Казахский язык в русских классах



Дата05.07.2016
өлшемі110.55 Kb.
#180251


Казахский язык в русских классах

1 вариант


1.

Антонимдер қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Киіз үй орнатылды.

B) Ақын өмірі, шығармашылығы айтылды.

C) Оның екі ұл баласы бар.

D) Ол күрделі сынақтан өтті.

E) Үлкендері, кішілері үйге кірді.

2.


Тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз.

A) Қала мен ауылдың арасында.

B) Санын соғып қалу.

C) Түймеңді қадау.

D) Ақылды бала.

E) Қою қара қас.


3.

Тура мағыналы сөзді белгілеңіз.

A) Қара жұмыс.

B) Қара сөз.

C) Қара көйлек.

D) Қара хабар.

E) Қара ниет.
4. Мағыналары басқа, бірақ дыбысталуы бірдей сөздерді не дейтінін белгілеңіз.

A) Синоним.

B) Антоним.

C) Сөйлем мүшелері.

D) Фразеологизм.

E) Омоним.


5.

Синоним емес сөздерді анықтаңыз.

A) Сәби, перзент.

B) Сұлу, әдемі.

C) Мықты, күшті.

D) Бағалы, құнды.

E) Бал, бала.
6. Сөйлемнен ауыспалы мағынада қолданған сөз тіркесін анықтаңыз.

Менің анам ақ жүректі, мейірімді адам.

A) Мейірімді.

B) Ақ жүректі.

C) Менің анам.

D) Анам.

E) Мейірімді адам.


7.

Фразеологизмнің мағынасын анықтаңыз.



Тілін жұтып қою.

A) Сөйлей алмау, үнсіз қалу.

B) Өте жақын.

C) Сөзуарлану.

D) Ерекше іс жасау.

E) Өте жақсы білу.


8.

Тура мағыналы сөз тіркесін анықтаңыз.

A) Жүзіктің көзіндей.

B) Ақ қағаз.

C) Көз тоярдай.

D) Ақ жүрек.

E) Су жүрек.
9.

Жақтың қатысына қарай дауыстылар неше және қандай топқа бөлінетінін белгілеңіз.

A) 2. Жуан, жіңішке.

B) 3. Еріндік, езулік, қысаң.

C) 2. Жуан, езулік.

D) 2. Ашық, қысаң.

E) 4. Қысаң, ашық, жуан, жіңішке.
10.

Жалғауы ұяң дауыссыздан басталған сөзді табыңыз.

A) Ормансыз.

B) Кәсіпкер.

C) Безген.

D) Елінен.

E) Отанды.
11.

Тек бітеу буындардан тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Каспий теңізіне барамын.

B) Алматы туралы әңгімелеңдер.

C) Жетісудың ауа райы ылғалды.

D) Біз жылдам бірлестік.

E) Бұл өлкеде жемісті ағаштар өседі.
12.

Тұйық, бітеу және ашық буындары бар сөзді табыңыз.

A) Ұлттық.

B) Аударма.

C) Қазақша.

D) Бірыңғай.

E) Септеулік.
13.

Сингармонизм заңына бағынбайтын сөзді белгілеңіз.

A) Шығармашылық.

B) Қалалық.

C) Әуезов.

D) Еңбексіз.

E) Өнерлі.
14.

Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтарды анықтаңыз.

A) -қы, -ғы.

B) -нан, -нен.

C) -тың, -ға.

D) -ау, -еу.

E) -мын, -мін.
15.

Сөз түрлендіруші жұрнақты белгілеңіз.

A) Балықшы.

B) Өнерпаз.

C) Қалашық.

D) Дәмхана.

E) Доссыңдар.
16. Туынды сөзді белгілеңіз.

A) Су-су.

B) Бала-шаға.

C) Дос.


D) Келе жатыр.

E) Жақсылық.


17. Жалқы зат есімді көрсетіңіз.

A) Ақын.


B) Шекарашы.

C) Қызылорда.

D) Халық.

E) Сезім.


18.

Анықтауыш қызметінде тұрған қатыстық сын есімді табыңыз.

A) Біз сұлу Астанаға ұшақпен ұшып келдік.

B) Ербол бойшаң және өнерлі оқушылардың бірі болды.

C) Жақсыдан қашпа, жаманнан жирен.

D) Әмір сұлу жігіт.

E) Жақсыда үлкен қасиет бар.
19.

Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.

A) Жүз төртінші.

B) Екі жүз бес.

C) Алтау.

D) Бес-бестен.

E) Оннан екі.
20. Септеліп тұрған есімдікті табыңыз.

A) Бұдан, қаншадан.

B) Мынау, сен.

C) Осы, анау.

D) Менің, ол.

E) Оған, неше.


21. Іс-әрекеттің қимыл иесіне тікелей қатыстылығын анықтайтын етіс

түрін белгілеңіз.

A) Ырықсыз етіс.

B) Өзгелік етіс.


C) Өздік етіс.
D) Ешбірі.

E) Ортақ етіс.

22.

Қалау райды анықтаңыз.



A) Бармақ болды.

B) Құшақтағым келеді.

C) Ойнап еді.

D) Бел асып кетті.

E) Тапсырды.
23. Келер шақ есімшенің жұрнақтарын анықтаңыз.

A) -ған, -ген.

B) -ып, -іп.

C) -ар, -ер.

D) -шы, -ші.

E) -лар, -лер.


24. Етістіктің рай категориясын анықтаңыз.

Мектепте драма үйірмесін ұйымдастырсақ.

A) Ашық.


B) Шартты.

C) Өздік.

D) Бұйрық.

E) Қалау.


25. Сөйлемдегі үстеудің түрін анықтаңыз.

Аққасқаны Қасен мен Бейсенбай зорға айырып алды.

A) Себеп-салдар.

B) Қимыл-сын.
C) Мезгіл.
D) Күшейткіш.

E) Мөлшер.

26.

Мезгіл үстеуі бар сөйлемді анықтаңыз.



A) Олар ілгері жүрді.

B) Аяғы жазылды ма өзінің.

C) Жомарт биыл келген.

D) Мен сенімен біргемін.

E) Ол балаша қуанды.
27.

Сұраулық демеулікті табыңыз.

A) Ол менен сұрай(ма).

B) Кітап оқы(ма).

C) Бүгін кел(ме).

D) Сен оны көр(ме).

E) Үйге кел(ме).
28. Одағай қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Қарағым-ау, тезірек жауап берсейші.

B) Пыш-пыш, күбір-күбірлеріңді тыйыңдар.

C) Қап, барлық еңбектері далаға кетеді-ау!

D) О, жоғары шық, бала, атаңның қасына бар.

E) Үлкен, өткір көзі жалт-жұлт етеді.


29. Тиісті тыныс белгісін қойыңыз.

Күн қандай тамаша...

A) Қос нүкте.

B) Тырнақша.

C) Сұрау белгісі.

D) Нүкте.

E) Леп белгісі.


30.

Есімшеден жасалған бастауышты табыңыз.

A) Ойнағандар тоғызқұмалақты қызыға үйренеді.

B) Шашау шыққан мал жоқ.

C) Соңғы күндегі жүрісі бұрынғыдай емес.

D) Сен кімсің?

E) Енді не болса да көну керек.
31. Мақалдағы тиыннан деген сөз қай сөйлем мүшесі болатынын анықтаңыз.

Тиыннан теңге құралады.

A) Пысықтауыш.

B) Анықтауыш.

C) Толықтауыш.

D) Бастауыш.

E) Баяндауыш.


32. Сөйлемде затты, нәрсені сын-сапалық, сан-мөлшерлік жағынан көрсететін сөйлем мүшесін анықтаңыз.

A) Бастауыш.

B) Баяндауыш.

C) Толықтауыш.

D) Пысықтауыш.

E) Анықтауыш.


33. Атаулы сөйлемді табыңыз.

A) Бізге көбірек оқу керек.

B) Мәдени-демалыс паркі.

C) Үрейден төбе шашы тік тұрды.

D) Мен ақын емеспін.

E) Мына атқа мінер ме едің?


34. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

A) Япыр-ай, Абайжан-ай, қатты айттың-ау.


B) Ауыл әлі ояна қойған жоқ.
C) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.

D) Мен осы үйдің баласымын.

E) Қалаға бардым.

35.


Жақсыз сөйлемді белгілеңіз.

A) Мен мектепке тез жиналдым.

B) Спорт қалай пайда болыпты?

C) Сенбіде мектепке газет шығаруға келемін.

D) Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық.

E) Бұл жерде суға түсуге болмайды.


36.

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Қоңырау соғылып, балалар сабаққа кірді.

B) Жанардың дауысы жақсы, дегенмен ол ән айтпайды.

C) Ұлым келді деп, анам жолға шықты.

D) Қыс түсті де, ауа райы қатты суытып кетті.

E) Өйткені мен туған ауылымды сүйемін.
37.

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрақтарын

көрсетіңіз.

A) Қайтсе де? Не етсе де? Не еткенмен?

B) Қайтсе? Не етсе? Қайткенде? Не еткенде?

C) Не үшін? Несі үшін?

D) Қашан? Қай кезде? Қашаннан бері?

E) Не мақсатпен? Неге? Не үшін?


38.

Бағыныңқысы басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін қалай аталатынын табыңыз.

A) Мақсат бағыныңқылы.

B) Қимыл-сын бағыныңқылы.

C) Шартты бағыныңқылы.

D) Қарсылықты бағыныңқылы.

E) Мезгіл бағыныңқылы.
39. Сірә, мүмкін - қыстырма сөздің қай түріне жататынын белгілеңіз.

A) Растау, теріске шығару.

B) Ой тәртібін білдіретін.

C) Ойдың кімнен шыққанын білдіреді.

D) Күмәнді ойды білдіретін.

E) Қуаныш.


40.

Төл сөздің алдынан автор сөзі келгенде қойылатын тыныс белгіні

көрсетіңіз.

A) Көп нүкте.

B) Үтір.

C) Қос нүкте.

D) Нүктелі үтір.

E) Нүкте.


Казахский язык в русских классах

2 вариант
1. Мақал-мәтелдің жалғасын анықтаңыз.

«Сулы жер құрақсыз болмас, ...»

A) Таулы жер бұлақсыз болмас.

B) Адам доссыз болмас.

C) Ел іші өнерсіз болмас.

D) Көлдің көркі – құрақ.

E) Ас тұзсыз болмас.


2. Синоним сөздерді табыңыз.

A) Биік, жақын, төмен.

B) Алыс, шалғай, үлкен.

C) Мөлдір, таза, терең.

D) Кең, ұлан-байтақ, ұлан-ғайыр.

E) Сұлу, бай, байтақ.


3.Мақалдан антонимді табыңыз.

A) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

B) Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый.

C) Мың досың болса да аз, бір қасың болса да көп.

D) Күш білімде –білім кітапта.

E) Оқу инемен құдық қазғандай.


4. Ауыспалы мағынадағы сөзді анықтаңыз.

A) Істің ақ, қарасы тексерілді.

B) Қара көлеңке.

C) Жігерлі адам.

D) Ақ көйлек.

E) Қара киім.


5. Синонимді табыңыз.

A) Құрмет, қасиет.

B) Қадір, береке.

C) Сабырлы, салмақты.

D) Мәдениетті, жауапты.

E) Ақымақ, еріншек.


6. Антонимдес жұпты көрсетіңіз.

A) Асты - жаны.

B) Үрпию - ербию.

C) Үбірлі - шүбірлі.

D) Ақ жүрек - арам.

E) Алқа - салқа.


7. Омоним бола алатын сөзді белгілеңіз.

A) Әңгіме.

B) Шығарма.

C) Оқулық.

D) Дәптер.

E) Кітап.


8. Мақалардан антонимдерді табыңыз.

A) Білекті бірді жығады.

B) Досы көппен сыйлас.

C) Туған жерге туыңды тік.

D) Білімдінің күні жарық.

E) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.


9. Әрі жуан, әрі еріндік дыбысты табыңыз.

A) Ү.


B) А.

C) Ұ.


D) Ө.

E) Ы.
10. Сыңары жоқ қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.

A) в, д, қ.
B) х, ц, ч.
C) т, с, ш.

D) г, ф, б.

E) п, к, қ.
11.Буын түрлерінің санын анықтаңыз.

A) Төрт.


B) Үш.

C) Бір.


D) Бес.

E) Екі.
12. Ашық буынды сөздерді белгілеңіз.

A) Кітап.

B) Демалыс.

C) Мінезі.

D) Жексенбі.

E) Жолдастық.
13.Буын үндестігінің ғылыми терминдік атауын табыңыз.

A) Тоғыспалы ықпал.

B) Сингармонизм.

C) Ассимиляция.

D) Ілгерінді ықпал.

E) Кейінді ықпал.


14. Негізгі түбірдің анықтамасын табыңыз.

A) Жұрнақ арқылы жасалған бөлік.

B) Сөз түрлендіруші жұрнақ.

C) Сөз тудырушы жұрнақ.

D) Түбір мен қосымшадан тұратын бөлік.

E) Сөздің бөлшектенбейтін бөлігі.


15. Туынды түбірді анықтаңыз.

A) Жұмысшы.

B) Кітап.

C) Жаңбыр.

D) Көмек.

E) Көпір.


16. Жұрнақ жалғанған сөзді анықтаңыз.

A) Мұз айдынында.

B) Қызметімен.

C) Алаңға.

D) Балықтар.

E) Сандықша.


17.

Жіктік жалғауы дұрыс жалғанған зат есімді табыңыз.

A) Баласіз.

B) Әжемын.

C) Шәкіртпіз.

D) Студентпын.

E) Қызсің.
18.

Сын есім шырайларының санын анықтаңыз.

A) 2

B) 5


C) 7

D) 4


E) 3
19.

Жинақтық сан есімдерді анықтаңыз.

A) Отыз екінші.

B) Екеу.


C) Мың.

D) Екі жүз қырық.

E) Бесінші.
20.

Сұрау есімдігінің тәуелденген түрін көрсетіңіз.

A) Барлығымыз.

B) Нешеуі?

C) Кімдерге?

D) Қайдансың?

E) Кімге?
21.

Өзгелік етіс жұрнақтарын анықтаңыз.

A) -ыл, -ыс, -іс, -с, -ын.

B) -ын, -ін, -н, -ыс, -с.


C) -ыл, -іл, -л, -ыс, -іс.
D) -ыс, -іс, -с, -ын, -ін.
E) -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір.
22. Сөйлемде берілген етістіктің түрін анықтаңыз.

Түнде жаңбыр жауыпты.

A) Өзгелік етіс.

B) Ортақ етіс.

C) Тұйық етістік.

D) Есімше.

E) Көсемше.


23.

Нақ осы шақтың дара түрін табыңыз.

A) Оқыған, келген.

B) Келді, айтады.

C) Шашпақ, қарамақ.

D) Сөйлемес, шықпас.

E) Отыр, жатыр.

24.


Өздік етіс жұрнағы бар сөйлемді белгілеңіз.

A) Бала өзі киінді.

B) Ол баласына өлең айтқызды.

C) Мен оған көмектестім.

D) Ойланбаған кісіде ақыл болмас.

E) Олар телефон арқылы сөйлесті.


25.

Қимыл-сын үстеуі қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

A) Ауа райы кенеттен суытты.

B) Ағам таңертең дүкенге барып келді.

C) Арманның тамаша күлкісі есімде.

D) Осында бәріміз жиналдық.

E) Баласы амалсыздан үндемеді ғой.
26.

Үстеудің қай түрі қимыл, іс-әрекеттің алуан түрлі сапасын білдіреді.

A) Қимыл-сын.

B) Мақсат.

C) Себеп.

D) Мекен.

E) Мезгіл.
27.

Себептік жалғаулықтар қатарын көрсетіңіз.

A) Бірақ, дегенмен.

B) Өйткені, неге десең.

C) Я, немесе, біресе.

D) Мен, және, әрі.

E) Сондықтан, егер.
28.

Шақыру одағайы қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Шіркін, биыл жақсылап демалсам ғой!

B) Шынында, қатты ойланатын мәселе екен.

C) Қазақтар жылқыны «құрау-құрау» деп шақырады.

D) Тұрсам, о, тоба – ай, айнала көк шалғын!

E) Балам, жүзің сынық қой.
29.

Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрін табыңыз.

A) Құрмалас сөйлем.

B) Жалаң сөйлем.

C) Жайылма сөйлем.

D) Жай сөйлем.

E) Хабарлы сөйлем.
30.

Дара бастауышы бар сөйлемді табыңыз.

A) Қазақ халқы – рухани бай халық.

B) Біз бірлікті ойлаймыз.

C) Еңбек еткен ер атанар.

D) Ертең құрылыс жұмысы басталады.

E) Үй іші жым-жырт болды.
31.

Бұйрықты сөйлемді табыңыз.

A) Ол ақсақалмен ұзақ әңгімелесті.

B) Оқушылар саны жиырма бес екен.

C) Бұл өңірдің таулары ерекше.

D) Жылқыны тез қайырыңдар.

E) Ата-ананың қадірін, балалы болғанда білерсің.
32.

Баяндауышы ауыспалы келер шақ етістіктен болып тұрған сөйлемді табыңыз.

A) Екі ауылдың арасы - екі шақырым.

B) Үшеуі сыртқа шығар ма?

C) Ертең әжемді үйге алып қайтамын.

D) Менің он немерем бар, оларды қалай тастап кетпекпін.

E) Футболды он бір ойыншы ойнады.
33. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.

A) Абай Ділдәмен оңаша қоштасты.

B) Оның бала-шағасы қалаға келіп кетті.

C) Жаңбыр жауып тұр.

D) Баланы жаман үйретпеу керек.

E) Олар тапсырманы уақытында орындады.


34.

Тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай жай сөйлемнің түрлерін

анықтаңыз.

A) Жалаң, жайылма.

B) Атаулы, жайылма.

C) Салалас, сабақтас.

D) Толымды, толымсыз.

E) Жай, құрмалас.


35.

Толымсыз сөйлемді табыңыз.

A) Бұл ән қандай тамаша, көрермендер қызыға тыңдады.

B) Үлкенді аға, кішіні іні деп тұрады.

C) І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын оқып шықтым.

D) Біздің үйде үлкен той болады.

E) Кеше ауылдан әке-шешем келіп кетті.
36.

Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай неше топқа

бөлінетінін анықтаңыз.

A) 4.


B) 7.

C) 5.


D) 6.

E) 3.
37.

Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.

A) Мысық ұйықтап жатқанда, тынышын алма.

B) Басқа пәле тілден деген, байқап сөйлескен дұрыс қой.

C) Биылғы қыс суық болған жоқ.

D) ”Бұның дұрыс болмады,” – деп әкесі ренжіді.

E) Жақсы ұстаздық етсең, болашақта еңбегіңнің жемісін көресің.


38.

Тек жалғаулықты болатын салалас құрмаластың түрін анықтаңыз.

A) Кезектес.

B) Түсіндірмелі.

C) Ыңғайлас.

D) Қарсылықты.

E) Себеп-салдар.
39.

Қыстырма сөздің тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Бөбек сірә жылай-жылай талып ұйықтап кетсе керек.

B) Бөбек, сірә жылай, жылай талып ұйықтап кетсе керек.

C) Бөбек, сірә, жылай-жылай талып ұйықтап кетсе керек.

D) Бөбек, сірә жылай-жылай талып ұйықтап кетсе керек.

E) Бөбек сірә, жылай-жылай талып ұйықтап кетсе керек.
40.

Төл сөздің анықтамасын табыңыз.

A) Бөгде біреудің сөзі өзгермей сол қалпында берілуі.

B) Бөгде сөздің айтылуы.

C) Мағынасының сәл өзгеріске түсіріліп айтылуы.

D) Бөгде біреудің сөзі өзгертіліп берілетін сөз.



E) Біреудің сөзі автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуі.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет