М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Информатика кафедрасы
5В070400 - "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету"
мамандықтарына арналған
Еңбекті қорғау пәнінен
SYLLABUS
Құрастырушылар: Гумаров Г.С., т.ғ.д., профессор
Орал, 2017 ж.
SYLLABUS «Еңбекті қорғау» 5В070400 - "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша ҚР Мемлекеттік білім беру стандарты негізінде құрастырылды.
Информатика кафедрасының «07» 09. 2017ж.
мәжілісінің № 1 хаттамасымен қаралды
Кафедра меңгерушісі : Абулкасова Д.Б. ___________
Пікір беруші: Медешова А.Б. п.ғ.к. доцент.
1.Пәннің оқыту бағдарламасы – SYLLABUS
Семестр 15 оқу аптасынан және 3 сессия аптасынан тұрады.
Пәннің көлемі 3 кредитті құрайды:
Кредит саны
|
Дәрісханалық сабақтар
|
Дәрісханадан тыс сабақтар
|
Барлық сағат
|
Бақылау түрі
|
Дәріс
|
Практикалық/
семинар сабақтары
|
Зертханалық сабақтар
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
|
|
3
|
15
|
30
|
-
|
23
|
67
|
135
|
Аралас емтихан
|
Аралық бақылау - семестрдің 8 және 15 аптасы
2. Пән туралы мәліметтер
Мақсаты:
● Білімдік: студенттерге еңбек қорғау сұрақтарын толығымен таныстыру, өндіріс орнында еңбек құқығы, еңбек шарты, еңбек жағдайы жұмыс орнында сәтсіз жағдайлар мен апаттық жағдайларды анықтау, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың түрлері, олардың адам ағзасына және жұмыскердің жұмысқа деген қабілетінің төмендеуіне, кәсіби ауруға алып келетін тұстарын оқыту.
«Еңбекті қорғау» бойынша санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, адамның денсаулығын қорғау, жұмысқа деген қабылеттілігін сақтау, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық шаралар және құралдар жүйесімен таныстыру.
Курсты оқыту барысында өндірістік жабдықтармен, құралдармен, өндірістік электр қондырғыларымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік бойынша негізгі сұрақтар қарастырылады.
● Тәрбиелік: жанашырлық, мейірімділік пен әділдік тәрізді адамгершілік санат негізінде эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру. өз білімін пайдалану, өз көзқарасын білдіру, шешім қабылдау және ол үшін жауапты болуға, отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін нығайтуға тәрбиелеу.
● Дамытушылық: адамның көзіне көрінбейтін майда бөлшектерді белгілі бір ретке келтіре отырып, оның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды қарастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайлап орналастырулар арқылы жұмыс жасау маңыздылығын терең түсіну, қызығушылықты қалыптастыру; оқушыларға жаңа білім бере отырып, ой-өрісін жан-жақты дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |