Жеке даралық әлеуметтік мәдени әлем – нақты баланың әлеуметтік дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктерін және жеке басына тән өзіндік ерекшелігін анықтайды. Оның көмегімен баланың әлеуметтену деңгейінің сәйкесуін немесе сәйкеспеуін, алға жылжығанын немесе кері кеткенін бағалауға болады. Әр бала даралығымен ерекшеленеді, сонымен бірге жасына лайық, әлеуметтенуінің дамуы мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты типтік әлеуметтік мәдени әлемге сай келеді.
Баланың әлеуметтік мәдениетінің негізі әлеуметтік педагогикалық сапасының сипаттары:
- айналадағы ортаны қабылдау, оған жауап беру;
- сөйлеу;
- жан дүниесі және көңіл-күйі;
- өзінше көрінуі (тұлғалық Менінің көрінуі), айналаға қатынасы, өзара қатынасы;
- тәртібі, іс-қимылы, әрекеті .
Айналадағы ортаны қабылдау және оған жауап беру. Айналаны қабылдау баланың жасына лайық өзгереді. Ол оның дамуына, әлеуметтенуіне және әлеуметтік толысуына байланысты болады. Баланың психикалық дамуы оның зияттық және әлеуметтік өзгерісіне себепші болады, өз кезегінде, оның психикасының дамуына әсер етеді. Балалардың әр жас кезеңіндегі психикалық дамуын, жас ерекшелік психологиясы зерттейді.
Сөйлеу. Балалар сөйлеуге табиғи түрде бейім келеді. Бұл әлеуметтенудің бір қыры. Белгілі психолог А.Р.Лурия (1902-1977) былай дейді: «егіздер сөйлеудің «өзіндік» тілін қалыптастыруға қабілетті, олар бір-бірімен өздерінше қатынас орнатып, бірін-бірі түсінеді».
К.Д.Ушинский ана тілінің білімдік маңызын атап көрсеткен. Бала ана тілін игеру арқылы, тек жеке сөздерді ғана емес, оларды байланыстырады және өзгертеді, көптеген шексіз түсініктерді, заттарға деген көзқарастарды, көптеген ойларды, сезімдерді, көркем бейнелерді, қисынды және тілдің философиясын жеңіл және жылдам 2-3 жасында игереді,онан кейінгі кезеңде оның жартысын 20 жылда мұқият оқыту әдістемесімен ғана меңгере алмайды.
Сөйлеу табиғатында әлеуметтік саналады: баланың бойында сөйлеуге деген қажеттілік бар, бірақта оның ашылуы әлеуметтік факторға тәуелді, оның өзіндік ерекшелігі баланың сөйлеуді меңгеру қабілетіне байланысты болады.
Әр тіл көптеген ғасырлар бойы рухани өмірде нәтиже, ол халық ойының органикалық бітімін, сезімін көрсетеді, сондықтанда тілді меңгеру сол халықтың ортасында ғана жақсы меңгеріледі. Ол ортадан тыс үйренген тіл үстірт болады және қажетті дамуға ықпал етпейді.Бірінші күннен ана тілімен танысқан бала, бастамасынан халықтың рухани өмірімен біте қайнасып, қабылдайды. Міне сондықтан да Коменский мен Ушинский тілді үйренуді ана тілінен бастау қажет дейді. Ана тілін жақсы меңгергеннен кейін, оған жағымды ықпалдан соң, шетел тілін үйренуге болады. Шетел тілін орыстардың ортасында игеру оның рухани өмірінің дамуына ана тіліне қарағанда күшті ықпал етпейтінін көрсетеді; оның рухы мен тәніне терең бойламайды, ешқашан тұлға бойына сау, терең тамыр жаймайды және оны жеке тұлға ретінде дамытпайды.
Тілдік орта баланың әлеуметтік мәдени әлемін қалыптастырады. «Кішкентай қария» немесе «кішкентай шал» деген түсініктер бар. Жасы келген адамның тәрбиесінде болған баланы солай атайды. Ол қариядан сөйлеу мәнерін, тілін, оның ой түйінін және т.б. қабылдайды. Бастауыш сынып мұғалімдері өз оқушыларының ата-аналарын олардың іс-әрекетінен, тілінен және басқа да көріністерінен жеңіл ажырата алады.
Баланың жан дүниесі оның ішкі қалпының жеке (субьективтік) эмоцииялық бағасы мен айналасындағы адамдардың оған деген қатынасы арқылы анықталады. Баланың көңіл-күйі оның балалық тұлғасының ерекшеліктерін көрсетеді: ішкі дүниесіндегі жағымды немесе жағымсыз сезімі, өзіне өзгелердің қарым-қатынасы, өзінің өзгелерге қарым-қатынасын бағалауы, олармен әрекеттесу бағытының қауіпсіздігі және олардан қорғануы, оған көмектесу т.с.с. Баланың жан дүниесі өз мәнінде баланың әлеуметтік жағымдылығын немесе жағымсыздығын анықтайды және оның реакциясына, іс-қимыл, әрекеттеріне әсер етеді.
Бала жан дүниесінің әсерленушілігі – бұл оның нақты ортааға білдіретін сезімдік қалпы, жақын адамына, жақсылық пен жамандыққа, шындық пен жалғандыққа қатынасы; әділетсіздікке сезімталдығы. Бұлар көп жағдайда психиканың тұрақтылығын, тепе-теңдігін немесе күйзелісін баланың ашушаңдығы мен түрлі әрекеттерінен байқауға болады. Баланың жан дүниесінің қалпы мен реніші өзара тығыз байланысты және оның өзіндік ерекшеліктерін сипаттайды.
Олар табиғи күйінде бала бойында қорқыныш тудырады, ал ол баланың өзін қорғау ұмтылысын білдіретін реакциясы. Белгілі бір жағдайларда қорқыныш қалыптан тыс ауытқуға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, аяқ астынан болатын ащщы және қатты дыбыс, дауыс; бала психикасына ұзақ уақыт әсер ететін факторлар, оның сезіміне әсер ететін (жиі айтылатын қорқынышты әңгімелер, жас ерекшелігіне лайық емес сиқырлық туралы ертегілер; қараңғылық және жаплғыз қалу). Ата-аналардың әлеуметтік педагогикалық сауатсыздықтары, бала күтімі мен тәрбиесінде жіберетін типтік қателіктері, баланы үрейлендіруі жиі жағдайда қалыптан тыс ауытқуға әкеліп соқтырады, олардың алдын алу және онан арылту шараларын білмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |