Жүректің шартты тұйықтық көлемін анықтау. Жүректің оң жақ шегін анықтау


Патологиялық өзгерістермен байланысты перкуторлық дыбыстың өзгеруінің себептері



бет2/8
Дата30.10.2022
өлшемі359.42 Kb.
#463646
1   2   3   4   5   6   7   8
пропед навыки

Патологиялық өзгерістермен байланысты перкуторлық дыбыстың өзгеруінің себептері :
1. Өкпе бөлігінде немесе сегментте ауа қөлемі азаюы (пневмония) дыбыстың тұйықтануың туғызады.
2. Өкпе бөлігінде ауа толық жойылуы немесе плевра қуысы сұйықтықпен толуы (крупозды пневмония, өкпе ателектазы, экссудативті плеврит) тұйық дыбыс туғызады.
3. Өкпе ауамен шамадан тыс толуы (өкпе эмфиземасы) қорапты дыбыс туғызады.
4. Плевра қуысында ауа жиналуында (пневмоторакс) тимпаникалық (дабыл) дыбыс анықталады.



Дауыс дірілін анықтау.
Сөйлеген кезде дауыс желбезегінің маңында пайда болған дауыс тыныс жолдарымен тарап келіп, кеуденің дірілін тудырады, ол дауыс дірілі деп аталады.
Дауысты немесе дауыс дірілі кеуде қалқанының бетіне өтуін сипау тәсілімен анықтайды. Осы мақсатпен екі қолдың алақандарын науқастың кеуде қалқаны симметриялық аймақтарына орналастырып, науқасты құрамында бірнеше «р» әрпі бар сөздерді қатты айтуын сұраймыз. Дауыс жуан болуы қажет, бұл жағдайда дауыс дірілі кеуде қалқанының бетіне жақсы өтеді. Жоғарғы аймақтарда – дауыс дірілі өтуі жоғары, төменгі аймақтарда – дауыс дірілі өтуі төмен.



Патологиялық жағдайда дауыс дірілінің күшеюі:
1. Өкпе тығызданғанда (тығыз ткань дауысты жақсы өткізеді)
А) Пневмония.
Б) Пневмосклероз.
2. Өкпеде бронхпен байланысы бар қуыс пайда болғанда
А) Абсцесс.
Б) Каверна
Дауыс дірілінің әлсіреуі:
1. Бронхтың жартылай бітелуінде. Себебі: дыбыс нашар өтеді.
2. Кеуде қабырғасы мен өкпенің арасында дауысты дұрыс өткізбейтін орта пайда болуына байланысты:
а) гемоторакс
б) пневмоторакс
в) плевра беттері қалыңдауы.
Дауыс дірілі болмауы мына жағдайларда кездеседі:
1. Әлсіреген, жүдеу адамдарда дауыстың әлсіздігімен байланысты.
2. Плевра қуысында көп мөлшерде сұйықтық жиналуында.


3. Іштің беткей және терең пальпациясы
Іш пальпациясы- құрсақ қуысындағы мүшелерді зерттеудің ақпаратты физикалық әдісі. Оның 2 түрін ажыратады:

- Іштің беткей бағдар пальпациясы
- В. П. Образцов және Н. Д. Стражеско бойынша терең сырғымалы пальпация.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет