Казақстан тарихы және әлеуметтік- саяси пәндер кафедрасы



Дата24.02.2016
өлшемі199.79 Kb.
#16650
Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университет

Казақстан тарихы және әлеуметтік- саяси пәндер кафедрасы


ДӘРІС




Тақырыбы: «Экономикалық институттар:меншік және кәсіпкерлік. Экономикалық

жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары».



Пән: «Экономикалық теория негіздері»

Мамандығы: «051102-Қоғамдық денсаулық сақтау»

Курс: 2

Уақыт (ұзақтығы): 50 минут

Қарағанды – 2013 ж


Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген

Хаттама №____ «____»_______ 2013ж.

Кафедра меңгерушісі: К.А. Темиргалиев




  • Тақырыбы: «Экономикалық институттар:меншік және кәсіпкерлік. Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары».

  • Мақсаты: студенттерге меншік пен кәсіпкерліктің мәнін ашу, кәсіпкерліктің формалары, қызмет түрлерінің жіктелуі, меншік пен кәсіпкерліктің пайда болу тарихымен таныстыру, нарықтық экономикадағы кәсіпкерліктің алатын орны, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру, мемлекеттендіру реформаларын талқылау. Экономиканы жүйелі тұрғыда қарастыру, қоғамның экономикалық жүйесі және оның әлеуметтік- экономикалық даму кезеңдері туралы түсініктер беру және олардың өзара байланысының мәнін түсіндіру, Қазақстанның нарықтық экономикаға өту барысындағы негізгі қиыншылықтары мен артықшылықтарын анықтау, жалпы заңдылықтары, себептері мен факторлары білімі негізінде мақсатты талдау.




  • Дәріс жоспары:

  1. меншік экономикалық, заңды және тарихи категория ретінде.

  2. меншіктің мазмұны.

  3. «меншік құқығының» экономикалық теориясы.

  4. меншіктің түрлері.

  5. кәсіпкерліктің (бизнестің) түрлері мен нысандары.

  6. кәсіпорындардың ұйымдық- құқықтық нысандары.

  7. дәстүрлі, әкімшілік, нарықтық, аралас экономикалар.


Дәріс тезистері:

«Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің іргетасы болып табылады. Ол тарихи түрде адам және қоғаммен бірге пайда болды. Алғашқы кезде меншік деген ұғым тек жермен байланыстырылады. Сондықтан да меншік адамның дайын өнімдерге емес, жерге деген, яғни табиғи және өндіріс жағдайларына қатынастарын байқатады. Мұнда адам - өндіруші және өндіріс құрал – жабдығын иеленуші ретінде көрінеді, жер – қоғамдық өндірістің басты құралы. Өткен дәуірдегі экономикалық ойлар иелері меншіктің мәні мен мазмұнын қарастыруда ерекше қадамдар жасады. Физиократтар мектебінің негізін қалаушы француз экономисі Франсуа Кенэ (1694 – 1774 жж) «Экономикалық кесте» (1758 ж.) деген еңбегінде меншікті көбейту процесінде еңбек өнімділігі рөлінің басымдығын көрсеткен. Ол, меншікті молайтудағы еңбекшінің егін шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің басымдылық рөлін ерекше қолдап, оны барлық байлықтың қайнар көзі ретінде санады.

Меншіктің пайда болу табиғатына қомақты үлесті Уильям Петти, Давид Рикардо және Адам Смит қосты. Олар алғаш рет қоғамның тапқа яғни жалдамалы жұмысшы, капиталист және жер иеленуші болып жіктелуіне негіздеді. Уильям Петтидің «еңбек – байлықтың атасы, жер – оның анасы» деген қанатты сөздері өзінің мәнін осы күнге дейін жойған жоқ. Француз экономисі Пьер Жозеф Прудон (1809 – 1865 жж.) меншікке өзінің көзқарасын «Кедейліктің философиясы» деген еңбегінде баяндаған болатын. Онда ол ұсақ буржуазиялық және жеке меншікті дәріптеп, капиталистік меншікті сынады. Прудон «Меншік – бұл ұрлық» деген анықтама берген. Меншіктің мұндай сиппатамасы кең тараған жоқ және ғылыми сынға ұшырады. К. Маркстың тұжырымдауы бойынша, меншік экономикалық категория ретінде адамдардың еркі мен санасынан тәуілсіз өмір сүреді. Меншік – бұл өндіріс құрал – жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі. Маркстің теорияға сәйкес – құралдар, заттар және т.б. меншіктің заттық мазмұнын құрайды. Алайда меншік ұғымы тек қана затық мазмұнымен немесе адамның затқа қатынасымен шектеліп қана қоймайды. Меншік табиғи емес, ол заттардың қоғамдық қасиеті.

Меншік қатынастары мынадай қызметтерді қамтиды:



  • иелену (затты иеленуді жүзеге асыру, қожалық ету);

  • пайдалану (заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу);

  • бөлу (заттың құқықтық тағдырын анықтау – сату, айырбастау, сыйға тарту т.б.)

Меншік теориясына зор үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері – Рональд Коуз (1910 ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й. Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқалардың еңбектерінде өзінің жалғасын тапты. Осы ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес, ресурс өзінен өзі меншік бола алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық - міне осы меншіктің мазмұнын құрайды. Бұл процеске қатынасатындардың барлығы меншік құқығын өткеру кезінде «ойын ережесін» білуі қажет. Меншік, кімге жатады, және өзара іс-әрекетті ұштастыруға қол жеткізу үшін олармен келісу керек пе?

Олардың ойынша, меншіктің кешенді құқығы төмендегідей он бір бөлімнен құралады:



  • иелену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелген денелік (күш - қуаттылық) бақылау құқығы;

  • пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы;

  • басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қашан қамтамасыз етуді шешу құқығы;

  • табысқа деген құқық, яғни игіліктерді қолдану нәтижесіне ие болу құқығы;

  • егеменділік құқығы, яғни бейтараптандыру, тұтыну, игілікті жою немесе өзгерту құқығы;

  • қауіпсіздік құқығы, яғни игілікті қанаудан және сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы;

  • игілікті мұрагерге беру құқығы;

  • игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы;

  • сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы;

  • жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге игіліктермен жазалау мүмкіндігі;

  • қалдықты сипат құқығы, яғни бұзылған құқық шараларын қалпына келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы.

Меншіктің экономикалық мазмұнына жүргізілген қысқаша талдау мынаны байқатады: меншік – бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік – экономикалық қатынастар.

Ерте дүниенің өзінде–ақ ұжымдық (қоғамдық), жеке еңбектік және мемлекеттік (қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса бастады. Осылардың ішінен кейінірек жеке және мемлекеттік меншік түрлері көбірек дами түсті. Мелекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік - әміршілдік экономикалық жүйеде, бұрынғы КСРО – да ( 1917 – 1991 жж. ) жүзеге асырылып, оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымында – 88,6% құрады. Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5 % – дан 30 % ға дейін ауытқиды.

Нарыққа өту және ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру процессінің басталуы – мемлекеттік меншік үлесін қысқартыруға, оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталған. Сондай–ақ, қоғамдық өндірісітің тиімділігін арттыру үшін бәсекелестік ортаны құрып, оны тұрғындардың сұранымын қанағаттандыруға бағыттау қажет.

Қазіргі әлемдік қауымдастықта жеке меншіктің мағынасы өзгерді. Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген (еңбектік және еңбектік емес) ғана емес, сондай – ақ ұжымдық (топтық), акционерлік және кооперативтік түрде – меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болды. Нарыққа өткенге дейін Қазақстан Республикасында кооперативтік меншік – колхоздың, кооператив меншіктің, тұтыну корпорациясы, тұрғын – үй, құрылыс және басқа да кооперативтік ұжымдармен көрсетілді. Қазіргі жағдайда ол акционерлік меншік, біріккен және аралас кәсіпорын меншіктерімен толтырылды.

Көптеген әлем елдерінде меншіктің кооперативті түрі жан – жақты дамыған. Айталық, өндірістік кооперативтер – бұл тауар мен қызмет көрсетуді бірге өндіру мақсаты, азматтардың өз еркінде. Кооперативтер Англияда XIX ғасырдың басында пайда болып, кейінірек мұндай ұжымдар Батыс Европа елдерінде, АҚШ-та кеңінен тарады. Алғашқы кооперативтер Дания мен Швецияда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өткізу бойынша пайда болды. Яғни, 100 жылдан соң әлемнің он екі елінде олардың үлесіне ауыл шаруышылығы 60 % - ы келді. Бұрынғы Одақта да шаруашылық жеке еңбек меншігін кооперативтик (колхоздық) меншікке алмастырылды. Ол алғашқы бесжылдықтарда жүргізілген ұжымдастыру (коллективтендіру) негізінде құрылды. Алайда, шын мәнінде колхоздарда әкімшілік ұйымдар билеп – төстеп үстемдіген жүргізді. Олар өзіндік өніміне билік жүргізу құқығынан айрылды. Себебі, өнімнің негізгі бөлігі бекітілген баға бойынша мемлекетке түсіп отырды. Бұл кооперативтік процестердің бұзылуына алып келді. Меншіктің кооперативтік түрінің нарықтық эканомика жағдайында кооперативтік кәсіпорынның толық өзінше болуы – оның өндірісті дамыту мүмкіншілігінің ең жоғарылығын иеленді. Мұнда, қозғаушы күші – меншік иесі, топтары – кооперативтік экономикалық мүдделері болып табылады. Тұтыну кооперациясы өндірістік кооперативтен өзгешелеу. Өндірістік кооператив өндіріс саласында қызмет етсе, тұтыну кооперативті – айналыс саласында қызмет жасайды. Ресейде тұтыну кооперативінің алғашқы ұйымдары XX ғасырдың басында пайда болды. Оның пайда болуының басты мақсаты – тауарларды сатып алуда шаруа мен тұтынушыны сауда делдалдарынан құтқару. Қазіргі кезде тұтыну кооперациясы өзінің қызметін қалада, ауылдық жерлерде жүзеге асырады. Ол әртүрлі фирмалар және ұйымдармен кең халықаралық байланыста болады.

Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстарғанда өте ерекше болып табылады. «Муниципал» - латынның «municipalis» немесе немістің «munizipalitet» сөздерінен шыққан, «қаланы басқару» деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның «municipium» «сөзі қаланы өзін – өзі» басқару құқықын білдіреді. Әдетте муниципалды меншікке өкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік - аумақтық құрылымдары басқару жатады. Қазақстан Республикасында осындай мүліктер коммуналды меншік деп аталады.


Меншіктің экономикалық түрлері




ЖЕКЕ

ҰЖЫМДЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК

Еңбек

тік


Еңбектік емес

(Жеке топтық)

Республика меншігі

Облыстық, аудандық муниципалдық меншігі

Еңбек табысы есебі

нен


Мұрагерге қалдырылған мүлік есебінен табыс;

Сақтандыру, несие мекемелеріне салған қаржылар;

Акция, облигация және басқа бағалы қағаз дардан түсетін табыс көздері


а) жалгерлік меншік

ә) ұжымдық кәсіпорын меншігі (сатып алынған)

б) кооперативтік меншік

в) акционерлік



меншік:

а) қоғамдық ұйымдарының меншігі

ә) діни ұйымдарының меншігі

меншік:

а) шаруашылық қоғамы меншігі (серіктестік)

ә) бірлестіктер (ассоциациялар)

меншік:

а) шетел мемлекетінің меншігі (концессия)

ә) біріккен меншік (шетел мемлекеті кәсіпорыны)


Республикалық меншік (жер, қой науы,сулар, өсімдік

әлемі, жануар әлемі, әуе кеңістігі)



Коммуналдық меншік (тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығы мәдениет және денсаулық сақтау, халық қа білім беру, жергілікті бюджет қорлары)

Кәсіпкерліктің тарихы орта ғасырдан басталады. Сол кезде саудагерлер, көпестер алғашқы кәсіпкерлер қызметін атқарды. Кәсіпкер өндірістің иесі болсада өз зауытында, өнеркәсібінде өзі еңбек етті. 16 ғасырдың ортасынынан бастап акционерлік капитал пайда болып акционерлік қоғамдар ұйымдастырылды. Ең алғашқы болып Ресеймен сауда қатынасы үшін ағылшын сауда компаниясы құрылды (1554ж). 17 ғасырдың аяғында алғашқы акционерлік банктер пайда болды. 1694 жылы ағылшын банкі, 1695 ж шотлан банкі құрылды. Кәсіпкер және кәсіпкерлік ұғымның қазіргі мәнін ең алғаш 17 ғасырдың аяғы 18 ғасырдың басында ағылшын экономисы Ричард Кантильон қолданды. Ол “кәсіпкер дегеніміз-тәуекел жағдайларда қызмет ететін адам” деген. Кейін 18 ғасырдың аяғы 19 ғасырдың басында француз экономисі Жан Сэй (1767-1832) өзінің “Саяси экономия” трактатында кәсіпкерлік анықтамасын 3 өндіріс факторларының яғни, (жер, капитал, еңбек) араласуы, бірігуі деген тұжырым жасады. Белгілі американ экономисі Шум Петер 1911ж шыққан “Экономиканың даму теориясы” атты еңбегінде кәсіпкер ұғымын жаңашыл деп түсіндірді. Кәсіпкерлік қызметтің келесідей түрлері бар:



Өндірістік кәсіпкерлік кәсіпкерлік қызметтің жетекші түрі болып есептелінеді. Мұнда тауарлар мен қызметтер көрсетіледі және өнімдер өндіріледі. Өндірістік кәсіпкерліктің мәніне инновациялық ғылыми- техникалық қызмет, тауар мен қызмет көрсетулерді өндіру, тұтыну, сондай-ақ саладағы ақпараттық қызмет жатады. Өндірістік қызметпен айналысуға қол жеткізген әрбір кәсіпкер ең біріншіден, қандай нақты тауарлар өндіретінің, қандай қызмет көрсетудің түрін айқындайтынын анықтау қажет. Одан кейін кәсіпкер маркетингтік зерттеуге кіріседі. Коммерциялық кәсіпкерлікке- бөлшек сауда, көтерме сауда және тауарлы биржалар жатады. Тауарлы биржа – бұл сатып алушымен арнайы максималды тауарлар топтамасының үлгісін алдын- ала қарастыратын көтерме сауда субъектілері арасындағы қарым-қатынас. Тауарлы биржада саудаоперацияларын жүргізетін коммерциялық делдалдар болуы керек. Тауарлы биржа келесідей қызмет атқарады: сауда келісімдері бойынша делдалдық қызметтерді орындау; тауарлық сауданы реттеу және сауда дауларын шешу; бағаға әсер ететін баға туралы, өндіріс бойынша мәліметтерді және басқа да

факторлар туралы ақпараттарды жинау.



Қаржылық кәсіпкерліктің негізгі объектісі - коммерциялық банк болып табылады. Коммерциялық банк- бұл клиенттің тапсырмасы бойынша қаржылық салымдарды қабылдауда жүзеге асыратын және несиелік операцияларды жүзеге асыратын акционерлік типтегі қаржы- несиелік мекеме болып табылады. Коммерциялық банктің табыс көзі- депозиттік және несиелік қаржылардың пайыздық ставкалары арасындағы айырмасы болып табылады. Кеңестік кәсіпкерлік- кеңес беруші мен кеңес алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Кеңес беруші деп- белгілі бір саладағы өзінің мамандығының сұрақтары бойынша кеңес беретін маман ретінде түсіндіріледі. Шетелдік тәжірибеде басқару бойынша кеңестік қызмет көрсету консалтинг деген мағынаны білдіреді. Кеңес берудің кезеңдері келесідей: 1) проблемаларды айқындау; 2)шешімдерді әзірлеу; 3)жобалар мен шешімдерді жүзеге асыру. Кеңес берудің 3 түрі бар:

Сараптау кеңес беру - консалтингтің пассивті формасы. Мұнда консультант дербес өзі шешімдерді және ұсыныстарды енгізу бойынша әзірмелік жұмыстарды жүзеге асырады. Бұл жағдайда консультант клиентті қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Процестік кеңес беру- кезеңінде консалтингтік фирмалардың мамандары белсенді қатынасқа түсіп, оны өз ойлары мен ұсыныстарын айтуға итермелейді. Консуль танттар клиенттермен бірге проблеманы баяндап, ұсыныстарды дайындайды.

Оқыту – бұл жерде мамандардың негізгі мақсаты болып клиенттерге лекциялар, семинарлар өткізу, клиент үшін оқу құралдарын дайындау және оған негізгі теориялық, практикалық ақпараттарды беру.

Кәсіпкерліктің келесідей нысандары бар:



Мемлекеттік кәсіпорындар- әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешумен және мемлекет пен қоғамның қажеттіліктерін өтеумен айналысады. Мемлекеттік кәсіпорынның қызмет сфералары: әскери қару-жарақ аймағындағы жобалау, өндіріс және жөндеу; радиактивті заттары бар өнімдерді игеру,өндіру, тасымалдау; медицина; монополиялық өнімдер; энергия, су, жылу, магистралды- транспорт байланыс сфералары; банк, сақтандыру және т.б. қаржыландыру сфералары.

Қазыналық кәсіпорындар-оперативті басқару құқығына негізделген. Қазыналық кәсіпорынның қызмет сфералары: төтенше апатты оқиғадан құтқару; мемлекеттік автокөлік жолдарын дамыту; почта, телекомуникация жүйесі, байланыс жүйелерін пайдалану; топографиялық, геодезиялық жұмыстар; денсаулық сақтандыру, табиғатты қорғау, білім, ғылым, мәдениет саласындағы қызметтер.

Акционерлік қоғам деп - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлғаларды айтамыз. Акция дегеніміз- акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысуы, ол бойынша дивидент және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Дивидент дегеніміз- акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша үстінен пайда түсіретін кіріс. Акционер- акцияның меншік иесі болып табылатын адам. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып бөлінеді. ААҚ акционерлер саны шексіз болып келеді және олар акцияларын басқа акционерлердің келісімінсіз нарыққа сатуға құқылы. Ал ЖАҚ-да акционерлер саны 100 ден аспау керек. Олар акцияларын тек өзара бір-біріне ғана сата алады. Шаруашылық серіктестіктер-коммерциялық ұйым, заңды тұлға, жарғылық қоры салымшыларының үлесіне бөлінген және басты мақсаттары пайда алу болатын кәсіпорындар. Шаруашылық серіктестіктер түрлері: толық серіктестіктер- кем дегенде 2 қатысушы болу керек; жеке меншік серіктестіктер- қосымша және т.б. серіктестіктердің қатысулары, азаматтар және заңды тұлғалар бола алады; командиттік серіктестіктер- толық және жеке меншік серіктестіктерінің бірігуі. Өндірістік кооперативтер- заңды тұлға, коммерциялық ұйым, заттай немесе қаржылай біругуі негізінде құрылады. Құрылтайшылары кем дегенде 2 адамнан тұрады. Өндірістік кооперативтің басшысы 16 жасқа толған кез келген азамат бола алады. Шаруа және фермер қожалығынжеке тұлға, жанұя еңбек бірлестігі және жеке кәсіпкерлер құрайды..

Күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашанда белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды.



Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:

  • меншік типтері бойынша;

  • экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша.

Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөлінеді:

  • дәстүрлі экономика;

  • әкімшілдік - әміршілдік экономика;

  • еркін бәсекелестік (таза капитализм) нарықтық экономика;

  • қазіргі нарықтық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика.
Экономикалық жүйенің типтері мен моделдері




Негізгі белгілері
ТИПТЕР

Мемлекеттік -жоспарлары
НАРЫҚТЫҚ

XVII – XIX ғғ.

Қазіргі XX – шы ғасыр

Әкімшілдік - әміршілдік

Еркін бәсекелестік

Аралас бағытталған

Әлеуметтік аралас

Өндірісті қоғамдастыру

дың көлемі



Қоғам (мемлекет)

шеңберінде



Кәсіпорын шеңберінде

Шаруашылықты бөлшектеп мемлекеттендіру

Шаруашылықты бөлшектеп мемлекеттендіру

Меншік түрінің басымдырақ болуы

Мемлекеттік

Жеке индивидуалды

Жеке ұжымдық мемлекеттікпен

Жеке ұжымдық мемлекеттікпен

Экономиканы реттеу

Мемлекеттік

Нарықтық өзін-өзі реттеушілік

Нарықтық және мемлекеттік

Нарықтық және мемлекеттік

Әлеуметтік

Тұрақты

Өндірістің әр бір 8 – 10 жыл сайын болатын экономикалық дағдарыстар

Экономикаға мемлекеттің араласуы. Экономикалық дағдарыстарды ескерту мен бесендету бойынша антициклдық шаралар.

Әлеуметтік кәпілдіктер

Күшті мемлекет тік-әлеуметтік қорғау, мүлік тепе-теңсіздігін жою

Азаматтардың әлеуметтік қорғалмауы

Жеке және мем лекеттік- әлеу меттік сақтанды ру қорларының құрылуы.

Күшті әлеумет тік қорғау, мүлік тепе– теңсіздігін азайту.

Енді осы типтерге толығырақ тоқталайық.

Дәстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықталады. Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.

Әкімшілік - әміршілдік экономика. Нарықтық экономикадағы еркін бәсеке және оны тереңірек талдау құбылысы әкімшілік - әміршілдік экономика теориясының пайда болуына ықпал етеді. Әміршілдік экономика теориясының ұраны: «Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірісті қоғамдық – жоспарлы реттеуімен алмастырылады».

Әкімшілік - әміршілдік экономиканың нарықтық экономикаға қарағанда артықшылығы мынада: ол ашық түрде жұмыссыздықты, өндірістің тым құлдырауын болдырмайды. Ал қиын шешуші кезіңде елдің материалдық, еңбектік және ақша қорларын ірі халық шаруашылығының міндеттері мен бағдарламасын жүзеге асыруға шоғырландырады және жұмылдырады. Сондықтанда жоспарлау жүйесін қоғамдық меншікке негізделген социалистік елдер ғана емес, жеке меншікке негізделген кейбір капиталистік елдерде қолданады. Айталық, екінші дүние жүзілік соғыс кезіңінде бұл гитлерлік Германияда байқалды. Экономиканың ауқымды салалары мен барлық салалары орталық жоспарлау және соғыс ұйымдарының тікелей бақылауында болды. Осы кезеңдерде Англия мен АҚШ – да дәл солай жүзеге асты. Әміршілдік - әкімшілік экономиканың олқылықтары мынадан байқалады: біріншіден, барлық шаруашылық сауалдарын көп сатылы бюрократтық инстанциясы арқылы шешу қажет болды. Олардың келісімін алуға көп уақыттың кетуі- барынша кедергі болып табылады. Мұндағы басты мақсат – жаңа өнімді шығару қажеттілігі, жаңа техника мен технологияны ендіру. Ал келісімге кеткен уақыт бұған кедергі жасайды. Екіншіден, кәсіп орын жоспарының орындалуы туралы тұтынушы алдында емес, жоғарғы жақтағы орталық ұйымдар алдында есеп береді. Кәсіпорын есебі боямалы ақпараттан құралады. Сондықтан орталық ұйымдар экономикадағы тұтынушылардың қажеттілігі туралы толық ақпарат алмайды.Осының барлығы әкімшілік - әміршілдік экономиканы тиімсіз етеді және оны әртүрлі тапшылыққа алып келеді.



Еркін бәсекелестік нарықтық экономика ресурстарға жеке меншіктік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. «Тұлға өзінің барлық материалдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалылығы үшін қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін ғана көздейді». Мұндай экономика ең идеалды экономика ретінде қарастырылады. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту барысындағы ерекшеліктері көптеген факторлармен байланысты түсіндіріледі. Олар: ұлттык, әлеуметтік-демографиялық, ғылыми-техникалық, ұйымдық-құрылымдық, табиғи-шикізаттық, табиғи- климаттық және географиялық. сипатта болып келеді.

Біріншіден, өтпелі экономиканың ерекшелігі сонда, Қазақстан нарықтық экономикаға өту шеңберінде егемендікте және өз мемлекеттілігінде жүзеге асырады.

Екіншіден, экономиканың өтуін Қазақстан алғашқы рет әлемдік практикада әкімшілдік-әміршілдікпен ғана емес, сондай-ак коғамдық меншіктегі жоспарлы экономикалық жүйеден, жеке және аралас меншік түріне негізделген нарыққа өтуді жүзеге асырды.

Үшіншіден, Қазақстанның территориялық-географиялык жағдайы - өркениеттіліктің батыс пен шығысты қосатын ерекше орыны болып табылып, өткелі кезендегі экономикаға айрықша әсер етеді.

Төртіншіден, Қазақстан Республикасындағы экономиканы реформалау созылған экономикалық дағдарыс жағдайында өтуде. Ол КСРО-ның ыдырауымен, бұрынғы жалпы одактық халық шаруашылығы кешенінің экономикалык байланыстарының үзілуімен түсіндіріледі.

Бесіншіден, өнеркәсіптегі мемлекеттік сектор негізінен ірі кен-байыту, металлургиялык, химиялық және химия-мұнай кәсіпорыңдарынан тұрады. Ауыл шаруашылығында ірі кәсіпорындар - совхоздар көп болды. Республикада олар — 2059-ға жетіп, барлык ауыл шаруашылығы кәсіпорынының 75% құрады. Қазақстан совхоздары ТМД-ғы ең ірі болып келіп, олардың әркайсысында орташа алғанда 15 мың шамасынан аздау егіс көлемі және 16 мыңнан астам ірі кара мал басы болды.

Қазіргі нарықтық экономика аралас экономика ретінде болады. Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», әрі қарай ол: «Аралас экономика – бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика» - дейді.

Аралас нарықтық экономика теориясының түп тұлғасы болып «конвергенция» теориясы (авторы – Нидерланд экономикалық мектебінің профессор – экономисі Ян Тинберген) және «жана индустриалды қоғам» теориясы (авторы – Гарвард институтының профессор- экономисі Джон Кеннет Гэлбрейт) жатады. Дж. .Гэлбрейд «жаңа индустриалды қоғамды» аралас экономиканың ерекше бір типі ретінде қарастырып оның нарықты және жоспарлы жүйеден тұратынын айтқан. Әлеуметтік аралас нарықтық экономика теориясының негізін қалаушы герман экономисы, Фрайбург университетінің профессоры Вальтер Ойкен (1891 – 1950 жж.) болып табылады. Оның тұжырымдамасының құрамдас бөлігі: әлеуметтік қорғаудың толығырақ жүйесін мүмкіндігі келгенше нарықтық экономикаға қол жеткізу негізінде жасау болмақ. Бұл тұжырымдаманың ұраны: «... адамды экономикалық саясатқа емес, экономикалық саясатты адамға бейімдеу». Аралас әлеуметтік бағытталған эканомикаға мысал ретінде «швед моделі» жатады. Мұнда барлық негізгі қордың 4 % мемлекеттің қолдануында болады, ал барлық мемлекеттік шығындардың жартысы әлеуметтік мақсатқа бағытталады. Іргелі әлеуметтендіру қорытындысы мынада: «өндірістің қызметі көбінесе жеке кәсіпорынға жүктеледі, себебі бәсекелестік негізде іс-әрекет жасайды. Ал, жоғарғы денгейде өмір сүру қызметін қамтамасыз ету (барлық әлеуметтік инфрақұрылымның, оның ішінде мынандай саланы – жұмыссыздық, әлеуметтік сақтандыру, білім, көлік, байланыс, ғылымды қосқанда) мемлекетке жүктеледі».





    • Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан- 2030. Қазақстан халқына Президенттің Жолдауы. Астана, 1997

  2. Назарбаев Н.Ә.Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы// Егемен Қазақстан, 19 наурыз 2004 ж.

  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 18 ақпан 2005 ж.

  4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресінде сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан, 26 наурыз 2005 ж.

  5. Әкімбеков С, Баймұхаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория.

Оқу құралы.- Астана, 2002.- 464 бет.

  1. Крымова В.Ж. Экономикалық теория . Алматы,2002. – 118 бет.

  2. Аубакиров Я.А. Экономикалық теория негіздері. Алматы,1998

  3. Экономическая теория: Учебник / Под редакцией В.И. Видяпина, А.И. Добрынина, Г.П. Журавлевой, Л.С.Тарасевича.- С-П.-2004.- с. 662.

  4. Экономическая теория: Учебник / Под редакцией А.И. Добрынина, Л.С.Тарасевича.- С-П.-2001.- с. 542

  5. Курс экономической теории / Под общей ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е. А.- М-2004.-С.832.

  6. Аубакиров Я.А. Экономическая теория в условиях рыночных преобразований: Учебное пособие.- Алматы.- 2003.- 200 с.


Қосымша:

  1. Борисов Е.Ф., Волков Ф.М. Основы экономической теории (в Ж. «Эконом. Науки»).

  2. Войтов А.Г. Экономика. Жалпы курс. М.,1995

  3. Казаков А.П., Минаева Н.В. Экономика, курс лекций. М., 1998

  4. Мамедов О.Ю. Основы экономической теории.

  5. Моканелл К., Брю С. Экономикс М., ТТ 1.2. 2000.

  6. Куликов Л.М. Экономикалық білім негіздері. М. «Қаржы және статистика».

  7. Котлер Ф. Маркетинг негіздері. М.,1999.

  8. Казаков А.П., Минаева Н.В. «Экономика». Дәрістер курсы. Жаттығулар. Тесттер. М., ЦИПКК баспасы. 1998.

  9. Экономикалық теория курсы. Проф.Чепурина М.Н.,проф. Киселева Е.А. редакциясымен М., «АСА» Баспасы, «Экономика» бөлімі.2000,2001




    • Бақылау сұрақтары ( кері байланысы):

Меншік экономикалық, заңды және тарихи категория ретінде.

Меншіктің мазмұны қандай?

«Меншік құқығының» экономикалық теориясына не жатады?

Меншіктің қандай түрлері бар?

Жекешелендіру мен мемлекеттендіру дегеніміз не?

Кәсіпкерліктің мәні қандай?

Кәсіпкерлікке қандай жағдайлар әсер етеді?

Кәсіпкерліктің қандай түрлері бар?

Кәсіпкерліктің қандай нысандары бар?

Кәсіпорындардың ұйымдық- құқықтық нысандарына не жатады?

Дәстүрлі экономика, оның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

Әкімшілік экономика, оның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

Нарықтық экономика, оның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?



Нарықтық экономикаға көшудегі ерекшеліктер қандай?

Аралас экономика, оның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет