Кассалық операция және құндылықтарды сақтау орталығы (бұдан әрі Орталық) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 1999 жылғы 20 тамыздағы қаулысының шешімімен құрылған



Дата15.07.2016
өлшемі37 Kb.
#199892
Кассалық операция және құндылықтарды сақтау орталығы (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 1999 жылғы 20 тамыздағы  қаулысының шешімімен құрылған. Оның құрамына бұрынғы Мемлекеттік қазына қоймасы және Ұлттық Банктің  Бас Алматы филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізетін  бірқатар бөлімшелері кірді.

Қазіргі кезде құрылымы 16 бөлім мен қызметтерден тұратын Кассалық операция және құндылықтарды сақтау орталығы Ұлттық Банктің ең ірі филиалы болып табылады. Ол Ұлттық Банктің  ақша айналымы саласындағы, төлемдердің үзіліссіз және өз уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету, банктік есеп айырысулар мен валюталық қарым-қатынастарды ұйымдастыру саясатын жүргізуге белсенді қатысады.

Орталық Банкнот фабрикасы мен Ақша сарайынан қолма-қол ақша алып тұратын Ұлттық Банктің  бірден-бір  филиалы бола отырып  Ұлттық Банктің аумақтық (облыстық) филиалдарының резервтік қорларын  республика аймақтарының экономикасы үшін қажетті деңгейде қолма-қол ақшамен нығайтуды жүзеге асырады.

Штатында білікті мамандары бар әрі «DeLaRue»  фирмасының  қазіргі заман талаптарына сай жоғары өнімді жүйелеріне ие бола отырып Орталық қолма-қол ақшаға сапалы өңдеу, қайта санау және сұрыптау жүргізеді, қолма-қол ақшаны, қымбат металдар мен басқа құндылықтардың сақталуын жүзеге асырады,  кассалық қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, Орталық «Kusters Engineering B.V.» (Голландия) фирмасының СDS –250L жүйесін пайдалана отырып  тозған қолма-қол ақшаны жою және банкнот қалдықтарын брикеттеу жөніндегі  жұмыстарды жүргізеді.

Орталықтың республиканың облыстық орталықтарына, сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктерге қолма-қол ақшаны жеткізу және әкету жөніндегі өте маңызды жұмысты атқаратын инкассация қызметі  және қажетті арнайы көлігі бар.

Сондай-ақ,  Орталық  Қазақстан ақша сарайы алтын мен күмістің ең жоғары сынамасынан  шығаратын коллекциялық және инвестициялық монеталардың сатылуын қамтамасыз етеді.

Орталықтың  өндірістік ортасы  мен инфрақұрылымы халықаралық стандарттарға сәйкес және  қазіргі заман талаптарына сай тіршілікті қамтамасыз ету, күзет және өрт сигнализациясы мен қауіпсіздік  жүйелерімен  жабдықталған. Еуропалық стандарттар бойынша салынған сақтау қоймалары қымбат металдардың және олардан жасалған бұйымдардың, қолма-қол ақша резервтік қорларының және сақтауда тұрған басқа құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта қолма-қол ақша айналымын жетілдіру, қолма-қол ақшаны есепке алу, өңдеу және сақтау процестерін автоматтандыру, ұсынылатын қызметтердің тиімділігін көтеру мақсатында Орталық алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені оқып-үйрену негізінде екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп  қолма-қол ақшаны өңдеудің, сақтаудың, тасымалдаудың және жоюдың біріктірілген жүйесін құру мәселесін қарастыруда.

Орталықта  Халықаралық сапа жүйесінде ISO 9001:2000 стандарттары бойынша сертификатталған химиялық талдау сараптамасының лабораториясы бар. Ол  рентгендік, масс-спектралдық және атомдық-эмиссиондық әдістермен қымбат металдардың барлық түрлеріне, қымбат металдардың қорытпаларына сапалық және сандық талдау жүргізуді, сондай-ақ рудалардың  құрамындағы литийден  уранға дейінгі элементтерді талдауды, құрамында қымбат металдар бар сынықтар мен қалдықтарды, ағын және табиғи суларды талдауды   қамтамасыз етеді.

Орталық қазіргі заман талаптарына сәйкес «Bruker», «SpectroAnalyticalinstrumens» фирмаларының  (рентгендік спектрометрлер, индукциондық плазма мен ұшқындық қоздыруы бар атомдық-эмиссиондық спектрометрлер, индукциондық плазма мен лазерлік сынама іріктеуі бар масс-спектрометрлер, сынамаларды жіктеуге арналған микротолқынды жабдық, индукциондық және термиялық балқыту жабдықтары, қақтау жабдықтары) талдау приборларымен жабдықталған. Бұдан басқа, талдаулар өндірісі үшін аса таза қышқылдар мен су, қымбат металдардың барлық түрлерінің стандартты үлгілері пайдаланылады. Осылардың бәрі талдаулардың  ұлттық және халықаралық стандарттар деңгейіндегі   жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Қымбат металдар қоры бөлімінің  базасында  құрылған сынақ орталығы ҚР СТ 7.3-2002  сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде, тіркеу жүйесінде тіркелген және қымбат металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптау, бағалау және сертификаттық сынақтар жүргізеді. Ол зергерлік бұйымдардағы қымбат металдар қорытпаларының сынамасы мен химиялық құрамын бұзылмайтын әдіспен анықтауды, зергерлік қондырмалардың, қырналған және қырналмаған тастардың  диагностикасын  қамтамасыз етеді.

2004 жылы Орталықта көп профильді өндірісті тиімді басқару мен клиенттердің қажеттілігін  қанағаттандыруды қамтамасыз ететін сапа менеджменті жүйесі енгізілді.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Орталық  сертификациялық аудиттан табысты өтті және Қазақстан банк жүйесінің тарихында алғашқы рет сертификаттау жөніндегі TUV CERT халықаралық органы банк қызметін көрсету жөніндегі сапа менеджменті жүйесін ISO 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестілігіне сертификаттады.

            Біздің ұйымның өзгермес мақсаты - тұтас жалпы қызметті үнемі жақсарту, жоғары деңгейде қызмет көрсету.

Директор: Ахметов Алпысбай Рахметуллаұлы

Біздің деректемелеріміз: 050031, Алматы қаласы, Ташкентская көшесі, 511

            тел + 7 – (3272) – 588-716 (қабылдау бөлмесі)



            Е-mail:gohr_80@nationalbank.kz

            Факс: + 7 – (3272) – 588-751, + 7 – (3272) 588-771

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет