Реферат Тақырыбы: Асан қайғы жыраудың өмірі Қуантай Сағыныш дко-11-22 (3)



Дата15.12.2022
өлшемі28.98 Kb.
#467282
түріРеферат
халық ауыз әдебиеті


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі
Академик Е.А.Бөкетоватындағы Қарағанды университеті
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

Реферат
Тақырыбы: Асан қайғы жыраудың өмірі


Қуантай Сағыныш


ДКО-11-22 (3)

Қарағанды 2022


Асан Қайғының есімі қазақ сақарасының қай түкпірінде болмасын мәшһүр. Шежіре қарттардың Асан атын естімегені, оның бірер ауыз нақылын білмейтіні кемде-кем. Асан Қайғының тағы бір ныспысы - Асан Ата, халық оны әулие тұтады, ерекше жаратылған жан деп есептейді. Асан жайындағы әңгімелер халық арасына кеңінен тараған. Тіпті, оған арналған үлкен эпикалык поэмалар да бар.
Алайда Асан бейнесін аңыз мұнары басқан. Оның өмірі жайында бізге жеткен деректер тым аз.
Ел әңгімелері Асанның әкесінің аты - Саятшы Сәбит екен дейді. Қазақ тарихшысы Құрманғали Халитұлының «Тауарих хамса» атты кітабының айтуынша, Асан Қайғы — Шыңғыс ханның замандасы ұлан Майқы бидің алтыншы ұрпағы. Бұл — қазақтың кәдімгі «Түгел сөздің түбі бар, түп атасы Майқы би» деген мақалындағы Майқы, Шыңғыс ханның тарихтан белгілі әскер басыларының бірі.
«Тауарих хамсанын» авторының «Асан Қайғыны кім деп бiлесiз?» деген сауалына Құдабай акын мынадай жауап қайырыпты:
«Асанның асыл түбі ноғай деймін,
Үлкендердің айтуы солай деймін.
Бұл сөзге анық-канық емес едім,
Естігенім, тақсыр-ау, бұлай деймін.
Тегінде ноғай, қазақ түбіміз бір,
Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір.
Орманбет хан ордадан шыққан күнде
Асан Ата қайғырып айтыпты жыр.
Қазақ «Орманбет хан өлгенде, он сан ноғай бүлгенде» деп күй тартады. Халық аңыздарында қазақ-ноғайдың айрылуы Орманбет ханның есімімен байланыстырылады. Тіпті, Орманбет хан өлерінде айтқан екен деген бірер шумақ жыр да бар:
«Таудан аққан бұлақтың
Аяғы тартар теңізге,
Санды айдаған бай болса
Куанбай коймас егізге,
Жақсыдан туған жаманды
Жамандай берме, жарандар,
О да бір тартпай қалмас негізге».
Бұл Орманбетті қазақ шежіресі және кейбір зерттеушілер кәдімгі тарихтан белгілі Ұлұғ-Мұхамед хан деп түсiнедi.
Алтын Орда әміршілерінің бірі Ұлұғ-Мұхамед XV ғасырдың 20-жылдарында Сарайдан қуылып, Витовтты паналаған да, кейінірек Қазанда хандық құрған. Біздің назар аударатынымыз — Асан өмірінің біраз уағы осы Ұлұғ-Мұхамед ханның төңіре гінде өтуі. Асан Қайғының алдымен Сарайда, кейінірек Қазан да ханның оң тізесін басқан ықпалды бектердің бірі болғандығы байқалады.
Бұдан соңғы жерде Асанды қазақ хандығында, Жәнібек ханның маңынан көреміз.

Асанның нақты қай жылы, қай жерде өлгенi белгiсiз. Бiр мәліметтерде Асан Ата қазіргі Өзбекстан жерінде, Жиделі Бай сында дүние салды делінеді. Ендi бiр аңыздарға қарағанда Асан Ұлытаудың басында кайтыпты. Ал Шокан Асанның зираты Ыстықкөлдің маңында тұр деп жазады. Ақынның қанша жаса ғаны да мәлімсіз. Халық аңызында ол көпті көрген көне. Бір аңызда Асан 95 жасқа келген қарт, енді бір аңызда оның жасы 120-да едi делiнедi. Халык әңгiмелерiнде дана, акылгөй адамның қашан да тұғырдан таюға айналған ақсақалды қария етіліп көрсетілетіні мәлім, сондықтан мұндай деректерді нақты деп кабылдай беруге де болмайды. Алайда Асанның шынында да ұзак жасағанын байқаймыз: Жәнібек, Керейлермен бірге Шуға келерден бұрын, Ұлұғ-Мұхамедтің құзырында жүрген кезінің өзінде ол егде тартып қалған адам. Соған қарағанда, Асан Қайғының өмір сүрген дәуірі – XV ғасырдың іші.


Тарихи Асан туралы бiздiң бiлетiнiмiз осымен шектеледі. Алайда тағы бiр Асан бар. Ол - халық қиялы тудырған аңыздар мен әңгімелердің геройы Асан.
Өз заманының ой-санасына әсер еткен, биікте, асқарда тұрған жандар жайындағы жартылай шын, жартылай лакапка құрылған әңгімелер өз кейiпкерiнiң тiрi кезiнде-ақ бой көрсете бастайды. Мұндай әңгімелер уақыт өткен сайын түрленіп, бара соқталы тұлға болса, аңыздар да соғұрлым көп, әрі мазмұнды болуға тиiс.
Асан Қайғы жайындағы толып жатқан аңыздардың нәр алған көзі — тарихи Асанның тірлігі мен кешкен өмірі. Алайда біз білетін, желмая мініп жер кезген данышпан қарттың шын Асан мен ортақ несі бар, тарихи Асан мен аңыз қаһарманы Асанның арасындағы қатыс қаншалық, бұлардың соңғысына қарап алға шқысының кейпiн елестете аламыз ба деген мәселелерді шешу ете киын. Әйткенмен Мұхтар Әуезов айткандай, «аңыз әңгіменің тарихтық адамды бiржола өзіне ұқсамаған кейіпке түсiрiп әкететіні болмайды... Әрбір аңыз әңгіменің негізінде тарихта болған адамның шын кескінінің түбегейлі ерекшеліктері жүреді». Сондықтан халық аңызы жасаған Асан Қайғының бейнесіне бажайлап қарасақ, белгілі дәрежеде тарихи Асанның кейпін де көруіміз хақ.
Жұрт санасынан орын алған Асан - халық бақытын, ел тыныштығын ойлаған дана кария.
«Ай, ағамыз, ағамыз,
Болдың бізге панамыз.
Ноғайдың жетім-жесірін
Қойдай айдап сен бактын,
Аш-арық болған ноғайға
Пана болып, оларға
Тамақ беріп, жем таптың!»
дейді ер Тоған Асан Қайғыға Мұрын жырау жырлаған «Қырымның қырық батырында».
Қазақ даласына Асан Қайғы немесе Асан Ата жайындағы аңыз әңгімелер кеңінен тараған дедік. Бұл реттегі белгілі легенданың бірі - «Ежен хан мен Асан».
Ертеде қазақ Ежен хан дегенге карапты дейді аңыз. Тізесін бұрынғыдан да батыра түспекке сылтау іздеген Ежен халыққа: «Қорадағы биелерім құлын тастайды, айғырын кісінетпесін», - деген жосықсыз талап кояды. Жұрт қысылғанда хан қаһарының бар тауқыметін көтерiп алмак боп белсеніп шыккан - жас бала Асан болады. Бала касына ерткен кырык мергеніне жолай кез дескен ауылдың иттерін аткыза беріпті. Алыстан келген елшілерді қабылдағанда Еженнің ең алдымен білгісі келгені осы содырлыктын себебі. Асан берген жауап мынау болады: «Жас кезімде козы бағып жүргенде козыма қасқыр шапты. Бар дау сыммен айғайлап ойдын итін шақырдым, - келмеді, кырдың итін шақырдым, - келмеді, қаланың итін шақырдым, - келмеді, даланың итін шақырдым, - келмеді. Сонда бұдан былай ит біткенді қыра берермін деп ант ішіп едім». Ежен: “А, тентек шіркін, қазақтың мидай сары даласында жүріп айғайлаған даусынды біздің қаланың иті қайдан естісін” депті. Бұған орай Асан бала: «Дат тақсыр, даладағы айғырдың даусын каладағы бие естігенде, кісінің даусын ит естімеуші ме еді», - дейді. Сөзден тосылған хан тоқталыпты. Қалағаныңды ал дейді балаға. Бала халқының бостандығын сұраған екен, Ежен хан: «Бар, бердiм қазақ деген жұртты, өзіңді хан сайладым», - депті.
Жаны таза, бала мінез көшпендiнiң санасы да баландыктан арылмаған: ұтымды айтылған бір ауыз сөздің құдіретіне сенеді, қарадан шыққан жас бала даналығының арқасында хандыққа жетеді.
Әңгіменің сюжеті - ертегілік. Алайда бұл хикаяның әлде неше нұсқасы барлығын ескерсек, оқиғаның Асан атымен байланыстырылуы кездейсоқ еместігін аңғарамыз. Әңгімеден жас кезінен-ақ халық бақытын ойлаған ел қамқоры Асан көрінеді. Асан жайындағы аңыздардын ендi бiр алуаны - оның қалайша Қайғы атануына байланысты.
«Сенің талайыңа су перісінің әмірі су сұлтанының қызы несіп болайын деп тұр екен, дейді бал аштырған жас Асанға балгер. -Төрт үлкен өзен бар: күн батыста Еділ, Жайық екi су, оңтүстікте ұзын аққан Сырдария, шығыста ер Ертіс. Бәріне де қармақ сал, бiрiнен болмаса бiрiнен iлiнер». Перiнiң қызы Асанның қармағына Ертістің басынан ілініпті. «Адамзаттан өзге бөлек түрі жоқ, сұлулықта міні жоқ, жалғыз-ақ айыбы сөйлесерге тілі жоқ». Біраз тұрмыс құрған соң, түсініспеушілік нәтижесінде шарттарын орындай алмаған Асанды тастап, қыз көкке ұшып кетеді. Ғашыктык азабынан Асан мұнды болып, сол себептi Қайғы атанған екен.
Әрине, халық ұғымындағы Асанның қайғысының төркіні махаббаттан емес. Бұл бiр зары адамды мұңға батырып, сарқылмас азапты ойдың тұңғиығына тартып кетер қаза күйі іспеттес нәрсе. Асан қайғысы - күнделікті өмірдің күйбеңі туғызған әдепкі, пенделік кайғы емес, адам атаулының қайғысынан мүлде өзгеше хал. Айтылмыш аңыздың бір нұсқасында Асанның өзінің асылы періден делінеді. Асан Қайғы шын әулие болса оның сүйегінде адамзаттық емес, құпия бірдеңе болуға тиіс. Тарихтан белгiлi кейбiр адамдардын халық аңыздарында нұрдан, күн сәулесінен жаралған, немесе перінің қызынан туған болып көрсетiлетiнi де сондықтан. Асан кайғысының түп себебi перiнiң қызынан айрылудың зары деп ұғыну да Асанды көтермелеудiң, Асанға табынудың бір көрінісі, Асан қайғысының кәдімгі пенделiк қайғы емес екендiгiн атап көрсетуге ұмтылудан туған құбылыс.
Перінің қызы мен адамзаттың қосылуы, бірақ асылы басқа болғандықтан тұрмыстарының ұзаққа созылмай айрылысуы казақ фольклорында ескіден келе жатқан сюжет. Алайда айтылмаш анызды осы кезбе сюжеттің тағы бір көрінісі деп кана қарауға болмайтын сияқты. Асан мен перизат жайындағы хикаяның Қазақстанның әр жерінен жазылып алынған оннан астам нұскасы бар. Соның бәрінің өзегі - Асанның бақытсыз махаббаты. Егер халық түсінігі туғызған перінің қызын жай қызбен алмастырсақ, оқиға шындықтан онша алыс болмай шығады. Хикаяның алғашқыда Асан өміріндегі белгілі бір оқиғаға байланысты тууы ғажап емес. Уақыт оза келе ертегіге айналуы мүмкін.
Асан жайындағы аңыздардың ең таңдаулысы - оның «Жер үйекті» іздеуі.
Асан Қайғы елдің кешіп отырған тұрмысына қанағаттанбайды, мекен еткен қоныстарын жерсінбейді; халыктың болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін жұмақ бар, онын аты - «Жер үйек». Бұл - кiсiсi жүзге келмей өлмеген, малы екi кайтара төлдеген, елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін мекен. Бұл - шөбі шүйгін, суы мол, шаруаға жайлы қоныс. Адамы кайгы дегеннің, кастандык дегеннің не екенiн бiлмейтiн, ертенім не болады деп ойламайтын, елге ырыс жер. Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат шадыман тірлік кешеді, ел аласы жоқ, ағайын арасы тату. Бірліктің, ырыстыӊ, бак-дәулетті, тыныш, бейбіт тұрмыстың белгісі ретінде қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды. Міне, осы жерге қоныстану керек. Бірақ оған жету оңай емес. Ұзақ, азап ты сапарга жылдар бойы әзірлену керек. Мал төлден тыйылуға, ер төсегінен безінуге тиіс. Соншалык төзім, шыдамды бастан өткерген соң ғана «Жер уйекке» сапар шегуге болады. Жол ауыр: шөлстан бар, аптап ыстық бар. Соның бәріне сабырмен, шыдамдылықпен төзген, жолда кездесетін барлық қиыншылықтарды көтере алатын, бақыт дегеннің, бақытқа жету жолындағы күрес дегеннің не екенiн бiлетiн ел ғана «Жер үйекке» қоныстанбақ.
Бiрақ сол «Жер үйек» кайда? Мұны ешкім де айта алмайды. Малға жай, елге ырыс жер барын Асан өзінің ғайыптан бол жайтын даналығының аркасында білді, енді сол мекенді өзі та буы керек. Сөйтіп, Асан Қайғы мал біткеннің жүрдегі, әрі шы дамдысы желмаяға мініп алып, төңіректің төрт бұрышын түгел кезеді. Айдан ай, жылдан жыл өтедi. Бiрак арман болған «Жер үйек» табылмайды. Халқына мәңгi еркiндiк, тозбас бақыт сый ламак Асан Қайғы өксіп келіп Ұлытаудың басына жеткенде дүниеден көшеді.
Әлем фольклорындағы ең таңдаулы легендалардын бiрi осылай ауыр күрсініспен, мұңды толғаныспен аяқталады.
Алайда адам өмірінің қысқалығына, қазаға, сол арқылы жаратушы хақ тағаланың өзіне қарсылық білдірген Коркыт жайындағы аңызды туғызған халық — өр, тәкаппар; «Үмітсіз – шайтан» деген мақалды шығарған халық ешқашан да болашақтан күдерін үзбейді. Қазаға шара жоқ-ақ шығар. Қобызының күйiне аждаһадан айбарлы ажалдың өзің ұйытқан Қорқытта өлімнен қашып құтыла алмаған. Бірақ осы өмірді, осы азғана өмірді тыныштықта, молшылықта, бақытта өткiзу калайша мүмкін емес?! Сондықтан халық мұңын ойлаған данышпан Асан Қайғы, ғайыпты болжай алатын сәуегей Асан Ата “Жер үйекті “ таба алмапты дегенге жұрттың сенгiсi келмейдi. Жок! Олай емес! Бұл - ақылға сыймайтын сөз. Шындығында Асан Қайғы «Жер үйекті» тапқан екен! Бірақ... бiрак амал не, жұрт ұзақ дайындыққа, жол азабына шыдай алмаймыз деп қорқып, «Жер үйекке» бармай қойыпты. Шын ойға алған болса «Жер үйекке» жету мүмкін екен, бiрақ жұрт өзінің алауыздығын, ақылсыздығын, топастығын көрсетіпті, сөйтіп данышпан Асан Ата жол бастап тұрғанда арман болған «Жер үйекке» қоныс аудара алмай қалыппыз.
Аңыз тағы да мұңмен аяқталады. Бірақ бұл да соңы емес. Аныздын ендi бiр нұсқалары былай жалғастырылады: сөйткен мен Асан Қайғы бір топ елді ертіп әкеткен екен, олар «Жер үйекке» жетіпті; қазір сонда шат-шадыман тұрмыс кешіп жатыр-мыс.
Тарихи Асан желмаяға мініп жер шалып, дәл аңыздағыдай жүре қоймаған болар. Бірақ қиялдағы мекен - «Жер үйек», ондағы қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тіршілік кебі жайындағы аныздың барлық нұсқасының Асан атымен байланыстырылуы на селқос қарауға болмайды. Шоқан Асан Қайғыны көшпендiлердiң философы деп, әрине, әншейін атай салмаған. Бiздiнше, Асан Қайғының адам баласы бақытты тұрмыс кешетін қиялдан туған мекен «Жер үйек» жайындағы ойларын баяндайтын көлемді шығармасы болғанға ұқсайды. Бұл туынды жыраулык толғау түрінде келді ме, әлде Томас Мордың «Утопиясы», Кампанелланың «Күн қаласы» сияқты үлгіде жазылды ма, ол арасын ажыратып айту қиын. Ал бізге жеткен легенда сол философиялық шығарманың кейбір жұқаналарының аңызға айналып кеткен түрі. Халық қиялы «Жер үйекті» Асанның өзіне іздетеді.
Желмаяға мініп жер шалған Асан Қайғы жолай кездескен жерлерге, жайлау, кыстауларға өз бағасын бере отырады. Казак арасында шүйделі коныстарды былай қойғанда ұсак өзендер, кішкене төбешік, сай-сала жайында да «бұл туралы Асан Қайғы солай депті» — деген сөздер жиі айтылады. Асан шықпаған төбе, Асан түстенбеген бұлак жок сиякты. Сондықтан «...Жер-сулар, қоныс-қыстаулар жайында Асан айтты деген сын сарап, барлау, болжау сөздердің көпшілігі сол жерлерді бертінде келіп қоныстанған елдердің өз жерінің сырын, жайын түсініп, танып болған соң, көп тәжірибе жылдарынан соң Асан атынан қосқан өз шығармалары, өз сындары» деген М. Әуезов пікіріне қосылуға тиіспіз.
Жер жайында Асан айтты деген сөздер тапқыр, әрі көркем келеді.
«Үш Алматы деген жер бар екен. Сарымсағы сабаудай, бүлдіргені бүйректей, алмасы бар жүректей. Сол жерді қимадым», - депті Асан Қайғы.
Шымкент, Сайрамды көргенде: «Екі басса бір базар - мал да береке болмайтұғын, екі басса бір мазар - баста береке бол майтұғын, базары жақын - байымас, мазары жақын — көбеймес», - деген екен.
Семейтауды:
«Төс табаны төрт елі
Атан жүрер жер екен.
Төсегінен түңілген
Адам жүрер жер екен», - дейді.
Асанның бұл реттегі сөздері бос мақалдау, жай тақпақ емес. Сөз етілмек қоныстардың малға, баска жайлы-жайсыздығы айтылып, оның өзіндік ерекшеліктеріне дәл баға беріледі. Кейде жер аттарының шығуы да осы Асан есімімен байланыстырылады.
«Шідерті» деген өзенді көргенде: «Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай арықтатып мінген ат бір айда майға бітетін жер екен, бос жылқы шідерлеп қойғандай тоқтайтын жылқының жері екен», - деп... біраз жатқан екен. Сол себептен Шідерті атанған екен... «Түндікті» деген өзенді көргенде: «Он екі тұтам қазылық үй түндік, маңырап жаткан қой түндік, қойдың кұлағы тұтам шығып тұрған жер екен» (деп) қимай артына үш қарағандықтан «Үшқара» атаныпты. Ерейментауды көргенде: «Желдiн жеті есігі бар екен, кыс болса жылқы тұрмас, жылқы тұрса ішіндегі құлын тұрмас ораздының жайлауы, жиырлынын қыстауы екен, екі жағындағы ел бай болар да қақ ортасын... қоныс қылған ел кедей болар, бiтiсi жаман екен, бірімен-бірі төбелесе тұғын кісі сықылды ерейіп тұрғанын, панасы жок дала секілді тау екен», - дейді. «Терісаққанды» көргенде: «Уа, шіркін, Сары Арқаның тұздығы екен; тек анда-санда обып коятын жұты бар
екен, бiрак артынан мал тез өсетін жер екен», - депті.
Сары-Арқада небір шұрайлы жерлер болғанымен, аңыздың айтуынша Асанға ешбiрi ұнамапты. Өйткені Асанның іздегенi мал мыңғырып өсетін мінсіз, мүлтiксiз коныс қана емес, жау қарысы жетпейтін мекен. Сондықтан Асан өзі көрген жерлердің қайсысынан болмасын мін табады.
Асан сыны кейде тым ащы, аса өткір. Мәселен, Асан Шыңғыстауды көргенде былай депті-міс: «Мына шіркіннің топырағы құтырған екен, оған шыққан шөп құтырады, оны жеген мал құтырады екен, оның етін жеп, сүтін ішкен адам құтырады екен; қаны үзілмейтін, кісі өлтіру, ұрыс-төбелес көп болатұғын жер екен».
Шыңғыстау қалмақтармен қақтығыстар мүлдедерлік тоқталып, қазақ – қазақ болғалы үзілмей келе жатқан сырт жаулар мен ұрыс-соғыс бәсендеген кез - XVIII ғасырдың соңғы ширегінің өзінде найман мен тобықты руларының қақтығысының себепкері болды. Кейінірек патша өкіметінің тұсында да әр түрлі даулардың нәтижесiнде туған ұрыс-қағыстар, руаралық керістер өзімен көрші тайпалармен салыстырғанда тобықты ішінде молырақ болған. Өзі тобықты Абай: «Елі бүлігі — тобықты», - деп әншейін айта салған жоқ. Жоғарыдағы Асан айтты деген сөз сол дәуірде шыкканы күмәнсіз. Және тобықтылардың өздері емес, көршілерінің шығарғаны.
Осы ретпен айтылған сөздердiң бiразында кейбiр жайлау қоныстар мүлде iске алғысыз етіліп көрсетіледі. Мәселен, Асан Баян Аула тауын көргенде: «Ат ерін алуға жарамайтын жер екен. Мына шіркінді жұрт қалай қоныс қылып отырған? Өзiн бiр көрген кісі кәпір сені желкемнің шұқыры көрсін дейді екен», депті-міс. Баян Ауланы мекендеп отырған елдің өзінің мұндай сөзді айтпауы хақ.
Алайда, жерге байланысты Асан атына телінетін сөздердің бәрін де фольклорлык деп қарауға болмайтын сияқты. Қазақ хандығы XV ғасырдың орта шенінде Шу, Сарысу өзендерінің бойында құрылғаны мәлім. Жат өлкеден келген жұрт жаңа қонысқа ,әрине, өз бағасын береді. Ондай сөздердің біразын елдің аузы дуалы қариясы Асан айтуы әбден мүмкін. Себепсіз кұбылыс жоқ. Әу баста сондай бір түртпек болды демесек, казактын өзінің бар қонысына Асанға баға бергізуінің сырын түсіндіре алмас едік.
Асанның Шу жөнінде айтқан сөзі: «Мына шіркіннің екі жағы борбас екен, өне бойы қара қамыс, іші толы жолбарыс екен; баланың іші қуырылмайтұғын, пышағы кыннан суырылмайтұғын, еркегі ат болатын, ұрғашысы жат болатұғын жер екен». Шуды жолбарысының көптігіне қарамай пышағы қыннан суырылмайтын, яғни тыныш, бейбіт жер екен деуiнiң мәнi неде? Бiзше, бұл сөздер сол кездегi тарихи окиғалардан көрініс береді.
Қазақ хандығын құраған рулардың ата-мекен Дәшті-Қыпшақтан кетуінің басты себебі - ондағы өзара қырқыс, күн сайынғы атыс-шабыс, Әбілхайыр мен Барақ ұрпақтарының арасындағы қақтығыс еді. Әбілхайыр ұлысынан кеткен соң қазақтар Moғолстанның батыс бөлiгi Шу бойында біраз жыл бейбіт тұрмыс кешеді. «Мұнда олар тыныш өмір сүрді», - деп жазады Мұхаммед Хайдар «Тарихи Рашидиде». Әйелдің, яғни ананын жат бо луының да мәні бар: мұнда келгендердің көбінің туыстары сол Дәштіде қалып қойды, бүліншіліктің нәтижесінде қандас, рулас адамдардың аралары ажырады, казак болып бөлінгендер киянға шығып кетті.
«Көкектен басқа құсы жоқ, көк шөптен басқа iсi жоқ, жер азғыны мұнда екен; қатыны семіз, ері арық, ел азғыны мұнда екен. Аты бестісінде қартаятұғын, жігіті жиырма бесте қартая тұғын жер екен», - депті Асан Қаратауды көргенде. Еділдің ен тоғайын, Жайықтың көк шалғынын жайлап келген ел жазы ыс тық, орманы аз түстік өңірді өгейсіген, жерсінбеген тәрізді. Бұл сияқты жаңа қонысты ұнатпау, ескі ата-мекенді аңсау Асан тол ғауларында да бой көрсетеді. Яғни жер жайында айтылған, Асан атына тіленетін сөздердің кейбіреулерінің шынында да Асанның өзiнiкi екендiгi байқалады.
Асан айткан накыл сөз, Асан айткан толғау жырлар, әрине, өте көп болған. Бізге соның кейбір жұқаналары ғана жетіп отыр. Асан сөздерінің дені:
«Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн көрер,
Аяғы жоқ, қолы жок, жылан қайтіп күн көрер,
Жалаң аяқ байпаңдап қаздар қайтіп күн көрер,
Шыбын шықса жаз болып таздар қайтіп күн көрер»,—
іспеттес накыл, толғау турiнде келсе керек. Бұл жолдардан адам тағдыры ғана емес, жан иесі мақұлықтардың бәрінің тіршілігі толғантқан, көне заманда өмір сүрген көне философ гуманистердің типіндегі ойшыл Асан танылады. Кейін аңызға айналып, аты ұрпақ аузында құрметпен аталған адам теңіздей терең акылдың иесі болғандығы күмәнсіз.
Асанды көбіне хан қасынан көреміз. Оның бізге жеткен толғаулары түгелдерлік Әз-Жәнібек ханға арнай айтылған. Алайда Асанды сарай акыны деуге болмайды. Халык аныздарында Асан Қайғы жайында «бұл қария қашан да ханға жағын бай, жарамсақтанбай тура сөлеуші еді» делінеді.
Бұл сөздiң акиқаттығы Асан толғауларынан-ак байқалады.
«Ай, хан, мен айтпасам білмейсің, Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жаткан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің, Қымыз ішіп қызарып, Мастанып кызып терлейсін, Өзiннен баска хан жоктай Елеуреп неге сөйлейсің», -дейді ол Жәнібек ханға.
Ханның елді өз бетімен билеп-төстеу, каһары түскен ада мын өлім жазасына кесу хакысынан айрылып, рубасы аксакал дарсыз ешбір мәселені шеше алмайтын күйге жетуі - қазақ хан дығының соңғы дәуіріне тән құбылыс. Ал Асан өмір сүрген за манда ханға жанагыдай сөйлеу кез келген шонжардын колынан келер іс емес. Бұл - Асанның Асандығы ғана айтқызған сөз.
Бұл жерде Асан - халық тілегінің жоқшысы. Асан мұңы - халық мұңы. Оның атына жалғанған Қайғы деген аныктама ха лык сүйіспеншiлiгiнiң белгiсi iспеттес. «Тауарих хамсаның» ав торы, өзі діндар Құрманғали Асанның «Қайғы» аталу себебін дінге тіремек болады. Бұл - халық санасындағы Асан бейнесімен кабыспайды. Асан қайғысы бакиды, ахирет жайын ойлағаннан туған қайғы емес. Асан мұңының тамыры тереңде. Оның негізінде халыктын сол кездегі тұрмыс-халіне жаны ашығандық, өмірге көңілі толмау бар. Асан қайғысы бүгінгі тіршіліктің, ертеңгі болашактын камын ойлагандыктан туған қайғы. Сондык тан да өз толғауларында ол унемi халык атынан сөйлейді.
Бажайлап окысак, Асан толғауларынан тек сол заманға ғана тән кейбір суреттердi, казак халкынын құралу дәуiрiндегi белгiлi тарихи оқиғалардың елесін көреміз. «Асан Қайғының шығар малары өз тұсынын айнасы, ол өз дәуiрiндегi казак халкынын мұнын, тiлегiн көрсетеді», - деп жазған еді Б.Кенжебаев.
Әбілхайыр ханнан белінуге карсы болмағанмен, Асан Қайғы ата-мекеннен ат кұйрығын үзіп, ұзап кетуді онша қош көрмегені байқалады.
«Қырында киік жайлаған,
Суында балык ойнаған
Оймауыттай тоғай егіннің
Ойына келген асын жейтұғын
Жемде кенес кылмадын,
Жемнен де елді кешірдің.
Ойыл деген ойынды,
Отын тапсан тойынды,
Ойыл кездiң жасы едi,
Ойылда кенес кылмадын,
Ойылдан елдi кешiрдiң.
Елбен-елбен жүгірген,
Ебелек отка семірген,
Екi семiз колга алып,
Ерлер жортып күн көрген
Едiл деген қиянға
Енкейiп келдiң тар жерге,
Мұнда кеңес кылмадың...»
Ата-мекеннен біржола безуге Асан тіпті де риза емес. Сон дықтан Жәнібек, Керей хандардың Моғолстандағы Иса-Бұға ханға беттеп көшкен ұзақ сапар жүрісі Асанға мәнсіз де, қажетсіз де көрінеді. «Нәлет біздің жүріске!» - дейді ыза болған ақын. Елін қимаған ақын артта қалып бара жаткан коныстардың ар тықшылығын айтып, босқан жұртты қайырып, Жәнібек көшін токтатпақ болады.
«Еділ менен Жайыктын
Бiрiн жазға жайласаң,
Бірін қысқа қыстасаң,
Ал колынды маларсың
Алтын менен күмiске!»
1468 жылы Әбілхайыр өлген соң өзбек ұлысында туған ала сапыранды пайдаланып қазақтар өзінің ескі коныстарының шет жағасын қайта басты. Ақынның бұл оқиғаны қалай қарсы алға нын білмейміз: иә Асанның осы оқиғаға байланысты жырлары басқа да көптеген шығармалары сияқты біздің дәуірімізге жет пеген, иә бұл кезде Асан тірілердің санатында жоқ.
Асан Қайғы Жиделі-Байсынға сапар шегерінде айтты деген мынандай бір сөз бар:
«Жайлы орынды жат басқан
Жерді көрмей кетпекпін,
Ханның орнын кара алған
Шерді көрмей кетпекпін,
Қатындармен қатарлас
Ерді көрмей кетпекпін».
Бұл сөздердің казіргі советтік идеологияға жат екені анық.
Мұхтар Әуезов: «Асан Қайғы жайындағы әңгіменің екiншi, халыққа жат, бөтен саналы түрлері тағы бар. Ол аңыздағы Асан халық мүддесiмен қабысатын Асан емес, хан сарайының ақылшы сыншысы, санашылы болған Асан. Бұл Жәнібек ханға акыл айтады. Құладынға қу iлдiргенiң жаман ырым, кала салғаның жаман қылық деп сынап шенейді. Мұндағы Асан кертартпа феодалдык заңның санашылы болып шығады. Саны аз болғанмен Асанның Жәнібекке айтты деген сөзі және кейін бұкар шешетін, Асан айтыпты-мыс деген қысқа толғау - екеуi де халык сүйген Асаннан баска белек жат саналы адамды танытады», деген едi.
Алайда Асан толғауларындағы кейбір сарындарды соңғы кездің қоспасы деп қарауға болмайды. Асан - перзенті, сол заманның салт-санасы, идеологиясы Асанға да жат емес, сондықтан біз бұл жерде мәселеге тарихи көзқарас тұрғысынан келуге тиіспіз. Асан хандық үкіметтің берік болғанын калайды, сондықтан Жәнібекті ата жорасын бұздың деп сөгуі әбден мүмкін. Асан ханның орыс шеберлерін алдырып сарай салдырғанын да ұнатпайды. «Мұның жаман ырым, — дейді ол, - сарайды салған кәуір, алатын да кәуір болады...»

Аңызда Жәнібектің орыс шеберлерін шақыртып ғимарат тұрғызуын біз анахронизм деп карамаймыз. Тарихта мұндай оқиғалар болған. XV-XVI ғасырларда көшпенді ноғайлар сарай не басқадай құрылыс салу қажет болса, Москвадан «қала салушы шеберлер» сұратып алатын.


Асан атына байланысты кең тараған сөздің бірі — кейін Бұқар шешті дейтін қысқа толғау. Мұнда Асанның өз тобының мүддесін көздегенін көреміз.
Асан өмір сүрген ХV ғасыр - Шығыс Еуропаның тарихын да ұлы өзгерістер болып жатқан дәуір еді. Күні кеше Алтын Ор даның тепкісінде жатқан орыс елі кайта көтерілді, Москва кү шейе бастады, бірлі-жарым қақтығыста өз қаруының салмағын көрсетіп те калды. Алтын Орда шылпара боп ыдырап, оның ор нын өзара қырқыстан басқаны білмейтін дербес хандықтар басты. Ал орыс мемлекетінің қуаты күн сайын артып келе жатты:
Асан Қайғының өз дәуірінде болып жатқан өзгерістердің мәнін ұғып, байыбына жете түсінгендігі көрінеді. Бұл, әрине, Асанның үлкен акыл иесі, ойшыл болғандығының тағы бір айғағы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет