К Ә сіптіко қ ытуж ә н е е ң б е к әок 08 АҚпараттылық ЖӘне компьютерлік технологиямен оқыту



бет1/15
Дата25.02.2016
өлшемі1.8 Mb.
#19989
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институттының Хабаршасы. №3(3) 2008







К Ә С І П Т І К О Қ Ы Т У Ж Ә Н Е Е Ң Б Е К
ӘОК 8. 08

АҚПАРАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК

ТЕХНОЛОГИЯМЕН ОҚЫТУ
Абдурахманова Г. А. оқытушы,

Оразамбетова Н.Б. (Алматы қ., Қазмемқызпи)

Ақпараттылық технология терминін алғаш рет В. М. Глушков енгізді. Ол ақпаратты өңдеу (қайта өңдеу) процесімен байланысты деп анықтаған. Ал ғалымдардың анықтауы бойынша “Ақпараттық технологияны оқыту” түсінігі былайша түсіндіріледі: оқытуда компьютерді және аудиовизиуалды құралдарды дидактикалық материалдарды, жаңа педагогикалық нәтижелерге жетуге бағыттау; оқыту мерзімін қысқарту, интенсификациялау және оқу тәрбие процесіндегі дердестік; оқыту-танымдық шығармашылығындағы белсенділік және оқушылардың интеллектуалдық даму қабілеттілігі; сонымен қатар пәнді терең түсіну жетістігі және т. б.”

Біздің зерттеуіміздегі оқушыларды оқытуда ақпараттылық технологияны қолдану үшін, біздің ойымызша, “Ақпараттылық технология” және “Ақпараттылық технологияны оқыту” ұғымын мақсатқа сәйкес орынды қолдануымыз керек.

Ақпараттылық және компьютерлік технологияны оқуда және тәрбиеде адам қабілетінің дамуына оның ақыл-ойының, барлық танымдық үрдістердегі негізгі біртұтас құралы болып табылады. С.И.Архангельский әділ түрде былайша белгілеген: Оқытуда автоматтанған техниканы пайдалану “оқушыларды интеллектуалды еңбектен босату емес, ал бұл еңбекті әлдеқайда жоғарғы сатыдағы шығармашылық қызметте ойлауға, автоматталған техникалық құралдарды пайдалану сапасын күшейтуге қолдану”.

Білімділік технологиялары.

Білімділік қызмет ұйымын жүйелі түрде қамту: жалпы мақсаттық және мазмұндық бағыттағы ұйымдасқан құрылым мен түрін, мемлекеттік бағдарламада пайдалану және білім стандарттарында және біртұтас білім стандартының даму стратегиясын қамтып көрсету, жоспарланған жалпы мақсаттар және олардың нәтижелеріне байланысты, негізгі кезеңдер, білім мен тәрбие процесіндегі тәсілдер мен ұйымдастыру түрлері, жоғарғы квалификациядағы мамандарды даярлау бағытында болады.

Педагогикалық технология білім технологиясын іске асыруда әдістерді қамтып көрсетеді. Оқу тәрбие процесінің жалпы ерекшелігін және өзіне тән заңдылығын іске асыру процесін, өзіне әр түрлі арнайы технологияларды – жаңа ақпараттылық технологияларды, электронды, полиграфиялық және т. б. құрайды.

Оқыту технологиялары.

Оқыту технологиялары таңдалған педагогикалық технологияны және анықталған пәнді, оның тақырыбын, сұрағын нақты ұғымға қарай игеру жолын қамтиды.

Соңғы жылдары жаңа технологияның рөлі өмірде әлемдік қауымдастықта өсті: барлық саладағы адам қызметі оның еңбектегі алып фактор ретінде пайдалану интенсификациясы болып табылады. Материалдық базаның дамуында ғана емес, кәзіргі заманға сай технологиялардың деңгейін интеллектуалды қоғамда анықтау үшін, оны жаңа біліммен толықтыру, пайдалану, меңгеру үшін аса қажетті.

Бұлардың барлығы еліміздегі білімнің даму деңгейі және білімді ақпараттау мәселерімен тығыз байланысты. Қазақстан ғалымдарының тұжырымдарындағы ақпараттылық технологияларды жеке аспекті ретінде қолдануды қарастырады: комьютерлік технологияларды оқыту жағдайында танымдық қызметінің белсенділігі ретінде ұсынады (Ж.А. Қараев).

Бүгінгі білім беру жүйесіне белгілі бірнеше ақпараттық технология негізіндегі еңбектерді атап көрсетуге болады. Олардың бағыттары мынадай: жоғарғы оқу орынындағы студенттердің оқу бағдарламасындағы дидактикалық материалдарды енгізу және жасау (Г.Д.Ұрыстаева), ақпараттылық мәдені сұрақтарды қалыптастыру (Д.М.Жусупалиева), кәсіби білімде ақпараттылық технологияны пайдалану (В.В.Егоров, Г.С.Шрайманова, С.М.Ударцева, Г.О.Тажигулова), орта кәсібі педагогикалық білім жүйесінде оқушылар әрекетін зерттеу ақпараттылығы (Р.Ч.Бектурганова). Електрондық оқулықтарда дидактикалық жағдайларды туғызу (Г.К.Нургалиев, А.И.Тажигулова), студеннтерді оқытудағы дидактикалық ақпараттылық технология негіздері, ақпараттылық технологиялары көркемдік-конструкторлық білімдердін, бейімділік дағдыларын сәндік-қолданбалы өнер бойынша қалыптастыру.

Негізгі педагогикалық мақсаттардағы ақпараттылақ технологиялардың ерекшеліктерін құрайтындар: оқушының шығармашылық дамудағы потенциялы, даму қабілеттілігінің қимыл қатынасы, эксперименталды-зерттеу ісіндегі білімділіктерін дамыту. Оқу-тәрбие процесіндегі барлық деңгейдегі сапасын және тиімділігін күшейту: әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру, қазіргі қоғамдағы ақпараттылыққа жағдай жасау (ақпарат және есептеу технологиясы мамандарын дайындау саласында, ақпараттылық технологияларын және т.б. пайдалану құралдарын даярлау). Жоғарғы мектептерде жаңа технологияларды жоғарғы мүмкіншілікте пайдалану, тәрбие міндетінің шешілуі. А.К.Мынбаева атап көрсеткендей, шынайы табиғи әлемдегі және адамзат қатынасында өздігінше үздік шыққан әлемдегі, шынайы әлемді үздіксіз көмек берумен қатар байыту.

Үздік әлемдік күш маңызды бола бастайды, қатынастағы өзгеріс солай болғандықтан, өмірлік маңызы мен мақсатттары үздік әлемге айналады.

Үздік шыққан әлем – бұл ойымыз қиялымыз, кітабымыз, кино және т.б. үздік әлем компьютеріне бірігуі, қосылуы “Педагогтардың үздік шыққан әлемді мойындауы, олардың адамның кәсібі үшін” аса ерекше қажеттілікті анықтау.

Күрделі потенциалды білімді меңгеретің интернеттерді ақпараттылық қорды мәдени және білім хабарлары бағытында тарату – бұл электронды кітапхана, анықтауыштар, үздік мұражайлар т.б. Ғалымдардың мәлімдерінше, мәдени, гуманитарлық ой–өрісін кеңейтуді интернетпен біріктіре, ұштастыру әлдеқайда ұмытылыспен өтуде.

Сөзсіз түрде, интернет кең қөлемдегі артық хабарларды, қосымша әдебиеттердің сапасын педагогикалық ұтымды қолдануды қамтамассыз етеді.

С.И.Архангельский бекіткендей, оқытудың сенімділігін көтеретін белгілі бір, қолайлы, үйлесімді жағын, артық хабарларға енгізу болып табылады. “Артық (ақпараттық) хабарды, есептерді терең ойлап шығаруға, пәнді кең көлемде білуге және оқытылатын пәнді меңгеруді жылдамдатады”.

Негізгі (басты) технология негізі, педагогикалық және ақпараттылық технологиялар интеграциясында негізі қаланды, автоматты оқыту жүйесі (АОЖ). АОЖ – оқу–әдістемелік, ақпараттылық, математикалық және ЭВМ негізінде техниканы функцианалды өзара байланысын жүйелі алуды қамтамассыз ету.

Оқу процессіндегі негізгі және көмекші функция бағытында кең көлемде іске асыру. Оқытудағы бірізділік, өзіндік даму дағдысын қалыптастыру, өздік жұмыстары, өздік зерттеу істері, өзіндік тексеру, өз еңбегінің нәтижелерін қалыптастыру, жауаптылық және жалпы оқыту нәтижесін көтеруге әкеледі.


  • автоматты тексеріс негізінде, ерекше мүмкіншілігі жақсы (тиімді) әдістермен білімін бағалау, оқу процесі барысында, өз пікірінше факторларды болғызбау, ақпараттарды (хабарларды) толық қабылдауға мүмкіндік тұғызады.

  • Психологиялық өсудің жүктемесі және ақылды жағдай бойынша бірізділеу, мүмкіндігінше, білім қызметінде кез-келген оқыту жүйесі жергілікті учаскесін рефлексті басқаруды өзіндік тексеру мүмкіндігі.

  • Электронды қолдауыштың мазмұның өзгерту, маңызды материалдарды шығынсыз және т.б. толықтыру мүмкіндігі.

Жаңа рухани, эстетикалық және тәжірибелік құндылықтардың пайда болуын танымдық эволюция анықтайды. Ақпараттылық әлемді қоғаммен шынайы байланыс сапасын толықтыруды қолдану, потенциалды ұштастыру жүйесін кеңейтеді, тұлға – қоғам жүйесінің дамуын көрсетеді. Бұл жоспарда Ю. А. Левада әлеуметтік ақпаратты көрсету жорығында үлкен құндылық танытқан. Оның анықтауынша, қоғамдағы жеке бастың қабылдау белгілерін 3 түрге бөлуге болады, құрылымдық ақпаратты, іргелілік ақпараты, амалды ақпарат болып бөлінеді.

Құрылымдық ақпарат.

Социализация бастапқы сатыдағы дара (жеке) меңгеруді дәстүрлік қатынас қоғамының көмегімен (отбасындағы жеке-аралық қатынас, шағын топтарда, мектепте) өзіндік ядро құрылымдық жекелігін құрайды; сендіру, орнату, құндылықтан хабары болу, білім ақпаратының қабылданған нақты түрімен байланысы болу, біздің зерттеуімізде институттан тыс қарады.

Отбасындағы тәрбиенің негізгі құралы болып ана тілі саналады. «Ана тілі– дейді К.Д.Ушинский әділ, дәл анықтап - “балаға табиғатты түсіндіреді, оны ешқандай жаратылыс зерттеушісі түсіндіре алмас еді: қоршаған ортадағы адамдардың мінез-құлқын, қоғаммен, ол тұрған ортаны, оның тарихымен және оның талпыныстарын бірде-бір тарихшы, олай таныстырмас еді, халық сенімін халықтық поэзияны бірде-бір эстетик енгізе алмас еді, осындай ойлау ұғымын және пәлсапалық көзқарастарын, бірде-бір философ балаға хабарлап айта алмас еді.” Ж.Ж.Наурызбай дәл белгілеп көрсеткендей, адамдардың негізінен өз халқының мәдениетінен шеттеуі, өз ана тілін білмеуі болып табылады, - деген.

Беріктік (іргелі) ақпарат.

Қоғамда адамды болашақта тұрақтылықты жарыққа шығаратын хабары болуы тиіс, мамандыққа жекелей тарту, ғылымға, өнерге, адамның артықшылығына, арнайы қатынас жолы арқылы және білімді қалыптастыру, жеке тұлғаның мінезіндегі қызығушылығының қаншалықты өзектілігін, ақпараттың осы түрінен қабылданған білім байланысын, біз институттың білімге қатысын қараймыз.

Біздің зерттеуімізде, этнокөркемдік білім, жоғарғы оқу орнының арнайы тәртібінің мазмұнының жаңаруымен іске асады, мысалы: тарих өнері сияқты, сәндік қолданбалы өнер, этнопедагогика, дизайн негізі, сонымен қатар өзі өтетін қалаған пәнін алуға болады. Біздің зерттеуімізде тәртіп сапасы, жартылай таңдау арнайы курсы «Қазақстанның ою өнері жаңа технология әдісімен» және арнайы семинар алынған. Этнокөркемдік білім негізінде студенттердің ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктері жоғары.

Амалды ақпарат.

Амалды ақпарат - әр тұлғаның моральдық этикалық, құқықтық, идеологиялық және бүгінгі қоғамдағы басқа да ережелері: бұндай ақпараттық таратушы ерекше канал болып массалық қатынас жолы саналады.

Берілген ақпарат түрі педагогикада салыстырмалы түрде жаңа пайда болу көзқарасы «медиа білім» деп аталады. ”Медиа білім” ұғымының бірнеше түсінігі бар. Атап айтқанда, педагогикаға бағыт, массалық қатынас заңдылығын оқытқаны үшін алға басу” (радио, кино, видео және т. б.).

“Ақпарат құралдарды пайдалану дағдысын меңгеру және СМИ – дің тарихтағы дамуы туралы қажетті білімнің құны және қоғамдағы өмірде оның рөлі”, сонымен қатар кәсіби дайындық университеттер мен арнайы колледжде оқыту нәтижесінде оқытылатын мынадай курстарға, компьютерлік білімге, жалпы қатынас саласындағы курстарға, ақпарат мәселесіне арналған.

Қоғамдық пікірді құруда жалпы ақпараттық шешуші рөл атқарады. Солай болғандықтан, олар жалпы аудитория саналады. Мәдениет және қоғамдық келісім министлігі берген ақпарат бойынша қазақстандықтар күнделікті теледидардан 80,1% хабар алады, периодтық басылымнан оқу арқылы 40,6 % хабар алады. Жалпы ақпаратты құралдардан басқа медиа білім құралының өзекті жүйесі интернет болып табылады. Интернетті бүгінгі күні Республика тұрғынының 2,9 % ғана пайдаланады, ғалымдар интернетті жалпы ақпарат құралы деп қарайды.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Баймуханов Б., Караев Ж.А., Тульбасова Б. Дидактические особенности использования информационных технологий обучения. Высшая школа Казахстана, № 6, 2000.

  2. Шкутина Л. А. Интеграция педагогических и информационных технологий в профессиональном образовании. Киров: ВГПУ, 2001.

  3. Архангельский С. И. Лекции по научной организации учебного процесса в высшей школе. М, ”Высшая школа” 1976.

  4. Федотова Л.Н. Массовая информация стратегия производства и тактика потребления. М, МГУ, 1996.

  5. Наурызбай Ж. Ж. Этнокультурное образование. Алматы: Ғылым 1997.

  6. Cолодовиченко Л. Н. Дидактические основы композиционного компьютерно – графического моделирования в подготовке студентов. Караганда, 2001.

  7. Бөлеев Қ. Болашақ мүғалімдерді ұлттық тәрбиеге дайындау. Алматы., 2000.


ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада ақпарат құралдарды пайдалану дағдысын меңгеру және СМИ – дің тарихтағы дамуы туралы қажетті білімнің құны және қоғамдағы өмірде оның рөлі қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается компьютерная грамотность как повседневный инструмент информационных знаний.

ӘОК 371. 035.3



ЖАҢАШЫЛ ЖАС ҰРПАҚҚА ЭСТЕТИКАЛЫҚ

ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МӘНІ

Ақылбекова Ш.Д., Орымхан Ж., доцент-

(Алматы қ., Қазмемқызпи)

Қазақстан Республикасы өркениетті елдердің қатарына қосылу үшін, жастарымызға жан - жақты сапалы білім, саналы тәрбие беру керек. Ол үшін біріншіден, бір тұтас білім кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден ұлттың этнопедагогика мен этнопсихологиялық дәстүрлеріне сүйене отырып, жеткіншектер санасына туған халқының мәдениетіне деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай – ақ ұлттық салт – дәстүрді меңгерту, тілі мен әдебиеттің, тарихы мен өнерін қастерлеу тарихи қажеттілік болып отыр.

Ұлттық тәрбие мен өнерінің қалыптастыруымен дамуы сан ғасырлық тарих илегінен өтіп, бүгінгі таңда қоғамымызда өтіп жатқан саяси экономикалық өзгерістерге байланысты, жаңа талаптарға сай оқушыларды қолөнерге, көркем әдебиетке тәрбиелеу, олардың политехникалық ой өрісін жетілдіріп, эстетикалық талғамдарын ұлттық өнерден сусындырып, қалыптастыруға келешектің біздің алдымызға қойып отырған басты міндет. Сондықтан, қазақ халқының көне дәуірден өшпес мұрасы болып, ұрпақтан – ұрпаққа, әкеден – балаға, анадан – қызына сабақтасып, әдет – ғұрпымен, көркемдік жолымен, көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзінің ерекшелігімен таныта білген – қолөнері.

Қазақ халқының қолөнерінің сала – саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі – ою - өрнек өнері.

Олай болса, айтайық деп отырғанымыз өткен өмірімізбен бірге, өшпей мұра болып, материалдық мүліктерімізбен қатарласып, сабақтасып келе жатқан ою - өрнек өнері туралы болмақ. Қазақ ою -өрнегінің мыңдаған ғасыр тарихы бар басы, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 5-3 ғасырлар аралығында Алтай өңірінен Қара теңіз төскейіне дейінгі сайын даланы қоңыстаған түркі халықтарының түп атаулары – байырғы сақ, ғұндар әлем мәдениетінде өнердің өшпес асыл мұраларын, ою -өрнек өнерін қалдырған. Аталмыш өнер кезеңіне академик Әлкей Марғұлан «Аңдабы мәнер» деп ат берген. Есік обасынан, Шығыс Қазақстаннан қазылып алынған «Алтын адам» киімі осы аңдабы мәнерінде жасалынған өрнек.

Міне, қазақ халқының ою - өрнек өнері осылайша түркі жосығымен, ол жосық ежелгі сақтар өнері, зергерлік әшекейлермен тікелей сабақтасып отырады. Біз оюмен ой айтқан елміз дегендей, халқымыз молшылықты дарияға, теңізге, бәйтерекке теңесе, батырды арыстанға, қыран бүркітке теңеді. Сұлуды ай мен күнге, хош иісті гүлге, құралайдың лағына, аққудың көркіне теңеді. Әсемдікті аң құстан, өсімдіктен, табиғаттан іздеді. Сол сұлулықты ою - өрнекке түсіріп, дамытты. Оның нақты айғағын «Алтын адам» киімдеріндегі, алтын ою - өрнек әшекейлерінен Қарғалы обасынан табылған диодемадан т.б. Қазақстан жерлеріндегі обалардан кездестіруге болады.

Әрине, қазақ халқының ою - өрнек өнері күні бүгінге дейін жан – жақты толығымен зерттеле қойған жоқ. Дегенмен, бұл өнер саласының белгілі бір дәрежеде жүйеленуіне бірқатар ғалымдар мен өнертанушылар, тарихшылар мен этногрофтар атсалысқанын да атап өткеніміз орынды болмақ. Яғни Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, М.Мұқанов. Ә.Тәжімұратов, Ө.Жәнібеков, т.б.

Ою - өрнек өнерін әлі де ғылыми тұрғыдан терең зерттеу қажет. Өйткені ою - өрнек өнері осы уақытқа дейін белгілі бір жүйеге келтірілген жоқ. Өрнектің семантикасы, даму тарихы, жасалу әдістері, қай ою қандай бұйымға қолданылады, т.б. көптеген сұрақтар өз жауабын күтуде.

Ою - өрнектің өркендеуіне ата – бабаларымыздың сезімдік – талғампаздық дүниесі, қоршаған табиғат аясы, өскен ұясы, туған жердің қасиетті топырағы мен шикізат байлықтары да қатты ықпал етті.

Қазақ халқы ою - өрнек өнерінің ерекшеліктерін балаларына үйретуде ауыз әдебиеті шығармашылығын кеңінен пайдаланды. Мәселен, «Өнердің күші» ертегісінде ақылды қыз Дүрияның ханның баласы Ыдырысқа: «қолынан ешнәрсе келмейді, қолөнерінің бір түрін үйренбесең мен саған куйеуге шықпаймын. Бірде – бір қолөнер, ою - өрнек өнерін үйренбеген адам – ол бақытсыз. Адам қолөнерін меңгергенде ғана асқар шыңға көтеріліп, ағынға қарсы жүзе алады....» - деген екен. Дүрияға үйленгісі келген Ыдырыс бас киім тігу өнерін үйренеді. Кейіннен Дүрия Ыдырысқа бас киімге ою салуды көрсете отырып, әрбір ою белгісі бір әріпті, сөзді білдіретінін түсіндіріп, бұл ою - өрнек өнерінің бір күндерде бәрібір қажет болатынын айтады.

Айтса – айтқандай-ақ, Ыдырыс бірде қарақшылардың қолына түсіп қалып қиналғанда «Мені өлтірмеңдер. Мен сендерге бас киім тігіп беремін. Соны ханшаға апарсаңдар 2 мың ділдә береді», - деп жалынады. Олар көнгеннен соң Ыдырыс қалпақ тігіп, сол қалпаққа «қарақшыларға тап болып қалғанын» оюмен бейнелеп беріп жібереді. Ою - өрнектен не жағдай болғанын түсінген Дүрия Ыдырысты барып өлімнен құтқарып алады.

Міне бұл ертегі арқылы үлкендер балаларына қолөнерінің адам өміріндегі ролін және әрбір ою - өрнектің сөйлей білетінін, яғни әр өрнекте символдық мән жататын ұғындырмақ болған. Демек ою - өрнек өнері тек әшекелеу ғана емес, белгілі бір ойды жеткізу мақсатында қолданылғанын түсіндірген. Ертегінің ең басты идеясы – ою-өрнек өнерінің адам өмірін сақтап қалуға себепші болғанын, жалпы «өнерлі өлмейді» деген түйінді көрсету.

Сондықтан біз мұндай қазақи ертегілерді теледидар бағдарламаларынан көрсетсек, ою-өрнек өнерінің қаншама тәлім тәрбиелік тұстары байқалып отырады. Жан – жануарлар, аң, құсқа байланысты ұғым–түсініктерді ауыз әдебиеті үлгілерінен естіп, тыңдап, біліп жүрген балалар, сол бейнелерді санасына әбден сіңіріп өседі, яғни олар осы ою өрнектерден эстетикалық әсер алып қана қоймай, бейнеленген ұғымдарға дұрыс көзқарасы қалыптасады.

Сондықтан ою өрнекті жастайынан білуі керек, яғни ол отбасынан басталып, бала бақшада жалғастырылып, мектепте оқытылуы тиіс. Өйткені ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік әр саладан хабары бар, шебер болады.

Қазақ халқы жер, су, өсімдіктерге қатысты да қаситті ұғымдарды ою-өнек өнерінде бейнелеу арқылы балаларының суды ластамауын, шөпті жұлмауын, талды сыңдырмауын т.с.с. тәртіптілікті талап еткен. Күнделікті өмірде тұрмыстық заттарға қатысты ою - өрнектер ең мәнді қастерлі ұғымдарды көрсететін заттардың бейнесі. Олай болса, балалар күнделікті өмірде көріп жүрген заттарының бейнесін ата- бабасының қолымен жасалынған бұйымдардан көріп, оның әсемдігіне бір тамсанса оның өзі екінші бір затты сәндеп тұрғанына тағы бір сүйсінеді. Ру, ен таңбаларына қатысты ою-өрнектерді үйрену нәтижесінде балалардың тарихқа деген қызығушылығы артып, ақыл ойы дами түседі, адамгершілігі молаяды. Ою-өрнектерді үйрену балалардың іскерлігі, шеберлігі артады. Өйткені бұйымға оюды түсіруден бұрын қай өрнекті бұйымның қай жеріне орналастыруды, қай тұста, қай өрнек әдемі көрінетінін алдын ала ойластыруы тиіс. Мұның өзі қаншама білімдарлықты талап етеді.

Яғни, бүгінгі таңда тәрбиенің негізгі мақсаты «Дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, мәдениетті бойында басқа да қаситтер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» болып табылады.

Қорыта келе, қазақ халқының өткен тұрмыс тіршілігіне көз жүгіртсек, ою - өрнек қалыптаспайтын саланы табу қиын. Ою-өрнек элементтерін біз қазақ халқының үй жиһаздары мен киім кешегіненде, зергерлік бұйымдары мен құрал саймандарынанда, ер тұрман әбезелдері мен қару жарақтарынан да молынан табамыз. Ал бүгінгі таңда тоқтап, қоршаған ортаға көз жүгіртейікші, пәтеріміздің керегелеріне, жатақ орнымызға, тіпті әрі кетпей-ақ еденге төселінетін паластарда қазақ оюларын кездестіреміз бе? Осының бәрінің жоғалуына не себеп болды? Қайтадан қалпына келтіре аламыз ба? Қайтадан қалпына келтіреміз десек, не істеуіміз керек?

Халық аузынан қалған ұшқыр сөз,

Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтіп күн көрер?

Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтіп күн көрер?

Тілі жоқ, өнері жоқ қазақ қайтіп күн көрер?-

дегендей ою-өрнек тек қана отбасында, балабақшада, мектеп қабырғасында қалып кетпеу үшін, күнделікті тұрмысымызға оралу үшін мынадай ойымызды ортаға салғымыз келеді.

Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра бағдарламасы бойынша қамқорлық жасалынып оқушыларға, студент жастарға қол өнер сабағына пайдалануға шағын журналдар шығарылса, қол өнер түрлері мектепте пән ретінде өтсе, жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті сүюіне ықпал жасары анық. Оқушыларға ұлттық нақыштағы киім үлгілері ұсынылса, оқу құралдарының безендірілуіне ою-өрнек кең көлемде ұсынылса, шеберлер даярлайтын арнаулы оқу орындары ашылса, ұлттық қолөнер дамыған болар еді.

Қазіргі өмір талабына сай мектеп оқушыларының формаларына ою салған жөн болар еді деп өзіміздің ойымызды ортаға салып отырмыз. Мысалы, жеңнің ұшына, жағаға т.с.с. қазіргі кеңсе бұйымдарына яғни дәптерлердің беттеріне ою - өрнектерді, қазақтың ұлттық киімдерін көп қолданса, ол Қазақстан Республикамыздың болашақ азаматтарымызды – дәлдікке, есепке, сүйкімділікке, салт-дәстүрге, ақылдылыққа, құштарлыққа, көңіл-күйдің жақсылығына, шабыттыққа, икемділікке баулиды, тәрбиелейді. Балалардың психологиялық процесіне дұрыс ықпал жасайды. Патриоттық сезімді оятады, Отанды сүюге тәрбиелейді.


ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан халқына жолдауы». Егемен Қазақстан 7 ақпан. бейсенбі 2008ж.

  1. Х. Арғынбаев. Қазақ халқының қолөнері. -Алматы 1987ж.

  2. Ш. Байділдаұлы. «Қазақтың ою-өрнектері».

  3. Қ. Әмірғазин. «Қазақ қолөнері». -Алматы 1994ж.

  4. С. Қасиманов. «Қазақ халқының қолөнері». -Алматы 1994ж.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада ою-өрнек өнерін қазіргі бұйымдарға қолдану арқылы оқушыларды ұлттық тәрбиеге тәрбиелеу мәселелері қарастырылған.


РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается роль эстетического воспитания подрастающего поколения через орнаментальные мотивы казахского декоративного искусства.

ӘОК 391.984



КИІМДІ КӨРКЕМДЕП СӘНДЕУГЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Асқарбекова Ғ.И. оқытушы ( Алматы қ., Қазмемқызпи)
Студенттердің шеберлігін машықтандыру бірден келмейді, ол жылдар асып, үнемі жүйелі түрде жинақталған тәжіберлік және ізденіс еңбектің нәтижесінде ғана келетін қабілет. Шеберлігін дамыту еңбектің орта белдегі нәтижесі. Студенттер белгілі бір шеберлікке жету үшін, оның шығармашылық қабілетін дамытып, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс пайда болады, әр іс-әрекетіне қөңіл бөледі. Киімді көркемдеп сәндеуге студенттердің шығармашылық қабілетін жетілдіру жолдары қарастырылады. Шығармашылық еңбек бірнеше кезеңдерге бөлінеді:

  1. Ұйымдастыру шаралары. Тақырып бекіту, жұмыс орнын белгілеу, т.б.

  2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, еңбекті ғылыми негізінде ұйымдастыру.

Зерттеу объектісі: киімді көркемдеп сәндеу туындыларының шығу тарихы мен жасалу технологиясын зерттеу;

Киімді көркемдеп сәндеуге үйретуде студенттің шығармашылық қабілеттерін жетілдіруде төмендегі міндеттер орындалуы керек:

- көркемдеп сәндеуді тәжирибе жүзінде меңгерту;

- сәндеу әдістерін зерттей отырып, оқу-тәрбие үрдісінде оларды тиімді пайдалану;

- киімді сәндеуді оқытудың әдістемесін құру;


  • студенттердің ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы ұлттық санасын қалыптастыру;

  • ұлттық нақышта сәндеудің тәрбиелік маңыздылығын айқындау;

  • қазақ қолөнер түрлерін қолдану арқылы ата мұраны қалыптастыру, мәдени дамуымызға үлес қосу;

  • ұлттық өнертануға баулу;

  • өз шығармашылық еңбегін жүйелеу мен оны белсенді түрде тұрақты жүргізу;

  • жұмыс барысында әдістемелік ғылыми іс-шаралар ұйымдастырып есеп беру;

  • шығармашылық еңбекке талдау жасау;

  • дайындалған туындыларын көрме арқылы көрсету;

  • педагогикалық ізденіспен еңбек ету;

Біз студенттердің талаптарының шыңдай түсуін, шығармашылықтарын көрсете білуіне және оны жетілдіре меңгеруіне бағыт береміз. Ол үшін оқытушылар студенттерге табиғи нышандарының оянуына, оның ақиқатқа айналуына көмектесуі қажет. Студенттердің шығармашылығын оны шыңдайтын және ойы оқшау азамат етуге ықпалы мол әдістер жүйесі деп таныған жөн. Студенттерді оқыту үрдісінде ғылым мен еңбекті өнермен ұштастырып, олардың ой-өрісін жан-жақты дамыта отырып, тиянақты ғылыми негізінде білім беру.

Студенттерді киімді көркемдеп сәндеуге тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері.



  • студенттердің еңбекке қабілеттілігін дамытып жетілдіру;

  • еңбекке машықтандыру арқылы іске икемділігін, іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру;

  • еңбекті табысты шығармашылықпен орындауға, ерікті түрде еңбек етуге үйрету, еңбекке қызығуын арттыру;

  • өзін-өзі тану қабілетін жетілдіру және оған ықпал жасау:

  • ұлттық санасын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу;

  • білім мен тәжірибе негізінде еңбекті сапалы, өнімді етіп жасауға және кәсіби еңбек түрі өнертануға баулу;

  • еңбегін ынталандыру және насихаттау;

  • бақылау жасау.

Шығармашылық еңбектің маңызды мәселелерін шешу мақсатында мына әдістемелерді қолдану:

  • оқыту мен тәрбиелеу үрдісін жүйелеу;

  • еңбекті мақсатына жетуге бейімдеу;

  • педагогикалық ізденіс;

  • ғылыми-зерттеу жұмыстары және зерттеу жұмыстарының ұстанымдары;

- зертханалық әдістер, зертхана жұмыстары,

- диагностика,

- талдау.

Студенттерді еңбекке оқытудың негізгі идеясы-теориясы мен тәжірибенің байланысы және ғылыми тұжырым.

Студенттерді еңбекке тәрбиелеу және оқытудағы ең негізгісі - толық білім алуына ықпал жасау. Студенттерді еңбекке оқыту үрдісінде ғылым мен еңбекті өнермен ұштастырып, баланың ой-өрісін жан-жақты дамыта отырып, тиянақты ғылыми негізінде білім беру.

Студенттерді еңбекке оқыту үрдісінде қол еңбекке баулумен ғана шектелмей, қол еңбектің нәтижесінде шыққан қолөнер туындысына ғылыми талдау жасау:

- заттың жасалу технологиясы;

- технологиялық карта;

- шикізат материалдары, техникалық, физико-биологиялық қасиеттерін тану;

- құрал-жабдықтар, станоктар, олармен жұмыс жасау әдіс-тәсілдері,

- теория негізінде алған білімдерін іс-жүзінде тәжірибеге еңгізу;

- шеберлік дағдыны қалыптастыру;

- заттың құндылығы мен маңыздылығы;

- халықтың тұрмыстық қажеттілігінде атқаратын қызметі және ролі;

- экономика және бизнес, кәсіби еңбек.

Бұл үш әдіс: теория, тәжірибе және ғылыми тұжырым оқытудың белсенділігін арттырады және студенттердің толық білім алуына септтігін тигізеді.

Студенттердің бойындағы дарындылық қасиеттің даму үрдістері:

- қолөнерге қызығуы пайда болады;

- іске машықтану арқылы икем мен бейімділігі қалыптасады;

- даму үрдесінде шығармашылық қабілеті артады;

- өз қиялы идеясы қалыптасады;

- шығармашылық ізденесі жетіледі;

- өзіндік еңбек ету қабілеті ашылады;

- шеберлік, іскерлік дағдысы қалыптасады;

- кәсібі шеберлік өседі.

Студенттер өздеріне үлкен рухани азық алып, шыңдалып, одан әрі дамытуға күш-қуат алады. Туындысын дүниеге әкелген соң, оның екінші қабілеті өзінен-өзі ашылады. Ол қабілет — шабыт. Көптеген өнер туындылары осы шабыт үстінде дүниеге келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет