екенін басшылыққа алды. Бұл ТМД-ны құру жөніндегі келіссөздердің мәнінің өзгеруіне әкеп соқты. Ал 1969 жылғы Халықаралық шарттар құқығы жөніндегі Вена конвенциясының 20-бабы мұндай өзгерістердің тек барлық қатысушы мемекеттердің келісімдері негізінде қол жеткізуге болатынын дәлелдейді.[1]
Кейбір заңгерлер 1991 жылы 8 желтоқсандағы ТМД-ны құру жөніндегі келісімді халықаралық құқықтық шарт деп санамайды. Мәселен, С.В.Черниченконың айтуы бойынша, федерация мүшелері арасында жасалған келісім халықаралық –құқықтық сипаттағы емес, мемлекеттік –құқықтық сипаттағы келісім болады.[2] Осы сынды көзқарасты О.И.Тиунов та ұстанды.[3] Ал П.П.Кремнев «1991 жылы 8 желтоқсан мен 21 желтоқсан арасында ТМД мемлекетаралық федерал-ішілік құрылым ретінде сипатталды, ал халықаралық бірлестік статусы оған әлі тән емес еді» деп жазды.[4]
1991 жылы 12 желтоқсанда Орталық Азияның бес мемлекеті – бұрынғы КСРО құрамында болған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікістан, Түркменстан, Өзбекстан Белоруссияда қол қойылған келісімге оң көзқарастарын білдірді. Мұнымен қоса бұл оқиғаның олар үшін күтпеген жағдай екенін атап өтті. Аталған мемлекеттердің Президенттері бұрынғы КСРО құрамында болған барлық республикаларға ТМД қабылдайтын шешімдерді шығаруға,оның құжаттарын дайындауға қатысуға құқық беруін, оларды достастықтың қатысушылары ретінде тануын талап етті.Бес мемлекеттің көшбасшылары ТМД-ны құру жөніндегі мәселелерді қарау үшін егемен мемлекеттердің басшыларымен жиналыс өткізуді сұрады.
1991 жылы 21 желтоқсанда Алматы қаласында (Алма-Ата) КСРО құрамындағы 15 мемлекеттің 11-і – Әзірбайжан, Армения, Белорусия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікістан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина бас қосып, ТМД-ның негізгі мақсаты мен міндеттерін, қағидаларын айқындайтын Декларацияға қол қойды.
ТМД құру жөніндегі құжаттарда бұл құрылымның мемлекет немесе мемлекеттік құрылым еместігі айтылып, ТМД-ның барлық оған қатысушы мүше мемлекеттердің келісімімен құрылғанын жариялады. Сонымен қатар мүше мемлекеттер 1991 жылы 8 желтоқсанда қабылданған ТМД құру жөніндегі келісімге хаттама әзірлеп,қол қойды.Бұл құжатта Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы (РКФСР), Тәжікістан Республикасы, Түркменстан, Өзбекстан Республикасы және Украина Жоғары келісетін тараптар ретінде тең негізде ТМД-ны құратынын мәлімдеді.
Сондықтан ТМД-ның құрылуы негізгі екі датамен айқындалды деп айта аламыз. Оның біріншісі – 1991 ж. 8 желтоқсан, ал екіншісі -1991 жылы 21 желтоқсан.
ТМД құрылтай құжаттарына келетін болсақ, олар үшеу - 1991 жылдың 8 желтоқсанындағы ТМД құру туралы келісім, 21 желтоқсандағы осы Келісімге деген Хаттама және Декларация.
1993 жылы 22 қаңтарда ТМД-на мүше мемлекеттердің басшыларының бас қосуында достастық Жарғысы бекітілді. Оған 7 елдің басшылары қол қойды. Олар: Армения, Белорусия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікістан, Өзбекстан. ТМД Жарғысы оның қызметін айқындайтын негізгі құқықтық базасы ретінде сипатталады.[1]
1.2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мақсаттары мен қағидалары
ТМД Жарғысының Кіріспесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына ерікті түрде біріккен мемлекеттер Достастықтың Жарғысын қабылдауға шешім қабылдағаны белгілі. Мұнда ТМД-ға мүше-мемлекеттер халықаралық құқықтың көпшілік таныған қағидалары мен нормаларының, БҰҰ Жарғысы ережелерінің, Хельсинки Қорытынды Актісі мен Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі келісімнің өзге де құжаттары негізінде әрекет етеді.
Жарғылық ережелердің анықтылық маңызы бар, ол – мүше-мемлекеттер халықаралық құқықтың дербес және тең құқылы субъектілері екендігі.Достастық мемлекет болып табылмайтындықтан, оның ұлттық өкілеттіктері жоқ. Мүше –мемлекеттер арасындағы достастық, тату көршілік, ұлтаралық келісім, сенім, өзара түсіністік және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту, қарым –қатынастарды нығайту – Достастықтың мақсаты болып табылады. ТМД Жарғысының 2-бабы осы халықаралық ұйымның мақсат-міндеттерін айқындайды:
-саяси, экономикалық, гуманитарлық, мәдениет, экология және т.б. салалардағы ынтымақтастықты жүзеге асыру;
-мүше –мемлекеттердің жалпы экономикалық кеңістік аясында жан –жақты және үйлесімді экономикалық, әлеуметтік дамуы, мемлекетаралық кооперация және интеграция;
-халықаралық құқықтың көпшілік таныған қағидалары мен нормаларына сәйкес және ЕҚЫҰ құжаттарына сәйкес адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қамтамасыз ету;
-халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өарулану және әскери шығындарды қысқарту жөніндегі тиімді шараларды жүзеге асыру, ядролық және жаппай қырып –жоятын қарулардың өзге де түрлерін жою, жалпыға бірдей және толық қарусыздануға қол жеткізу;
-мүше –мемлекеттер азаматтарының Достастық шегінде еркін араласуына, жүріп –тұруына көмектесу;
-құқықтық қатынастардың басқа да салаларында мүше мемлекеттердің өзара көмек көрсетуі,ынтымақтастығы;
-ТМД елдері арасындағы жанжалдар мен дауларды бейбіт жолмен шешу.
ТМД Жарғысының 3-бабында көрсетілген қағидалар негізінде достастыққа мүше мемлекеттер жоғары көрсетілген мақсаттарды жүзеге асырады. ТМД Жарғысында 14 қағида көрсетілген. Оның 10 қағидасы халықаралық құқықтың қағидалары болса, қалған 4 қағида жаңадан енгізілген.Оның бірі – Халықаралық құқықтың мемлекетаралық қатынастарда жоғары тұруы. Екіншісі – мемлекеттердің бір –бірінің мүдделерінің, достастық мүддесінің ескерілуі, олардың қарым –қатынасындағы барлық салаларда өзара келісімдер арқылы көмек көрсетулері.
Үшіншісі –достастыққа мүше елдердің халықтарының бейбіт өмірін қамтамасыз ету үшін өзара көмек пен қолдау көрсету принципі.
Төртіншісі –мәдени құндылықтарды сақтауға, олармен өзара алмасуға негізделген ТМД елдерінің рухани бірлігі.[5]
Халықаралық құқық қағидалары:
-
Ішкі істерге араласпау қағидасы
-
Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан –лоққы жасамау қағидасы
-
Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы
-
Мемлекеттердің өзара міндетті ынтымақтасу қағидасы
-
Халықтардың теңдік және өзін –өзі басқару қағидасы
-
Мемлекеттердің дербес теңдік қағидасы
-
Міндеттемелерді адал орындау қағидасы
-
Шекаралардың мызғымастық қағидасы
-
Аумақтық тұтастық қағидасы
-
Адамның құқықтары мен негізгі міндеттерін құрметтеу қағидасы
-
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының халықаралық –құқықтық мәртебесі
ТМД Жарғысында достастықтың мемлекет емес екендігі және ұлтүстілік өкілеттігінің жоқ екендігі бекітілген.
Көпшілік зертеушілердің айтуы бойынша, ТМД аймақтық халықаралық ұйым болып табылады. Ол жайлы Г.В.Игнатенко «ТМД-ның аймақтық халықаралық ұйым ретінде сипатталуының негіздері бар» деп жазған [6].
Ал Н.А.Михалева өз еңбегінде ТМД-ны бұрынғы КСРО құрамында болған республикалардың саяси мемлекеттік, экономикалық, әскери стратегиялық салаларда дамуы үшін құрылған халықаралық –құқықтық аймақтық бірлестік деп атайды.[7]
Л.В.Гречко мен Г.Г.Шинкарецкая ТМД-ның құқықтық табиғатын зерттей келе, достастық өзінің құрылу сәтінде –ақ халықаралық ұйымның барлық белгілерін иемденгенін айтты. [8]
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты Достастықтың Халықаралық құқықсубъектілігін айқындайтын консультативті қорытындысын шығарды.Онда ТМД халықаралық құқықтың субъектісі және ол халықаралық қатынастың қатысушысы екені айтылды. [9]
Осыған орай халықаралық құқық мамандарының ТМД-ға қатысты айтатын қорытынды ойлары да бір ауызды болды: «ТМД – аймақтық халықаралық ұйым». ТМД-ға мұндай ұйымның барлық қасиеттері тән:
-Халықаралық шарт негізінде құрылған;
-Өзіндік ұйымдық –құқықтық категориялары бар;
-Достастықтың жекелеген аймағы, құқығы мен міндеттері бар, автономды бостандыққа ие.
ТМД-ны халықаралық құқық субъектісі ретінде тану ешкімнің де күмәнін туғызбасы анық. Себебі, Достастық Біріккен Ұлттар ұйымында бақылаушы мәртебесіне ие.
-
ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
-
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мүшелігі
ТМД Жарғысы достастыққа мүше елдерді 3 топқа бөлді:
-
Құрушы мемлекеттер
-
Мүше мемлекеттер
-
Бірлескен мүше мемлекеттер
Осы ұйымдағы мүшелік мәселелері былай айқындалады:
ТМД Жарғысының 7-бабының 1-бөліміне сәйкес құрушы мемлекеттер деп 1991 жылы 8 желтоқсанда ТМД құру туралы келісімге қол қойған және 1991 жылы 21 желтоқсанда Хаттамаға қол қойған мемлекеттерді айтады. Сондықтан құрушы мемлекеттерге Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Молдова Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Ресей,Өзбекстан, Белоруссия, Украинаны жатқызамыз.
Мүше-мемлекеттер деп ТМД Жарғысының 7-бабының 2-бөліміне сәйкес Жарғы қабылданғаннан кейін 1 жылдан соң Жарғы негізінде өздеріне міндеттемелер жүктеген және келісімді ратификациялаған мемлекеттерді айтады. Олар: Армения,Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Украина, Тәжікстан, Түркменстан.
ТМД Жарғысының 8-бабына сәйкес, ТМД-ның жекелеген қызмет салаларына мүшелік етуге ұсыныс білдірген бірлесуші мемлекеттерді бірлескен мемлекеттер деп қарастырады.
ТМД Жарғысына сәйкес қатысушы мемлекет кез келген уақытта 12 ай бұрын жазбаша ескерте отырып, достастықтан шыға алады. Достастыққа мүше елдердің өз қызметтерін дұрыс немесе толық орындамауы Мемлекет басшыларының кеңесінде, ТМД шегінде қаралады. Мұндай мемлекеттерге халықаралық құқықта көзделген шаралар қолданылады. [1]
-
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының органдары
ТМД Органдары:
-
Мемлекет басшыларының кеңесі
-
Үкімет басшыларының кеңесі
-
Парламентаралық Ассамблея
-
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі
-
Атқарушы комитет
-
Қорғаныс министрлерінің кеңесі
-
Шекара әскерлері басшыларының кеңесі
-
Экономикалық кеңес
-
Экономикалық сот
-
Адам құқықтары жөніндегі комиссия
-
Біріккен Қарулы Күштердің Бас қолбасшылығы [10]
Мемлекет басшыларының кеңесі. ТМД-ның жоғарғы органы Мемлекет басшыларының кеңесі болып табылады. Ол достастыққа мүше мемлекеттердің ортақ мүдделерінің стратегиялық мәселелеріне қатысты сұрақтарын талқылап, шешімдер шығарады.Мемлекет басшылары кеңесінің мәжілісі жылына екі рет шақырылады. Мүше –мемлекеттер бастамасымен кезектен тыс мәжілістер шақырылуы мүмкін.
Үкімет басшыларының кеңесі. Үкімет басшыларының Кеңесі Достастықтың атқарушы органы болып табылады.Ол экономикалық, әлеуметтік және т.б. салалардағы атқарушы билік органдарының қызметін үйлстіреді.
Мемлекет басшылары Кеңесі мен Үкімет басшылары Кеңесінің шешімдері ортақ келісім негізінде - консенсус арқылы қабылданады. Біріккен мәжілістер де өткізілуі мүмкін.Мемлекет басшылары кеңесі және Үкімет басшылары Кеңесі тұрақты және уақытша негізде жұмысшы және қосалқы органдар құрады.
Атқарушы комитет (Үйлестіру-консультациялық Комитеті). ТМД-ның атқарушы комитеті 1999 жылы құрылған. Оған дейін атқарушы секретариат (хатшылық) қызмет еткен. ТМД жарғысының 28 - бабына сай атқарушы комитеттің құрылуы көзделген және бұл орган Достастықтың тұрақты негізде жұмыс істейтін атқарушы және үйлестіруші органы ретінде белгіленген. Мемлекеттер басшыларының кеңесі және үкіметтер басшыларының кеңесінің шешімдерін жүзеге асыру мақсатында комитеттің атқаратын қызметі мыналар:
-
Достастық көлемінде ынтымақтастық саласы бойынша сұрақтарды
дайындап, ұсынады, әлеуметтік -экономикалық байланыстарды дамытады;
- экономикалық қарым-катынастардың нақты бағыттары бойынша
шарттардың орындалуына ықпал етіп, жағдай жасайды;
- мемлекеттер басшылары мен үкіметтер басшылары кеңестерінің мәжілістеріне ұсынылатын құжаттар жобасының дайындалуы үшін өкілдер мен сарапшылардың жиналысын ұйымдастырады.
Интеграциялық, шаруашылық, өндірістік-экономикалык байланыстарды қалпына келтіру және дамытуының құқықтық негізі 1993 жылдың 24 қыркүйегінде ТМД-ның тоғыз мемлекетінің "Экономикалық одақ құру туралы шартқа" қол қоюы болып табылады. Ал 1994 жылдың сәуір айында ТМД Үйлестіру-консультативтік комитеті жанынан тұрақты жұмыс істейтін Экономикалық одақтың комиссиясын құру туралы шешім қабылданды. Бұл комиссияның негізгі функциясы — экономикалық одақтың қызметіне жағдай жасау және оны қамтамасыз ету. Мемлекетаралық экономикалық комитет бірнеше маңызды конвенциялар дайындады: ТМД-ға мүше-мемлекеттерде халықаралық кепіл мәмілелерін жасаудың біркелкі қағидалары туралы; халықаралық лизинг туралы; ТМД қатысушы-мемлекеттерінің салық саясаты туралы. Инвестор қызметінің қүқықтық негізін аныктайтын трансұлттық корпорациялар туралы және инвестор қүқықтарын қорғау туралы ковенциялар бекітілді
Мемлекетаралық экономикалық комитет тарапынан ТМД мемлекеттерінің энергетика қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сол сияқты жылыту-энергетикалық кешендерінің, электр, газ және мұнай трансұлттык жүйелерінің, ортақ энергетика кеңістігінің дұрыс, қалыпты жұмыс істеуі үшін нормативтік негізін дайындау және қалау жұмыстары жүргізілуде.[1]
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі. Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі мен үкіметтер басшыларының кеңесі шешімдерінің негізінде сыртқы істер министрлерінің кеңесі (СІМК) мүше-мемлекеттердің сыртқы саяси қызметін, оның ішінде халықаралық үйымдардағы қызметі мен тараптарға мүдделі болып табылатын дүниежүзілік саяси мәселелері бойынша қызметні жүзеге асырады (жарғының 27-бабы). Сыртқы істер министрлерінің кеңесі 1993 жылдың 24 қыркүйегінде мемлекеттер басшылары мен үкіметтер басшыларының кездесуінде бекітілген ереже негізінде жұмыс істейді.СІМК өз қызметінде БҰҰ және ЕҚЫК (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі) жарғысын, ТМД жарғысын, Достастық көлемінде қабылданған келісімдер мен шешімдер жөне жоғарыда айтып өткен ережені басшылыққа ала отырып өз қызметін атқарады. СІМК мүше ретінде Достастыққа мүше-мемлекеттердің сыртқы істер министрлері табылады. Оның мәжілістеріне ТМД-ның атқару хатшысы қатыса алады, сонымен қатар, СІМК шешімімен бақылаушы ретінде басқа мемлекеттердің сыртқы істер министрлері немесе олар өкілеттік берген адамдар қатыса алады. СІМК жанында түрақты жүмыс істейтін бейбітшілік Қызметі бойынша консультативтік (кеңес) комиссиясы қүрылған. Мүндай Шешім 1994 жылдың 16 наүрызында қабылданды. Қауіпсіздік және Қарусыздану саласындағы халықаралық келісімдер мен басқа да шешімдерді шығару және бірігіп әрекет етуді ұйымдастырүды СІМК карусыздану бойынша өкілетін біріккен консультативтік комиссия арқылы жүзеге асырады. Бұл комиссия Бішкек қаласында 1992 жылдың 9 қазан жүлдызында қүрылды.
СІМК үш айда бір өз мәжілістерін өткізіп отырады. Кезектен тыс мәжіліс мемлекеттер басшыларының кеңесі немесе үкіметтер басшыларының кеңесі, СІМК немесе бір мүше-мемлекеттің үсынысы бойынша шакырылып өткізіледі. СІМК негізі бойынша қараған сұрақтарының шешімдері оның мүшелерінің ортақ келісімі бойынша қабылданады. Кез-келген мүше өзінің кейбір сұрақтар бойынша мүддесі жоқ екенін ашық айтуга құқылы және шешім қабылдау үшін бұл басқа мүшелер тарапынан бас тарту немесе кедергі ретінде қарастырылмауы тиіс. СІМК-тің мемлекеттер басшылары мен үкіметтер басшылары кеңестерінің үйғарымы бойынша қабылдаған шешімдері, мемлекеттер басшылары кеңесі немесе үкіметтер басшылары кеңесі бекіткеннен соң ғана өз күшіне енеді. ТМД-ның халықаралыұ ұйымдар және форумдармен біріккен әрекеттері атты тақырып бойынша кабылданған шешімге қарай, ТМД үйлесімділік шараларын ЕҚЫК тығыз орнатуы керек делінді. Достастыққа мүше-мемлекеттер делегациясы ЕҚЫК біріге отырып Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық сұрақтары бойынша ойлары мен келісілген әрекеттері жайында біріккен консультацияларды ұдайы жүзеге асырады деп белгіледі.
Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде ТМД-ның басқа да халықаралық үйымдармен қатынастарын дамыту үшін "Бейбітшілік мақсатындағы ссріктестік’' атты НАТО бағдарламасына қатысу мақсатында көптеген сұрақтар бойынша консультациялар өткізу туралы шешім қабылданды. Дегенмен соңғы кездерде НАТО тарапынан жүзеге асырылып жатқан Косово мәселесіне байланысты әскери-қарулы әрекеттер НАТО-ның шын мәніндегі бейбітшілік қорғаушысы атына нұқсан келтіріп отырғандай. ТМД-ға мүше-мемлекеттердің барлығы біріге, ортақтаса отырып бір мүддеге саятын сыртқы саясат ұстануда дейтін пікір айтуға әлі ертерек. Жалпы алғанда, ТМД СІМК-нің толық қанды жұмыс атқаруына мүше-мемлекеттердегі сыртқы істер министрлігі дайындаған ұсыныстардың атқарар рөлі зор.
Шекара әскерлері басшылығының кеңесі мемлекеттер басшылары кеңесінің Достастыққа мүше-мемлекеттердің сыртқы шекараларын қорғау және шекаралардағы тұрақты жағдайды қамтамасыз ету сұрақтарын реттейтін орган болып табылады (ТМД жарғысының 31-бабы). 1995 жылдың 26 мамырында мемлекеттер басшыларының Кеңесі "Достастық қүрамына кірмейтін мемлекеттермен шекаралас ТМД мүше мемлекеттерінің шекараларын қорғау Концепциясы" туралы шешім қабылдады. Концепцияға сай ТМД шекараларындағы саясатты үйлестіру және шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шекара ынтымақтастығын арттыру жөнінде ұсыныстар болды. ТМД елдері шекара саясатының негізгі мақсаттары былайша сипатталады: шекаралардың тұрақтығын, қауіпсіздігін және бұзылмайтындығын қамтамасыз ету, Достастықтың біркелкі экономикалық және кеден кеңістігін қалыптастыру үшін қажетті жағдайларды жасау,
сыртқы шекаралардағы демаркация және делимитация жұмыстарын қадағалау,
шекара маңындағы экологиялық, эпидемиологиялық жағдайлардың өзгеруін мәлімдеу,
шекара мәселелері бойынша мүше –мемлекеттердің проблемалары мен сұрақтарын шешу үшін нормативтік құжаттарды дайындау,санкциялар белгілеу.
Экономикалық сот. Достастық шеңберіндегі дамып келе жатқан интеграциялық процесті реттеу арбитраждық, шаруашылык және экономикалық соттардың шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету нақты да анық болуы шарт. Бұл тұрғыдан келгенде ТМД экономикалық Сотына тоқталып өткен жөн.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты формальды түрде алғанда 1992 жылдың 15 мамырында қабылданған "ТМД мүше-мемлекеттерінің шаруашылық ұйымдары арасындағы есеп айырысуды жақсарту шараларын қамтамасыз ету туралы" Келісіміне сай құрылған болатын және бұл келісімнің 5-бабына орай, "Достастықтың шаруашылық соты" деп аталған-ды. Келісімнің негізгі мақсаты ретінде, Достастыққа мүше-мемлекеттердің жоғарғы шаруашылық соттары құзыретіне жатпайтын мемлекетаралық экономикалық дауларды шешу болды. Соның нәтижесі болып 1992 жылдың 6 шілдесінде қабылданған "ТМД Экономикалық сотының мәртебесі туралы" келісім мен "Экономикалық сот туралы" Ереже табылады. Осы келісімге мүше-мемлекет ретінде қол қойған елдер мыналар: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан, Украина.
Экономикалық сот мүше-мемлекеттер арасындағы экономикалық дауларды қараудан басқа, Достастық органдарының экономикалық бағыттағы келісімдері мен шешімдеріне де түсінік береді.
Қорғаныс министрлерінің кеңесі. Бұл кеңес мемлекет басшылары кеңесінің саясат және әскери қрылыс мәселелері жөніндегі органы болып табылады.
Біріккен Қарулы Күштердің Бас қолбасшылығы Біріккен Қарулы Күштерді, сондай –ақ әскери бақылаушылар тобын және бейбітшілікті қолдау жөніндегі ұжымдық күштерді басқарады.
Адам құқықтары жөніндегі комиссия. Адам құқықтары жөніндегі комиссия - Достастықтың консультативті органы болып табылады. Достастық мүше-мемлекеттерінің адам құқықтары жөнінде міндеттемелерінің орындалуын қадағалайды. Комиссияның орналасқан жері - Минск қаласы. 1995 жылдың 26 мамыр жұлдызында ТМД-ға мүше-мемлекеттер "Адам құқықтары мен негізгі бостандықтары туралы ТМД конвенциясын" қабылдады. Бұл ковенцияға Достастықтың жеті мемлекеті қол қойды. Конвенцияға қол қоймаған мемлекеттер: Әзірбайжан, Қазақстан, Түркменстан, Өзбекстан және Украина.
Парламент аралық ынтымақтастық (ассамблея).Парламент аралық Ассамблея Достастық көлемінде парламент аралық консультациялар өткізеді, ынтымақтастықтың сұрақтарын талқылайды, ұлттық парламенттер қызметі саласында бірлескен ұсыныстарды дайындайды (Жарғының 36-бабы)
Парламент аралык ассамблея туралы келісім 1992 жылдың 27 наурызында қабылданған болатын және бұл құжатта шешімдер консенсус негізінде қабылданады делінген.
Достастықтың салалық ынтымақтастық органдары.Тәуелсіз мемлекеттер достастығы келісім-шарттар негізінде экономикалық, әлеуметтік және басқа да салаларда ынтымақтастық органдарын бекіте алады. Мұндай органдар олардың әртүрлі салаларға байланысты қағидалары мен міндеттерін жүзеге асыруға атсалысады. Салалық ынтьмақтастықтың кеңестері, комитеттері жөне басқа да органдары ТМД жарғысында көрсетілген салааралық функцияларды жүзеге асырады. Бұл органдардың құрамына ТМД атқару органдарының тиісті басшылары кіреді. Салалық ынтымақтастық органдары өз өкілеттігі шегінде ұсыныстар қабылдайды, ал қажетті жағдайда үкіметтер басшыларының кеңесіне ұсыныстарымен кіреді. Салааралық ынтымақтастық екі немесе көп тарапты болуы мүмкін.[5]
-
ТМД органдары қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының иммунитеттері мен артықшылықтары. 2003 жылы 25 сәуірдегі Мемлекет басшыларының кеңесі қабылдаған келісім бойынша ТМД органдарының қызметкерлері мен лауазымды тұлғалары иммунитеттер мен артықшылықтарға ие болады. Олар халықаралық қызметкерлерге теңестіріледі.ТМД органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне ғылыми, шығармашылық, оқытушылық қызметтен басқа қызметтемен айналысуға тыйым салынады.Олар өздері барған мемлекеттің заңдары мен ережелерін құрметтеуге міндеттенеді.Транспорттық құрал арқылы өзге тұлғаға зақым келтіру,жеке тұлғаның денсаулығына зиян келтіру сияқты қылмыстық істерден басқа ТМД органының қызметкерлері барған мемлекеттегі сот немесе әкімшілік органдардың алдында жауап бермейді және оларға иммиграциялық шектеулер мен шет елдік азаматтарды тіркеудегі шектеулер қолданылмайды.[1]
-
ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Кезінде кеңестер Одағы құрамында болған тəуелсіз мемлекеттер өздерінің экономикалық мақсаттары мен басым бағыттарын жүзеге асыра отырып , бұрынғы одақтас республикалар арасында тарихи қалыптасқан еңбек бөлінісі мен өзара ынтымақтастықтың қажеттілігіне көз жеткізді . Сөйтіп , ынтымақтастықты дамыту жəне одан əрі жетілдіру мақсатында Тəуелсіз мемлекттер Достастығы құрылған . Жаңа құрылған ТМД елдері экономикалық-əлеуметтік жағдайды орнықтырумен қатар , шекаралық мəселелермен де айналысуға мəжбүр болды . Өйткені Кеңестер Одағы кегізінен бері оңтүстіктегі көрші Қытай елімен шекаралық мəселелер өз мəніндегі дұрыс шешімін таппаған болатын . Бұл сұрақ төңірегіндегі бірден - бір шешім – өзара тиімділік жағдайында бейбіт келісімге келу . Осы мақсатта 1996 жылы « Шанхай бестігі » деп аталған , құрамында Қазақстан , Ресей , Қытай , Қырғызстан жəне Тəжікстан кіретін жаңа ұйым құрылды . Бұл ұйым кейіннен Өзбекстанның қосылуына байланысты Шанхай келісім ұйымы (ШКҰ) деп аталды . Шанхайлық келісім жайында Президентіміз Н.Назарбаев : «Біз жүздеген жылдар бойы шешімін тапаған шекара мəселесін шештік , болашақ ұрпақ онымен айналыспасын дедік » деп атап өткендей , бірінші кезекте шекара мəселелері ретке келтірілді . Келісім мүшелері мұнымен тоқталмай , енді аймақтық қауіпсіздік , діни экстремизм мен халықаралық терроризммен бірігіп күресуге , сондай -ақ сауда -экономикалық қатынастарды жақсартуға бет бұрды . Бұл туралы ең алғаш 2000 жылы наурыз айында Алматыда өткен саммитте айтылды . Онда жан -жақты экономикалық байланыстарды жақсарту жəне оған көршілес елдерді мүмкіндігінше қатыстыру мəселелері қарастырылды . Жалпы алғанда , 1996-2003 жылдар аралығында Шанхай келісіміне мүше елдер мемлекеттерінің басшылары жеті рет кездесу ұйымдастырылды . Шанхай келісім ұйымы саяси ұйым емес , ол елдер арасындағы өзара байланыстарды , яғни халықаралық жəне аймақтық сипаттағы сауда -экономикалық, мəдени -əлеуметтік , ғылыми -техникалық байланыстарды күшейту мақсатын көздейді . ТМД елдерінің құрылуы жаңа мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуымен , өндіріс өнімдерінің кенет төмендеуімен , елдер арасындағы экономикалық, ғылыми -техникалық, мəдени -əлеуметтік байланыстардың қысқаруымен қатар жүрді . ТМД елдеріндегі өндіріс өнімінің жалпы төмендеуін 100% деп есептесек , оның 60%-ы шаруашылық байланыстардың үзілуімен төмендеді . Тəуелсіздік алып , қайта құрылған мемлекеттердің үкіметтері өз мемлекеттерінің мүдделері мен экономикалық басымдылықтарын қалыптастыра отырып , бұрынғы одақтас республикалар арасындағы тарихи қалыптасқан еңбек бөлінісін сақтау қажеттігін түсінді . ТМД елдері арасындағы өзара экономикалық ынтымақтастық 1992 жылдың күзінен басталды . 1993 жылдың қыркүйегінде Мəскеуде мемлекет пен үкімет басшыларының қол қоюымен ТМД елдерінің экономикалық одағын құру туралы келісімшарт жасалды . Экономикалық одаққа алғашында 8 мемлекет , яғни Армения , Беларусь , Қазақстан , Ресей , Тəжікстан , Өзбекстан , Қырғызстан , Молдова кірді . Ал Украина қауымдастықтың мүшелігіне кейіннен кірді . Қазіргі кезде ТМд құрамы 12 елден тұрады , оған Əзірбайжан мен Грузия қосылды . Елдер арасындағы қарым -қатынастар барлық елдер үшін тең мүмкіндіктер мен кепілдіктерді қамтамасыз етуге негізделіп , нарық экономикасы принциптеріне сəйкес құрылды . Бұл ТМД аумағында өзара тиімді , ауқымды экономикалық жобаларды жүзеге асыру ; экологиялық мəселелер мен қиындықтарды шешу ; жұмыс күшімен алмасу ; қаржы - несиелік , сыртқы сауда , кедендік жəне валюталық саясатты келісу жəне тағы сол сияқты мəселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді . 1994 жылдың 15 суірінде қабылданған еркін сауда аймағын (ЕСА ) құру туралы келісімге ТМД құрамына енетін барлық 12 мемлекеттің басшылары қол қойды . Еркін сауда аймағы кедендік одақ құрудың өтпелі кезеңі болып табылады . 1995 жылы Қазақстан , Беларусь , Қырғызстан жəне Ресей кедендік одақ құрды , өзара қолайлы еркін сауда тəртібі қалыптасты . Мысалы , 1995 жылы кедендік одақ елдерімен тауар айналымы Беларусьте - 68%, Қазақстанда - 40%, Ресейде - 12%-ға өсті . Ал ТМД елдері ішіндегі жалпы тауар айналымы 2%-ға көтерілді . Бұл көрсеткіш 1996 жылы Беларусьте – 27%, Қазақстанда - 31%, Ресейде - 17% болып , ал ТМД елдеріндегі тауар айналымының жалпы өсімі 7%-ға жетті . 2000 жылы 6 қазанда Астана қаласында өткен кедендік одақ мүшелері – Қазақстан , Беларусь , Ресей , Қырғызстан жəне Тəжікстан үкімет басшыларының кеңесінде жаңа халықаралық ұйым – Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты (ЕЭҚ) құру туралы шешім қабылдады . Жаңа ұйым 2000 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық мемлекеттік кеңестің шешіміне сəйкес құрылды . Бұл ұцымның басты мақсаты – осы қоғамдастыққа енетін « бестіктің» шеңберінде біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру . Бұл ұйым дербес халықаралық құқығы бар ұйым болып саналады . Жаңа қауымдастықтың құрылуы – ТМД -ның құрамындағы елдердің экономикалық саясатты , оның ішінде микроэкономикалық, валюталық, қаржылық жəне əлеуметтік салаларды үйлестіруді көздейтін ынтымақтастық аясын кеңейтеді . ТМД елдерінің одағы құрылғалы бері ынтымақтастықты үйлестірудің қандай жолы тиімді деген талас тоқтамай келеді . 1992-1994 жылдары ұзақ мерзімге бағытталған бұрынғыдай біртұтас бір мемлекетті қайта құру туралы да шешімдер қабылданды . Бірақ тəжірибе көрсеткендей « бəрін бірден » деген принциппен интегрециялық құрылысқа көшу өзін -өзі ақтамады . ТМД елдері басшыларының 1995-1997 жылдары қабылдаған шешімдері Ынтымақтастық елдерінің құқықтық мүмкіндіктеріне көбірек сəйкес келді . ТМД елдері шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастар тəжірибесі интеграцияның жеке аймақтардан əр түрлі қарқынмен басталып , біртіндеп басқа аймақтарға көшуімен тиімді екендігін көрсетті . Мəселен , ең алдымен , « екілік » ( Ресей мен Беларусь ), одан кейін « үштік » (Орталық Азия мемлекеттер одағы), 1998 жылы ол Тəжікстанның кіруіне байланысты « төрттік » одақ болып қайта құрылды . Кедендік одақ, ГУАМА (Грузия , Украина , Əзірбайжан , Молдова ) аймақтық бірлестіктері пайда болды . Соның нəтижесінде ТМД -ның барлық елдері ( Түрікменстанды қоспағанда ) бірнеше аймақтық экономикалық бірлестіктер тобына бөлінді . Бірақ бұл топтар анклав болып саналмайды . Оталық Азия одағына кіретін елдер ( Өзбекстаннан басқасы ) кедендік одаққа мүше , сол сияқты « екілік », одақ « төрттік »одақтың белсенді мүшелері болып табылады . ТМД елдері шеңберіндегі интеграциялық үрдістің дамуы əлі де бастапқы сатыда . Əлемдегі 30-50 жылдан астам қызмет еткен аймақтық интеграциялық топтардың тəжірибесіне көз салсақ, ТМД елдері толыққанды экономикалық одақ құру үшін қандай қиындықтарға ұшырасатындығын болжау қиын емес . Оған күнделікті өмір шындығында көзіміз жетіп отыр . Бірақ қалай болғанда да біртұтас экономикалық кеңістікті қалпына келтіру ТМД елдеріне əжептəуір экономикалық нəтижелерге жетуге мүмкіндік береді . Мəселен , қосымша инвестиция салмай -ақ негізгі өнім өндіруді 1,5 есе арттыруға болады . Нақты айтсақ электр энергиясын өндіруге кететін жиынтық шығынды 20%-ға, металлургия өнеркəсібінде 15%-ға, машина жасауда 25%- ға төмендетуге мүмкіндік туады . ТМДелдерінің сыртқы экономикалық қызметтерін үйлестіруді жақсарту арқылы жиынтық сыртқы сауда балансын 15-20 млрд АҚШ долларына арттыруға болады . Ең бастысы , ТМД елдеріндегі нағыз экономикалық интеграция олардың экономикалық жағдайының көтерілуіне қажетті тұрақты жағдай жасайды . ТМД құрамына енетін елдер арасындағы əлеуметтік -мəдени байланыстардың ұзақ тарихы бар . Ежелден тарихи көрші болып келген елдер арасындағы байланыстар 70 жылдан астам тарихы бар кеңестік дəуірде одан əрі тереңдеген болатын . Кеңестер Одағы ыдыраған соң, бұл байланыстардың барлығы да туындап отырған əлеуметтік -экономикалық жағдайлар тұрғысынан қайта қаралды . ТМД елдері құрылып , елдер дербес мемлекет дəрежесінде қатар дамып жатқалы он жылдан астам уақыт өтті . Осы аралықта үзіліп қалған əлеуметтік -мəдени байланыстар қайта қалпына келтірілуде . Осы мақсатта Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде ғылым мен технологияның басты бағыттарын зерттеу жəне игеру , ұлттық білім беру жүйелерін қалыптастыру , ғылым мен мəдениетті дамыту , əлеуметтік дамулың ең төменгі көрсеткіштерін деңгейлестіру мақсаттарын көздейтін көптеген шаралар жүзеге асырылуда . Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа ( ЕУҚ) мүше елдер « Қарапайым халыққа қарай он қадам » деп аталатын , құрамы 10 түрлі келісімдерден тұратын шешім қабылдады . Бұл келісім халықтың білім мен дəрігерлік жəрдем алуын , азаматтық алуан , ғылым мен мəдениет жетістіктеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді . Қазақстан алғашқылардың бірі болып , осы шешім шеңберіндегі барлық мəселені қамтитын заңды құжаттарды толық тапсырды . Кеңестің өткен мəжілістерінде ақпарат алмасу ынтымақтастығына қатысты көптеген мəселелер талқыланған болатын . Ал биылғы басқосуда бұларға қоса тағы бірнеше мəселе талқыға салынды . Соның ішінде ең маңыздылары – аталмыш кеңеске мүше елдер арасында пошта операторларының ақпараттандыру жүйесі бойынша қарым -қатынасы , қазіргі заманғы спутниктік технологиялар мен оның жүйесін дамыту , кеңеске қатысушы елдердің телекоммуникация желісіне жаңа технологиялар енгізу мен кеңестің алдағы жылға арналған қаржылық жоспарын талқылау мəселелері болды .[11] ТМД -ның өз стратегиясы бар . Стратегияны іске асыру жоспары оны орындау жəне дайындау бағытымен үш кезеңде жүзеге асырудың нақты шаралары көрсетіліп , əрбір кезеңнің сапалы ерек -шеліктері айқындалмақ. Сонымен бірге Стратегия талаптарын біртіндеп іске асыру экономикалық салада интеграциялық үдерістердің дамуын қамтамасыз етпек . Сонымен қатар ТМД -ға мүше мемлекеттердің əрқайсысының əлеуметтік -экономикалық күш-қуатын толықтай пайдалануға, əрбір елдің экономикасының бəсекеге қабілеттілігін арттырып , олардың əлемдік экономикаға сенімді түрде қадам басуына жəне азаматтардың тұрмыстық жағдайын жүйелі түрде арттыруға ықпал етпек . Саммит барысында мүше мемлекеттердің шекаралық ынтымақтастығы жөніндегі Конвенцияға жəне ТМД -ға мүше мемлекеттердің шекаралық ынтымақтастығы жəне аймақаралық кеңесі жөніндегі келісімге де қол қойылды . Есірткі заттарының заңсыз айналымының əлемге төндіріп отырған ауқымды қауіп -қатерін ескере отырып , Мемлекет басшыларының есірткі жəне психотроптық заттардың заңсыз айналымымен күрестегі ынтымақтастық қарқынын арттыру жөніндегі ұсынысы қабылданды . Қырғызстан саммитінің төрағасы бұл кездесудің ТМД -ға мүше мемлекеттердің елдер арасындағы ынтымақтастыққа деген ортақ ұмтылысын , сон -дай -ақ Достастыққа мүше мемлекеттердің түгелдей дерлік интеграциялық үде -рістерді келешекте нығайтуға деген ұмтылысы айқын аңғарылғандығын атап айтты .
Көпшілікке белгілі ТМД елдері басшыларының мемлекеттік деңгейде өткен жиындарының барлығында дерлік ежелгі уақыттардан бері орныққан байланыстарды одан əрі жетілдіріп , тереңдету мəселесіне баса назар аударылды . Өйткені , мемлекеттер арасындағы шынайы достық пен өзара ынтымақтастық ең алдымен саяси жəне экономикалық-əлеуметтік салаларда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетіндігі айдан анық. Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің Бішкекте өткен кезекті жиынының басты тақырыбы “ Достастық елдерінің 2020 жылға дейін экономикалық даму стратегиясын ” талқылау төңірегінде өтуінің маңызы жоғары екендігін атап айту қажет . Бүгінгі саммитке басшылық етушілер үшін энергетикалық мəселе күрделілік тудырып отырғандығы жасырын емес . Елде электр қуатының жетіспеушілігі айқын аңғарылуда . Билік болса , тұрғындарды электр қуатын үнемдеуге шақыруда . Күн тəртібінде тұрған бұл мəселе – жалғыз Қырғызстан үшін емес , энергетика саласындағы ауқымды күрделіліктер Орталық Азия елдерін жалпылай алғанда біршама қиындықтарға тап келтіруде . Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықта əсіресе экономикалық байланыстар орнының ерекше екендігін ескерсек , мұның өзі маңызды мəселе екендігі сөзсіз . Қазақстан Президенті Н.Назарбаев қатысқан ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесі жəне Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуінде – энергетикалық саладағы басым бағыттарға назар аударылуы құптарлық жайт . Атап айтқанда , президенттер назарына ТМД -ға мүше мемлекеттер өзара қарым -қатынасының өзегі болып есептелінетін энергетика саласындағы 2009 жылғы ынтымақтастықты айқындайтын мəселенің ұсынылуы көп нəрседен хабар берсе керек . Шекаралық ынтымақтастық: іс жəне ізденіс . Саммиттің күн тəртібіндегі қандай мəселе болсын оның өзіндік маңыздылығы мен мəні бөлек , дегенмен олардың арасында ерекше орын алатындары да аз емес . Мəселен , ТМД елдерінің келешектегі даму тұжырымдамасына сəйкестендіріліп жасалған құжаттар пакетінің маңызы , орны мүлдем бөлек десек , артық айтқандық емес . Бұл орайда Достастықтың дамуы жəне оның нығаюы жолындағы белсенді қызметті көздейтін іс -шаралар бар . Олар қызметтің тиімділігін арттырып , Достастық алдында тұрған ауқымды іс - шаралардың шешімін табуға көмектеспек . Ал ТМД -ға мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілері туралы ереже жобасында – ұлттық үйлестірушілер ТМД аясында қабылданған құжаттарды жүзеге асыруға бақылау ор -нату үшін сайланатындығы да ескерілген . Жасыратыны жоқ, Достастық мемлекет -терінің жан -жақты өзара қарым -қатынасындағы маңызды мəселелердің бірі – шекаралық ынтымақтастық болып саналады . Басшылардың назарына ұсынылған ТМД -ға мүше мемлекеттердің шекаралық ынтымақтастығы туралы құжат жобасы құқықтық-нормативтік акті болып есептелініп , ТМД аясында шекаралық ынтымақтастықтың құқықтық алаңын жасауға ықпал етпек. [12]
ҚОРЫТЫНДЫ
1991 жылғы 8 желтоқсанда Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы мен Украинаның мемлекет басшылары Беловежде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қол қойды.
1991 жылғы 21 желтоқсанда Алма-Аты қаласында он бір егеменді мемлекет басшылары (Грузияны қоспағанда) аталған Келісімнің Хаттамасына қол қойып, онда барлық мемлекеттер теңқұқықтық негізде ТМД-ны құратынын атап көрсетті. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады.
ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі.ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр. Қазақстан Достастық кеңістігіндегі субаймақтық бірлестіктер әрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың мақсаттары мен практикалық әрекеттері ТМД дамуының ортақ арнасында ұштасуын қолдайды.
Достастыққа көпжақты өзара әрекеттестіктің түрлі салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады.ТМД әрекетінің тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды.. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды. Еркін сауда аймағын құру, сауда, ауылшаруашылық, электрэнергетика және т.б. нарықтарды қалыптастыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Саяси, гуманитарлық, көлік, қауіпсіздік және көші-қон салаларында өзара әрекеттестік жалғасуда.Аталған Жоспарда бірлестік әрекетін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар тізбесі көрініс тапқан. Атап айтқанда, осы құжатқа сәйкес 2008 жылғы қазанда ТМД-да төрағалық ету туралы, Ұлттық үйлестірушілер туралы ережелер қабылданды. Достастықтың салалық органдарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ТМД Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД-ның Жоғарғы органдарындағы рәсімдеудің жаңа ережесін қабылдау жоспарлануда.
Қорыта айтсақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына құрылған халықаралық ұйым. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
А.Бекяшев, Л.П.Ануфриева, Е.Г.Моисеев, В.В.Устинов.Международное публичное право:оқулық. М.: Проспект, 2009. – 1008 б. 460-462 Б.
-
Черниченко С.В. Государство как личность, субъект международного права и носитель суверенитета // Российский ежегодник международного права. М.,1993-1994. 29 Б.
-
Туинов О.И. Вопросы теории международного права и современность // Московский журнал международного права. 2000. №4. 301 Б.
-
Кремнев П.П. Распад СССР: международно –правовые проблемы. М., 2005. 232 Б.
-
ТМД-дағы интеграция тарихы. сайт: http://www.google.kz/url?sa=t&rct=j&q=%D0%A2%D0%9C%D0%94&source=web&cd=18&ved=0CEMQFjAHOAo&url=http%3A%2F%2Fmassaget.kz%2Fuserdata%2Fusers%2Fuser_21%2F1366196512.doc&ei=ITooVLmtCoK_ywPn-YDIDA&usg=AFQjCNFqoHFFfiO3NQCCTQmgox2jGglo7w
-
Игнатенко Г.В. Содружество Независимых Государств // Международное право:оқулық. М., 1999. 346 Б.
-
Михалева Н.А. Практикум по конституционному праву стран Содружества Независимых Государств. М., 1998. 7 Б.
-
Гречко Л.В., Шинкарецкая Г.Г. Понятие конфедерации и СНГ // Московский журнал международного права. 1994. №2. 72 Б.
-
Консультативное заключение Экономического суда СНГ № 01 – 1/2-98 от 23 июня 1998г. // Решения Экономического Суда СНГ (1994-2000). Минск, 2000. 238-242 Б.
-
ТМД-ның Атқарушы комитетінің ресми сайты: http://www.e-cis.info/index.php?id=17
-
Құланбай Ә. 2007-11-13: « Егемен Қазақстан » газеті
-
Кенжалин Д . “Егемен Қазақстан ” Республикалық газеті " ААҚ, 2008-10-11
Достарыңызбен бөлісу: |