К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова



Pdf көрінісі
бет6/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
шоғыр

Кəсіпорын аумағы. Жаңа кəсіпорындар салынатын аймақтарды 
тиісті табиғи жарықпен жəне желдетумен қамтамасыз ету қажет. 
Кəсіпорындардың арасындағы ара қашықтық жəне жақын арадағы 
тұрмыстық үйлер, мəдени тұрмыстық жəне емдік ғимараттарды санитарлық 
- қорғайтын аймақ деп атайды. 



Барлық өнеркəсіп кəсіпорындарын, олардың технологиялық 
процесстері мен зиянды, улы заттардың бөлінуіне қарай бес топқа бөлінеді. 
Кəсіпорынның топтық сəйкестігіне байланысты қорғау аймақтары 
орналастырлады, олар мынаған тең: бірінші топ үшін -1000, екіншіге -500, 
үшіншісі үшін -300, төртіншісі үшін -100, бесіншісі үшін -50 м. 
Шаңның, шуылдың жəне басқа да өндірістік зиянды заттардың болуы 
кезінде, шаң ұстайтын қондырғы қолдану қажет, арнайы тазалайтын 
құрылғыларды құрастыру, аймақтарға бөлу жұмыстары қарастырылады. 
Өндірістік жəне тұрмыстық ғимараттарды жазықтықты жоспарлау кезінде 
санитарлық жəне от пен жарылуларға қарсы қажетті талаптарды 
қамтамасыз ету қажет. 
Құрылыс алаңдарының тиісті аумақтары нормаға сəйкес биіктікті 
тігінен жоспарлау кезінде алынады. Өндірістегі аумақта автокөліктер 
жолдары мен адам өтетін жолдар қамтамасыз етілуі қажет. Адамдардың өту 
жəне автокөліктердің ғимараттарға өту жолын қамтамасыз ету, өндіріс 
мақсаттары үшін ғана емес, сонымен қатар өрт сөндірушілерге де немесе 
əртүрлі апаттардың алдын алу шаралары кезінде де қолайлы болуын 
қамтамасыз етеді. Кəсіпорын аумақтарында кем дегенде екі шығатын жол 
болу керек. Қалған барлық алаңдар көгалдандырылған болуы тиіс. 
1.2. Жұмыс орнының микроклиматы 
Өндірістік бөлмелердің микроклиматы – бұл солардың ішкі 
ортасындағы метеорологиялық жағдайлары, олар адамға əсер ететін 
температураның, ылғалдың, ауа қозғалысы жылдамдығының, сондай-ақ 
технологиялық жабдықты, құрылымды қоршайтын бетті жəне жылулық 
сəулелену 
температурасының 
байланыстарымен 
анықталады. 
Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер: температура, салыстырмалы 
ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы жəне жылулық сəулеленудің 
қарқындылығы болып табылады. Микроклиматты жұмысшылардың тұрақты 
немесе уақытша болатын орындар деңгейінде 2 м дейінгі биіктіктегі кеңістікті 
білдіретін жұмыс аумағында бағалайды. 
Оңтайлы 
микроклиматтық 
жағдайлар – бұл 
микроклимат 
параметрлерінің байланысуы, ол адамға ұзақ жүйелі əсер еткен кезде жылуды 
реттейтін механизмсіз адам ағзасының қалыпты жылулық күйін сақтауды 
қамтамасыз етеді. 
Ауа температурасы – көңіл күйге жəне еңбектің нəтижесіне елеулі əсер 
етеді. Төмен температура ағзаны суытады жəне тұмаурату ауруларының пайда 
болуына əкеледі. Жоғары температурада ағза асқын жылиды да терлейді жəне 
жұмыс қабілеттілігін төмендетеді. Нəтижесінде жұмысшының назары 
жоғалады да, жазатайым оқиғалардың себебі болуы жəне өндірістік 
зақымдануларға əкелуі мүмкін. 
Ауаның жоғары ылғалдылығы өкпедегі жəне тері бетіндегі ылғалдың 
шығуын қиындатады жəне ағзаның жылу айналымын бұзады, соның 
салдарынан адамның көңіл-күйі нашарлайды да жұмыс қабілеттілігі 



төмендейді. Салыстырмалы ылғалдың төмендеуінде (20% төмен) адамның 
жоғарғы тыныс жолдарының бітелуі пайда болады. 
Ауа қозғалысының жылдамдығы жұмыс аумағында микроклиматты 
құруда маңызды роль атқарады. Адам ауа қозғалысын 0,15м/с 
жылдамдығында 
сезеді, 
сонымен 
ауа 
ағымының 
əрекеті 
оның 
температурасына байланысты. 360
0
С кем температурадағы ағын адамды 
сергетеді, ал 400
0
С жоғары температурада жайсыз сезінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет