Пәні: Информатика Тақырыбы: «Пернетақтамен танысу»



Дата14.11.2022
өлшемі0.68 Mb.
#464819
пернетақтамен танысу


Пәні: Информатика
Тақырыбы: «Пернетақтамен танысу»
Мақсаты: Пернетақтамен жұмыс дағдыларын және танымдық мүдделерін дамыту.
Міндеттері:
Білімділік: Пернетақтамен таныстыру.
Дамытушылық: «Меңзер» ұғымын енгізу.
Tәрбиелік: Пернетақтамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Билингвальды компонент: пернетақта-клавиатура- keyboard, меңзер-пуск-start
Құрал жабдықтар: компьютер, пернетақта, суреттер

Әрекет кезендері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-козғаушылық

  • Шеңбер бойында амандасу:

Біздің күлкіміз көңілді
Жеткізсін жылу мен шатықты
Бөліскен жақсы ғой өмірде
Қуаныш, мейірім бақытты.
-Техника қауіпсіздігін еске түсіру

-Бір – біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш.

-Техника қауіпсізідігі жайлы айтады.



Ұйымдастырушылық-ізденістік



-Балаларды екі топқа бөлінеді: бірінші топ партадағы әріптерді тапса, екінші топ пернетақтадағы әріптерімен танысады.


Қоян әкеп тастаған конвертті балаларға көрсетіп, ашылады ішінде «Пернетақта» жайлы мәлімет қысқаша жазылған.
Пернетақтада 100-ден аса батырма бар екені туралы: олар әріптер, сандар және арнаулы батырмалар.
Ендігі тапсырма өздерінің аттарынды басамыз.
Ол үшін қажетті әріптерді бассаңдар жеткілікті.
Жарайсыңдар тамаша болып шықты.

  1. Д/ойын: «Дәл сондайды тап»





  1. Көзге арналған жаттығу жасайды.

  2. Алманы бояу.




  1. Сергіту сәтін жасайды.

  2. Суретте берілген жайлы әңгімелеу.




-Екі топқа бөлінеді. Берілген тапсырманы қызыға орындайды.
Әріптермен танысады.
Арслан конвертті ашып ішіндегі тапсырманы береді.
«Пернетақта» жайлы өз ойларын айтады да...толық мағұлматты алады.
Өздігінен өздерінің аттарын жазады.
-Компьютерде берілген тапсырманы орындайды.

-Көзге арналған жаттығу жасайды.


-Тапсырманы орындайды.

-Сергіту сәтін қимылды әрекет арқылы жасайды.


-Сурет бойынша әңгімелейді.





Рефлексиялық түзетушілік

Сендерге бүгінгі сабақ несімен ұнады?
Бүгін сендер жарадыңдар.
Жарайсыңдар!

Әр қайсысы өздерінің пікірлері жайлы әңгіме қозғайды.
Сабақты қорытындылайды.



Күтілетін нәтижелер:
біледі:Ұқсас әріптерді табуды, берілген нысанды құрастыруды біледі.
игереді: Пернетақтамен танысады.Оның қандай пішінді қандай пайдасымен зиян жайлы білді.
меңгереді: Пернетақта не үшін керектігін меңгереді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет