Катонқарағай ауданының 2012 жылдың 1 жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы



Дата23.02.2016
өлшемі60 Kb.
#4179
Катонқарағай ауданының

2012 жылдың 1 жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық

даму қорытындылары туралы

АҚПАРАТ
Ағымдағы жылдың 6 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары экономиканың өткен жылы қол жеткізген өсім қарқынын сақтау туралы куәландырады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда дамудың негізгі көрсеткіштерінің өсіміне ықпал етеді.

Экономиканың нақты секторында:

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 1 155,4 млн. теңгені құрады, немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 238,3 пайыз. Өнеркәсіп өнімі өндірісінің табиғи көлем индексі 3,6 есеге өсті.

Соның ішінде: қайта өндеу өнеркәсібінде шығарылған тауар өнімінің көлемі 412,1 млн. теңгені, өнімнің табиғи көлем индексі – 103,2 пайызды құрады.



Ауыл шаруашылығында:

Мал шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 3 609,6 млн теңгені құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,9 пайызға артық. Өнімнің табиғи көлем индексі 100,9 пайызды құрады.

2012 жылдың 1 шілдесіне тірі салмақтағы 4 701,0 тонна ет өндірілді (өсім 2,2%), сүт – 20 785 тонна (өсім 0,1%), жұмыртқа 4 201,7 мың дана (100%), жүн - 188,7 тонна өндірілген.

Ауданда ірі-қара мал басы – 48 451 басты (өсім 0,1%), жылқы - 25 696 басты (өсім 1,3%), қой мен ешкі – 109 661 басты (өсім 0,4%), шошқа – 5 921 басты (өсім 3,7%), құс – 98 592 басты (0,1%), марал мен теңбіл бұғы - 5 593 басты құрады (өсім 3,0%).

Ауданда селекциялық және асылдандыру жұмыстарына, жануарлардың генофондын жақсартуға аса көңіл бөлінеді. Ауданда 16 асыл тұқымды шаруашылығы, оның 8-і асыл тұқымды марал өсірумен, 2-і жылқы асылдандырумен,1-і қой, 5-і омарта шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде 1 жылқы, 1 марал, 1 ара шаруашылықтары асыл тұқымды дәрежесін 2012 жылы алды.

Сонымен қатар, ауданда 2 мал сою цехы Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылдарында, 17 мал сою алаңы, 12 ірі қара малын қолдан ұрықтандыру пункттері, 13 мал көмінділері құрылған. 2012 жылы маусым-тамыз айларына жоспарланған 3 мал өлексе көмінділерінің сметалық құжаттары дайындалып, жұмыстары басталды.

«Катонқарағай ауданының ветеринариялық қызметі» МКК-ны ауданның 29 мал дәрігерлерімен келісім жасай отырып, 2012 жылдың 6 айына жоспарланған ветеринариялық шараларды толығымен орындады. Ірі қара, қой мен ешкіден қан сынақтары алынып, тексеру нәтижесінде бруцелез ауруына оң нәтиже берген 14 ірі-қара, 2 ұсақ мал анықталып, ветеринариялық талаптарға сай жойылды.

Ауыл шаруашылық малдарын бірегейлендіру жұмысы жолға қойылған, жыл басынан бері 10 мың бас ірі қара, 20 мың бас қой мен ешкі, 3500 шошқа бірегейлендірілді.

Көктемгі дала-егістік жұмыстары ұйымшылдықпен өткізіліп, биылғы жылы жалпы егістік аумағы 73,2 гектар алқапқа жеткізілді, оның ішінде 19,4 мың гектар алқапқа тұқым ылғалресурссақтау технологиясымен себілді.

Ағымдағы жылдың 6 айында лизинг бойынша және өз қаражаты есебінен 59,2 млн. теңгеге 18 дана әр түрлі ауыл шаруашылық техникалары алынды.

Аудан экономикасын дамытуда қаржы институттарының да үлкен үлесі бар. 2012 жылдың 1 шілдесіне шаруа қожалықтарына және басқа да заңды және жеке тұлғаларға 126,1 млн. теңгенің несиесі берілді.

Соның ішінде «Мұзтау несие» ұйымынан 19 адам 10,1 млн. теңгенің несиесін, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ арқылы 23 жеке тұлғалар 21,95 млн.теңге, «Катонқарағай несие серіктестігі» арқылы 9 шаруашылық құрылымдары 5,4 млн.теңге, сонымен қатар «Казагро» қаржы институттары арқылы «Сыбаға» бағдарламасына сай 11 шаруа қожалығы мен жеке кәсіпкер 500-ден артық ірі қара малын сатып алу үшін 88,6 млн. теңге көлемінде несие алды.

Аудан бойынша 223 ұсақ шаруа қожалықтары 28 ірі ауылшаруашылық құрылымдарына кіріп, қарапайым серіктіктестік негізінде жұмыс атқаруда.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 800,7 млн. теңгені құрады, 2011 жылдан 79,6 пайызға жоғары. Табиғи көлем индексі 170 пайыз.

Тұрғын үйді пайдалануға енгізу бойынша жалпы алаңы 1 141 шаршы метрді құрайтын 9 тұрғын үй қолданысқа берілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,7 пайызды құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 479,5 млн.теңгеге жетті, табиғи көлем индексі – 520 пайыз.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны ауданда 2 325 құрайды, немесе 100,4 пайыз. Тіркелген кәсіпорындардың саны 104,6 пайыз өсіммен 114 бірлікті құрады. Соның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 88 (2011 жылғы 1 шілдесіне - 84), оның ішінде белсенді жұмыс істеп тұрғандары – 73 (2011 жылғы 1 шілдесіне - 71) немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,8 пайызды құрады.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 906,6 млн.теңгені, ал табиғи көлем индексі 115,9 пайызды құрады.

Мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа да төлемдер 1 934,1 млн.теңгені құрады (2011 жылғы 1 шілдесіне – 1 596,3 млн.теңге), немесе болжамның 102,2 пайызы, өсу темпі – 121,2пайыз.

Ауданның өздік бюджетіне 250,9 млн. теңге көлемінде салықтар мен басқа төлемдер түсті (2011 жылғы 1шілдесіне – 182 млн.теңге), немесе болжамның 119,8 пайызы, өсу темпі – 137,8 пайыз.

Бюджеттің шығыс бөлігі 1 899,1 млн. теңгеге орындалды (2011 жылғы 1 шілдесіне – 1 556,5 млн.теңге немесе игерілуі – 99%), немесе қаржылардың игерілуі 99,5 пайызды құрады.



Орташа айлық номиналды жалақы 2012 жылғы қаңтар-мамыр 30,1 пайызға өсті және 57096 теңгені құрады.

Әлеуметтік қорғау саласында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тіркелген жұмыссыздар саны 7 азайып, 123 адамды құрады.

Жылдың басынан жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа орналастыру бойынша 241 адам жүгінген болса, оның 175 жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасу үлесі 72,6 пайызды құрады.

Өткен жылдың тиісті кезеңінде 614 жаңа жұмыс орны ашылса, ағымдағы жылы ауданда 780 жаңа жұмыс орны ашылды.

Есептік кезеңде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек –29,6 пайыға азайып, 5 195 мың теңге, тұрғын-үй көмегі – 941 мың теңге, балалар жәрдемақысы – 9 195 мың теңге көлемінде төленді.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының 1 бағытына сәйкес жоспар бойынша 55 адам оқуға жіберіледі. Бүгінгі күні 10 адам біліктілігін арттыру курстарын бітіріп, оның 8-і тұрақты, 1-уі әлеуметттік жұмысқа орналастырылды. 2 бағытына сәйкес, аудан бойынша 13 кредиттік серіктестік құрылып, барлығының өтінімдері қанағаттандырылып, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдауға 154,5 млн.теңгенің несиесі берілді.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының 4 бағытына сәйкес, ауданның тірек елді мекендерін дамыту мақсатында объектілерді жөндеу және абаттандыруға республикалық бюджет есебінен – 59,048 млн. теңге бөлінді.



Ағымдағы жылы Жол картасының өңірлік жобаларын іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда. Жобалардың жалпы құны – 284 666 мың теңгені құрайды, соның ішінде облыстық бюджет есебінен – 188 703 мың теңге, аудандық бюджет есебінен – 95 963 мың теңге.

2012 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша игерілуі 137 304,2 мың теңге, немесе игерілуі 99,9 пайызды құрады, есепшоттағы 73,8 мың тңге көлеміндегі қалдықтың қалу себебі, Солоновка ауылындағы балабақшаны күрделі жөндеуді техникалық байқаудан өткізу бойынша жұмыс көлемі болған жоқ.

Жол картасы бойынша 10 жобаны іске асыру барысында орташа жалақысы 40 мың теңгені құрайтын 138 жаңа жұмыс орны ашылып, 116 адам жұмысқа тұрды, оның ішінде жұмыспен қамту ұйымдарында тіркеуде тұрғандар есебінен 72 адам орналастырылды.

Мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту 6,1 пайыз өсіммен 94,8 пайызды құрады.

Бүгінгі күні 43 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеп тұр, оның ішінде 36 шағын орталықтар және 7 балабақша. Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың саны 1121, оның ішінде шағын орталықтарда – 683, балабақшаларда 438 бала.



Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік – маңызды көрсеткіштердің реттелуі бақыланады.

2012 жылдың 1 шілдесіне ауданда туберкулез ауруымен ауыратын 12 адам анықталды, өткен жылдың тиісті кезеңінде 11 адам ауырған, немесе өсім 9 пайыз болып отыр.



2012 жылдың 1 шілдесіне 186 бала дүниеге келді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 балаға артық. Есепті кезеңде 165 адам қайтыс болды, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11 адамға азайды.

Есепті кезеңге 3 нәресте өлімі тіркелген, өткен жылдың тиісті кезеңінде 3 болған.



Қылмыс бойынша, 2012 жылдың 1 шілдесіне 95 қылмыс жасалған, өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 1 қылмыс артық немесе 101,1%. Басы ашылған қылмыс 65,9 пайызды құрады, өткен жылдың тиісті кезеңінде 65,2 пайыз болған.

Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің бастығы Ж. Большманова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет