К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Жәндіктердің ішкі құрылысы



Pdf көрінісі
бет167/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Жәндіктердің ішкі құрылысы. Бұлшық ет жүйесі көлденең жолақты 
ет талшықтарынан құралғандықтан, жәндіктер өте қозғалымпаз. 
Тыныс алу жүйесі кеуде мен құрсақтың екі бүйірінен шығатын тыныс 
тесітерінен басталып, көп тармақталатын кеңірдектерден және барлық ішкі 
мүшелерге баратын және олар арқылы ұлпаларда, ауа айналыс жолы өтетін 
кеңірдек тармақтардан тұрады. 
Жәндіктердің ас қорыту жүйесі үш бөлімнен тұрады, алдыңғы және 


181 
артқы бөлімдері іш жағынан хитинді, ал ортаңғы бөлімі безді эпителиймен 
көмкерілген. 
Зәр шығару мүшелері – мальпигий тамырлары артқы ішекке 
ашылады. Олардың бітеу жағын жуып шаятын гемолимфадан, мальпигий 
тамырларына алмасу өнімдері үнемі түсіп тұрады. 
Жүйке жүйесі жоғары дамыған, ол орталық, шеткі және симпатикалық 
болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі жұтқыншақ асты түйінінен және 
кеуде, құрсақта орналасқан жұп түйіндерден құралған. Шеткі жүйке жүйесі 
орталық және симпатикалық жүйке жүйесінен шығатын және мүшелер мен 
ұлпаларға баратын нервтерден құралған. Симпатикалық жүйесі жәндіктердің 
бұлшық еттері мен ішкі мүшелер қызметтерін реттейді. 
Жәндіктердің сезім мүшелерінің негізін сенсилдер құрайды. Олар 
маңайына сезім торшалары шоғырланған қабылдауыш құрылымнан тұрады. 
Жәндіктердің өсіп-өнуі және дамуы. Кейбір жәндіктер туа сала өсіп-
өнуге қабілетті, ал басқа біреулеріне ол үшін белгілі уақыт қажет. Олардың 
постэмбрионалдық дамуы 2 түрлі айналыммен сипатталады. Толық 
метаморфозбен дамитын жәндіктердің жұмыртқа, балаң құрт, қуыршақ және 
имаго даму сатыларынан өтеді. Толық метаморфозбен дамитын жәндіктердің 
балаң құрттары, ересек сатысына мүлде ұқсамайды, өйткені олар құрт тәрізді 
болады. Бұл топқа бөгелектер, шыбындар, масалар, соналар және т.б. 
жатады. 
Жәндіктер экологиясы. Жәндіктер тіршілігіне қоршаған орта әсерін 
тигізеді, оларға өлі табиғат әсерлерінен жер бедері, жарық сәуле, ылғалдық, 
ыстық-суықтық, ауаның қозғалысы және тірі табиғат әсерлерінен – 
жануарлар мен өсімдіктер құрамы кіреді. Әрбір тірі организм белгілі бір 
қоршаған орта әсерлерінің ауытқу шекарасында ғана тіршілік ете алады. 
Ылғалдылық жәндіктердің белсенділігіне, өсімталдығына, тіршілік 
қабілетінің сақталуына, жарық сәуле олардың тәуліктік қозғалысына зор әсер 
етеді. Табиғаттағы әсерлеріне жыл маусымдарының ауысуы да жатады. 
Оларға жауап ретінде жәндіктер диапаузаға шалдығып, өсуі тоқталады 
немесе өсіп-өнуі ұзаққа созылады. 
Белгілі бір территорияны мекендейтін жануарлар мен өсімдіктер 
биоценоз құрады, оның барлық құрамы бір-бірімен тығыз байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет