Ақыл –ой тәрбиесі



бет1/8
Дата13.06.2022
өлшемі362.5 Kb.
#459201
  1   2   3   4   5   6   7   8
Ақыл ой тәрбиесі


Ақыл ой тәрбиесі


МАЗМҰНЫ

Ақыл ой тәрбиесі 5
КІРІСПЕ 7
І . АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 8
1.1 Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері 8
1.2 Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары 10
1.3 Ақыл ой-тәрбиесі және жаңашыл педагогтар қызметінің маңызы 15
ІІ. АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ. 22
2.1 Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі мен дамуы 22
2.2Оқу еңбегінің мәдениетіне тәрбиелеу. 39
ҚОРЫТЫНДЫ 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56

КІРІСПЕ




Зерттеудің өзектілігі: Қазақ ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген халық. Өйткені, біздің қазақ - бала дүниеге келмей жатып-ақ, оның тәрбиесіне әзірлене бастаған. Оның бір мысалы тегі жақсы жермен құдаласып, алдымен екі жастың жан тазалыығына мән берген. Жас келіннің бойына бала бітісімен енесі мен абысыны жерік асын қамдап, ерекше күтімге алып, қамқорлық жасаған. Кейіннен бүкіл ұлттық психологиямызға «атойлап» шабуыл жасаған кешегі кеңестік идеология ұрпақ тәрбиесіне де көптеген өзгерістер енгізіп, таза қазақи тәлім-тәрбиені шұбарлап жіберді. Соның салдарынан өзгеше ойлайтын жан дүниесі, мінезі басқаша балалар көбейіп, жұртымыздың рухани азғындау көріністері жиі байқала бастады.


Зерттеудің міндеттері:
- Оқушыларды тәрбиелеуде ақыл-ойын дамыту;
- Қазіргі жастардың тәрбиесінің мазмұнын, көлемін және оның жүйесін қатысымдық әрекет негізінде белгілеу;
- Мектеп жасындағы балалардың оқу тәрбиесінің әдістемесін жасау.


Зерттеудің теориялық мәні: Мектептерде білім білік дағдылары, тестілеу тәсілі арқылы жүйелі есепке алынып отырса, онда балалардың білім, білік жағдысы артады. Осыған байланысты қағидалар мен тұжырымдар халықтық педагогиканы оқыту әдістемесі мен педагогика ғылымдарын теориялық тұрғыдан толықтырады.
Зерттеудің практикалық мәні: Осы жұмыста ұсынылып отырған балалардың білім, білік дағдысын қалыптастыру әдістемесі орта мектептерде мұғалімдерге көмекші құрал бола алады.
Қазір халқымызда орта мектепті әрең бітіретін, зерделері таяз медицина тілімен «дебил» деп айдар тағылған балалар тым көбейіп кетті. Бұрынғыдай ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын зерек ұрпақ мүлде азайып барады. Оның бірден бір себебі - арақ ішіп, шылым шегіп, апиын атудың нәтижесінде уланған ұрықтан екендігін ғылым баяғыда-ақ дәлелдеген.
Олай болса қоғамдық мәні аса зор бала тәрбиесінің алтын қазығы болып саналатын халық педагогикасының ғылыми негіздері мен жүйелерін анықтап алмаса болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет