2. Зиянды заттардан қорғау құралдары мен тәсілдері
Шаңмен күресудің негізгі тәсілі ретінде оның түзілу мен ауаға жайылуы-ның алдын алу болып табылады, мұнда технологиялық және ұйымдастыру-шылық сипаттағы шаралар тиімді саналады: үздіксіз технологияны енгізу, жұмыстарды механикаландыру; жабдықтарды герметизациялау, пневмотасы-малдау, қашықтықтан басқару; шаңданатын материалдарды дымқыл, паста тәріздес материалдармен алмастыру, түйіршіктеу; аспирация және т.б. шаралар.
Шаңмен күресудің негізгі технологиялық шараларын толықтыратын жасанды желдету жүйелерін қолданудың үлкен маңызы бар. Екінші рет қайта шаң түзілумен, яғни, ауаға шөккен шаңның қайта жайылуымен күресуде дымқыл тазалау әдістері, ауаны ионизациялау және т.б. әдістер қолданылады.
Жұмыс аймағындағы ауаның шаңдануын технологиялық және басқа да сипаттағы радикал шаралармен төмендету мүмкін болмаған жағдайларда түрліше типтегі жеке қорғаныс құралдары: респираторлар, арнайы шлемдер және таза ауа беріліп тұратын скафандрлар қолданылады.
ШМК-ны қатаң түрде сақтау қажеттілігі өндірістік жайдың жұмыс аймағы ауасы шаңының нақты мөлшерін жүйелі түрде бақылауды талап етеді.
Шаң концентрациясын анықтайтын автоматты приборларға өнеркәсіптен сериялы түрде шығарылатын ИЗВ-1, ИЗВ-3 (ауаның шаңдануын өлшеуіш), ПРИЗ-1 (радиоизотопты тасымалды шаң өлшеуіш), ИКП-1 (шаң концентра-циясын өлшеуіш) және т.б. приборлар жатады.
Ауаның сапасының негізгі критерийі ретінде зиянды заттардың шекті мүм-кін концентрациясы саналады. Концентрацияны өрнектеудің бірнеше бірліктері бар: массалық, көлемдік, үлестік, пайыздық, т.б. Ауа сапасын санитарлық бағалауда ластаушы заттардың мөлшерін (концентрациясын) ауаның 1 куб метріндегі миллиграммен (мг/м³) өрнектеу қабылданған. Бұл бірлік қоспа-лардың кез келген агрегаттық күйін (газ, бу, аэрозоль, қатты заттар) өрнектеуге болатындығымен ыңғайлы саналады.
Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың шекті мүмкін концентра-циясы (ШМК) дегеніміз – күнделікті (демалыс күнінен басқа) 8 сағат немесе басқадай ұзақтықта (бірақ аптасына 41 сағаттан аспайтын) бүкіл еңбек өтілінде жұмыс істеудің зерттеудің заманауи әдістерімен жұмыс процесінде анықталуы немесе осы және келешек ұрпақ өмірінің кейінгі кезеңдерінде болуы мүмкін ауруларды немесе ағза күйінің ауытқуын туғызбайтын концентрациясы (ГОСТ 12.1.005-88).
ШМК шамасы заттардың адам денсаулығына және қоршаған ортаға тигізетін әсеріне байланысты келеді. Қоршаған ортаға шығарылатын заттар адам ағзасына әсер ету дәрежесіне байланысты қауіптіліктің төрт класына (ГОСТ 12.1.007-76 «ССБТ. Вредные вещества. Классификация. Общие требо-вания безопасности (с изменениями по И-1-ХП-81; И-2-И-90)» сәйкес) жікте-леді:
-төтенше қауіпті заттар, олардың жұмыс аймағы ауасындығы ШМК мәні 0,1 мг/м3-ден аспайды (1 класс);
-жоғары қауіпті заттар, ШМК мәні 0,1...1,1 мг/м3 аралығында (П класс);
-қауіптілігі орташа, ШМК мәні 1,0...10,0 мг/м3 (Ш класс);
-қауіптілігі төмен заттар, ШМК мәні 10,0 мг/м3-ден жоғары (IV класс).
Зиянды заттардың нақты концентрациясы ГОСТ 12.1.007-76 сәйкес көр-сетілген ШМК мәндерінен аспауы тиіс.
Ауаны желдету мен кондиционирлеу жүйесінің қабылдаушы тесіктері және табиғи ағынды желдетудің саңылаулары арқылы үймереттер мен ғима-раттар ішіне енетін ауада өндірістік жайдың жұмыс аймағындағы зиянды заттардың шекті мүмкін концентрациясының 30%-ы болады.
Өндірістік жай ауа ортасын санитарлық тексеру үшін келесі әдістер қол-данылады: зертханалық (талдамалық), индикаторлық, экспрестік, автомат-тық.
Зертханалық әдістер дәл келеді және ауадағы уытты заттардың микро-мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Алайда, олар бірталай уақытты қажет етеді, негізінен оларды зерттеушілік және тексеру жұмыстарында қолданады.
Индикаторлық әдістер қарапайымдылығымен ерекшеленеді, олардың көмегімен сапал анықтауларды жедел жүргізуге болады. Мұндай әдістерді уытты заттар концентрациясының өте аз болуының өзі рұқсат етілмейтін (апат-тық желдетуді іске қосу, газдалған учаскені бейтараптандыру, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, т.с.с.) жағдайларда анықтаудың шұғыл қажеттілігі ке-зінде қолданады. Ауадағы уытты заттарды мөлшерлік анықтауды индика-торлық әдістермен тек қана шамалап жүргізуге болады.
Экспресс-әдістер өндірістік жайлар және кәсіпорын аумағы ауасындағы зиянды булар мен газдардың концентрациясын дәл анықтау қызметін атқарады. Экспресс-әдіспен тексеру жүргізу үшін УГ-2 және УГ-3 әмбебап газоанализа-торлары, КО-1 кондуктометрлік қондырғы және фотоэлектрлік калориметр-лерді қолданады. Үздіксіз әрекеттегі автоматты газоанализаторлар, әдетте, жұмыс орындарындағы газдану деңгейін тіркеуді үздіксіз жүргізеді. Қолдану жағдайы және тексерілетін зат типіне байланысты газоанализаторлар мен газо-сигнализаторлар түрліше принциптермен жасалған және олардың сезімталдығы да әртүрлі. Сезімталдығы жоғары приборлар ауа ластануын шекті мүмкін кон-центрация деңгейінде және жарылыс пен отқауіпті концентрация деңгейінде анықтайды, концентрацияның тиісті деңгейіне жеткенде жарықтық немесе ды-быстық сигнал береді. Ауа құрамындағы газ, бу мен шаңды анықтауға қажет сынаманы анализге алуды арнайы оқытылған персонал ауадағы зиянды зат-тарды анықтаудың техникалық шарттары талаптарына сәйкес жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |