Кадет сыныбы оқушыларын қазақша әскери сөздерді айтуға жаттықтандыру - Кадет сыныбы оқушыларын қазақша әскери сөздерді айтуға жаттықтандыру
Туған өлкеміздің әр түрлі әскери бөлімшелерімен таныстырып, олардың өзіндік ерекшеліктерін қазақша түсіндіру. - Туған өлкеміздің әр түрлі әскери бөлімшелерімен таныстырып, олардың өзіндік ерекшеліктерін қазақша түсіндіру.
- Әскери сөздердің қазақша баламасын білуге, күнделікті өмірінде қолдануға үйрету.
- Мемлекеттік тілді құрметтеу, Отанын сүю, мейірімділік, бауырмашылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету
Бұл әскери орысша-қазақша сөздік оқу әдістемелік күнтізбелік жоспарға сай құрастырылды. Әрбір кадет сыныбы бойынша календарлық тақырыптарға, модульдерге бейімдеп топтастырылды. Сонымен қатар, оқырманға керек сөзді табу қиын болмау үшін, мағыналарына қарай жинақталып, құрастырылды. Ондағы мақсат, оқушылардың әскери білімдерін кеңейтіп, әр модульден алған білімдерін әрі қарай дамыту, әскери сөздердің қазақша баламасын білуге, кемшіліктерін түзетуге көмектесу. - Бұл әскери орысша-қазақша сөздік оқу әдістемелік күнтізбелік жоспарға сай құрастырылды. Әрбір кадет сыныбы бойынша календарлық тақырыптарға, модульдерге бейімдеп топтастырылды. Сонымен қатар, оқырманға керек сөзді табу қиын болмау үшін, мағыналарына қарай жинақталып, құрастырылды. Ондағы мақсат, оқушылардың әскери білімдерін кеңейтіп, әр модульден алған білімдерін әрі қарай дамыту, әскери сөздердің қазақша баламасын білуге, кемшіліктерін түзетуге көмектесу.
- Қарағанды қаласында әр түрлі әскери бөлімшелер бар, бірақ барлығының мақсаты бір: Отанды, туған жерін қорғау. Сондықтан, біз де шамамыз келгенінше, әскери күштердің барлық саласына бірдей сөздерді алып, ұсынып отырмыз.
Сөздердің құрамында кадет сыныбы оқушыларының тақырып бойынша өтілген, күнделікті қолданатын сөздері де келтірілген. Сөздіктегі сөздер сыныпқа сай, жас ерекшеліктерін ескере отырып түзілді. - Сөздердің құрамында кадет сыныбы оқушыларының тақырып бойынша өтілген, күнделікті қолданатын сөздері де келтірілген. Сөздіктегі сөздер сыныпқа сай, жас ерекшеліктерін ескере отырып түзілді.
- Бұл жинақта сөздердің бірнеше түрі берілді. Олар: әскери шендерге байланысты сөздер, әскери бөлімшелерге байланысты сөздер, әскери қызметке байланысты сөздер, команда беру сөздері, әскери іс-қағаздар және қосымша сөздер берілген. Әскери шендер тарауында офицерлік, жоғары дәрежелі офицерлік шендердің қазақша баламаларын ұсынып отырмыз.
- Әскери бөлімшелер тарауында кіші бөлімшеден бастап, министрлікке дейінгі қызмет орындары көрсетілді.
- Әскери қызметтер тарауында осы салады қызмет атқарып жүрген азаматтардың барлық қызмет дәрежелері берілді. Ал, іс-қағаздар тарауында тек қана әскери қызметкерлердің іс-қағазбарын ұсынып отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: |