Жүрегі оң жағындағы жігіт



Дата06.07.2016
өлшемі23 Kb.
#181358
Жүрегі оң жағындағы жігіт
Айдынды Арал қаласында осы бір ерекше жігіттің тұратынын біреу білсе, біреу білмес.

Ата-анасы дүниеге келген егіз ұлға Ержан, Нұржан деген есім берді. Дәрігерлер сәбилердің денсаулығын тексеру мақсатында жүрегін тыңдаған кезде алғашында Нұржанда ешқандай дыбыс болмаған. Айран асыр қалған ақ халаттылар нәрестенің жүрегін оң жақ тұсынан табады. Мұны естіген ата-анасы қобалжып, болашақта денсаулығы қалай болар екен деп үрейленген де. Алайда мұнысы бекерлік екен. Нұржаны ер жетіп, үлкен азамат болып өсті. Қазір жасы 30-да. Мектеп бітіріп, жоғары білім алып, үйлі-баранды болып отырған жайы бар. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімінде инспектор болып қызмет атқарады. Ұжымдастарына сыйлы, ақжарқын азамат.



Адамның жүрегі оның маңызды органдарының бірі. Қуанышта да, қайғыда да бірінші дір ететін сол жүрек. Нұржанның жүрегі әрқашан тек қуаныштарда ғана атойлап соғып, оны өмір шаттығына бөлей берсін демекпіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет