К. Н. Қасымов мырзаға Лұқпан Ахмедьяровқа қылмыстық шабуыл жасалуына байланысты



Дата03.07.2016
өлшемі16 Kb.
#174956
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры

А.К. Дауылбаев мырзаға

Қазақстан Республикасының ІІ министрі

К.Н. Қасымов мырзаға


Лұқпан Ахмедьяровқа қылмыстық шабуыл жасалуына байланысты

ҮНДЕУ
Қазақстанның журналистік қауымы Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған қылмыстық қастандыққа байланысты наразылық білдіреді. Сәуірдің 20-на қараған түнде бес қылмыскер журналистке травматикалық қарудан атып, жүрегінің тамырлары және басқа да маңызды мүшелерін зақымдап, сегіз рет пышақтаған. Қылмыстық әрекетті әріптестері тікелей Л.Ахмедьяровтың белсенді кәсіби және азаматтық қызметімен байланыстырады.

Бұл, әрине, журналистке жасалынған қастандықтардық біріншісі емес, алайда зардап жағынан қылмыстық әрекеттердің ішіндегі ең ауыры. 2011 жылдың маусым айында павлодарлық «Городская неделя» газетінің журналисі Александр Барановқа шабуыл жасалынды. Қазан айында Ақтау қаласында «Стан» интернет-порталының журналисі Оркен Бисенов пен операторы Асан Амиловты атқылап, ұрып кеткен. Сол қазан айында Алматыда «Car City» сауда орталығының күзетшілері «Алматы» телеарнасының журналисі Айбану Анарбаева мен операторы Альфараби Гусенцовты соққыға жыққан. Ақпанның 25-нде Шымкентте шығатын «Әділет» газетінің тілшісі Жарқынбек Сейтімбетті үйінен шақырып алып, ұрған.

Журналистердің өмірі мен денсаулығына қарсы жасалынған қылмыстардың көпшілігі ашылмай қалды. Тіпті әрекетшілерді тапқанның өзінде, ешқайсысының ісі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 155 «Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіру» бабы бойынша қарастырылмайды. Еліміздің тәуелсіз жылдарында бұл бап бірде-бір қолданылмаған.
Ақпаратты алу мен сөз бостандығы адамның ажырамайтын құқықтарына жатады. Олар Қазақстанмен ратифицияланған халықаралық құжаттарда және мемлекетіміздің Конституциясында бекітілген. Сол себептен адам құқықтарын жүзеге асыруда кәсіби қызмет ететін журналистер заңның ерекше қорғауында болады. Бұл заң тек декларация күйінде қалмай, шын мәнінде жүзеге асырылуы қажет.

Осыны алға тарта отырып, талап етеміз:

ҚР ішкі істер министрінен – Лұқпан Ахмедьяровқа қастандық жасау жөніндегі істі өз бақылауына алуды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасынан – қылмыстық әрекеттер және зардап шеккендердің кәсіби қызметінің өзара байланысын анықтау мақсатында журналистерге шабуыл жасау бойынша қылмыстық істерді қадағалау тәртібімен зерттеуді.


Қазақстанның журналистер Одағы Басқармасы

С. Матаев


«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының президенті

Т.Калеева


20 сәуiр 2012 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет