Мазмұны:
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Сүтті ветеринариялық-санитариялық сараптау.
Ауру мал сүтін ветеринариялық-санитариялық сараптау.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
I.Кіріспе.
Тазалығы. Сүттің тазалығы жалпы бактериялармен ластануына, тығыздылығығына және Е.соlі бактериясымен ластануына байланысты болады. Тазалығына байланысты үш топқа бөлінеді:
І топ - сүт таза;
ІІ топ - сүтте аздаған механикалық қоспалар бар;
ІІІ топ - сүтте әртүрлі көлемі бар, біршама механикалық қоспалары болады.
Жалпы бактерияларымен ластануы. Сүт жалпы бактерияларымен ластануы байланысты4 классқа бөлінеді:
І класс - өте жақсы сүт, 1 мл сүтте 500 дейін бактерия бар;
ІІ класс - қанағаттанарлық сүт. 1 мл сүтте 500 - 4 млн. бактерия бар;
ІІІ класс- нашар сүт. 1 мл сүтте 4-20 млн. бактерия бар;
ІV класс - өте нашар сүт . 1 мл сүтте 20 млн көп бактерия болады.
Шартты түрде сүт бактериялары 3 топқа бөлінеді:
Сүт алынғаннан сақталғанына дейін бактериялар 4 өсу фазасынан өтеді:
Бактерицидтік фаза (24-48 сағат).
Аралас микрофлоралардың дамуы. Бактерицидтік фазадан қалған барлық бактериялар дамиды. Бұл кезде сүттің қышқылдылығы артады, ал басқа өзгерістер байқалмайды.
Сүт қышқылы бактерияларының дамуы. Бұл кезеңде сүттің өзіндік тазаруы басталады. Басқа бактериялар өліп, тек сүт қышқылы бактериялары дамиды. Сүттің қышқылдылығы жоғарылайды, тығыздылығы, иісі, дәмі, консистенциясы өзгереді.
Қышқылды бактериялардың дамуы.
Коли титр. Сүттің белгілі бір мөлшерінде ішек таяқшасының болуы. Өндірісте сүт өндіру үрдістерінің бұзылуы, бұзылмауы қадағаланады. Ішек таяқшасы механикалық қоспалармен түседі. Ішек таяқшасы Кесслер ортасында анықталады.Коли титр 3 мл 0,3 рұқсат етіледі. Егер 0,3-тен асып кетсе сүтті қайнату керек.
Достарыңызбен бөлісу: |