Катонқарағай ауданының
әкімі А.Бекбосыновқа
«Жер ресурстарын тиімді пайдалану туралы»
Катонқарағай ауданы бойынша жалпы жер ауданы – 1319075 гектарды құрайды оның ішінде: егістік – 73173 га, тыңайған – 7991 га, шабындық – 70597 га, жайылымдық – 674356 га жер.
Аудан бойынша барлығы 1547 шаруа қожалықтары, 57 мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға ауылшаруашылығы мақстатарына жалпы ауданы- 309831га оның ішінде егістік – 73173 га, тыңайған жерлер – 1134 га, шабындық - 34516га, жайылымдық- 195722га жер учаскелері бекітіліп берілген.
№ 1 кесте.
№
р/н
|
Аудан атауы
|
Барлығы егістіктер
|
Оның ішінде:
|
% пайдаланылмаған егістік жерлер
|
%
Пайдаланылған егістік жерлер
|
егістік
|
тыңайма
|
1
|
Катоқарағай
|
74307
|
73173
|
1134
|
1,5
|
98,5
|
Ағымдағы жылдың 1-ші қантарынан 1-ші шілдесіне дейін ауданның жер бөлу комиссиясына аудан әкімдігінен және ауылдық әкімдіктерінен барлығы-228 өтініш,оның ішінде: заңды тұлғалардан- 23,жеке тұлғалардан- 205 өтініш комиссияда қарауға келіп түсті. Жер комиссиясының 10 отырысы болып жеке және заңды тұлғаларға хаттаманың көшірмелері берілді. Жер кадастр бюросына жерге орналастыру жобасын дайындау үшін 361 жолдама қоса берілді.
Жерді пайдалану құқығын алу үшін әкімдіктің қаулыларының жобасы жер қатынастары бөлімінде әзірленіп, әкімдіктің мүшелерінің келісім парағымен ұсынылады, барлығы 110 қаулының жобасы ұсынылып, 110 қаулы қабылданды.
Бөлімде жерді пайдалану құқығы берілген идентификациялық құжаттарды есепке алу жұмысы жүргізіліп отыр, бұл құжаттар саны 390 данаға жетті, жер жалдау (аренда) келісім-шарттары жасалып 117 келісім-шарт жер пайдаланушылардың қолына берілді.
Катонқарағай ауданының бюджетіне қосымша қаражат түсу көздерінің бірі жер учаскелерін жеке меншікке және уақытша пайдалану құқығын сату бойынша, үстіміздегі жылы 38 сату-сатып алу келісім шарты жасалып, бағалау құны 5 миллион 426 мың 940 теңгеге сатылып, бюджетке түсірілді. Жыл көлемінде жер учаскелерін сату бойынша 2 конкурс өткізіліп 13 жер учаскесі жалпы ауданы 1299 га ауылшаруашылығы жері сатылып, бюджеттке 3 млн. 289 мың теңге кіріс еңгізілді және жыл аяғына дейін тағы 1 конкурс өткізіліп бюджетке 1,5-2,0 млн. теңге түсіруді жоспарлап отырмыз.
Басым бағыттардың бірі- 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қ.Р Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы ауыл шаруашылығындағы жерлерді түгендеу туралы тапсырмасына сәйкес – осы кезенде аудан бойынша жер пайдаланушылардан мемлекеттік меншікке 45 жер пайдаланушының 45 жер учаскесі жалпы ауданы-5984га, оның ішінде егістігі-4013 га, шабындық-613 га, жайылым-1358 га қайтарылды. Оның 977 га алқабы жоғарыда айтып кеткендей жер пайдалану құқығын сату конкурсына ұсынылды және қалған жер учаскелеріде осы тәсілмен сатуды жыл көлемінде ұйымдастырамыз. ҚР Жер Кодексінің 92-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер инспекциясына 74 жер пайдаланушының жер учаскелерін нысаналы мақсатына пайдаланбай отырғандығы туралы мәліметі беріп, тексеру жүргізіп, әкімшілік шара қолдануды ұсындық.
Жалпы ауданы-320 гектарды құрайтын 8-шаруа қожалығының жер учаскелерін мәжбүрлеп тартып алу үшін аудандық сотқа талап арыз дайындалуда.
Алдағы кезенде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге берген ескертулер бойынша жерді пайдалану туралы жұмыстарды күшейту керек, және осы бағытқа ауылдық округтің жерге орналастырудағы мамандарын жұмылдыруға ерекше назар аударып, артыруды қамтамасыз ету кажет.
ҚР Жер ресурстарын агенттігінің төрағасы Қ.М. Отаровтың наурыз айында облыс орталығында өткізген алқалы жиналысында ауылшаруашылығы жерлерін түгендеу жұмыстары жалғаса беретіндігін және жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер телімдерін тексеруді қолға алып жандандыру керектігін атап айтты. Бұл жөнінде ауданда жұмыс тобы құрылып іске кірісті. Аудан бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салуға ниет білдірген 87 азаматтың 70-і жер учаскелерін нысаналы мақсатына пайдаланбай отырғанын анықтадық және бұл жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтаруда жұмыстар жүргізудеміз. Сонымен қатар агентіктің төрағасы ҚР Үкіметінің 2012-2014 жылдарға арналған жерді түгендеу (инвентаризация) жұмыстарын республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізетіндігін айтты. Бұл түгендеу жұмыстары жер учаскелерінің толық сипттамасын береді, яғни табиғи мал азығы алқаптарына геоботаникалық зерттеу,топырақ зертеулерін жүргізіп, бүгінгі күні қандай жағдайда екендігін айқындайды.
Жер ресурстарын тиімді пайдалануды және жер қатынастарын реттеуге биыл аудандық бюджеттен жер –кадастрлық карталарын жасауға-391 000 теңге аударылды. Жер учаскелерін бір түрден, екінші түрге (егістік жерлерді жайылым немесе шабындық) жерлерге ауыстыруға аудандық бюджеттен 2 998000 теңге бөлінді. Жер учаскелерінің пайдалану құқығын конкурс арқылы сатуға 700 000 теңге бөлінді.
Жер қатынастары бөлімінің бастығы А. Беристенов
Достарыңызбен бөлісу: |