Казахский язык
1-ші сұрақ
Қазақ тілі түркі тілдерінің қай тобына жатады?
Жауабы: Қыпшақ тобы
2-ші сұрақ
Алфавиттегі бірінші әріп пен ең соңғының алдындағы әріптен құралған сөз қай аңның аты?
Жауабы: Аю
3-ші сұрақ
Қазақтың тұңғыш романы?
Жауабы:
“Бақытсыз Жамал”
М. Дулатов
4-ші сұрақ:
Мақалды жалғастырыңыз.
Тіл тас жарады
....
Жауабы
Тіл тас жарады.
Тас жармаса, бас жарады.
5-ші сұрақ
Мектепке бару тойын не дейді?
Жауабы:
Тілашар тойы
6-шы сұрақ
Тұңғыш қазақ театры
Қазақстанның қай
қаласында ашылды?
Жауабы:
Қызылорда қаласы
7-ші сұрақ
Жеті қазынаны атаңыз.
Жауабы:
Жүйрік ат,
қыран бүркіт,
құмай тазы,
берен мылтық,
қанды ауыз қақпан,
майланғыш ау,
өткір кездік.
8-ші сұрақ
Тайқазан қай қалада тұр?
Жауабы:
Түркістан қаласында
9-ші сұрақ
Сексен көлді, көгілдір таулы аймақ қай жер?
Жауабы:
Көкшетау
10-ші сұрақ
Ұлттық валюта күні қашан?
Жауабы:
25 қараша (1993 жылы)
11- ші сұрақ
Мақалды жалғастырыңыз.
Жеті жұрттың тілін біл,
Жауабы:
Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
12- сұрақ
Қазақ ертегілері неше топқа бөлінеді?
Жауабы:
3 топқа бөлінеді:
Қиял-ғажайып, хайуанаттар, тұрмыс-салт ертегілері.
13-ші сұрақ
Ерінде еріндік бар ма?
Езуде езулік нешеу?
Жауабы:
Ерінде еріндік жоқ,
Езуде 2 езулік.
14- сұрақ
Парижде тұңғыш рет қазақ әнін орындап, күміс жүлде алған әнші кім?
Жауабы:
Әміре Қашаубаев
15- сұрақ
Сингорманизм түркі тілдерінің ішінде қай тілде сақталған?
Жауабы: Қазақ тілінде.
16- сұрақ
Сауранбаев Нығымет Тінәліұлы кім?
Жауабы:
Н.Т.Сауранбаев- қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымының докторы.
17-ші сұрақ
Сабақтас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
Жауабы:
6 түрге бөлінеді:
Шартты бағыныңқы
Қарсылықты бағыныңқы
Мезгіл бағыныңқы
Себеп бағыныңқы
Мақсат бағыныңқы
Қимыл-сын бағыныңқы
18-ші сұрақ
Көшпенділер” кітабының авторы кім?
Жауабы:
Ілияс Есенберлин
19- сұрақ
Қазақ музыка аспаптарын неше түрге бөлеміз
4 түрге бөлінеді:
Ішекті
Үрмелі
Дабылды-шулы
Сарнамалы
20-сұрақ
Қой аузынан шөп алмас” тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай?
Жауабы:
Момын
Достарыңызбен бөлісу: |