Карантиннен кейінгі өмір: коронавирус біздің мінез-құлқымыз бен әдеттерімізді қалай өзгертті?



бет1/2
Дата09.10.2022
өлшемі10.3 Kb.
#462236
  1   2
Арг эссе


Карантиннен кейінгі өмір: коронавирус біздің мінез-құлқымыз бен әдеттерімізді қалай өзгертті?

Пандемия 21 ғасырдың бірінші ширегіндегі ең маңызды кезең болды, өйткені ол карантиндік жылдардағы тұрған адамдардың психологиялық және физикалық жағдайына әсер етті. Пандемия өмірдің екі саласына әсер етті: ішкі, яғни отбасылық пен жеке өмір және сыртқы - жұмыс саласы. Сарапшылар пандемия Z ұрпақтың, яғни 1997-2012 жылдарың аралығында туған адамдардың психологиялық деңсаулығына зардап шекті деп айтады [РБК Тренды, 1б]. Сондай-ақ қашықтық жұмыс істеуге көшумен байланысты үлкендердің арасындағы жұмыссыздық та таралған және күйзеліске ұшыратын болды. Осы салдарын зерттеу және ескеру өте маңызды болып табылады, өйткені бұл тек қазіргі өмірге ғана емес, болашаққа да әсер етеді.


Пандемия барлық мектеп пен университет студенттерін онлайн оқытуға көшуге мәжбүр етті. Кейбір мектептерде онлайн оқуға қолайлы жағдай жасау мүмкіндігі болса, ауылдардағы балалардың ондай мүмкіндігі болмады. «Хабар» агенттігіне сүйене отырсақ, интернеттің әлсіздігінен электрондық поштамен пайдалануға қиын болды. Бұл білім беру жүйесіне ғана емес, сонымен қатар Z ұрпақтың психологиялық жағдайына әсер еткен бірқатар салдарға әкелді. Психологтарға жүгіну тенденциясы өткен жылдармен салыстырғанда, кең тарай бастады. Құрдастарымен бетпе-бет сөйлесудің жетіспеушілігі және ұзақ уақыт оқшаулану жасөспірімдерде ғана емес, ересектерде де жалғыздық және депрессиялық сезімдердің дамуына ықпал етті. Дүниежүзілік экономикалық форумның негізінде жасалған “Жаһандық қауіп баяндамаға” сәйкес, әлемде жұмыс істейтін халықтың психикалық денсаулығы айтарлықтай нашарлады - бүкіл әлем бойынша жастардың сексен пайызы депрессияға, жалғыздыққа және көңілсіздікке ұшырайтын болды [РБК Тренды, 1б]. Оған пандемия тура ғана емес, жанама түрде де әсер етті. Пандемияның аяқ астынан пайда болғаннан, көптеген мемлекеттер өзгерістер толқынына жауап беруге дайын болмады. Дамыған мемлекеттерде өзгерістер сезіне басталғанда, дамып келе жатқан елдердің және үшінші әлем елдердің осы экономикалық “бумға” жауап берудің жолында көптеген қиындықтар болды. Ол әлемдік экономикаға залал келтіріп, жеке басының қаржылық жағдайына да әсер етті. Осылайша, РБК атап өткендей, пандемия қоғамның ең құнды азаматтарға, яғни елдің ішкі жалпы өнімі мен қаржылық әл-ауқаты тікелей тәуелді адам капиталына зардап шекті.
Өмірдің жаңа режиміне тез бейімделуге бізге алты ай ішінде онлайн өмірге көшуге мүмкіндік берді. Біз білетіндей, компаниялардың көпшілігі онлайн режиміне көшіп, адамдар үйден жұмыс істеуге үйренді. Informburo-ның мәліметінше, “Твиттер жұмысшылары енді тек қашықтан қызмет етеді” [Informburo, 1б]. Бұл да өте орынды, өйткені Интернетпен байланысты мекемелер офиссіз және офлайн кездесулерсіз жұмыс істей алады. Дәл осындай көрсеткіштерді карантиндік уақытта интернет-бизнес саласында да көруге болады. Bilim-all сайттың хараблауынша, Қазақстанның онлайн шоппинг нарығындағы 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы екі есеге өсті [Bilim-all, 1б]. Оған қоса, көбісі офисте жұмыс істеуден өздері бас тартуы мүмкін, өйткені олар кеш оянып, үйге ыңғайлы киім киіп, отбасымен көбірек уақыт өткізуге дағдыланған. Осылайша, қашықтан жұмыс істеу біздің өмір тәртібіне тез үйреніп кетті және бізбен ұзақ уақыт бойы қалуы мүмкін, өйткені ол жылдам, ыңғайлы және тиімді режим болып табылады.
Көптеген адамдар келіспей, коронавирус адамзатқа әкелген зияны асырып көрсетілген айтуы мүмкін. Одан әрі, бір-екі жылдың ішінде алған әсер терең емес және адамдар күйзелістен тез айығып кетеді деген пікірлер әлемуметтік желілерде болуы мүмкін. Алайда, карантин басталғаннан бері екі жыл өтсе де, адамдар әлі де психологиялық жарақат белгілерінен зардап шегуде. Американдық дереккөзге сүйене отырып, кейбір адамдар ұйықтай алмай, қорқынышты түс көріп, мазасызданады [wxyz, 1б]. Автор жазғандай, “бұл белгілер қайтып келгенде, біз пандемияның ұзаққа созылған эмоционалды әсерінен зардап шегетінімізді түсінбеуіміз мүмкін”. Сонымен қатар, сондай эмоционалдық күйзеліс отбасының әл-ауқатына әсер етеді. Психотерапевттің болжамы бойынша, қаржылық қиындықтар сияқты әртүрлі себептердің арқасында шаңырақтар шайқалудың саны артады [Tengrinews.kz, 1б]. Шынымен де, жоғарыда атап айтқан жұмыссыздық деңгеінің арттыруы карантин уақытында орын алды және ол жанұялардың ішінде қаржылық және тағы басқа түйткілді мәселелрді тудыруы мүмкін. Яғни, 2020-2022 жылдары адамдар ұзақ уақыт бойы із қалдырды және осы мәселе психолгтардың және басқа мамандардың көмегін қажет етеді.
Жоғарыда айтылғандардан түсінгеніміздей, пандемия шынымен де барлық жастағы адамдардың өмірінде үлкен із қалдырды. Мұның бәрі қазірдің өзінде жастардың құндылықтар жүйесіне әсер етті және ұрпақтың өзіне ғана емес, сонымен бірге біздің әлемнің болашағына да әсер етеді. Ал медициналық көмек пандемия кезінде ғана емес, одан кейін де қажет болды. Карантиннен кейін психологиялық қиындықтарға тап болған кез келген адам психологпен кеңесу керек. Сонымен қатар, бұл оқиғалардан сабақ алып, болашақта осындай жағдайға дайын болу маңызды. Яғни, келесі пандемия немесе басқа жаһандық оқиғалар қайталаса, мемлекеттер және жеке адамдар психологиялық жақтан да, физикалық жақтан да дайын болу керек. Ауылдың тұрғындары туралы ұмытпай, осы қиын уақыттан өтуге көмектесу қажет. Дамыған мемлекеттер дамушы елдерге кішігірім көмек болса да, қол беруге тиіс. Өйткені, күшіміз - бірлікте. Сол кезде,адамзат білім саласында да, жұмыс, бизнес, экономика мен саясатта тұрақтылықты бірдей сақтай алады.

Сөз саны: 690




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет