Катонқарағай ауданының 2009 жылдың
9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары
туралы ақпарат
Ауданның 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық салаларының тұрақты өсуін көрсетті.
Ауыл шаруашылығы
2009 жылдың 9 айының ішінде ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 4616,2 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 31,1 пайызға өсті.
2009 жылдың 1 қазанына 6868,6 тонна ет (103,5%), 32053,2 тонна сүт (102,4%), 7008,4 мың дана жұмыртқа (100,5%), 179,9 тонна жүн (100,1%) өндірілді.
Ауданда ірі-қара мал басы - 43462 немесе 2008 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,8%, жылқы - 22211 бас (102,5%), қой мен ешкі – 96920 бас (103%), шошқа – 3986 бас, құс – 87358 бас (110,1%), марал мен теңбіл бұғы 6024 басты құрады.
Аудан шаруашылықтарының машина-трактор паркін жаңалау үшін лизинг арқылы 53,4 млн. теңгеге 26 бірлік әр-түрлі ауылшаруашылық техникалары сатып алынды.
Үстіміздегі жылдың 1 қазанына «Катонқарағай» несиелік серіктестігінің қорынан 21 шаруашылықтары 38,1 млн. теңгенің несиесін алды. «Мұзтау-Несие» ЖШС-нен 17 адамға 4 млн. 850 мың теңге несиесі берілді.
Аудан бойынша 13 мың гектар ылғалресурссақтаушы технологиямен себілді, ол өткен жылғыдан 1 мың гектарға артық.
Минералдық тыңайтқыштар «Калинина» ЖШС-сі 63 тонна, «Приморское» ЖШС-сі 100 тонна, барлығы 163 тонна ауданға жеткізіліп, қолданылды.
2009 жылдың астық ору науқанының барысында аудан бойынша 45,8 мың га алқаптың астығы орылуда. Оның ішінде 20870 га дәнді дақылдар, 23358,6 га күнбағыс, 1249,3 га картоп, 171 га көкөніс.
Орақ науқанына барлығы 157 комбайн, 172 жүк таситын автокөліктер, 163 шынжыр табанды, 608 доңғалақты тракторлар қатысуда.
2009 жылдың 1 қазанына аудан бойынша 12,5 мың га алқаптың астығы орылды, алынған өнім мөлшері 24,86 мың тонна болды. Әр гектардан орташа есеппен 21,1 центнер өнім алынды. Жиналған картоптың жалпы мөлшері – 17,6 мың, көкөністер – 3,62 мың тонна болды.
Өнеркәсіп
Өнеркәсіп өнімдерінің 2009 жылдың 9 айындағы мөлшері 1313,8 млн. теңгені құрады, немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,3 пайызға өсті.
Бюджет
Аудан бюджетіне салықтар мен басқа төлемдер 224 млн. 087 мың теңге көлемінде түсті, немесе болжамның 106,5%. Бюджеттің шығыс бөлігі 1 млрд. 494 млн. 221 мың теңгеге орындалды, немесе қаржылардың игерілуі 99,7% құрады.
Санитарлық-қорғау аймақтары
Аудан бойынша санитарлық қорғау аймақтарын ресімдеп, салық төлеушілердің санын анықтау бойынша жұмыстар жүргізу нәтижесінде 61 нысан анықталып, құжаттары рәсімделді. Бүгінгі күні аудандық бюджетке санитарлық қорғау аймақтарынан 61 нысан бойынша 635 мың теңге көлемінде салық түсірілді.
Шағын кәсіпкерлік
Ауданда 2194 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген (101,8%). Шағын бизнес саласында 4541 адам жұмыспен қамтылған. 2009 жылдың 1-ші қазанына шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 40,1 млн. теңгенің түсімдері түсті, немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға өсті.
Өлкемізде туризмді өркендетуге және оның белсенділігін арттыруға барлық жағдайлар жасалуда.
Ақмарал ауылының маңынан «Катонқарағай» сауықтыру-туристік кешені қолданысқа берілді. Топқайың ауылының жанында «Нұр Бұлақ» сауықтыру-туристік кешенінің құрылысы аяқталуда.
Құрылыс
Аудан бойынша есеп беру кезеңінде жалпы көлемі 1747 шаршы метр құрайтын 24 тұрғын үй қолданысқа берілді, немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,4 пайызға өсті.
Ағымдағы жылдың 9 айында 954 млн. 300 мың теңгенің инвестициясы ауданға тартылып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,8 есеге өсті.
Автомобиль жолдары және көлік
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына және оларды ұстап тұруға биылғы жылы 85,1 млн. теңге бөлініп, 2009 жылдың 1 қазанына 74,6 млн. теңгесі игерілді.
Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық
«Ауыз су» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2009 жылы аудандық бюджеттен Большенарым және Катонқарағай ауылдарындағы су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыру үшін қосымша 39,3 млн. теңге, қолданыстағы су жүйелерін күтіп, ұстауға 2,0 млн. теңге бөлінді. Есеп беру кезеңінде 32,1 млн. теңге игерілді.
2009 жылы көшелерді жарықтандыруға аудандық бюджеттен 11,3 млн. теңге бөлінді, оның 2009 жылдың 1 қазанына 10,2 млн. теңге игерілді.
Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау
2009 жылдың 1 қазанына тіркелген жұмыссыздар саны 176 адамды құрады, 941 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 208 тұрақты жұмыс орны. Есеп беру кезеңінде жұмысқа орналастыруға 448 адам өтініш берді, оның ішінен 367 жұмыссыз адам жұмысқа орналастырылды.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 216 жұмыссыз жіберілді. Кәсіби оқуларға және қайта даярлауға 191 адам жіберілді, оның ішінде Жол картасы бойынша 99 адам қайта даярлаудан өтіп, 57 адам оқуын жалғастыруда.
Аз қамтылған азаматтардың саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,9 пайызға азайып, 2050 адамды құрады.
Ауданның «Жол картасын» іске асыру үшін, қосымша 150 жаңа жұмыс орнын ашуға жалпы сомасы 15183 мың теңге бөлініп, бүгінгі күні толық игерілді. Сонымен қатар, шілде айында республикалық бюджет есебінен - білім беру мекемелерін күрделі жөндеуден өткізуге – 16 млн. 576 мың Малонарым орта мектебінің шатырын күрделі жөндеуден өткізу үшін бөлінді. 2009 жылдың 1 қазанына оның 7911 мың теңгесі игерілді. Аталған жобаға сәйкес жұмыссыздар қатарынан 13 адам жұмысқа тартылды.
Бұдан басқа республикалық бюджет есебінен 63 әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға 5 млн. 612 мың теңге және жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша 23 адамды жіберу үшін 2 млн. 025 мың теңге бөлінген. 2009 жылдың 1 қазанына 65 жұмыс орны ашылып, 29 адам жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша жіберілді.
Жол картасы бойынша есеп беру кезеңінде жергілікті бюджетке 1018 мың теңге көлемінде салықтар түсірілді.
Есептік кезеңде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 23,471 млн. теңге көлемінде 1468 алушыға, тұрғын-үй көмегі – 5,391 млн. теңге көлемінде 588 алушыға, балалар жәрдемақысы – 19,011 млн. теңге көлемінде 2080 балаға төленді.
Еңбек нарығын тұрақтандыру мақсатында, жұмысшылардың еңбек құқығы мен кепілділіктерін, жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз ету туралы аудан әкімдігі мен өндірістік кооперативтің басшыларымен, шаруа қожалықтары, шағын және орта бизнес субъектілерімен, ЖШС директорларымен 291 меморандум жасалып қол қойылды, сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша 111 меморандум 26,4 млн. теңгеге, 178 меморандум азық-түлік бағаларының өсуіне жол бермеу жөнінде азық түліктерге үстеме бағаны 10 пайыздан асырмау туралы сауда нүктелерінің иелерімен, 2 меморандум нан өнімдерін өндірумен айналысатын наубайхана иелерімен, 1 меморандум «Нарын» МКК-мен ауданның тұрғындары тарапынан пайдаланатын қызмет түрі жылу мен судың бағасын тұрақтандыру бойынша жасалып, қол қойылды.
Білім беру
Ауданда 54 жалпы білім беретін мектеп, 3 мектеп жанындағы интернат, 5 мектепке дейінгі мекеме, саз мектебі (БСМ), спорт мектебі (БЖСМ), түзету (коррекционный) кабинеті және кәсіптік лицей-22 жұмыс істейді. Соның ішінде Малонарым ауылында 1 балабақша 2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жаңадан іске қосылды.
Үстіміздегі жылы білім беру мекемелерін ұстау үшін 1313,6 млн. теңге бөлінді. Оның 62 млн. 465 мың теңгесі мектептердің материалдық - техникалық базасын нығайтуға бөлінді, есеп беру кезеңіне оның 38 млн. 140 мың теңгесі игерілді; 41 млн. 887 мың теңгесі мектептерді күрделі жөңдеуден өткізу жұмыстарына бөлініп, оның 33 млн. 221 мың теңгесі игерілді, 17 млн. 700 мың теңге оқулықтарды сатып алуға және жеткізуге бөлінді, оның 15 млн. 872 мың теңгесі игерілді. Ағымдағы жылы жалпыға бірдей білім беру қоры 10 млн. 854 мың теңгені құрады. 2009 жылдың 1 қазанына оның 7 млн. 469 мың теңгесі игерілді.
Биылғы жылы аудан бойынша 10 мектеп қатты отыннан электрмен жылыту жүйесіне көшірілді.
Ағымдағы жылы біріңғай ұлттық тестілеудің нәтижесі бойынша біздің ауданымыз облыс бойынша бірінші орынды иеленді. Аудан бойынша орташа балл 87,4 балды құрады.
Денсаулық сақтау
Аудан денсаулық сақтау жүйесімен толық қамтамасыз етілген – 2 емхана мекемелері (аудандық орталық аурухана және Катонқарағай ауылындағы аурухана), ауылдық аурухана, 3 алғашқы стоматологиялық медициналық көмек көрсету пункті, 6 отбасылық дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Алғашқы дәрігерлік көмекті тұрғындар үшін 41 медициналық пункттер көрсетеді.
2009 жылдың 9 айында стационарларда тегін медициналық көмектің кепілді мөлшері көлемінде 3 мың 290 адам емделді. Жыл басынан 313 бала дүниеге келді. 278 адам қайтыс болды.
Мәдениет және спорт
Ауданда барлығы 39 мәдениет ошақтары, оның ішінде 23 клуб мекемелері, 16 кітапхана және О.Бөкейдің мұражай-үйі бар.
2009 жылдың есеп беру кезеңінде мәдениет мекемелерінде 1138 іс-шаралар өткізілді.
Аудандық кітапханалар 10964 оқырмандарға қызмет жасады, оқырмандарға оқуға 201400 дана кітап берілді.
Құқықтық тәртіп
Ауданда қылмысқа қарсы күрес бойынша бағдарламаны жүзеге асыру жалғасуда.
2009 жылдың 9 айында 97 қылмыс жасалған. Басы ашылған қылмыс 89,7 пайызды құрады.
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы М. Нұрғалиев
Достарыңызбен бөлісу: |