Жүргізу о қулық


Жиынтықталу — әрбір жиналмалы бірлікке жарамды детальдарды таңдау  үдерісі. Жойылатын ақаулық



Pdf көрінісі
бет112/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

Жиынтықталу — әрбір жиналмалы бірлікке жарамды детальдарды таңдау 
үдерісі.
Жойылатын ақаулық — жойылуы техникалық тұрғыдан мүмкін, 
экономикалық тұрғыдан тиімді ақаулық.
Жол жабыны — жол бетінің көлік құралдарынан жүктемені тікелей 
қабылдайтын және жолды атмосфералық факторлардан қорғайтын бір немесе 
көпқабатты үстіңгі бөлігі.
Жол және құрылыс машиналарын қолдану нысаны — коммуникациялары, 
келетін жолдары бар, жеке тұрған ғимарат немесе желілі созылған құрылыс пен 
оны жарақтандыру.
Жол құрылысы — автокөлік жолдарын салу және қайта құрумен, оларды 
реконструкциялаумен айналысатын құрылыс кешенінің саласы.
Жол төсемі  — жолдың жүру бөлігі.
Жоюға келмейтін ақаулық — жойылуы техникалық тұрғыдан мүмкін емес 
және экономикалық тұрғыдан тиімді емес ақаулық.
Жөнделетін детальдарды өңдеу дәлдігі — берілген детальға арналған жөндеу 
құжатымен бекітілген рұқсат етілген шама.
Жөндеу — машинаның жұмысқа қабілеттілігін қолдау, оның құрамдас 
бөліктері мен жиналмалы бірліктерінің қорын қалпына келтіру жөніндегі 
операциялар кешені.
Жөндеуаралық кезең — машина қолданысының басынан бастап бірінші 
күрделі жөндеуге дейінгі немесе күрделі жөндеудің кезекті түрлері арасындағы 
машина жұмысының мотосағаттағы уақыты.
Жөндеуге жарамдылық — машинаның техникалық қызмет көрсету мен 
жөндеу арқылы жұмысқа қабілеттілігін қолдау мен қалпына келтіруге бейімділік 
қасиеті.
Жөндеу кешені — бірдей немесе еселенген қоры (ауыстыру мерізмділігі) бар 


жиналмалы бірліктер тобы.
Жөндеу құжаттамасы — жөндеу өндірісін дайындау, жөндеу жүргізу және 
жөндеуден кейін бұйымды бақылауға арналған құжаттама.
Жұмыс аймағы — еден немесе алаң деңгейінен 2,2 м жоғары кеңістік, онда 
тұрақты немесе уақытша жұмыс жасаушылар орны болады, осында қажетті 
құралдар, жабдықтар, саймандар, материалдар орналастырылады.
Жұмыс беруші — машина меншігінде болатын ұйымның басшысы немесе 
оның уәкілетті тұлғасы немесе машина иесімен келісімшарт арқылы машина 
жөндеуді жүргізетін кәсіпорын басшысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет