Мектепішілік ата-аналар жиналысы
«Үйрен жақсы әдептен...»
Күн тәртібінде:
«2023-2024 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша оқушылардың білім сапасы» директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Мамираймова
«Оқушылардың мектепшілік үйірмелерге қамтылуы».Хабарламашы қосымша білім беру педагогы Н.Жұмантаев
«Вейпсіз әлем», «Құмар ойындары». Хабарламашы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Түкібаев
Әр түрлі мәселелер
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасар Н. Мамираймова сөз алды. Жалпы сыныпардың жарты жылдық білім сапасын айтып өтті. ІІ тоқсанда білім сапасы 5%-10% аралығында жоғарылағанын, мектеп бойынша білім сапасы 56%-ды көрсетіп тұр. Жалпы, баласы мектепке барғаннан бастап әрбір ата-ана мектеппен тығыз қарым-қатынаста болып, «Мектеп – ата-ана – ұстаз» үш тұғырын қолдау қажет. Қанша жұмыс басты болғанымен уақыт тауып аптасына, болмаса айына бір мәрте болса да балаларының сабағына қатысып, оларды тыңдай отырып, жүріс-тұрысын қадағалаған жөн. Оқуға деген ынтасын, жігерін, талабын ұштап, отбасы құндылықтарымен қоса бала бойына сіңіре білу қажет. Сонда ғана саналы тәрбиені бойына сіңірген бала сапалы білім алып, қазіргі қоғамға сай өскелең ұрпақ өсіп шығары анық екенін айтып өтті.
Екінші мәселе бойынша қосымша білім беру педагогы Н.Жұмантаев сөз алды.
Мектептегі жалпы оқушылар саны – 2078 / 1917
1-4 сыныптарда Көркем жазу, қозғалмалы ойындар, қызықты математика, шешендік өнер, математика және логика, ұлттық ойындар, математикалық сауаттылық және логикадан үйірме сағаттары берілген
5-9 сыныптарда Жаһандық құзіреттілік, шахмат ойыны ағылшын тілі, экология және біз, кәсіпкерлік білім негіздері, тоғызұүмалақ спорттық ойынның әдіс тәсілдері, кәсіптік бағдар, қазақстанның туристік мүмкіндіктері, спорттық ойын волейбол, зайырлық және дінтану негіздері, математикалық сауаттық және логика, физиканың күрделі есептері, Абайтану бойынша үйірме сағттары берілген.
10 - сыныптарда Кәсіпкерлік және бизнес негіздері, далалық оқу жаттығу жиыны, туризм географиясы, кәсіпкерлік және бизнес негіздері, Абайтану, жас лидер сағаттары берілген.
11 сыныптарда - Кәсіпкерлік және бизнес негіздері, Абайтану, жас лидер, елтану, физика және STEM сағаттары берілген. Мектептегі үйірме сабақтарына 66 пайыз оқушыларымыз қатысып, бос уақыттарын тиімді пайдаланып, ал қалған оқушыларымыздың 34 пайызы мектептен тыс мекеме үйірме сабақтарына қатысып бос уақыттарын тиімді пайдалануда.
Үшінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Түкібаев сөз алды. Бүгінде не көп, ойдан құрастырылған, шынайы өмірге түк қатысы жоқ түрлі ойындар көп. Біреудің пайда табуы үшін ойдан шығарылған мұндай ойындар мән-мағынасыз болса да адамды өзіне елітіп әкететін қауқары бар. Айталық, карта ойындарының компьютердегі баламасы, рулеткалар, ойын автоматтары – бәрі де ойын казиносының компьютерлік нұсқалары. Осы ойындарға тәуелді болудың жолдары бір-біріне өте ұқсас, сондықтан қайсысы болсын қауіпті дейді психологтер. Психологтердің пікірінше, ойынқұмарлық отбасындағы осал тәрбиеден бастау алады. Тіпті балалардың кішкентайынан компьютерге телміріп, ойынқұмар болып өсуіне ата-ана тәрбиесінің де әсері көп көрінеді. Белгілі психолог Лимана Қойшиеваның айтуынша, құмар ойынға тәуелді болудың алғышарты көп: мейірім мен қамқорлықтың жетіспеушілігі, отбасындағы қарым-қатынастың күрделілігі, қатыгездікпен астасқан әсіреталапшылдық пен астамшылдық, т.т. «Психолог ретінде ойынға байланған, одан шыға алмай жүрген талай баламен әңгімелестік. Сонда лудомандар, яғни құмар ойынға тәуелділер алғашқы ойындарын, ең алдымен, өз үйлерінде көргенін айтады. Көбі ата-анасы немесе олардың достары құмар ойынды қалай құныға ойнағанын бақылаған. Міне, тәуелділіктің бір ұшы үйдегі тәрбиеде дейтініміз сондықтан. Бала өзінің көріп-білгенін қайталайтыны секілді, әке-шешесінің құмарта ойнағаны баланы бейжай қалдырмайтынын аңғарамыз», дейді ол.
Қаулы:
«2023-2024 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша оқушылардың білім сапасы» тақырыбындағы оқылған баяндама назарға алынсын.
1.1. 2-сыныптарға орыс тілі пәнінен қосымша сабақтар қойылсын, жауапты орыс тілі пән мұғалімдеріне жүктелсін.
«Оқушылардың мектепшілік үйірмелерге қамтылуы» туралы хабарлама жасаған қосымша білім беру педагогы Н.Жұмантаевтың хабарламасы қанағаттанарлық деп танылсын.
«Мұз сарайы» әкімшілігімен мектеп арасында келсім-шарт жасалсын.
Вейпсіз әлем», «Құмар ойындары». Хабарламашы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Түкібаевтың хабарламасы қанағаттанрлық деп танылсын.
Ата-аналар жиналысының төрағасы: Аташев Ғ
Хатшы: Оспанова А
Достарыңызбен бөлісу: |