№
|
Кезеңдер
|
Әрекет алгоритмі
|
|
Жағдайды бағалау
|
Өз қауіпсіздігіңізге көз жеткізіп, өзіңізді және зардап шегушіні қауіпсіздендіру қажет.
|
|
Пациенттің клиникалық өлім жағдайын бағалау
|
Есін бағалау
Зардап шегушіні иығынан сілкіп/шапалақтау, қатты дауыстап: «Сіз мені естисіз бе? Есіміңіз кім?» (есін жимаған)
Тыныс алуды бағалау
«Мен естимін, көремін, сеземін» қағидасы: құлағымызды мұрын-ерін үшбұрышына жақындатып, тыныс алуды тыңдаймыз, ұртында жылуды сезінеміз және кеуде қуысының экскурсиясын бақылаймыз. (тыныс алмайды)
Қанайналымын бағалау
Күретамырдағы пульсті пальпациялау: қалқаншабез шеміршегін пальпациялау және одан екі саусақ төмен кеуде-бұғана-емізік тәрізді бұлшықеттің ішкі шетіне өту. (пульс жоқ)
|
|
Жедел жәрдем шақыру
|
Атаулы адамға көмек шақыруды өтінеміз: «Ақ жейдедегі ер адам, жедел жәрдемнің реанимациялық бригадасын шақырыңыз!»
|
|
Жүрекке жанама массаж жасау
|
1. Зардап шегушіні қатты беткейге жатқызыңыз.
2. Қолды дұрыс қою - кеуденің төменгі үштен біріне.(немесе семсер тәрізді өсіндіден екі саусақ жоғары) Тірек қолы осы аймаққа tenar және hypothenar болатындай етіп саусақтарды«құлып»етіп орнатады. Қолды шынтақ буындарында 90 градусқа бүгіп, пациенттің денесіне перпендикуляр болатындай етіп түзетіңіз.
3. Бірінші компрессия – бұл кеуде қуысының қаттылығын бағалау үшін тексеру. Қозғалыс бүкіл дене салмағымен жасалады.
Компрессия тереңдігі кемінде 5-6 см.
Компрессия жиілігі 1 минут ішінде 100-120.
Компрессия және тыныс алу арақатынасы 30:2.
|
|
Сафардың үш тәсілі
|
A. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру
Зардап шегушінің басын құтқарушыға қарай ( яғни өзіне қарай) абайлап бұру және ауыз қуысында бөгде заттардың болуына тексеру, саусақтарға дәке немесе орамал орап алып, (орта және сұқ) ауыз қуысынан бөгде денені алып тастау қажет. Содан кейін басын бастапқы күйіне бұрыңыз.
В. Басын шалқайту
Оң қолдың алақанын мойынның астына қойыңыз. Сол қолыңызбен маңдайын ұстап, екінші қолыңызбен басын артқа шалқайтыңыз.
С. Аузын ашыңыз және төменгі жақты алға қозғаңыз
Бас бармақтың және сұқ саусақтың көмегімен төмен қарай қозғалта отырып ауыз қуысын ашу. Сұқ саусақтар төменгі жақсүйектің бұрыштарына қойылып, төменгі жақсүйекті төмен ,алға қарай жылжытады.
|
|
Жасанды дем беру.
|
- Қорғаныш маскасын қолдану.
- Зардап шеккен адамның танауын сол қолының саусағымен қысып, оң қолымен иегін ұстап, ауыздан ауызға әдісімен екі рет терең дем беріңіз.
|
|
ЖӨР-дің бір толық кезеңін жүргізу
|
Реанимациялық шаралардың 5 кезеңін жүргізу.
|
|
ЖӨР тиімділігін бағалау
|
Екі минуттық реанимациядан кейін (немесе 5 кезеңнен кейін) реанимациялық шаралардың тиімділігін бақылау:
- күретамырдағы импульсті тексеру (пульс пайда болды),
- тыныс алуды тексеру (тыныс алу қалпына келтірілді),
- есін бағалау
|
|
Зардап шегушіні бүйірімен тұрақты қалыпқа ауыстыру
|
Ол үшін зардап шегушінің бір (оң) қолын бүйіріне қояды, екінші (сол) қолын шынтақ буынында бүгеді, (сол) аяғын сол жағында тізе буынында бүгеді. Бұл жәбірленушінің иығы мен жамбасын 2 иінтірек әдісін қолдана отырып, жәбірленушіні бір бүйіріне аударыңыз.
|
|
Науқастың одан әрі тәсілі
|
Одан әрі қолданылатын тәсілді анықтаңыз (реанимация бөліміне жеткізу, ЖӨР жалғастыру, ЖӨР тоқтату.).
|