Жұқпалы ауруларды зерттеу үшін қолданылатын құжат: Статистикалық карта



Дата20.06.2024
өлшемі87.62 Kb.
#502699
200(1)


  1. Жұқпалы ауруларды зерттеу үшін қолданылатын құжат:

  1. Статистикалық карта

  2. Ауру тарихы

  3. Дәрігер қабылдауына талон

  4. +Жедел хабарлама

  5. Баланың даму тарихы

  1. Көктамыр ішілік иньекция жасар алдында салынған байлам дұрыстығының белгілері:

  1. Байламнан төменгі терінің бозаруы

  2. Байламнан төменгі терінің гиперемиясы

  3. +Білек артериясында пульстің болуы

  4. Байламнан төменгі терінің көгеруі

  5. Байламнан төменгі терінің сарғаюы

  1. Иықтағы іріңді флегмонаны ашу кезінде хирургқа асистент болған мейірбикенің терісіне науқастың жарасынан іріңді бөлініс және қан жағылды. Мейіргер тактикасы:

  1. +Теріні ағынды сумен жуып, антисептикпен өңдеу

  2. Теріні ағынды сумен жуу

  3. Теріні антисептик ертіндісімен өңдеу

  4. Теріні дезинфекциялық ерітіндімен өңдеу

  5. Сумен жуып , таңғыш салу

  1. 1:5000 қатынасының пайыздық концентрациясы:

  1. 0,005

  2. 0,05

  3. +0,02

  4. 0,25

  5. 0,0002

  1. Созылмалы ауруларға тән жеке бір адамның ауру белгілерін, емін, физикалық және психологиялық салдары және өмір салтын өзгерту мүмкіндігі аталады:

  1. +Өзін-өзі басқару

  2. Диспансерлеу

  3. Санаторлы ем

  4. Стационарлы ем

  5. Жұмыс уақытын басқару

  1. Геморрагиялық инсульті бар науқасты тасымалдау қалпы:

  1. Басын төмен түсіру

  2. Аяқтарын көтеру

  3. Бас қалпын жиі өзерту

  4. Денесінің қалпын жиі өзерту

  5. +Басының қалпын өзгертуді болдырмау

  1. Травматологиялық пунктке автокөлік апатынан ер адам жеткізілді. Қарау барысында иегінде кішкентай жара анықталды. Жараны өңдегеннен кейін медбике науқастың иегіне дәкелі салфетканы бекіту үшін таңғыш салды. Мейіргер салған таңғыш түрі:

  1. Гиппократ таңғышы

  2. +Сақпан тәрізді таңғыш

  3. Жаулық таңғышы

  4. Қалпақ таңғышы

  5. Крест тәрізді таңғыш

  1. Іріңді хирургия бөлімшесінде санның абцессі бар науқастың таңғышын ауыстыру барысында мейіргердің қолғаптары жыртылып қалды. Мейіргер тактикасын анықтаңыз:

  1. Жұмысты қолғапсыз жалғастыру

  2. +Емшараны тоқтатып, қолғапты ауыстыру

  3. Қолғаптарды антисептиктермен өңдеп, емшараны жалғастыру

  4. Үстіне жаңа қолғапты кию

  5. Ағынды сумен жуып, емшараны жалғастыру

  1. Емхананың таңу бөлмесіне 34 жасар ер адам оң жақ тобығындағы қышу сезіміне шағымданып келді. 3 күн бұрын қайнаған суға күйіп, І-ІІ дәрежелі термиялық күйік алды. Көмекке жүгінбей, өз бетінше асептикалық таңғыш салды. Қарау барысында таңғыш сарғыш-сұр түсті бөліндімен суланып, қатып, жараға жабысып қалғаны байқалды. Қатып қалған таңғышты алып тастау мақсатында мейіргер тактикасын анықтаңыз:

  1. +3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен сулап, таңғышты абайлап алу

  2. 90% спирт ерітіндісімен сулап, таңғышты абайлап алу

  3. Сабынды ерітіндімен сулап, таңғышты абайлап алу

  4. Ыстық сумен сулап, таңғышты алу

  5. Таңғышты суламай, күшпен алып тастау

  1. Науқас Т, 40 жаста хирург сол жақ иықтың іріңді абсцессін ашты. Абцесс қуысы антисептик ертіндісімен жуылып, натрий хлоридінің гипертониялық ертіндісіне малынған турундамен дренаждалған. Жараның үстінен стерильді дәкелі салфеткамен жабылды. Жараны дренаждау мақсаты:

  1. Микроағзалардың патогенді қасиеттерін басу үшін

  2. Жарадағы микроағзаларды жою үшін

  3. +Жарада микроағзалардың дамуына қолайсыз жағдай жасау үшін

  4. Жарадағы микроағзалардың спораларын жою үшін

  5. Жараға микроағзалардың түсуіне кедергі жасау үшін

  1. Науқас С, 45жаста , шынтақтың іріңді бурситін ашты. Жара антисептикпен жуылып, турундамен дренаждалып, стерильді дәкелі салфеткамен жабылған. Материалды қандай таңғыш түрімен бекітіп байлау керек:

  1. Дезо таңғышы

  2. Масақ тәрізді таңғыш

  3. Спираль тәрізді таңғыш

  4. Крест тәрізді таңғыш

  5. +Тасбақа тәрізді таңғыш

  1. Аудандық аурухананың хирургия бөлімшесінде тек бір таңғыш салу бөлмесі бар. Мейіргер отадан кейінгі келесі диагноздары бар 4 науқасқа таңғыштарын ауыстыруы қажет: табан флегмонасы, асқазан жарасы, қолдың 1 саусағының панарициі, іштің ақ сызығының жырығы. Науқастарға таңғыш ауыстыруды қандай кезекте орындау қажет:

  1. қолдың 1 саусағының панарицийі, іштің ақ сызығының жырығы, асқазан жарасы, табан флегмонасы

  2. табан флегмонасы, іштің ақ сызығының жырығы, асқазан жарасы, қолдың 1 саусағының панарацийі

  3. асқазан жарасы, қолдың 1 саусағының панарацийі, іштің ақ сызығының жырығы, табан флегмонасы

  4. +іштің ақ сызығының жырығы, асқазан жарасы, қолдың 1 саусағының панарацийі, табан флегмонасы

  5. таңғыштардың кезегін ауыстыру маңызды емес

13. Ауыз қуысының шырышты қабығына дәрілердің әсер етуі:

  1. Аппликация

  2. +Шаю

  3. Инфузия

  4. Себу

  5. Диффузия

14. Тырысуға қарсы, ұйықтататын,седативті препарат, барбитур қышқылының туындысы, бауырдың микросомалды ферменттерін индукциялауға қатысады. ”Корвалол” препаратының құрамына кіреді:

  1. Феназепам

  2. +Фенобарбитал

  3. Натрий этаминалы

  4. Натрий тиопенталы

  5. Циклобарбитал

15. Демікпесі бар науқасқа кортикостероидты препарат тағайындалды. Осы дәрінің тағайындалу мақсаты:

  1. Қақырық бөлінуін ынталандыру

  2. Респираторлы инфекцияларды болдырмау

  3. +Тыныс жолдарының шырышты қабаты ісінуін азайту

  4. Бронходилатация

  5. Бронхоконстрикция

16. Асқорыту жолы арқылы медикаменттерді енгізу тәсілі аталады:

  1. парентералды

  2. сублингвалды

  3. +энтералды

  4. ингаляциялық

  5. ректалды

17. Спецификалық қоздырғыштарға жатады:

  1. Стафилакокктар

  2. Стрептококктар

  3. Көк ірің таяқшасы

  4. Газдық гангрена таяқшасы

  5. +Кох таяқшасы

18. Науқасты жалпы қарау кезінде жайылған ісінулер анықтадыңыз. Аталған патологиялық жағдай қалай аталады:

  1. Асцит

  2. +Анасарка

  3. Гидроперикардит

  4. Гидроторакс

  5. Пиопневмотаракс

19. Науқасқа зәр құрамындағы диастазаны анықтау тағайындалған. Аталған зерттеуге зәрді дұрыс жинау туралы кеңес беріңіз:

  1. Зәрдің ортаңғы бөлігін жинау

  2. Тәуліктік зәрді жинау

  3. 8 порциясын жинау

  4. +Жаңа бөлінген зәрді жылы күйінде жинау

  5. 3 сағат ішінде жинау

20. Далалық госпиталда ұзақ жаншылу синдромы бар зардап шегушіге көктамыр ішіне цефтриаксон енгізу кезінде кенеттен әлсіздік ,бас айналу, тұншығу, терісінің қышуы және гиперемиясы анықталды. АҚҚ 60/40 мм с.б. Болжамды диагноз:

  1. Кардиогенді шок

  2. Жарақаттық шок

  3. Геморрагиялық шок

  4. +Анафилактикалық шок

  5. Инфекциялық -токсикалық шок

21. Әйел адам 50 жаста. 2 сағаттай уақытқа жалғасқан тұншығу ұстамасына шағымданып жедел жәрдем шақырды. Анамнезінен: көп жылдар бойы бронх демікпесімен ауырады. Жағдайы орташа дәрежеде. Мәжбүрлі қалпы- ортопноэ. Өкпеде қатқыл тыныс, барлық бөлімдерінде құрғақ, ысқырықты сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, дұрыс ырғақты. Тамыр соғысы минутына 105 рет, АҚҚ 120/80 мм с.б. Бронх обструкциясын анықтау үшін тағайындалатын зерттеу түрі:

  1. +Спирография

  2. Бронхоскопия

  3. Томография

  4. Ангиопульмонография

  5. Рентгенография

22. Әйел адам 32 жаста. Жедел жәрдем шақырту себебі- жөтел, ентігу. Дене қызуының
39 ОС дейін жоғарылауы, құрғақ сырылдар, ентігу, дәм, иіс сезімдерінің жоқтығына шағымданды.Үш күн бойы ауырып жатыр. Обьективті: орташа ауырлық дәрежесі. Өкпеде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, тыныстың әлсіреуі, екі өкпенің төменгі бөлімдерінде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. АҚҚ -100/60 мм с.б., ЖСЖ-102 рет минутына,ТАЖ-24 рет минутына. Дене температурасы-39,2ОС . Қанның оттегімен қанығуы, сатурациясы 86%. Ауруханаға дейінгі кезеңдегі сіздің тактикаңыз:



  1. Госпитализациялау

  2. Оксигенотерапия, госпитализациялау

  3. Оксигенотерапия, антибиотикотерапия, госпитализациялау

  4. Оксигенотерапия, глюкокортикостероидтар, госпитализациялау

  5. +Оксигенотерапия, қызуды түсіретін препараттар, госпитализациялау

23. Әйел адам 23 жаста. Жедел жәрдем шақырту себебі тұншығу ұстамалары мазалайды. Шағымдары: тұншығу, жөтел, ысқырықты тыныс. Ұстама алдында жиі түшкірген, содан соң мұрын қуысында қышу сезімі, мұрынның бітелуі мен су ағуы, тамағының қарлығуы пайда болған. Ұстама мысықпен контактіден кейін пайда болған. Атопиялық бронх демікпесі диагнозы бар науқасқа тағайындалатын зерттеу:

  1. Қанда –лимфоциттерді анықтау

  2. Қанда Т-лимфоциттерді анықтау

  3. Қақырықты себу

  4. Бронхоскопия

  5. +Спирография

24. Әйел адам 32 жаста.Жедел жәрдем шақырту себебі - ентігу. Шағымдары: ауа жетіспеушілік , тұншығу ұстамалары, қиын шығарылатын қақырықты жөтел. Ауырғанына 2 күн болды, ауруын суықтаумен байланыстырады. Анамнезінде ӨСОА(ХОБЛ). Обьективті тексеруде: есі анық, ортопноэ қалпында. Аускультацияда өкпеде қатқыл тыныс, өкпенің барлық бөлімдерінде ысқырықты, құрғақ сырылдар естіледі. ЖСЖ -120рет минутына. Ауруханаға науқасты қандай қалыпта жеткізу қажет:

  1. Тұрған қалпында

  2. Жаяу қалпында

  3. Бүйірімен жатқызып

  4. +Бас бөлімін көтеріп, жатқызып

  5. Бас бөлімін төмендетіп, жатқызып

25. Әйел 70 жаста, 3 сағаттан аса төс артының күйдіріп ауырсынуына, ауа жеткіліксіздігіне шағымданады. Обьективті тексеруде: жағдайы орташа ауыр дәрежеде. Тері жабындылары бозғылт, ылғалды.Өкпенің барлық бөлімдерінде ылғалды сырылдар естіледі, жүрек тондары тұйық, дұрыс ырғақты. АҚҚ - 100/70 мм с.б. ЖСЖ-100 рет минутына, ЭКГда: I, AVL,V5-V6 шықпаларында ST сегментінің жоғарылауы бар. Науқаста миокард инфарктінің қандай асқынуы дамыған:

  1. +Өкпе ісінуі

  2. Тромбоэмболия

  3. Миокардтың жыртылуы

  4. Жедел аневризма

  5. Кардиогенді шок

26. Әйел адам 45 жаста, егу бөлмесінде 100,0 мг пиридоксин гидрохлориді ерітіндісі б/е енгізілген болатын. Бірнеше минуттан кейін терісі бозарып,тынысы тарылып,ТАЖ- минутына 23 рет, ЖСЖ-122 рет минутына. Тамыр соғысы жіп тәрізді. Жүрек тондары тұйық, ырғақты. АҚҚ -80/50мм с.б. Осы жағдайда препараттарды енгізу реттілігі қандай болады:

  1. Допамин, эпинефрин, преднизолон

  2. +Эпинефрин, преднизолон, допамин

  3. Преднизолон, допамин, эпинефрин

  4. Аминофиллин, преднизолон, допамин

  5. Хлоропирамин, аминофиллин, преднизолон

27. Зақымдану салдарынан науқастың төбесінде ұзындығы 6см, шеттері тегіс жара пайда болды. Жарадан аздап қан ағып жатыр. Төбе аймағы жұмсақ тіндерінің жарасы бар науқасқа салынатын таңғыш түрі:

  1. +Тақия тәрізді таңғыш салу

  2. Дезо таңғышын салу

  3. Спиралды таңғыш салу

  4. Масақ тәрізді таңғыш салу

  5. Крест тәрізді таңғыш

28. Куәгерлердің айтуы бойынша науқас электр сымының жанында табылған. Қарау кезінде тыныс алмайды, ұйқы артериясында тамыр соғысы анықталмайды, « мысық көзі» белгісі, аяқ- қол бұлшықеттерінің қатаюы бар. Бірінші кезекте қандай реанимациялық шаралар жасау қажет:

  1. Жүректің тікелей емес массажы

  2. Перикардиалды соққы

  3. ӨЖЖ

  4. Дефибрилляция

  5. +Реанимациялық шаралар жүргізілмейді

29. Жол апаты кезінде жүргізуші рульге төсімен қатты соғылды. Ауырсынады,тыныс алуы беткей, жиі. Ауру сезімі тыныштықта сақталады, дем алғанда, жөтелгенде, қозғалғанда күшейеді. Болжамды диагноз:

  1. Қабырғалардың сынуы

  2. +Төстің соғылуы

  3. Бұғананың сынуы

  4. Иық буынындағы шығу

  5. Иық сүйегінің жабық сынығы

30. Хирургиялық стационарға асқазаннан қан кету күмәні бар науқас келді. Асқазаннан қан кету белгілерін таңдаңыз:

  1. Өзгермеген қан құсу,құлақтың шулауы

  2. Әлсіздік, бас айналуы, шөлдеу

  3. + «Кофе тұнбасы» тәрізді құсық, мелена

  4. Бозару, ентігу, гематурия

  5. Ентігу, қан қақыру, жүрек айну

31. Жер сілкінісі кезінде зардап шеккен әйел құлаған ағаштың астында қалды және жамбас бөлігі жаншылып қалды. Жамбас аймағындағы қатты ауырсыну сезіміне шағымданады. Терісі бозғылт, тершеңдік байқалады, тамыр соғысы жиілеген, толымсыз. Науқасты қандай қалыпта тасымалдау керек:

  1. Отырған қалыпта

  2. Бір бүйірінде

  3. Ішінде жатқан күйде

  4. +Қалқанда, «бақа» қалпында

  5. Қалқанда, арқасында жатқан қалпында

32. Әйел В.56 жаста, ұзақ уақыт суықта болған. Шағымдары: екі қолдың білезіктен төмен тұсында ауырсыну. Қарау кезінде екі қолдың терісі цианозды, ісінген, мөлдір экссудатты көпіршіктер бар. Бірінші кезекте жасау керек:

  1. +Жылы спиралды байламды екі білезікке қою

  2. Иммобилизация жасау

  3. Сілті сусынын қабылдату

  4. Жылы орау

  5. Эвакуациялау

33. Қыз бала 4 жаста, құрысуға байланысты жедел жәрдем шақырды. Анасынан сұрастыру кезінде бір апта бұрын көршінің күшігі аяғынан тістеп алғаны анықталды. Медициналық көмекке жүгінбеген. Анамнезінде жиі қайталанатын тұмау аурулары. Обьективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Жедел жәрдем бригадасы келгенде, көзінше айқын жарықтың салдарынан ауырсынумен генерализацияланған тоникалық құрысулар болды. Дене температурасы 38 градус.Тері жабындылары ылғалды,таза.Оң балтырдың төменгі үшінші бөлігінде жара іздері бар.ЖЖ дәрігері генерализацияланған құрысу мен сіреспе(столбняк) диагнозын қойды. Қандай препаратты ең алдымен енгізу қажет:

  1. Фенобарбитал

  2. Хлоралгидрат

  3. +Седуксен

  4. Ампициллин

  5. Но-шпа

34. Жедел жәрдем бригадасы 2 айлық нәрестені инфекционды стационардың қабылдау бөліміне қатты ұстама тәрізді жөтел, ұстамадан кейін тынысының тоқтауымен түсті. Анамнезінен: ауру бір апта шамасында мұрынның бітелуі, дене температурасы 37,8 ОС дейін жоғарылауымен басталып, кейіннен ұстама тәрізді қатты жөтел қосылған. Көкжөтелдің спазматикалық кезеңіндегі ұстама тәрізді жөтелді азайту үшін қандай препаратты тағайындау қажет:

  1. Димедрол

  2. +Диазепам

  3. Фурадонин

  4. Магний сульфаты

  5. Кальций глюконаты

35. 7 жастағы ұл бала жедел жәрдем шақырту себебі :дене қызуының жоғарылауы. Шағымдары қиын тыныс, жалпы әлсіздік, 4 күндей ауырып жатыр,3 күн бойы иіс сезу қабілеті жоқ. Обьективті жағдайы орташа дәрежелі, дене температурасы 39ОС. Дәрігердің болжамды диагнозы «Ауруханадан тыс оң жақ төменгі бөліктік пневмония.Covid 19». Шұғыл көмек көрсеткеннен кейінгі сіздің әрекетіңіз:

  1. +Инфекционды стацианарға госпитализациялау

  2. Неврологиялық стационарға госпитализациялау

  3. Амбулаторлы, инфекционды дәрігер қарауында болу

  4. Отбасылық дәрігердің белсенді қарауында болу

  5. Интенсивті терапия бөліміне госпитализациялау

36. 3 жастағы ұл бала. Жедел жәрдем шақыру себебі: бөртпе. Анасының сөзінше тәулік ішінде жағдайы нашарлаған. Дене қызуы күрт 39ОСдейін жоғарылаған, бас ауруы, теріде бөртпе, қышу, мазасыздыққа шағымданады. Обьективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежесі, дене терісінде, бастың шашты бөлімдерінде ішінде түссіз мөлдір сұйықтығы бар көпіршіктер анықталған. Кейбіреулерінде кепкен қабыршақ бар, диаметрі 1см­ге дейін.ТАЖ минутына 34 рет, өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

  1. Қызамық

  2. Скарлатина

  3. Полиомиелит

  4. +Желшешек

  5. Вирусты паротит

37. 1 жастағы ұл бала. Жедел жәрдем шақырту себебі :бөртпе. Анасының айтуы бойынша 7 сағат бұрын ауырып қалған. Температурасы 38ОСдейін жоғарылаған ,қарауда жағдайы орташа. Бала әлсіз, терісі бозарған, аяқтары мен жамбас аймақтарында терінің бетіне шығып тұратын, кейбір жерлерде бірігіп кеткен геморрагиялық бөртпелер анықталған. ЖЖ фельдшері менингитті топтағы қандай антибиотикті енгізуі қажет:

  1. Гентамицин

  2. Пенициллин

  3. Цефтриаксон

  4. +Левомицетин

  5. Эритромицин

38. ДДСҰ ұсынысы бойынша ЖИТС-тің ауыр немесе кеш сатысындағы науқасқа комбинирленген оралды контрацептивтер санатын көрсетіңіз:

  1. +1 санат

  2. 2 санат

  3. 3 санат

  4. 4 санат

  5. 5 санат

39. 53 жастағы науқаста жиі болып тұратын бас ауруы, ыстық леп сезінуі анықталды. Анамнезінде: гипертониялық ауру, соңғы етеккірі 2 жыл бұрын болған. АҚҚ 150/80 мм с.б. Гинекологиялық тексеру кезінде патология анықталмады, сіздің болжамды диагнозыңыз:

  1. Пременопауза

  2. Постменопауза

  3. Нейроциркуляторлы дистония

  4. +Климактериялық синдром

  5. Артериялық гипертония

40. 30 жастағы әйел скринингке келді. Қандай ауруларға тексерулер жүргізіледі:

  1. Жатыр денесінің қатерлі ісігі

  2. Сүт безінің қатерлі ісігі

  3. Аналық безінің қатерлі ісігі

  4. +Ісік алды аурулары мен жатыр мойны қатерлі ісігі

  5. Қынаптың қатерлі ісігі

41. Neisseria gonorrhoeae көбіне зақымдайды:



  1. Көпқабатты жалпақ эпителий

  2. +Цилиндрлі эпителий

  3. Бір қабатты жалпақ эпителий

  4. Жалпақ мүйізделетін эпителий

  5. Мүйізделмейтін эпителий

42. Ересектерге тән трихомонияздың жұғу жолын көрсетіңіз:

  1. +Жыныстық

  2. Гемотрансфузия кезінде

  3. Алиментарлы

  4. Ауа-тамшылы

  5. Лимфогенді

43. Гонореяда біріншілік ошақ болып табылады:

  1. Қынап

  2. +Уретра

  3. Жатыр түтікшелері

  4. Аналық без

  5. Қуық

44. Перинаталды орталыққа 35 апталық жүктілік мерзімінде қайта босанушы әйел ұйқысыздық, бастың маңдай және шүйде бөлігінің ауыруына шағымданып ,жеткізілді. Анамнезінде : гипертониялық ауру. Тексеру кезінде ісіну ,екі қолда АҚҚ 170/100 мм с.б. және 180/110мм с.б. Бет бұлшық еттерінің тырысулары басталды. Протеинурия ­- 0,5 г\л. Жүктіліктің қандай асқынуы:

  1. Жеңіл дәрежелі преэклампсия

  2. Орта дәрежелі преэклампсия

  3. Гипертониялық энцефалопатия

  4. Ауыр дәрежелі преэклампсия

  5. +Эклампсия

45. Жүкті әйелді ЖЖ көмегімен перзентханаға алып келді. Жыныс жолдарынан қоңыр түсті бөлінді, іштің қатты ауырсынуына шағымданады. Жүкті әйелдің жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Тамыр соғысы минутына 100 рет. АҚҚ 90/50 мм с.б., ұрықтың жүрек соғысы естілмейді, соңғы екі апта бойы АҚҚ 140/100мм. с.б. дейін жоғарылауына шағымданды. Қандай жағдай:

  1. Жатырдың толық емес жыртылуы

  2. Плацентаның толық емес орнығуы

  3. Плацентаның толық орнығуы

  4. Плацентаның тығызданып өсуі

  5. +Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы

46. Мерзімі жеткен жүктіліктен 29 жасар әйел - дене салмағы 3300 гр, бойы 53 см ұл баланы жедел босанды. Бала жолдасы өздігінен бөлініп туылып шықты. Бала жолдасының бүтіндігін тексерген кезде орта бөлігінен шетіне қарай тегіс емес ойықтар анықталды. Жатыры тығыз, жыныс жолдарынан қан кету жалғасуда. Қан кету себебі:

  1. Ұрық жолдасы қосымша бөлігі

  2. Қабығының кешігуі

  3. Жатыр гипотониясы

  4. +Жатырда бала жолдасы бөлігінің қалуы

  5. Босану жолдары жұмсақ тіндерінің жарақаты

47. 40 жастағы босанушы әйел перзентханаға түскен кездегі обьективті белгілері: АҚҚ 180/120мм с.б. ,аяқ - қолдарында айқын ісінулер, бас ауруына шағымданады. Болжамды диагноз:

  1. Эклампсия

  2. Жеңіл дәрежелі преэклампсия

  3. Гестозды гипертензия

  4. +Ауыр дәрежелі преэклампсия

  5. Созылмалы гипертензия

48. Бірінші босанушы әйелде жүктілік мерзімі 38 апта, босану әрекеті басталғаннан кейін 3 сағаттан соң күшену басталды. Обьективті : ұрықтың жүрек соғысы айқын, ретті, минутына 136 рет. Қынаптық тексеруде жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қуығы бүтін, қағанақ қуығын жарғанда мөлдір су төгілді. Нәресте басы кіші сегментпен, кіреберіс жазықтығында төбе жігі сол жақ қиғаш өлшемге сәйкес қондырылған нәрестенің кіші еңбегі оң жақта, алдына қараған. Сегізкөз мүйісі қолжетімсіз. Экзостоздар жоқ. Ұсынылған диагноз қай жағдайға сәйкес:

  1. Мерзімі жеткен жүктілік. І босану кезеңі. Жылдам босану.

  2. Мерзімі жеткен жүктілік. ІІ босану кезеңі. Жылдам босану

  3. +Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың ІІ кезеңі. Тез арада босану

  4. Мерзімі жеткен жүктілік. ІІ босану кезеңі.Үйлесімсіз босану әрекеті.

  5. Мерзімі жеткен жүктілік. ІІ босану кезеңі. Әлсіз босану әрекеті.

49. 56 жастағы науқас гинекологиялық бөлімшеге жыныс жолдарынан «ет жұғындысы» тәрізді бөлінділерге, жалпы әлсіздік, дене салмағының төмендеуіне шағымданып түсті. Гинекологиялық тексеруде жатыр калыптыдан ұлғайған, бұдырлы, ауырмайды. Шат лимфа түйіндері шамалы ұлғайған, ауырмайды. Болжамды диагноз:

  1. Эндометриоз

  2. Эндометрит

  3. Жатыр мойны рагы

  4. Жатыр фибромиомасы

  5. +Эндометрий рагы

50. Қынап және жатыр мойнының шырышты қабаттарын 10-30 есе үлкейтіп көрсететін қосымша тексеру әдісі:

  1. Гистероскопия

  2. Амниоскопия

  3. +Кольпоскопия

  4. Кульдоскопия

  5. Лапароскопия

51. Қалыпты етеккір циклының 12-14 күні, цервикалды шырыштың 5-6 см созылуы болады:

  1. + Овуляция кезінде

  2. Кезекті етеккірден кейін

  3. Кезекті етеккірге дейін

  4. Етеккір кезінде

  5. Жүктілік кезінде

52. Урогениталды хламидиоздың қоздырғышы:

  1. Spirochaeta pallidum

  2. Ureplasma urelyticum

  3. Chlamydia trachomatis D дан К дейін серотиптері

  4. Gardnerella vaginalis

  5. +Chlamydia trachomatis L -1. L-2. L -3 серотиптері

53. 25 жастағы әйел әйелдер кеңесіне жыныс еріндері маңында отырғанда, жүргенде ауырсынуға, әлсіздік, дене қызуының 38 ОСкөтерілуіне шағымданып келді. Сыртқы жыныс мүшелерін қарағанда жыныс еріндері маңында ісіну, гиперемия және ісік тәрізді құрылым анықталады. Диагноз, іс әрекетіңіз:

  1. Кольпит. Антибактериалды ем

  2. Цервицит. Қабынуға қарсы ем

  3. +Бартолинит. Хирургиялық ем

  4. Эндометрит. Антибактериалды ем

  5. Аднексит. Хирургиялық ем

54. 30 жаста науқас отбасын жоспарлау кабинетіне келді. Анамнезінен жүктілік – 2, жедел босанулар – 2, асқынусыз, соңғысы 6 ай бұрын. Емшек сүтімен тамақтандырады, қосымша тамақ беріп бастады, бірақ емшекпен тамақтандыруды 2 жасқа дейін жоспарлайды. Дәрігер кеңесінен кейін прогестинді оралды контрацепцияны таңдады. Прогестин таблеткаларының жанама әсері:

  1. +Етеккір циклының бұзылысы

  2. Сүт бездерінің ауыруы

  3. Бас ауыруы

  4. Салмақ қосу

  5. Құсу

55. 2022 Жылғы 8 тамыздағы №165 «Медициналық аборт диагностикасы және емдеу» клиникалық хаттамасына сәйкес етеккір кешіккен кейін қанша уақытқа дейін амбулатория, емханалық деңгейдегі медициналық ұйымдарда жүктілікті медикаментозды, жасанды түрде үзуге болады:

  1. Етеккір кешіккен соң 21 күнге дейін

  2. Етеккір кешіккен соң 42 күнге дейін

  3. Етеккір кешіккен соң 50 күнге дейін

  4. +Етеккір кешіккен соң 63 күнге дейін

  5. Етеккір кешіккен соң 70 күнге дейін

56. Бала туылғанда бас айналымы 35 см болды, осы көрсеткіш 1 жылдық балада нешеге тең болады:

  1. 40см

  2. 39см

  3. 44 см

  4. +46см

  5. 48см

57. Бала қатты айғайлайды, тәулігіне 18 сағатқа жуық ұйықтайды, егер оны аударса балада еңбектеу, автоматты түрде жүру, ұстау, Моро, Галант, Перес сияқты туа пайда болған шартсыз рефлекстер байқалады. Бала жасын анықтаңыз:

  1. 4 ай

  2. 2ай

  3. +жаңа туған

  4. 5 ай

  5. 3 ай

58. 6 айлық балаға тән жүйке-психикалық даму көрсеткіші:

  1. Нық тұру

  2. Сөздер айту

  3. +Еңбектеу

  4. Қолына ойыншық ұстау

  5. Үлкендердің жүрісіне көңіл аудару

59. Үй жағдайында іш өтуді (диарея) емдеудің дұрыс тәртібін көрсетіңіз:

  1. Тамақ көлемін азайту

  2. Су мен шайға 6 сағаттық үзіліс жасау

  3. Сұйықтықты азайту

  4. Баланы тамақтандыру

  5. +Тамақтандыруды жалғастыру , су беру

60. Өмірінің 2-жылындағы дені сау баланы қарау жиілігі:

  1. Айына 1 рет

  2. 2 айда бір рет

  3. +Әр квартал сайын

  4. Жарты жылда бір рет

  5. Жылына бір рет

61. Босануға дейінгі алғашқы патронажды қандай мерзімде жүргізу керектігін көрсетіңіз:

  1. 22-25 апта

  2. 0-2 апта

  3. +32-34 апта

  4. Өткізілмейді

  5. 38-40 апта

62. Баланың 1-ші айында жүйке психикалық дамуындағы көрсеткіштер:

  1. Жаңа туған нәрестелерде рефлекс болады

  2. +Қозғалған затқа назар аудару байқалады

  3. Басын жақсы және ұзақ түрде ұстайды

  4. Қолымен затқа ұмтылады

  5. Емізу кезінде бөтелкені ұстайды

63. 60 жастағы науқас кардиологиялық бөлімшеге жүректің созылмалы жеткіліксіздігімен жатқызылған. ЖИА – мен ауруханаға емделуге жатты. Аяқтарының ісінуіне , ішінің айтарлықтай үлкейгендігіне, жүрек қағуы, әлсіздік, тыныштық кезде болатын аздаған ентігуге шағымданады. Ентігу көлденең жатқанда күшейеді, сондықтан нашар ұйықтайды. Осы жағдайда қандай біріншілік іс-шара мейірбикелік күтіп қарау жоспарына кіреді:

  1. Науқас отбасына кеңес беру

  2. Реанимациялық іс-шара өткізу

  3. Асқынулардың алдын-алуды қамтамасыз ету

  4. +Науқасқа ыңғайлы отыру қалпын жасау

  5. Науқастың денсаулығын нығайту

64. Жасының егде тартуына байланысты катарактаны емдеудің негізгі әдісі:

  1. Консервативті

  2. +Хирургиялық

  3. Емді қажет етпейді

  4. Саулелі ем

  5. Физиотерапевтік ем

65. 72 жастағы әйел адам ЖЖ бригадасын шақырған. Жағдайы нашар. Шағымдары: жалпы әлсіздік , бас ауруы, тынысының тарылуы. Анамнезінде екінші дәрежелі ДЭП , ЖИА,АГ, күн сайын антиагрегант, финотиазин , гипотензивті препараттарды қолданады. Қарау кезінде фельдшер науқаста сананың бұзылысы, тынысы тарылуын, журек қан-тамырлары жеткіліксіздігі, құрысу синдромынан кейін мидриаз, тахикардия, гиперемия, гипертермия, ішік перистальтикасының төмендеуін анықтады. Шұғыл көмекті неден бастау қажет:

  1. Құрысуға қарсы ем

  2. +Тынысты тұрақтандыру

  3. Инфузионды ем

  4. Асқазанды жуу

  5. Витаминотерапия

66. Мамандандырылған паллиативті көмек қызметіне жатады:

  1. Қарттар үйі

  2. Арнайы әлеуметтік қызмет мекемелері

  3. +Стационарлы хоспистер

  4. Жалпы бейіндегі аурухана бөлімі

  5. Медбикелік күтімнің аудандық/жергілікті бөлімшелік қызметі

67. Етті тағамдарына жиіркеніш сезімі тән:

  1. Созылмалы гастрит

  2. Асқазан жара ауруы

  3. Он екі елі ішек жара ауруы

  4. +Асқазан обыры

  5. Созылмалы колит

68. Паллиативті бөлімде болған 80 жастағы қарт адам 3,5 сағат бұрын қайтыс болды. Денені алып жатқызарда ол жерде болғандар денеден терең дем шыққаннын естіген. Бұл жағдайда қандай әрекеттерді жасау қолайлы:

  1. Вена ішілік адреналин енгізу

  2. Реанимация бөліміне қоңырау шалу

  3. +Ешқандай әрекет жасамау

  4. Жасанды тыныс беруді бастау

  5. Жүрекке жасанды массаж жасау

69. 64 жастағы әйел адам ЖЖ бригадасын шақырды. Жағдайы нашар, тексеруден кейін фельдшер сенсорлы афазияны анықтады. Фельдшер науқастан қандай белгілерді анықтаған:

  1. Сөйлей алады,заттардың атын ұмытып қалады

  2. Оған айтылған сөзді түсінеді,бірақ сөйлей алмайды

  3. Сөйлей алмайды және оған айтылған сөзді түсінбейді

  4. +Оған айтылған сөзді түсінбейді,өз сөздерін де басқара алмайды

  5. Оған айтылған сөзді түсінбейді,бірақ өз сөздерін басқара алады

70. Әйел адам сал болу себебіне байланысты ЖЖ шақырған. ЖЖ бригадасы қарағаннан кейін көп салалы стационардың инсультті емдеу бөлімшесіне жатқызылды: оң жақ гемисфераның ЖМҚБ, ишемиялық инсульт. Ми қан айналымын жақсарту мақсатында қандай препарат тағайындалды:

  1. Мексидол

  2. Кофеин

  3. +Винкамин

  4. Нолаксон

  5. Дексинол

71. Мамандандырылмаған паллиативті көмек қызметіне жатады:

    1. + Қарттар үйі

    2. Арнайы әлеуметтік қызмет мекемелері

    3. Стационарлы хоспистер

    4. Жалпы бейіндегі аурухана бөлімі

    5. Медбикелік күтімнің аудандық/жергілікті бөлімшелік қызметі

72. 56 жастағы әйел, ЖЖ бригадасын шақырды. Жалпы жағдайы нашар. Науқасты қарау кезінде келесі симптомдар анықталды: психомоторлы қозу, мидриаз. Аккомодация параличі, тахикардия, сілекей бездері секрециясының азаюы, терісінің құрғауы. Фелдшер қандай препараттың передозировкасы жөнінде ойлау қажет:

  1. +Атропин

  2. Прозерин

  3. Галантамин

  4. Пилокарпин

  5. Ацетилхолин

73. Психиатриялық клиникаға 25 жастағы әйел босанғаннан 1 аптадан кейін түсті. Бала дені сау болып туылған, босану асқынусыз өткен. Әйел қозулы, айқайлайды, киімдерін шешіп, жүгіруге тырысады. Құлағына баланың жылаған дауысы естіледі. Сұраққа жауап бермейді, ұзақ уақыт бір нуктеге қарап отырады. Болжамды диагноз:

  1. Шизофрения

  2. Депрессия

  3. +Босанудан кейінгі психоз

  4. Неврастения

  5. Деменция

74. Жүйке ауруларының негізгі симптомдарын атаңыз:

  1. +Агрессия, дабыл, ұйқы бұзылысы

  2. Бас ауруы, АҚҚ төмендеуі

  3. Бас айналу, АҚҚ жоғарылауы

  4. Ұйқышылдық, координацияның бұзылысы

  5. Тырысу ұстамалары, құсу

75. 56 жастағы науқас 1 жыл бұрын ауыр бас-ми жарақатын алды. Қазіргі таңда агрессия ұстамалары, дабыл, суицидтті әрекет байқалады. Қайда госпитализацияланады:

  1. Неврология бөлімшесі

  2. Нейрохирургия бөлімшесі

  3. +Психиатриялық диспансер

  4. Терапия бөлімі

  5. Ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ

76. Анестезиологияда ларингоспазмның алдын алу үшін, сілекей мен бронх бездерінің секрециясын тоқтату үшін, асқазан ойық жарасында,бүйрек, бауыр шаншуларында қолданылады, глаукомада тағайындауға болмайды. Препарат тобын анықтаңыз:

  1. М-холиномиметик

  2. +М-холиноблокаторлар

  3. Холинэстеразаға қарсы дәрілер

  4. Кураре тәрізді заттар

  5. Ганглиоблокаторлар

77. Тыныс алу жолдарының шырышты қабықшаларына әлсіз бронхиолитикалық, жансыздандырғыш және қабынуға қарсы әсер көрсетеді:

  1. +Перифериялық(шеткері) әсерлі жөтелді басатын дәрілер

  2. Орталыққа әсер ететін жөтелді басатын дәрілер

  3. Рефлекторлы әсер ететін қақырық түсіретін дәрілер

  4. Тікелей әсер ететін қақырық түсіретін дәрілер

  5. Муколитикалық дәрілер

78. Офтальмобленореяның алдын алу үшін қолданылады :

  1. Бор қышқылы ерітіндісі

  2. Фурациллин ерітіндісі

  3. Қайнаған су

  4. Натрий хлориді ерітіндісі

  5. +Тетрациклин майы

79. Тасымалдау кезінде бинокулярлы таңғышты қолданатын жағдай:

  1. Көздің қабынуы

  2. Блефарит

  3. +Көз алмасының енбелі жарақаты

  4. Өткір конъюктивит

  5. Қасаң қабық эрозиясы

80. Гениталийдің жедел герпетикалық зақымдануының салыстырмалы диагностикасын жүргіземіз:

  1. +Мерез

  2. Кандидоз

  3. Шүрпі ісігі

  4. Лейкоплакия

  5. Гонорея

81. Жедел гонореямен ауыратын әйелде болатын басым мәселені көрсетіңіз:

  1. +Зәр шығаруда ауырсыну және ашу сезімі

  2. Бедеулік және жүктіліктің соңына дейін жетпеуі

  3. Созылмалы түріне ауысуы

  4. Ұрықтың инфицирленуі

  5. Жыныстық серіктесінің инфицирленуі

82. Эклампсияда шұғыл көмек көрсетудегі магний сульфатының стартты дозасы:

  1. Магний сульфатының 1 г құрғақ затты көк тамырға 10-15минут ішінде баяу енгізу

  2. Магний сульфатының 1г құрғақ затты бұлшық етке 10-15минут ішінде баяу енгізу

  3. Магний сульфатының 2г құрғақ затты көк тамырға 20-25 минут ішінде баяу енгізу

  4. +Магний сульфатының 5г құрғақ затты көк тамырға 10-15 минут ішінде баяу енгізу

  5. Магний сульфатының 1г құрғақ затты көк тамырға 1-2 минут ішінде баяу енгізу

83. Плацентаның толық төмен орналасуы бұл:

  1. +Жатыр мойнының ішкі ернеуін толық жауып жатуы

  2. Жатырдың жоғарғы сегментінде жатуы

  3. Жатыр түбінде орналасуы

  4. Ішкі ернеуден 5-7см жоғары жатуы

  5. Жатыр мойнының сыртқы ернеуін жауып, жатырдың төменгі сегментінде жатуы

84. 25 жастағы әйелде жүктіліктің 3 триместрінде кенеттен іштің төменгі жағы күрт ауырып, жыныс жолдарынан қан кетті, жатырдың гипертонусы мен ауырсынуы пайда болды. Іштегі ұрық қозғалмайды. Зертханалық қанның жалпы зерттеуінде – қаназдықтың орташа дәрежесі, лейкоцитоз, тромбоцитопения, ЭТЖ-ның жоғарылауы. Коагулограммада: АЧТВ -21,0 ПВ-25,0 сек ,ПИ-150%,фиброниген –1,8г/л, антитромбин III -61,0, ВСК-2мин. Қан тобы және резус –фактор -0(I). Пациентте қандай патологиялық жағдай байқалады:

  1. Антифосфолипидті синдром

  2. Резус - конфликт

  3. HELLP синдром

  4. Жүктіліктің мерзімінен бұрын үзілуі

  5. +Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы

85. Әйелде төмендегі белгілер: қарқынды қанды бөлінділер, іштің толғақ тәрізді ауыруы, жатыр мойнының сыртқы ернеуі ашық, жатыр көлемі жүктілік мерзіміне сәйкес емес, эмбрионның бөліктері біртіндеп бөлініп шығуда:

  1. +Толық емес түсік

  2. Түсік қаупі

  3. Түсіктің басталуы

  4. Жүрістегі түсік

  5. Толық түсік

86. Жүкті әйелде плацентаның төмен орналасуы диагностикаланды. Аталған патологияға қандай клиникалық белгілер тән:

  1. +Жатыр тонусы жоғары, ауырады, ассиметриялы

  2. Массивті ұзақ уақытты қан кету

  3. Ұрықтың жүрек қағысы жоқ

  4. Жатыр жұмсақ,симметриялы, алқызыл қан кету

  5. Ауырсынулы, симметриялы

87. Босанушыда босанғаннан кейінгі ерте кезеңде атониялық қан кету дамыды. Жатыр енгізілген окситоцин дозасына жауап бермейді. Осы жағдайдағы қан кетуді тоқтататын препаратты көрсетіңіз:

  1. Дицинон

  2. Кальций хлориді

  3. Метилэргометрин

  4. Викасол

  5. +Мизопростол

88. Екінші рет аяғы ауыр 36 жастағы әйел қағанақ суының кетуіне шағымданып перзентханаға түсті. 4 жыл бұрын алғашқы жүктілігінде қалыпта орналасқан плацента мерзімінен бұрын ажырағандықтан корпоралды кесар тілігі жасалған. Бұл екінші жүктілік - жағдайы қанағаттанарлық, толғақ жоқ, іштегі ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 136 соққы. Нәрестенің болжамды салмағы - 3200 г. Жыныс жолдарынан ашық түсті қағанақ суы кетуде. Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Толғақ басталғанға дейін бақылау

  2. 24 сағат бойы бақылау

  3. Жоспарлы кесар тілігін жасау

  4. Босандыру индукциясын жасау

  5. +Шұғыл түрде кесар тілігін жасау

89. 26 жастағы 34 апталық жүктілік, 2 деңгейлік босану үйіне қағанақ суының кетуіне шағымданып әйел келді. Бірінші жүктілігі корпоралды кесар тілігімен аяқталған.Тыртық маңы пальпацияда ауырсынбайды.Ұрық ұзына бойы орналасқан, басы жамбас кіреберісінде, жыныс жолдарынан ақшыл түсті қағанақ суы кетуде. Қандай жолмен босандырған қауіпсіз болады:

  1. 24 сағат бақылау

  2. Ұрықтың РДС алдын алған соң кесар тілігі

  3. +Шұғыл түрде кесар тілігін жасау

  4. Токолитиктер аясында ІІІ деңгейге ауыстыру

  5. Шұғыл окситоцинмен босануды ұйымдастыру

90. 26 жастағы қайта босанушы, мерзімі жеткен, босану әрекеті басталғаннан кейін 3 сағаттан кейін келіп түсті. Қағанақ қабы бүтін. Тексеру кезінде аяқ ісіктері анықталды. АҚҚ 145/90. Іш көлемі 96 см. Жатыр түбінің биіктігі - 38см, ұрық тігінен орналасқан, кіші жамбастың кіреберісінде орналасқан. Сыртқы акушерлік зерттеуде: кіндік аймағында жергілікті ауырсыну анықталды. Жатыр тонусы жоғары, тығыз, ұрықтың жүрек соғысы нашар естіледі. Жыныс жолдарында қанды бөліністер, акушердің іс әрекеті қандай:

  1. Босануды күшейтуді бастау

  2. +Шұғыл түрде кесар тілігін жасау

  3. Амниотомия жасау

  4. 250мг допегит енгізу

  5. Әйел мен нәрестенің жағдайын бақылау

91. Босану үйіне 22 жастағы әйел түсті. Жүктілік мерзімі 38-39 апта, бойы 150 см, салмағы 58 кг. Жамбас өлшемдері: 22-24-26-16,5; іш айналымы -103 см, жатыр түбінің биіктігі - 40 см. Ұрық тігінен орналасқан, басымен келіп тұр, жүрек соғысы анық, ырғақты, 140 рет минутына. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны жетілген, ұрық басымен келіп тұр, кіші жамбасқа кіреберісте қозғалмалы . Болжады диагноз көрсетіңіз:

  1. Жүктілік 38-39 апта. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас І дәреже

  2. Жүктілік 38-39 апта. Жай жалпақ жамбас.

  3. +Жүктілік 38-39 апта. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас І дәреже. Ірі ұрық

  4. Жүктілік 38-39 апта. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас І дәреже. Қағанақ суының көп болуы

  5. Жүктілік 39-40 апта. Ірі ұрық.

92. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде, плацента бөліктерінің кідіруінен болған патологиялық қан кетуде бірінші кезекте істеу керек:

  1. +Жатыр қуысын қолмен тексеру

  2. Қолқаны басу

  3. Жатыр компрессиясын жүргізу

  4. Жатыр мойнына Бакшеев тәсілімен клеммалар салу

  5. Жатыр ампутациясы

93. 32 жастағы әйел, оң жақ мықын аймағының қатты ауырсынуына, жыныс жолдарынан қанның көрінуіне шағымданып гинекология бөліміне түсті. Анамнезінде 3 жүктілік, оның соңғысы өздігінен түсікпен аяқталған. Түсіктен кейін жатыр қосалқысының қабынуына байланысты ем қабылдаған. Етеккірі 5-6 аптаға кешіккен. АҚҚ 90/60, тамыр соғысы минутына 90рет . Қынапты айнамен қарау кезінде жатыр мойны шырышты қабатының көгеруі анықталды. Қынаптық тексеруде жатыры сәл үлкейген, қозғалмалы, оң жақ жатыр түтігінде қамыр сияқты консистенциялы түзіліс анықталды. Артқы күмбез салбыраңқы, сезімтал. Қандай іс әрекет жасалуы керек деп ойлайсыз:

  1. Іш қуысының лапароскопиясы

  2. Жатыр қуысын диагностикалық қыру

  3. +Артқы күмбезді пункциялау

  4. Қынапты кольпоскоппен қарау

  5. Жатыр қуысын зондтау

94. 20 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 34-35 апта. Шағымдары: жатырдың қатты ауыруы және кернеуі ,бір рет құсқан, қан кеткен. Анамнезінде :бір күн бұрын кешке толғақ тәрізді ауру сезімінен басталған, ауырсыну қасаға, жамбас, белге беріледі. Таңертең ауырсыну күшейіп , жүрегі айнып, құсу ,қан кету қосылды. Ішті қарау кезінде жатыр жүктілік мерзіміне сәйкес үлкейген, пальпациялағанда кернеулі және тығыз консистенциялы. Берілген клиникалық көрініс нені білдіреді:

  1. +Плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы

  2. Аналық без апоплексиясы

  3. Аналық без кистасының жыртылуы

  4. Жатырдан тыс жүктілік

  5. Дисменорея

95. ЖЖ көлігімен перзентханаға 20 минут бұрын мерзімінде босанған 25 жастағы әйелді алып келді. Қабылдау бөлімінде ұрық жолдасы өздігінен бөлініп, бөлшектері жеткіліксіз болып шықты. Көмек көрсету іс әрекеті:

  1. +Жатыр қуысын қолмен тексеру

  2. Бөліктерді оперативті алу

  3. Утеротониктер енгізу

  4. Жатырдың сыртқы массажы

  5. Қан тоқтатушы препараттарды енгізу

96. 28 жастағы жүкті әйел, акушерканың кезекті қабылдауына келді. Жүктілік мерзімі 37 апта. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Салмағы 72 кг, АҚҚ 120/70 мм с.б. Ішінің пішіні овоидты түрде, ал айналымы 98 см, жатыр түбінің биіктігі 34 см. Жатырдың оң бүйірінен ұрықтың майда бөліктері, ал сол бүйірінен ұрықтың кең, тегіс бөлігі анықталады. Жамбасқа кіреберісінде тығыз, домалақ, қозғалмалы бөлік анықталады. Жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 150 рет. Осы жағдайда ұрықтың жүрек соғысы қай жерде жақсы естіледі:

  1. Кіндіктен төмен, оң жақта

  2. Кіндіктен жоғары, оң жақта

  3. Кіндіктен жоғары, сол жақта

  4. +Кіндіктен төмен, сол жақта

  5. Кіндік маңайында, оң жақта

97. Бірінші босанушыға акушерді шақырды. Жүктілік мерзімі 37 апта. Басының ауруы, соңғы сағатта күшейіп, «көзінің алдында шіркей ұшқандай» болуы, жүрек айнуына шағымданады. Обьективті тексеруде: аяқ және қолдары, бетте ісінулер анықталды, АҚҚ 150/100 мм.с.б. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 140 рет, ырғақты. Акушер қандай диагноз қойды:

  1. +Ауыр дәрежелі преэклампсия

  2. Жеңіл дәрежелі преэклампсия

  3. Эклампсия

  4. Гипертониялық криз

  5. Орта дәрежелі преэклапмсия

98. Жедел жәрдем көлігімен перзентханаға 20 мин бұрын мерзімінде босанған 25 жастағы әйелді алып келді. Қабылдау бөлімінде ұрық жолдасы өздігінен бөлініп бөлшектері жеткіліксіз болып шықты. Көмек көрсету іс-әрекеті.



  1. +Жатыр қуысын қолмен тексеру

  2. Бөліктерді оперативті алу

  3. Утеротониктер енгізу

  4. Жатырдың сыртқы массажы

  5. Қан тоқтатушы препарттарды енгізу

99. Наркоздың басында ларингоспазм болуы мүмкін, бронхиалды бездердің секрециясы мен сілекей бөлінуін күшейтетін, тыныс жолдарының шырышты қабаттарын тітіркендіретін ,ингаляциялық наркоз үшін қолданылатын дәрі:

  1. Фторотан

  2. Азот тотығы

  3. +Наркозға арналған эфир

  4. Ксенон

  5. Изофлуран

100. ДСҰ ұсынысы бойынша ЖИТС-тің ауыр және кеш сатысымен ауыратын науқасқа комбинирленген оралды контрацептивтерді көрсетіңіз:

  1. +1 санат

  2. 2 санат

  3. 3 санат

  4. 4 санат

  5. 5 санат

101. Әйел 32 жаста. Жедел жәрдем шақырту себебі: «Ентігу». Шағымдары: ауа жетіспеушілік ұстамалары, қиын шығаратын қақырықты жөтел. Ауырғанына 2 күн болды, суықтаумен байланыстырады, анамнезінде ӨСОА(ХОБЛ). Обьективті: есі анық, ортопноэ күйде. Аускультативті өкпеде қатқыл тыныс, өкпенің барлық бөліктерінде ысқырықты, құрғақ сырылдар естіледі. ТЖ-31рет мин, ЖСЖ-120 рет мин, раО2-80 мм.с.б, ра СО2-45мм.с.б. Ауруханаға қандай қалыпта жеткізу қажет:

  1. Тұрған қалпында

  2. Жаяу жүргізіп

  3. Бүйірімен жатқызып

  4. +Бас бөлігін жоғары жатқызып

  5. Бас бөлігін төмен жатқызып

102. Әйелдер кеңес үйіне 25 жастағы әйел жыныс еріндері маңында отырғанда, жүргенде байқалатын ауру сезімі, әлсіздік, дене қызуының 38ОС-қа көтерілуіне шағымданып келді. Сыртқы жыныс мүшелерін қарағанда: жыныс еріндері маңында ісіну, гиперемия және ісік тәрізді құрылым анықталды. Диагноз, іс-әрекетті анықтаңыз:

  1. Кольпит. Антибактериалды ем

  2. Цервицит. Қабынуға қарсы ем

  3. +Бартолинит. Хирургиялық ем

  4. Эндометрит. Антибактериялды ем

  5. Аднексит. Хирургиялық ем

103. Балалар жұқпалы ауруханасына 7 жастағы бала түсті. Клиникалық сиптомдарына сәйкес дәрігер «Менингит» диагнозын қойды. Инфекция көзін анықтаңыз:

  1. Жұқтырылған жануарлар

  2. Жұқтырылған құстар

  3. Жұқтырылған су

  4. Жұтырылған тағамдар

  5. +Жұқтырылған адамдар

104. Сібір жарасы қоздырғышының көзі болып саналады:

  1. Адамдар

  2. +Ірі қара мал

  3. Шошқалар

  4. Иттер

  5. Егеуқұйрықтар

105. ЖМЖ бригадасы 2 айлық нәрестені инфекциялық стационардың қабылдау бөліміне айқын ұстама тәрізді жөтел, талмадан кейін тынысының тарылуымен жеткізді. Анамнезінен: ауруы бір апта шамасында болған. Мұрынның бітелуі, дене температурасының 37,8ОС дейін жоғарылауымен басталып, кейіннен ұстама тәрізді қатты жөтел қосылған. Көкжөтелдің спазматикалық кезеңіндегі ұстама тәрізді жөтелді азайту үшін қандай препаратты тағайындау қажет:



  1. Димедрол

  2. +Диазепам

  3. Фурадонин

  4. Магний сульфаты

  5. Кальций глюконаты

106. Әйелдер кеңесі үйіне 24 жастағы әйел сыртқы жыныс мүшелері маңының ашуына, ауырсынуына, жүргенде, зәр шығарғанда күшейетіндігіне, аздап бөліндіге шағымданып келеді. Қарағанда: сыртқы жыныс мүшелерінің ісінуі, гиперемиясы, майда жаралар анықталған. Жағындыны бактериоскопиялық тексеруде стрептококтар, ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар, лейкоциттер, анықталған. Сіздің диагнозыңыз:

  1. Эндометрит

  2. +Вульвовагинит

  3. Цервицит

  4. Сальпингоофорит

  5. Параметрит

107. 35 жастағы әйел контрацепция түрін таңдау жөнінде кеңес алуға келді. Анамнезінен: тұрмыс құрған, жыныстық қатынасты 18 жасында бастаған, 3 жүктілік болған, босанумен аяқталған. Аяқ көктамырларының варикозды кеңеюі бойынша диспансерлік тіркеуде тұрады. Қолдануға тиімді контрацепция түрін көрсетіңіз:

  1. Ерікті хирургиялық стерилизация

  2. +Тосқауылдық (барьерлік) әдіс

  3. Қосарланған ауыздық контрацевтиттер

  4. Таза прогестинді контрацевтивтер

  5. Жатырішілік зат

108. Базалды температура қалай өлшенеді:

  1. +Таңертең төсектен тұрмастан бұрын

  2. Оянғаннан 3 сағаттан кейін

  3. Күніне 2 рет

  4. Кешке, ұйықтар алдында

  5. Тәуліктің бір уақытында

109. 17 жастаға бойжеткен қыз алғашқы етеккірінің 16 жаста бір көрініп, ары қарай келмей қалғанына шағымданып апасымен гинеколог дәрігерге қаралуға келді. Анамнезінен: балалар инфекциясының барлық түрімен ауырған, тұмаумен жиі ауырады. Сіздің болжамды диагнозыңыз, біріншілік жүргізілетін қосымша тексеру әдісін көрсетіңіз:

  1. Вульвит. Вульвоскопия

  2. +Аменорея. УДТ

  3. Кольпит. Кольпоскопия

  4. Эндометрит Гистероскопия

  5. Дисменорея. Кульдоскопия

110. Патология бөлімшесінде 26 жастағы жүкті әйел жатыр. Диагнозы: Жүктіліктің 9 аптасы. Жүктілік құсуы. Соңғы 2 аптада тәулігіне 20 ретке дейін құсу, тәбеттің болмауына,10 кг салмақ жоғалтуына шағымданады. Объективті: жағдайы ауыр, әйел адинамиялы, сұрақтарға әлсіз жауап береді, терісі мен склерасы сарғайған. АҚҚ 80/50 мм с.б., тамыр соғысы минутына 120 рет. Қан анализінде: билирубин 80 мкмоль/л. Жүргізілген ем тиімсіз. Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Құсуды емдеуді жалғастыру

  2. Ұрықты бұзу операциясы

  3. Антибактериалды препараттармен емді бастау

  4. +Жүктілікті үзу

  5. Емді амбулаториялық жағдайда жалғастыру

111. Босанудың болжамды мерзімін анықтау:

  1. +Соңғы етеккірдің бірінші күнінен 3 ай артқа шегу және 7 күн қосу

  2. Ұрықтың бірінші қимылына 15 апта қосу

  3. Соңғы етеккірдің бірінші күніне 3 ай және 7 күн қосу

  4. Соңғы етеккірдің бірінші күнінен 2 ай артқа шегеріп және 21 күн қосу

  5. Соңғы етеккірдің соңғы күнінен 3 ай артқа шегініп және 7 күн қосу

112. Қайта босанушы әйел 19 сағат босануда болды. Сусыз кезеңі 4 сағатқа созылды. Нәрестенің салмағы 3500 грамм. Нәресте сирек дем алады. Дыбысы жоқ. Жүрек соғысы 96 рет минутына. Бұлшық ет тонусы төмен. Тітіркену реакциясы әлсіз. Тері жамылғысы бозарған. Төбе сүйегінің оң жағында босану ісігі бар. Сіздің диагнозыңыз:

  1. Асфиксияның жеңіл дәрежесі (6 балл). Босану ісігі

  2. Мерзімді босану, асфиксияның орташа дәрежесі (4 балл). Босану ісігі

  3. Асфиксияның ауыр дәрежесі (3 балл). Босану ісігі

  4. +Мерзімді босану, асфиксияның орташа дәрежесі (5 балл). Босану ісігі

  5. Гемолитикалық ауру. Кефалогематома

113. Сазонов – Бартельс топтастыруы бойынша босанудан кейінгі 2-ші кезең ауруларын атаңыз:

  1. Эндометрит

  2. +Метрит

  3. Септицемия

  4. Күшейген тромбофлебит

  5. Септикопиемия

114. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының анықтамасы бойынша мерзімінен бұрын босану – деп айтамыз, егер:

  1. 19-35 апта

  2. 20-36 апта

  3. +22-37 апта

  4. 25-39 апта

  5. 28-40 апта

115. Жүктілік мерзімі жеткен , 29 жасар әйел дене салмағы 3300гр, бойы 53 см ұл баланы жедел босанды. Бала жолдасы өздігінен бөлініп, туылып шықты. Бала жолдасының бүтіндігін тексергенде орта бөлігінен шеттері тегіс емес ойық анықталды. Жатыры тығыз, жыныс жолдарынан қан кету жалғасуда. Сіздің ойыңызша қан кету себебі:

  1. Ұрық жолдасының қосымша бөлігі

  2. Қабығының кешігуі

  3. Жатыр гипотониясы

  4. +Жатырда бала жолдасының бөлігі қалуы

  5. Босану жолдары жұмсақ тіндерінің жарақаты

116. Аталғандардың қайсысы әйел жыныс ағзаларының қабыну ауруларына жатады:

  1. +Кольпит

  2. Жатыр мойны эрозиясы

  3. Эндометриоз

  4. Жатыр миомасы

  5. Жатыр мойны полипі

117. Науқас 29 жаста, отбасын жоспарлау кабинетінде, сенімді контрацепция әдісін қолданғысы келеді. Жүктілікті 3 жылдан кейін жоспарлап жүр. Анамнезінен: етеккір функциясы бұзылған жоқ. Жүктілік -1, босану – 1, Қосымша аурулары: бас сақинасы (мигрень). Зиянды әдеттері жоқ. УДТ-де диаметрі 2 см болатын субсерозды миоматозды түйін анықталды. Қандай контрацепция әдісі науқас үшін қолайлы:

  1. Барьерлік

  2. Күнтізбелік

  3. Қос голландық

  4. Комбинирленген оралды контрацептивтер

  5. +Жатыр ішілік контрацепция

118. 35 жастағы әйел, соңғы 8 айдан бері етеккір мөлшері көп және ауырсынумен, етеккір арасы кезеңінде қанды бөлінділердің келуіне шағымданады. Анемнезінде 2 босану мен 2 медициналық түсік, асқынусыз, соңғысы – бір жыл бұрын болған. Болжамды диагноз:

  1. +Эндометриоз

  2. Жатырлық жүктілік

  3. Жатыр миомасы

  4. Эндометрий полипозы

  5. Жатыр рагы

119. Науқасты қарағаннан кейін болжамды диагноз қойдыңыз: трихомониаз. Аталған ауруға қандай клиникалық белгілер тән:

  1. +Қынаптан шыққан сары көпіршікті бөлінділер

  2. Іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну

  3. Сыртқы жыныс ағзаларының гиперемиясы

  4. Қан жағындыларының болуы

  5. Ірімшік тәрізді бөлінділер

120. Педиатрдың кезекті қабылдауына, анасы 6 айлық баласын алып келді. Объективті қарауда: тері жабындылары таза, терінің тургоры жоғары. Баланың салмағы өлшеу барысында 8300 гр. Болжамды диагноз:

  1. +Паратрофия 1 дәрежесі

  2. Паратрофия 2 дәрежесі

  3. Семіздіктің 1 дәрежесі

  4. Нормотрофия

  5. Семіздіктің 2 дәрежесі

121. Жетіліп туылған баланың орташа дене ұзындығы (см) болады:

  1. 40-42

  2. 43-45

  3. 35-37

  4. +50-52

  5. 60-65

122. Балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 2,5 жастағы бала жеткізілді. Дене қызуы 38,5ОС көтеріліп, тұмаумен ауырғанына 2 күн болған. Қарау кезінде бала мазасыз, үнемі жылайды, дене қызуы 38ОС, тыныс алуы 42 рет минутына, «үрмелі» жөтел пайда болды. Балада стенозды ларинготрахеит анықталды. Сіздің іс әрекетіңіз:

  1. +Шұғыл түрде ауруханаға жатқызу

  2. Антибиотиктермен амбулаторлы емдеу

  3. Муколитиктермен амбулаторлы емдеу

  4. Жөтелге қарсы препараттармен үйде емдеу

  5. Физиотерапиялық ем

123. Жоғары кернеулі электр тоғынан бала жүрегінің қай бөлімі зақымдалуы мүмкін:

  1. Толық атриовентрикулярлы блокада

  2. Жүрек қарыншаларының дірілі

  3. Асистолия

  4. Электромеханикалық диссоциация

  5. +Жүрек қарыншаларының фибриляциясы

124. Баланың 1-ші айында жүйке – психикалық дамуындағы көрсеткіш:

  1. Жаңа туған нәрестелерде рефлекс болады

  2. +Қозғалған затқа назар аудару байқалады

  3. Басын жақсы және ұзақ ұстайды

  4. Қолымен затқа ұмтылады

  5. Тамақтандырғанда бөтелкені ұстайды

125. Қандай жүйке – психикалық даму көрсеткіші 6 айлық балаға тән:

  1. Нық тұрады

  2. Сөздер айтады

  3. +Еңбектейді

  4. Қолына ойыншық ұстайды

  5. Үлкендердің жүрісіне көңіл аударады

126. 72 жастағы әйел адам, ЖЖ бригадасын шақырту себебі: «жағдайының нашарлауы». Шағымдары: жалпы әлсіздік, бас ауруы, тынысының тарылуы. Анамнезінде: 2 дәрежелі ДЭП. ЖИА, АГ, күн сайын антиагреганттарды, фенотиазиндерді, гипотензивті препараттарды қолданады. Қарау кезінде фельдшер науқаста анықтады: санасы бұзылған, тынысы тарылған, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі, құрысу синдромынан кейінгі мидриаз, тахикардия, гиперемия, гипертермия, ішек перистальтикасының төмендеуі. Шұғыл көмекті неден бастау қажет:

  1. Құрысуға қарсы терапия

  2. +Тынысты тұрақтандыру

  3. Инфузионды терапия

  4. Асқазанды жуу

  5. Витаминотерапия

127. Қарттық жастағы паллиативті науқастарға қандай психологиялық ерекшеліктер тән:

  1. Жиі эйфория қалпы

  2. Жоғары қарым-қатынас

  3. Оқуға қабілетінің жоғарылауы

  4. Өткен жылдардағы жағдайларды есте сақтауының төмендеуі

  5. +Жақында болған жағдайларды есте сақтауының төмендеуі

128. Опиатпен уланудағы спецификалық антидот:

  1. Диазенам

  2. Дигоксин

  3. +Налоксон

  4. Дроперидол

  5. Фентоламин

129. Қандай науқасқа тыныш, монотонды, баяу сөйлеу тән:

  1. Катотониялық қозу

  2. Ізге түсу сандырағы

  3. Ұлықтау сандырағы

  4. +Депрессия

  5. Катотоникалық ступор

130. Алкоголизмде ноотроптар қолданылады:

  1. Шұғыл алкогольдік мастану

  2. +Интеллектің төмендеуі, есте сақтау қабілетінің бұзылуы

  3. Астения

  4. Алкогольді параноид

  5. Қызғаныш сандырағы

131. Жарықты қабылдайтын рецепторлар:

  1. Биполярлы клеткалар

  2. +Сауытшалар, таяқшалар

  3. Пигментті эпителий клеткалары

  4. Ганглиозды эпителий клеткалары

  5. Хромотоформдар

132. Негізгі қуыс элементі дегеніміз не?

  1. Төмпешік

  2. Папула

  3. Сулы көпіршік

  4. Түйін

  5. +Везикула

133. Жедел гонореямен ауыратын әйелде болатын басым мәселені көрсетіңіз:

  1. +Зәр шығаруда ауырсыну және ашу

  2. Бедеулік және жүктіліктің соңына дейін жетпеуі

  3. Созылмалы формаға ауысу

  4. Ұрықтың инфицирленуі

  5. Жыныс серіктесінің инфицирленуі

134. Бала емізіп жүрген әйел дәрігерге жүктіліктен сақтанудың табиғи – дәстүрлі әдістерінен кеңес алуға келді. Баласы 2 айлық, емшекпен емізеді. Сіз қандай әдісті ұсынасыз:

  1. Жедел контрацепция

  2. Емшекпен тамақтандыру

  3. Хирургиялық стерилизация

  4. Гормонды контрацепция

  5. +Жатырішілік спираль

135. Сіз жүкті әйелде плацентаның төмен орналасқанын диагностикаладыңыз. Аталған патологияға қандай клиникалық белгілер тән:



  1. Жатырдың тонусы жоғары, ауырады, ассиметриялы

  2. Массивті ұзақ уақытты қан кету

  3. Ұрықтың жүрек соғысы жоқ

  4. +Жатыры жұмсақ, симметриялы, алқызыл қан

  5. Ауырсынулы, симметриялы

136. Белгілер: қарқынды қанды бөлініс, толғақ тәрізді ауырсынулар, жатыр мойнының сыртқы ернеуі ашық, жатыр көлемі жүктілік мерзіміне сәйкес емес, эмбрионның бөліктері біртіндеп бөлінуі болады:

  1. Толық емес түсік

  2. Түсік қаупі

  3. Түсіктің басталуы

  4. +Жүрістегі түсік

  5. Толық түсік

137. 20 жастағы әйел. Жедел жәрдем шақыру себебі «Іш аймағының ауырсынуы». Фельдшер келгеннен кейінгі диагнозы: Жүктілік 28 апта. Жүктіліктің үзілу қаупі. Медициналық көмек көрсетуден кейін профильді ауруханаға жатқызу ұсынылды. Әйел госпитализациядан бас тартты. Жедел жәрдем бригадасы жүкті әйелдің госпитализациядан бас тарту фактысы жайлы бірінші кімге хабарлайды:

  1. Облыстық жедел жәрдем станциясының директорына

  2. Ішкі аудит бойынша директордың орынбасарына

  3. Медициналық білімі бойынша директордың орынбасарына

  4. Подстанцияның басшысына

  5. +Кезекшіліктің аға дәрігеріне

138. 22 жастағы науқас іштің төменгі бөлігі, әсіресе оң жағының ауырсынуына, ауру сезімінің тік ішекке берілуіне шағымданып түсті. Анамнезінде 2 медициналық түсік болған , соңғысы эндометритпен асқынған. Сондай-ақ етеккірі 3 аптаға кешігіп жатыр. Болжамды диагноз:

  1. Жедел аппендицит

  2. Басталған түсік

  3. Эндометриоз

  4. +Жатырдан тыс жүктілік

  5. Эндометрит

139. Жүректің ишемиялық ауруына шалдыққан науқасқа №10 емдік диета тағайындалған. Науқасқа
тамақтануы бойынша кеңесіңіз:

  1. Көмірсуларды шектеу

  2. +Ас тұзы мен жануарлар майын шектеу

  3. Ақуыз бен кальцийге бай өнімдерді шектеу

  4. Өсімдік майын шектеу

140. Шеткі көктамырды катетрлеу кезінде мейірбике 5,0 мл физиологиялық ерітіндіге қанша гепарин қосу керек:

  1. 1000 Б

  2. 2000 Б

  3. +2500 Б

  4. 3500 Б

  5. 5000 Б

141. Пульсоксиметрде қанның оттегімен қанығу деңгейінің қай мөлшері қалыпты болып саналады:

  1. 80-90%

  2. 85-90%

  3. +95-100%

  4. 90-94%

  5. 85-90%

142.1:5000 қатынасының пайыздық концентрациясы:

  1. 0,005

  2. 0,05

  3. +0,02

  4. 0,25

  5. 0,0002

143. Созылмалы ауруларға тән жеке бір адамның ауру белгілерін ,емін,физикалық және психикалық салдары және өмір салтын өзгерту мүмкіндігі - бұл:

  1. +өзін-өзі басқару

  2. диспансеризация

  3. санаторлы ем

  4. стационарлы ем

  5. жұмыс уақытын басқару

144. 17 жасар колледж студенті суық ауа райында коньки тепкен. Көмекке 10 сағаттан кейін жүгінді. Екі беті, қолдары, құлақ қалқандарының ауырсынып, күйдіру сезіміне шағымданады. Қарау барысында бет және қол терісі тығыз, ісінген, қызарған. Құлақ қалқандарында ашық түсті сұйықтықпен толтырылған көпіршіктер бар. Көмек көрсетудің тактикасы:

  1. Қар немесе қолғаптармен ысқылау

  2. Ыстық кофе ішуге беру

  3. +Спиртпен өңдеп стерильді таңғыш салу

  4. Көпіршіктерді ашып, Вишневский жақпамайымен таңғыш салу

  5. Зақымданған жерлерге жылытқышты қою

146. Қабылдау бөлімшесіне жәбірленуші жеткізілді, оң жақ иығының жоғары 1/3 бөлігінде көлемі 2,5*1,4 см болатын кесілген жара бар,оны 4 күн бұрын бейтаныс біреу пышақпен жасады. Шағымдары: оң жақ иығындағы ауру сезімі , жара шеттерінің қызаруы, ісінуі ,кішігірім іріңді бөліністер, қалтырау, дене температурасы 38,4ОС қа көтерілген. Науқасқа көмек көрсету тактикасы қандай:

  1. +Жараны екіншілік хирургиялық өңдеу

  2. Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу

  3. Бірінішілік тігіс салу

  4. Бұлшықетке антибиотиктер салу

  5. Антибактериалдық жабынмен таңғыштарды тағайындау

147. 35 жасар ер адам, бақшада жұмыс жасаған кезде қолын жарақаттап алды. Травматологиялық пунктке келді. Сол қолының алақандық беткейін қараған кезде көлемі 5 см болатын терең, кесілген жара анықталды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жараны біріншілік хирургиялық өңдегеннен кейін , науқасқа қандай екпе жасалуы тиіс:

  1. Сіреспеге қарсы вакцина

  2. +Сіреспеге қарсы сарысу

  3. Антирабиялық сарысу

  4. Кенелік энцефалитке қарсы иммуноглобулин

  5. Ботулизмге қарсы сарысу

148. Суицид жасау мақсатымен жас әйел шамамен 50 мл көлемінде сірке суының эссенциясын ішіп алды. Ауыз, тамағында , өңеш бойымен және эпигастрийде кенет ауырсыну сезімі, қан аралас көп реттік құсу болды. Қарауда: тежелген , қатты шөлдеу мен сілекей аққыштық байқалады. Тамыр соғысы әлсіз минутына 120 рет , АҚҚ 90/50 мм.с.б. Алғашқы көмек көрсету түрі:

  1. +көп мөлшерде су ішу

  2. калий перманганатының әлсіз ерітіндісі мен көп мөлшерде су ішу

  3. соданың әлсіз ерітіндісі мен көп мөлшерде су ішу

  4. эссенцияның қалдықтарын шығару үшін құсуды болдыру

  5. эпигастрий аймағына жылытқыш қою

149.Аурухананың травматологиялық пунктіне қаңғыбас ит қауып алған ер адам шағымданып түсті. Қарау барысында сол жақ тобығында кішігірім ,5 тістелген-жыртылған жаралар бар, қан ұйындыларымен толтырылған, пальпация кезінде үлкен емес ісіну және айқын ауырсыну бар. Тәжірибелі медбике хирург жоқ болғандықтан жараның біріншілік өңдеуін жасады, антирабикалық және сіреспеге қарсы сарысуларды енгізіп ,науқасты үйге жіберді. Медбике қандай қателік жіберді:

  1. Тістелген жаралар кезінде сіреспеге қарсы сарысуды енгізбейді

  2. Антирабикалық сарысуды тек келесі күні салу керек еді

  3. Тістелген жаралар кезінде жараның екіншілік өңдеуін жасайды

  4. +Сарысуларды енгізу қатаң түрде тек дәрігердің тағайындауымен ғана жүргізіледі

  5. Тістелген жаралары бар науқастарды госпитализациялау қажет

150.Ер адам құлап аяғын қатты жарақаттап алды. Өз бетінше сумен жуды. Медициналық көмекке 2 күннен кейін жүгінді. Қарау барысында тізе және тобығының алдыңғы бетінде көлемі 10*3 терең емес жара анықталды, шеттері тегіс емес, сәл ісінген, жараның тереңінде топырақ пен құм түйіршектері анықталады. Жарақат алу сәтінен бастап, жараны біріншілік хирургиялық өңдеудің максималды рұқсат етілген мерзімі қандай:



  1. +24 сағатқа дейін

  2. 6 сағатқа дейін

  3. 48 сағатқа дейін

  4. 72 сағатқа дейін

  5. Инфекция белгілері пайда болғанға дейін

151. Қызуды басатын препараттарды қанша уақыт өткен соң қайта қолдануға болады:

  1. 3 сағат

  2. 2 сағат

  3. +4-6 сағат

  4. 3-4 сағат

  5. 1 сағат

157.Ауыз қуысының шырышты қабығына дәрілердің әсер етуін қалай атайды:

  1. Аппликация

  2. +Шаю

  3. Инфузия

  4. Себу

  5. Диффузия

158. Науқас 63 жаста, соңғы айда ішінің ұлғаюына, аяқтарында ісіну және ентігудің пайда болуына шағымданады. Іштегі патологиялық сұйықтықты анықтау үшін төменде көрсетілген әдістердің қайсысын таңдайсыз:

  1. Іштің беткей пальпациясы

  2. Іштің терең пальпациясы

  3. +Іштің перкуссиясы

  4. Ішті қарау

  5. Іштің аускультациясы

159. Науқаста тәуліктік диурез 350 мл болса, аталады

  1. Никтурия

  2. Анурия

  3. Полиурия

  4. Протеинурия

  5. +Олигурия

160. Жүрек қантамырларының ауруы, ентігу белгілері бар науқастарға жартылай отыру қалпын берудің мақсаты қандай:

  1. Емізу кезіндегі ыңғайлылық

  2. +Кіші қан айналым жүйесіндегі қан іркілісін азайту

  3. Ойылудың пайда болу қаупін азайту

  4. Киімін ауыстыру ыңғайлылығы

  5. Асқорыту жолының жұмысын жақсарту

161.Оң қарынша жеткіліксіздігіне тән:

  1. +Мойын веналарының ісінуі

  2. Ортопноэ қалпы

  3. Горзонталды қалыпта болатын жөтел

  4. Қашықтықтан естілетін сырылдар

  5. Өкпенің төменгі бөлімдеріндегі везикулярлы тыныстың әлсіреуі

162. 25 жастағы ер адам электр жарақатын алды. Тексеру кезінде зардап шегуші ессіз күйде. АҚҚ 65/30 мм с.б., жыпылықты аритмия, айқын ентігу. Сіздің алғашқы іс-әрекетіңіз:

  1. + Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу

  2. Ошақ орнына залалсызданған дәке салу

  3. Медициналық ұйымдарға жеткізу

  4. Жасанды тыныс алдыру

  5. Кеуде торына компрессия жасау

163. Науқас 49 жаста ауруханаға бензин бар ыдыстың жарылысы нәтижесінде күйік алып жеткізілді. Қабылдау кезінде науқастың жағдайы ауыр. Денесінде күйіп қалған киімінің тілімдері. Қалтырау, ауру сезімі, шөлдеуге шағымданады. Бет терісі бозарған, тамыр соғысы минутына 130 соққы, АҚҚ 100/70 мм.с.б. Науқас тежелген, дірілдейді. Киімінің қалдықтарын алған кезде денесінің барлық беткейінде, қолдарында көптеген геморрагиялық сұйықтыққа толы көпіршіктер анықталды. Күйік көлемін анықтаңыз:

  1. 0,32

  2. 0,26

  3. +0,36

  4. 0,24

  5. 0,18

164. Науқас 53 жаста, аппендэктомиядан кейін 5-ші тәулікте отадан кейінгі жара аймағында тартылу, ауырсыну сезімдері пайда болды, дене қызуы 38,7ОС дейін көтерілді. Қарау барысында жара шеттері ісінген, пальпацияда ауырсынады. Іші кеппеген, перистальтикасы сақталған. Науқаста қандай асқыну дамыды:

  1. Тігістердің ажырауы

  2. Ішке қан кету

  3. Перитонит

  4. Пилефлебит

  5. +Отадан кейінгі жараның іріңдеуі

165. Әйел 56 жаста, ұзақ уақыт суықта болған. Шағымдары: екі қолдың білезіктен төмен тұсында ауысыну. Қарау кезінде екі қолдың терісі цианозды, ісінген, мөлдір экссудатты көпіршіктер анықталады. Бірінші кезекте істеу керек:

  1. +Жылы стерильді байламды екі білезікке қою

  2. Иммобилизация

  3. Сілті сусынын беру

  4. Жылы орау

  5. Эвакуациялау

166. ЖИТС -ның алдын алудың негізгі бағыттының бірі:

  1. ЖИТС жұқпасы бар адамдарды оқшаулау

  2. Ауа-тамшылы жолмен таралатын аурулардың алдын алу

  3. +ЖИТС туралы толық ақпараттандыру

  4. Вакцинация

  5. Иммунизация

167. 38 жастағы әйел ЖЖ шақырту себебі: "құсу". Анамнезінде: 5-6 сағат ішінде жағдайы нашарлаған, жағдайының нашарлауын бірер күн бұрын қонақта болып, көкөніс, ет өнімдерінен жасалған салаттарды жеумен байланыстырады. Жедел энтералды улануда асқазанды зонд арқылы мөлшерден тыс таза сумен шаю неге әкелуі мүмкін:

  1. Асқазанның қатты кеңейіп, жыртылуына

  2. Гипергидратация, коагулопатия

  3. Гипергидратация, жүрек жеткіліксіздігі

  4. +Гипергидратация, бас миының ісінуі

  5. Гипергидратация, брох ісінуі және обструкциясы

168.Трихомониазға күдіктенген науқаста бөлінділердің сипаты қандай болады:

  1. Қанды, балық иісімен

  2. Іріңді, қышқыл иісімен

  3. Ірімшік тәрізді, жағымсыз иіспен

  4. +Көпіршікті, жағымсыз иіспен

  5. Қанды-іріңді, иісі жоқ

169. Олигоменарея - бұл:

  1. Ұзақ етеккір

  2. Ауырсынулы етеккір

  3. Көп мөлшердегі етеккір

  4. +Сирек және қысқа етеккір

  5. Жиі етеккір

170. 35 жастағы әйел контрацепция түрін таңдау жөнінде кеңес алуға келді. Анамнезінде: тұрмыс құрған, жыныстық қатынасты 18 жастан бастаған, 3 жүктілік болған, үш жүктілікте мерзімінде босанумен аяқталған. Аяқ көктамырларының варикозды кеңеюі бойынша диспансерлік тіркеуде тұрады. Қолдануға тиімдi контрацепция түрін көрсетіңіз:



  1. Хирургиялық стерилизация

  2. +Тосқауылдық әдіс

  3. Қосарланған ауыздық контрацепция

  4. Таза прогестинді контрацепция

  5. Жатыр ішілік спираль

172. Туберкулездің қандай түрі жүктілікті үзу көрсеткіші болып саналады:

  1. +Фиброзды-кавернозды туберкулез

  2. Тері туберкулезі

  3. Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

  4. Туберкулома

  5. Инфильтративті туберкулез

173. Қалыпты жағдайда жатыр мойнының толық ашылуы:

  1. 1-2 см

  2. 3-4см

  3. 6-8 см

  4. 8-10 см

  5. + 10-12 см

175. Антиденелер титрін анықтау үшін қанның теріс резус факторы бар жүкті әйелді тексеруді қандай кезеңде жүргізу қажет екенін көрсетіңіз:

  1. Жүктіліктің 25 аптасына дейін аптасына 1 рет, одан соң 2 аптада 2 рет

  2. +Жүктіліктің 20 аптасына дейін айына 1 рет, одан соң 2 аптада 1 рет

  3. Жүктіліктің 30 аптасына дейін айына 2 рет, одан кейін аптасына 1рет

  4. Жүктіліктің 10 аптасына дейін айына 3 рет, одан соң 2 аптада 2 рет

  5. Жүктіліктің 34 аптасына дейін айына 2 рет, одан соң 2 аптада 1 рет

176. Перинаталды орталыққа ұйқысыздық, басының мандай және шүйде тұсының ауыратынына шағымданып, 35 апталық жүктілік мерзімінде қайта босанушы әйел жеткізілді. Анамнезінде гипертониялық ауруы бар.Тексеру кезінде жалпы ісіну, АҚҚ 170/100 және 180/100 мм с.б., бет бұлшық еттерінің тырысулары басталады. Протеинурия 0,6 г/л. Жүктіліктің қандай асқынуы:

  1. Жеңіл дәрежелі преэклампсия

  2. Орта дәрежелі преэклампсия

  3. Гипертониялық энцефалопатия

  4. Ауыр дәрежелі преэклампсия

  5. +Эклампсия

177. Етеккір кезінде эндометридің қай қабаты сылынып түседі:

  1. Базалды

  2. Екіқабатты

  3. +Функционалды

  4. Бұлшықетті

  5. Серозды

178. Cуретте не көрсетілген:

  1. Жатырды зондттау

  2. +Ректалды-бимануалды зерттеу

  3. Қынаптық айналармен қарау

  4. Бимануалды зерттеу

  5. Қынаптық зерттеу

179. Науқаста гонореялық вульвовагинит бар екеніне күдіктенесіз. Гонореяға тексеруде жағындыны қай кезде алған дұрыс:

  1. Еттеккір кезінде

  2. +Еттеккірден кейін

  3. Кез келген уақытта

  4. Овуляция кезінде

  5. Еттеккірге дейін

180. Қабылдау бөліміне мұрнынан қан кеткен 7 жасар бала жеткізілді.Анасының айтуынша баласы бұрын ауруханада Верльгоф ауруына байланысты емделген. Обьективті тексеруде: терісінде қанталаулары бар, бауыры үлкейген. Медицина қызметкерінің тактикасы:

  1. ЛОР дәрігеріне жолдау

  2. +Гематология бөліміне жатқызу

  3. Бұлшық етке 1 мл викасол ерітіндісін салып, үйіне қайтару

  4. Мұрын қуысына 3% сутегінің асқын тотығына салынған турунда қою

  5. Инфекциялық бөлімшеге жолданады

181. 2 айға дейінгі балаларда жиі тыныстың шектік көрсеткішін анықтаңыз:

  1. +1 минутта 60 немесе одан көп

  2. 1 минутта 50 немесе одан көп

  3. 1 минутта 40 немесе одан көп

  4. 1 минутта 30 немесе одан көп

  5. 1 минутта 20 немесе одан көп

182. 12 айлық бала 9 кг салмақпен 4 күннен бері іші өтуде, дене қызуы 37,5ОС. Жалпы қауіп, жөтел, летаргия, естен тану жағдайы, мазасыздық ,қозғыштық тәрізді белгілері жоқ. Қабағы түсіңкі, сұйықтықты ұсынғанда қомағайланып ішеді.Тері қыртысы 2-3 секунтта орнына келеді. БШАЫЖ бағдарламасы бойынша диарея дәрежесі:

  1. +Сусыздану жоқ

  2. Аздаған сусыздану

  3. Созылмалы диарея

  4. Ауыр сусыздану

  5. Дизентерия

183. Нәресте туылғанына 20 күн болған. Анасының айтуы бойынша таңертең емізгеннен кейін бір рет құсты. 1 сағаттан кейін құсу қайталанғандықтан анасы жедел жәрдем шақырды. Бір рет тырысу болған. Дене температурасы қалыпты. Баланың есі анық. Анамнезінен: бала бірінші жүктіліктен, бірінші босанудан. 38 апта мерзімінде туылған. Жүктілігі асқынусыз өткен, гестоздар болмаған. Инфекциялық аурулармен қатынаста болмаған. 20 күн ішінде ауырмаған.Сіздің әрекетіңіз:

  1. Бақылау және қайтадан шақырту

  2. Антибиотик тағайындау

  3. Емшекпен емізу бойынша кеңес беру

  4. Күтім бойынша ұсыныс жасау

  5. +Шұғыл госпитализациялау

184. Үйдегі іш өтуді емдеудің дұрыс тәртібін көрсетіңіз:

  1. Тамақ көлемін азайту

  2. 6 сағаттық су мен шәйға үзіліс жасау

  3. Сұйықтықты азайту

  4. Баланы тамақтандырмау

  5. +Тамақтандыруды жалғастыру, су беру

185. Науқас 60 жаста , кардиологиялық бөлімшеге жүректің созылмалы жеткіліксіздігімен асқынған ЖИА мен емделуге жатты. Аяқтарының ісінуі, ішінің айтарлықтай үлкейгеніне, жүрек қағуы, әлсіздік, тыныштықта болатын аздаған ентігуге шағымданады. Ентігу көлденең жатқанда күшейе түседі, сондықтан нашар ұйықтайды. Осы мәселе кезінде қандай біріншілік іс- шара мейірбикелік күтіп-қарау жоспарына кіреді:

  1. Науқастың отбасына кеңес беру

  2. Реанимациялық іс-шара өткізу

  3. Асқынулардың алдын-алуды қамтамасыз ету

  4. +Науқасқа ыңғайлы отыру қалпын ұсыну

  5. Науқастың денсаулығын нығайту

186. Жасының ұлғаюына байланысты катарактаны емдеудің маңызды әдісі болып табылады:

  1. Консервативті

  2. +Хирургиялық

  3. Емді қажет етпейді

  4. Сәулелі ем

  5. Физиотерапиялық ем

187. Қарт жастағы науқастың туыстары оның қоршаған адамдарды жек көрушілігін, көңіл күйінің жоқтығын, жиі жабырқау күйде болатындығын және үйреншікті шаруаларына қызығушылығының жоқтығын байқаған.Тексеру нәтижесінде сөйлеу және когнитивті бұзылыстардың жоқтығы анықталды.Науқаста төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін:



  1. Деменция

  2. Циклотимия

  3. +Псевдодеменция

  4. Гендерлі дисфория

  5. Прогерия

188. Паллиативті бөлімде болған 80 жастағы қарт адам 3,5 сағат бұрын қайтыс болды. Денені алып жатқызарда ол жерде болғандар денеден терең дем шыққанын естіген. Бұл жағдайда қандай әрекеттерді жасау керек:

  1. Вена ішіне адреналин енгізу

  2. Реанимация бөліміне телефон шалу

  3. +Ешқандай әрекет жасамау

  4. Жасанды тыныс беруді бастау

  5. Жүрекке жасанды массаж жасау

189. Қандай ауруға үзілген ойлардың болуы тән:

  1. Эпилепсия

  2. +Шизофрения

  3. Неврастения

  4. Невроз

  5. Олигофрения

190. Қалыпты және патологиялық жағдайда дәрілік заттардың психикалық , сонымен қатар физикалық белсенділігін ынталандыратын әсері аталады:

  1. Гипотензивті

  2. +Стимуляторлық

  3. Седативті

  4. Тежегіш

  5. Салдану

191. 56 жастағы әйел ЖЖ бригадасын шақырту себебі «жағдайы нашар». Науқасты қарау кезінде келесі симптомдар анықталды: психомоторлы қозу, мидриаз,аккомодация параличі, тахикардия, сілекей бездері секрециясының азаюы, тері жабындыларының құрғауы. Фельдшер қандай препараттың передозировкасы жөнінде ойлауы қажет:

  1. +Атропин

  2. Прозерин

  3. Галантамин

  4. Пилокарпин

  5. Ацетилхолин

192. Алкоголизмде ноотроптар қолданылады:

  1. Шүғыл алкогольдік мастану

  2. +Интелекттің төмендеуі, есте сақтау қабілетінің бұзылуы

  3. Астения

  4. Алкогольды паранойд

  5. Қызғаныш сандырағы

193. «Шұлық» типті сезімталдық қандай ауруға тән белгі:

  1. + Алкогольдык полиневрит

  2. Алкогольдык делерий

  3. Алкогольды сандырақ

  4. Шизофрения

  5. Наркомания

194. Жүйке ауруларының негізгі симптомдарын атаңыз:

  1. +Агрессия, дабыл, ұйқы бұзылысы

  2. Бас ауруы және АҚҚ төмендеуі

  3. Бас айналу және АҚҚ жоғарылауы

  4. Ұйқышылдық және координацияның бұзылысы

  5. Діріл ұстамалары және құсу

195. Дабыл пердесін керетін бұлшық етті жүйкелендіретін нервті көрсетіңіз:

  1. Бет нерві

  2. Кохлеарлы

  3. Үлкен құлақты

  4. Симпатикалық

  5. +Үшкіл нерв

196. Анестезиологияда ларингоспазмның алдын алу үшін, сілекей мен бронх бездерінің секрециясын тоқтату және асқазан ойық жарасы, бүйрек-бауыр шаншуларында қолданылады. Глаукомада тағайындауға болмайды. Препарат тобын атаңыз:

  1. М-холиномиметиктер

  2. +М-холиноблокаторлар

  3. Холинэстеразаға қарсы дәрілер

  4. Кураре тәрізді заттар

  5. Ганглиоблокаторлар

197. Науқаста көп мөлшерде көзден жас ағу, қышу, көздің қызаруы жусанның гүлдеуі кезінде шілде айында басталды және 2-3 айдан кейін жоғалады. Болжамды диагноз:

  1. +Аллергиялық конъюктивит

  2. Жедел инфекциялық конъюктивит

  3. Созылмалы конъюктивит

  4. Дакроциклит

  5. Гонобленорея

198. Тасымалдау кезінде бинокулярлы таңғыш қолданылады:

  1. Көздің ауруында

  2. Блефаритте

  3. +Көз алмасының енбелі жарақатында

  4. Жедел конъюктивитте

  5. Қасаң қабық эрозиясында

199. Жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың негізгі емделу принципі:

  1. +Міндетті түрде жыныстық серіктестердің екеуін де емдеу

  2. Міндетті түрде стационар жағдайында емдеу

  3. Науқастарды қатаң түрде оқшаулау

  4. Қынаптан күнделікті жағынды алу

  5. Қатаң төсек тәртібі

200. Босанудан кейін 8 күні босанған әйел денсаулығының нашарлағанына шағымданды. Объективті: дене қызуы 39,0С көтерілген, сол жақ сүт безінің көлемі ұлғайған. Пальпацияда қолға ыстық, ауырады. Сіздің диагнозыңыз:

  1. + Жедел мастит

  2. Сүт безі абсцессі

  3. Кистозды мастопатия

  4. Фиброзды-кистозды мастопатия

  5. Гангренозды мастит


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет