Жұқпалы аурулар



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата10.09.2024
өлшемі276.93 Kb.
#503517
  1   2   3   4   5   6
каз.-УМК-No.1-Безгек-



Жұқпалы аурулар
Аяжан медицина колледжі 
Емдеу ісі бөлімі 
ЦӘК «Арнайы клиникалық пәндер» 
Безгек. 
201.203 топ. – 4 семестр 
 
Жоспар. 
1. Безгек қоздырғышы.2.Плазмодийдың даму циклы. Эпидемиология.
3. Безгек ауруында кәзіргі замандағы эпидемиологиялық жағдай.
4. Аурудың дамуы.5. Клиникалық белгілері. Аурудың фазалары.
6. Зерттеу тәсілдері, емдеу мен науқасты күту.
7. Алдын алу шаралары, безгек ауруын мемлекетке кіргізбеу. 
Безгек (Малярия) 
Безгек – қарапайымдылармен шақырылатын маса тарататын аурулар тобына жатады. Ол – 
безгек ұстамасымен, қанның азаюымен, бауыр мен көкбауырдың үлкеюімен сипатталатын 
ауру. Қазіргі кезде біздің елімізде бұл ауру кездеспейді, бірақ ыстық тропикалық елдерден 
келуі әбден мүмкін. 
Этилогия – қоздырғышы 
Безгек қоздырғышы қарапайымдар (protozoa) плазмодилерге жатады. Адам бойында 
қоздырғыштың 4-түрі ауру шақырады: 
Plasmodium vivax – 3 күндік безгектің қоздырғышы; 
Plasmodium malariae – 4 күндік безгектің қоздырғышы; 
Plasmodium falciparum – тропикалық безгектің қоздырғышы; 
Plasmodium ovale – 3 күндікке ұқсас, овале безгегінің қоздырғышы. 
Қоздырғыш дамуы иесін ауыстырып отыратын кезеңдерден өтеді: 
Жыныстық кезең (спорогония) масса организмінде болады; 
Жыныссыз кезең (шизогония) адам организмінде болады. Адамға қоздырғыш науқас 
адаммен, қоздырғыш тасымалдаушының қанын сорған маса арқылы енеді. Қанмен бірге 
масаның асқазанына плазмодилердің жынысты түрі түсіп, масаның денесінде ұрықтанып, 
спорозоиттар түзейді. Адам организміне спорозоиттер маса шаққанда оның сілекейімен 
енеді. Қандағы спорозоиттер гепатоциттерге енеді, бауырда қоздырғыш өсіп – өніп (тіндік 
шизогония) қанға өтеді де қоздырғыш эритроциттерге енеді (эритроциттік шизогония), 
одан әрі қоздырғыш эритроциттердің ішінде өсіп – өніп, оны жарады, нәтижесінде біраз 
қоздырғыш өліп, ал қалғаны қайтадан эритроциттерге енеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет