МАЗМҰНЫ
І Кіріспе ................................................................................................................4
1.1 Жүзімнің шараптық сорттары ....................................................................7
Жүзім сорттарына қысқаша сипаттама......................................................10
ІІ Негізгі бөлім.9
2.1 Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін жүзім сорттары ......................................13
2.2 Италиялық шараптың сорттары ..................................................................18
2.3 Жүзімнің француз шараптың сорты ............................................................19
2.4 Перспективалық сорттар ..............................................................................28
Қорытынды .........................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .....................................................................35
КІРІСПЕ
Еліміздің халық шаруашылығында жеміс-жидек және жүзім өсімдіктерінің маңызы зор.
Жеміс пен жидек және жүзімде жеңіл сіңімді қант көп. Алма мен алмұртта қант 13—14% дейін, жүзімде 20% дейін болады. Жемісте белок, май өте көп және ол өзінің калориясы жағынан еттен кем түспейді. Витамикдер әсіресе қарақатта, бүлдіргенде, алмада мол болады. Сондықтан да олардың халық шаруашылықтық маңызы да өте үлкен.
Жүзім, бүлдірген, алма, қарақат бағалы және пайдалы азық қана емес, сонымен қатар бұлардың емдік қасиеттері де зор.
Жеміс-жидек тамақ өнеркәсібі үшін өте бағалы шикізат. Тосаптың, джемнің, мармеладтың, пастиланың, конфеттің, компоттың, шырынның және басқа тағамдардың түрлі сорттары жидектен, жемістен және жүзімнен алынады.
Қазіргі уақытта жеке меншік бау-бақшада жеміс пен жидек және жүзім өсірумен Қазаңстанның барлық аудандарында, соның ішінде шөл және шөлейт жерлерде де шұғылдануға болатындығы анықталып отыр. Қазақстанның орталық, және солтүстік облыстарының қолайсыз климат жағдайына қарамастан, мұнда алма, алмұрт, жүзім және жидек дақылдарын өсіруге толық мүмкіншілік бар екенін ғылыми тұрғыда дәлелдейді.
Жеке меншік бау-бақшада жеміс пен жидек және жүзім өсіруде, күтіп-баптауда, өнімін алып, өңдеуде әлі де болса да көптеген біле бермейтін жайттар баршылық. Соның нәтижесінде республикамыздың, әсіресе солтүстік аудандарында жеміс-жидек шаруашылығы нашар дамуда.
Бұл кітапта Қазақстан жағдайында жеке меншік бау-бақшаларда жеміс-жидек өсіретін әуесқойларға арнап, жергілікті табиғи жағдайларды ескере отырып, жеміс-жидек ағаштарының селекциялық сорттарын таңдап алып, өсірудің агротехникасы жөнінде анықтамалық материалдар беріліп отыр. Сонымен бірге алынған өнімдерді өңдеу және сақтау мәселелері де сөз болады.Жүзім ағаштарының бірнеше сорттары мен түрлері бар.
Қазақстанның оңтүстігіндегі бірсыпыра колхоздар мен совхоздарда жүзім шаруашылығы маңызды да табысты салаға айналды. Келешекте Шымкент облысының жеміс-жидек бағының көлемін 100 мың гектарға жеткізу мүмкіндігі бар. Соңғы жылдары жүзімдік көлемі едәуір ұлғайғанына қарамастан, халықтың жүзімге деген қажеті әлі де толық қанағаттандырылмай келеді. Әсіресе оның ерте және кеш пісетін асханалық сорттары аз өсірілуде.
Жүзімнің қазіргі техникалық кейбір сорттары шарап өнеркәсібінің талаптарына, ал қолданылып жүрген агротехника жергілікті табиғат жағдайларына сай емес.
Өткен жылдары сорт таңдау, жүзім көшеперін салу, оны өсіру ісінде орын алған кемшіліктерді жою үшін ғылым мен озат тәжірибенің жетістіктерін дұрыс пайдалана білу керек.
өнімділігі негізге алынуға тиіс. Жүзімдіктің-сапалық жағдайын анықтағаннан кейін шаруашылық үшін тиімсіз түптерді қопару мәселесі шешіледі.
Ескі жүзімдікті қопару мен территорияны игеру кезегі. Ескі жүзімдікті қопару жүйесіз отырғызылған өсімдікті жоғары өнімді жаңа сорттармен жоспарлы түрде ауыстыру арқылы жүзеге асырылуға тиіс. Ол үшін ескі, өнімді жүзімдегі көп шаруашылықтарда түбірлерді қопаруды жекелеген учаскелерде емес, үлкен көлемде жүргізу қажет. Ең алдымен нашар, аз өнімді жүзімдіктер қопарылады, ал өнімі мен сапасы тәуірлеуі одан кейінірек қопарылады. Жеке-жеке бөлініп жатқан учаскелерді біріктіріп, үлкен жүзім алаңына айналдыратын болса, жаңа отырғызылған көшетті күтуге техниканы тиімді пайдалануға болады. Жаңа көшет отырғызу жоспарын немесе жылма-жыл игерілетін территорияның кезегін белгілеуде жүзімдіктің көлемін шаруашылықтың басқа салаларын өркендетуге кедергі келтірмейтіндей етіп белгілеп алған жөн. Экономикасы күшті шаруашылық үшін жүзімдікті қайта құру кезінде игерілетін жер 80—100 гектардан аспағаны жөн.
Сорттарды орналастыру. Көп жылдық зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғанындай, жүзімнің өнімділігіне және оның сапасына экологиялық жағдайлар, өте-мөте беткейлерге орналасуы үлкен әсер етеді. Осыған байланысты сорттарды орналастырғанда олардың өсіп, өнетін биологиялық талаптарын ескеру қажет. Қазақстанның оңтүстігі жағдайында Нимранг, қызғылт Тайфи, Александрий мускаты, тағы басқа да асханалық сорттардың талабы күшті екенін тәжірибе керсетіп жүр. Сондықтан да жүзімдікті орналастырған кезде асханалық сорттарға күн сәулесі мол түсіп, жақсы қыздыратын учаскелерді белген жөн. Таулы аудандарда күшті және десертті шарап жасау үшін өсірілетін техникалық сорттарды оңтүстік және оңтүстік-шығыс беткейлерге, ал асханалық шарап пен шампан шарап материалдарын өндіруге қажетті сорттарды солтүстік және солтүстік-шығыс беткейлерге орналастырған жөн. Сорттардын процектті;, ара қатынасын анықтау кезінде олардың пісу мерзімін ескеру қажет. Бұл шарап заводтарына жүзімді біркелкі жіберіп тұруға, әрі өнімді жинау кезінде жұмысшы күшінің жеткілікті болуын қамтамасыз етеді.
Қазақстанның қалаларының өнеркәсіп орталықтарының халқын жүзіммен қамтамасыз ету жолында Шымкент және Қызылорды облыстарының атқаратын маңызы зор. (1)
Оңтүстіктегі облыстарының табиғат климат жағдай жүзімнен мол өнім алуға зор мүмкіндік туғызады. Кітапта жүзім өсірудің қазіргі жағдайы, одан келешекте мол өнім алу және жүзімдікті отырғызудың күтіп баптаудың жаңа агротехникалық тәсілдері жайында сөз болады. (2)
Кітап жүзім өсіруші шаруашылықтардың мамандары , жалпы жүзім өсірумен әуестенушілер үшін көп жаңалықтар береді. (3)
Жүзімнің қазіргі техникалық кейбір сорттары шарап өнеркәсібінің талаптарына, ал қолданылып жүрген агротехниканы жергілікті табиғат жағдайына сай емес. Өткен жылдары сорт таңдау, жүзім көшеттерн салу мен озат тәжірбенің жетістіктерін дұрыс пайдалана білу керек.(4)
Достарыңызбен бөлісу: |