41
Атамекен – құт мекен
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Мақал.
Атамекен дегеніміз – ата-баба мекені.
Аталарымыз қоныстанған,
мекендеген жер. Атамекен ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалады.
«Құт» деген сөз «береке, байлық» дегенді, «құт болды, құт дарыды»
деген «береке орнады, байлықтың басы болды» деген мағынаны білдіреді.
Сонда атамекен біз үшін «береке орнаған жер, байлықтың басы болған жер».
Біздің атамекеніміз де, Отанымыз да – Қазақстан.
Атамекен ата-баба
мекен еткен жер болса, Отан – туып-өскен жеріміз. Отан – кіндік қаның
тамған жер, Отан – әке-шешең, бауырың, Отан – қалаң, ауылың, Отан – сенің
ең жақын адамдарың. Сондықтан Отанға деген құрмет –
өзіңе деген, өз
жақындарыңа деген құрмет.
Туған елін сүю, оны құрметтеу, қорғау – сол елдің әрбір азаматының
парызы. Қазақ халқы өз ұрпағын Отансүйгіштікке,
адалдыққа, елін, жерін
қорғауға тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деп Отанға деген
құрметтің өзіңе деген құрмет екенін жеткізген.
Бір ел болу үшін, бір мемлекет болу үшін көп нәрсе керек:
елдің
азаттығы, мемлекеттік территориясы, ұлттық тілі,
елдік намыс, ортақ тарих,
дін, діл, ұлттық мәдениет, өнер, т.б. Ең маңыздысы – ұлтжанды азаматы.
Ұлтжанды азамат дегеніміз кім? Ұлтжанды азамат –
ұлтына жаны ашитын
азамат. Ұлтына жаны ашитын адам - өзіне жаны ашитын адам. Өзін
сыйламаған елін да сыйламайды. Сондықтан да болар «Отансыздың оты
жанбайды», «Отанның қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді».
Тапсырмалар:
14.1. Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз:
қоныстанған,
парыз, адалдық,
отансүйгіштік,
ұлтжанды, ұлтшыл, ұлт
Достарыңызбен бөлісу: