Емдеу әдістері. 1. Хирургиялық емдеу абсцесстермен флегмоналарды ашу, тісті жұлу, ауыз қуысын тазарту (санациялау), ауруға шалдыққан лимфа түйіндерін алу, секвестрэктомия жасаумен шектелуі қажет.
2. Арнайы иммунитетті көтерумен қатар сәулелі саңырауқұлаққа қарсы күрес — актинолизат, АПВ актиномицеттік поливаленттік вакцина жіберу керек. Бұл вакцина(Д.И.Аснин, О.Б.Миникер, Т.Г.Сутеев, М.В.Фирюкова) медициналық паразитология және тропикалық медицина институтының актиномикозға қарсы күресу бөлімінде ашылған. Егер актиномикоз организмнің қалыпты қабыну реакциясымен жүрсе, онда емдеу актинолизатотерапия және жалпы нығайту терапиясынан басталады.
Егер актиномикоз гиперергиялық қабыну қалпында басталса, емдеуді жалпы нығайту терапияларынан бастаған жөн. Ағзалар мен жүйелердің қосымша аурулары болмаса емді левамизолмен емдегеннен соң актинолизатты ем-терапияны бастау керек.
Ал, актиномикоз гиперергиялық типтес реакциядан басталса, онда қабынуға қарсы, ферментативтік, инфузиялық, жалпы нығайту, витаминдер В,С, кокарбоксилаза, АТФ ем-терапиялар (2-3 жетіден 1-2 айға дейін) қолданғаннан кейін актинолизатты ем-терапия мен левамизол қолдануын бастау қажет. Актинолизатқа қарсы реакция болса (аурудың жалпы жағдайы нашарлап, ыстығы көтеріліп, дірілдеп-қалшылдаса), онда жалпы терапияны тоқтатпай одан әрі жүргізіп, қашан организм орнына келмейінше левамизолмен емдеу керек.
Г. С. Сутеев әдісі бойынша актинолизатты 3 мл-ден жетісіне екі рет, курсына 20 рет бұлшықетке ине шаншады-енгізеді. Осыдан кейін 1 ай демалыс, сонан соң екінші, кейбірде үшінші курстарын жасайды. Клиникалық сауыққаннан кейін профилактика ретінде 10-15 рет актинолизатты ине арқылы жіберген жөн.
ҚазҰМУ клиникасында, актинолизатты тері қабатына жіберетін Д.И.Аснин әдісі былай жүргізіледі. Бірінші рет білектің іш жағынан тері ішіне жетісіне 0,5-1,0 мл екі рет ине шанышқаннан; екінші рет 0,5 мл-ден екі рет, ара қашықтығы 6-8 см; үшінші рет бір жерге 1,0 мл, екінші жерге 0,5 мл; төртінші рет 1,0 мл-ден екі жерге; қалған ине шаншу 1,0 мл 2 жерге, курсына 20-25 рет жасау керек. Бұл әдісте тері ішінде актинолизат қоры жиналып, организмге біртіндеп таралуы ем үшін өте қолайлы.
3. Йод препараттарын беру.
4. Қабынуға қарсы емді антибиотиктерді көк тамырға-венаға енгізу әдісінен бастайды. Д. И. Асниннің әдісі бойынша 150 мың морфоциклинді тәулігіне екі реттен 10 тәулік көк тамырға-венаға енгізеді. ҚазҰМУ клиникасында, пенициллиннің новокаинды тұзын немесе кевзолды 1 миллионнан 8-9 тәулік венаға енгізген өте жақсы нәтиже берді. Әрине антибиотиктермен қосып сульфаниламидтерді тағайындау керек.
5. Физиотерапевтік емдер. УЖЖ, лазер, әртүрлі дәрілерді лазеро-электрофорез арқылы енгізген жөн. Осы аталған емдерді қолдану жергілікті нәтиже бермесе, қабынуға қарсы ренттенотерапия қолдану қажет.
Тағы да айта кететін мәселе, жоғарыдағы аталған емдер біріктіріліп қолданылса актиномикоз ауруынан құтылуға болады.
ТУБЕРКУЛЕЗ
Туберкулез микобактериясы немесе Кох туберкулез таяқшасы арқылы пайда болатын созылмалы арнайы қабыну. Қазіргі көптеген ғалымдар (А.А.Лимберг. П.Львов, Ю.И.Бернадский т.б.) бет-жақ аймағында кездесетін туберкулезді, организмнің жалпы туберкулезбен улануының жергілікті түрі деп есептейді.
Дегенмен Воробьев (1904), ҚазҰМУ клиниканың (1965, 1977) деректері бойынша бет-жақ аймағында лимфа түйіндері туберкулезге бірінші рет шалдығады.
Инфекция лимфа, қан тамырлары, дем алу, асқазан жолдары және жанасу арқылы таралады.
Достарыңызбен бөлісу: |